Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жатыр карциномасы




Жатырдың қатерлі ісігі (карциномасы) оның мойын бөлігінен немесе денесінен (эндометриден) өсіп шығады. Жатырдың мойын бөлігінің карциномасы әйел қатерлі ісіктерінің ішінде бірінші орында түрады. Ол жатырдың мойын өзегінен немесе қынап бөлігінен басталады, кейінірек оларды бір-бірінен ажырату қиын. Қынаптан өсетін карциномалар сыртқа (экзофитті) немесе ішке қарай (эндофитгі) өседі. Морфологиясы бойынша: олар негізінен түлейтін, түлемейтін - жалпақ жасушалы рак, аденокарцинома, сирек жағ-дайларда безді жалпақ жасушалы рак, мезонефроидты және эндо-метроидты аденокарцинома (147-сурет).

Жатыр мойнының карциномасы осы жердегі рак алды өзгерістері негізінде дамиды. Оларға: эндоцервикоз, аденоматоз, полип, лейкоплакия, дисплазия жатады. Кейде рак алды өзгерістері-мен бірге орнықты ракты да (Carcinoma in situ) көреміз.

Эндометрий карциномасының негізгі гистиологи5ілық түрі аденокарцинома (өте жоғары жетілген, шамалы жетілген, жетілмеген). Ол 50 жастан кейін дамиды. Өте сирек жағдайларда жалпақ жасушалы рак, аденоканкроид, мезонефроидты карцино­ма кездеседі. Аденоканкроид аденокарциномаға тән безді түтіктердің арасында көпқабатты жалпақ эпителийге үқсайтын аралшалар пай-



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


17 бөлім. Жыныс агзаларының және сут бездерінің аурулары 439


 



147-сурет. Жатыр мойнының жалпақ жасушалы рагы

148-сурет. Жатырдың бүртікті аденокарцинола


да болуымен сипатталады. Жатыр денесінің рагы ішке қарай өсіп жатыр қуысын толтыратын немесе жіңішке сабаққа ілініп түрған полип түрінде өседі (148-сурет). Рактың осы түріне алып келуші ракалды өзгерістеріне эндометридің безді және атипиялық гипер-плазиясы, безді полиптер жатады. Жатыр денесі карциномасының дамуында аналық бездің эстероген гормондарын бөліп шығаратын ісіктерінің (текома, гранулезожасушалық ісік) маңызы зор.

Жатыр карциномасы лимфа жолдарымен аймақтық лимфа түйіндеріне және гематогенді жолмен өкпеге, сүйектерге, бауырға және т.б. метастаздар береді.

Жатыр мойыны өзегінен өсетін рак айналадағы ағзаларға (қуыққа, тік ішекке) ішке қарай бойлай өсіп, осы екі арада жы-ланкөз пайда болады.

Жатырдың мезенхималық ісіктері

149-сурет. Жатырдың 150-сурет. Лейомиомадағы интрамуралдық лейомиомасы екіншілік өзгерістер

Жатырдың мезенхималық ісіктері — лейомиомалар - өте жиі кездесетін патология. Лейомиомалардың негізгі себептеріне эстрогендік гормондардың көп бөлініп шығуы (гиперэстерогене-мия) жатады. Сондықтан, жүктілік кезінде бүл ісік тез өсе бастай-ды, менопауза кезінде көлемі кішірейеді. Лейомиома жатырдың сыртында (субсерозды), жатырдың қабырғасында (интрамуралды) (149-сурет) немесе жатырдың қуысында (субмукозды) үлкендігі 0,5 см-ден 10 см-ге дейін жететін қатты, ақшыл-сүр, домалақ түйіндер түрінде өседі. Лейомиома кейде өте үлкен ісікке (70 кг-ға жететін) айналады. Субмукозды өсетін түйіндер клиникада қан ағу белгілерімен көрініс береді, кейде ісік түйіні жатырдың қысқару-



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


17 бөлім. Жыныс агзаларының және сут бездерінің аурулары



 


ына байланысты туыла бастайды. Ол жерде қан қүйылу, некроз ошақтары пайда болады (150-сурет). Микроскопта қарағанда бірыңғай салалы бұлшықет байламдарының бір-біріне аралас жайғасқанын көреміз. Лейомиосаркомада қалыпты бүліііықет жа-сушаларымен бір қатарда, өте ірі, ядролары алып атипиялық бүлшы-қет жасушалары көрінеді.

АНАЛЫҚ БЕЗДЕР ПАТОЛОГИЯСЫ

Аналық безде жиі кездесетін патологияларға: аналық без кис­талары мен ісіктері жатады.

Аналық без кисталары. Олардың үш түрін ажыратады: 1) фол-ликулярлы кисталар; 2) сары дене кисталары; 3) эндометроидты кисталар.

Фолликулярлық кисталар овуляция болмаған Грааф қапшық-тарынан дамиды. Олардың саны көп, көлденеңі 2см-ден артық, ішінде мөддір сүйықтық болады. Микроскопта қарағанда киста-лардың ішкі қабаты көп қабатты фолликулярлық эпителиймен қап-талған. Киста өскен сайын эпителий қабаты азая бастайды, тіпті жойылып кетеді.

Сары дене кисталары
менструациялық немесе
жүктілікке байланысты дами-
тын сары денелерде дамиды.
Оньщ ішкі қабаты сары түске
боялған лютеиндік жасуша-
лармен астарланған. Клини-
када осы кисталарға қан
қүйылады немесе кисталар
жарылып кетіп қүрсақ
қуысына қан қүйылады.
Эндометройдтық киста-
151 -сурет. Эндометроидтықлар (эндометриозды қараңыз)
кисталар(151-сурет).

Аналық без поликистозы

Бүл патология жар әйел-қыздарда (16-30 жас) кездесетін ана-лық бездің екі жақты үлкеюімен, сыртқы қабының қалыңдауы-мен, қыртыс қабатында склерозға үшыраған фолликулалардың санының артуымен, дәнекер тіннің өсіп кетуімен сипатталады.


Яғни, склерозды-кистозды аналық бездер көрінісі дамиды. Кли-никада оны Штейн-Левентал синдромы деп атайды. Белгілері: бедеулік, семіру, гирсутизм және вирилизм. Микроскопта қара-ғанда аналық без тінінің склерозы көптеген фолликулалық киста-ларды көреміз. Аналық бездің қабы да қалындап склероздалған.

Штейн-Левентал синдромы гипофиз-гипоталамус жүйесінің патологиясына жатады. Гипофиздің лютеиндеуші гормонының гиперсекрециясы фолликулаларда андрогендік гормондар секре-циясын күшейтеді, оның бір бөлігі эстерогендік гормондарға ай-налады, кейде қанда пролактин гормоны көбейеді. Осы гормондар дисбалансы нәтижесінде айтылған өзгерістер дамиды.

АНАЛЫҚ БЕЗ ІСІКТЕРІ

/. Эпителийлік ісіктер.

Аналық без ісіктері халықаралық жіктеу бойынша (1993) бес негізгі топқа бөлінеді: эпителийлік ісіктер; жыныстық жолақ стро-масының ісіктері; герминогендік ісіктер; гистогенезі белгісіз қатерлі ісіктер; метастаздық ісіктер.

Эпителийлік ісіктердің ішінде жиі үшырайтындары сарысулы және муцинді цистаденомалар.


152-сурет. Аналың бездің бүртікті цистаденомасы

Сарысулы цистаденома түссіз немесе сарғыш сүйықтықпен толған кисталардан түратын қатерсіз ісік, оның көлденеңі 20 см-ге дейін, салмағы бірнеше килограмға жетеді (152-сурет). Осы киста-лардың іттткі беті негізінен призмалық эпителиймен қапталған. Кей-


Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


17 бөлім. Жыныс агзаларының және сут бездерінің аурулары


 


153-сурет. Сарысулы цистоаденома. Микроскопиялық

көрінісі

де осы эпителий өсіп-өніп жүмсақ бүртіктер түзеді, ісіктін бүл түрі буртікті цистоаденома деп аталады (153-сурет). Бүл ісіктің қатерлі түрін цистоаденокарцинома деп атайды, олар аналық бездегі қатерлі ісіктердің 40% қүрайды. Ісік атипиялық жасушалардан түзілген, аналық без қабырғасын (капсуласын) бүзып өседі, оның сыртывда бүртікгік қүрылымдар көрінеді. Ісік іш пердесіне жабы-сып та өсе алады (рактық перитонит).

МуцинЫ цистаденома бір камералы немесе көп камералы ісік болып, оның ішінде шырыш төрізді қоймалжың зат болады, ісік салмағы ондаған килограмға жетеді. Осы ісіктің ішкі қабаты бір қатарлы призмалы, цитоплазмасында шырыш тамшылары бар, эпителий жасушаларымен астарланған. Бүл жерде де эпителий бүртікгі қүрылымдар түзеді. Ісіктің қатерлі түрін псевдомуцинді цистоаденокарцинома деп атайды. Олар аналық без қатерлі ісіктерінің 25%-ын қүрайды. Ісік жасушаларында полиморфизм күбылысы басым, ядролы ірі жөне пішінсіз, митоздар көп. Жасу-шалар безді, сорғышты, криброзды қүрылымдар түзіп, көп қабат-ты және көпқатарлы болып өсіп кетеді (154-сурет). Эндометрио-идты ісіктердің басым көпшілігі қатерлі ісіктерге жатады. Микро-скопта эндометрийге тән безді қүрылымдар түзеді. Бүл ісіктер эн­дометрий карциномасымен және эндометриозбен бір мезгілде да-муы мүмкін.


154-сурет. Аналық бездің цистаденокарциномасы

(С.И. Иржанов бойынша)

2. Герминогендік ісіктер.

Герминогендік ісіктер аналық ісіктерінің 15-20 %-тін қүрай-ды. Оларға тератомалар, дисгерминома, эндодермалық синус ісігі, аралас ісіктер кіреді.

Тератомалар деп жьшыстық және үрықтық жасушалардан да-митын ісіктерді атайды. Жетілген тератомалар негізінен тері эпителийінен, тері қосалқыларынан түзілген. Әдетте аналық безде көлденеңі 5-10 см, домалақ киста табылады. Оны кесіп қарағанда ішінде май, шатасып түйінделіп қалған шаш (оның үзындығы бірнеше метрге жетеді) табылады. Микроскопта қарағанда ісік қабы-ның ішкі қабаты көп қабатты тері эпителийіне сәйкес келеді, қабырғасында май, тері бездері, шаш фолликулалары және басқа да үрықтар бастамалардың (сүйек, шеміршек, эпителий) фрагменттері көрінеді, олар малигнизациялануы мүмкін.

Жетілмеген тератомалар сирек кездеседі. Ол жетілмеген тіндерден түзілген, тератомада үрықтық жапырақтың үш түрінің де элементтері кездеседі. Ісік тез өседі, онда некроз, қан қүйылу ошақтары көрінеді, капсулаға өсіп, метастаздар беруі мүмкін.

Жоғары жетілген (монодермалық) тератомалардың екі түрі белгілі: аналық без струмасы және карциноид. Тератома үлкейіп



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


17 бөлім. Жыныс агзаларының және сүт бездерінің аурулары



 


белгілі бір массаға жеткенде, олар: гапертиреоидизм жөне карци-ноидтық синдром клиникасын беруі мүмкін. Морфологиясы бой-ынша қатерсіз ісіктер қатарына жатады.

Дисгерминома аналық без қатерлі ісікгерінің 2%-тін қүрайды, негізінен жыныс белгілері толық жетілмеген қыздар мен жас өйел-дерде кездеседі. Көбінесе екі жақты өсіп көлденеңі бірнеше санти-метрден бірнеше ондаған сантиметрге дейін жететін капсулаға ора-лған түйін түрінде өседі. Кесіп қарағанда ісік жүмсақ, ақшыл-сары түсті, кейде некроз ошақтары бар, тез өсетін (өсіресе жыны-стық балағатқа жету кезінде) ісік. Микроскопта қарағанда ісік ірі, домалақ немесе көп бүрышты, цитоплазмасы көпіршіктенген, ашық, қүрамында гликоген немесе май тамшылары бар жасуша-лардан түзілген. Стромасы әлсіз дамыған, ісікті жеке-жеке үяшық-тарға бөліп түрады, ол жерде лимфоидты инфильтраттар көрінеді. Дисгерминома сәулемен емделіп жазылатьш ісіктер қатарына кіреді. Операциядан кейін сәулемен емдегенді оның нөтижесі жақсы. 3. Жыныстық созылмалар стромасынан өсетін ісіктер Бүл ісіктердің ең жиі кездесетін түрлеріне: гранулезажасуша-лы ісік және текомалар кіреді!

Гранулезожасушалы ісік

Гранулезажасушалы ісік эстроген гормондарын бөліп шьіғара-тын, қыз балаларды тез балиғатқа жеткізетін, етеккірі тоқтаған өйелдерде етеккір келтіретін ісік. Клиникада бүл ісікті сылып тас-тағаннан кейін қайта пайда болатындығы (рецидив), қатерлі ісіктей метастаз беретіндігі анықталған (155-сурет).

Кесіп қарағанда бүл ақшыл-сары түсті, кейде қанқүйылыс ошақтары бар, түйінді ісік түрінде көрінеді. Микроскоппен қара-ғанда ісік негізінен майда, бір-біріне үқсас, ядролары домалақ, хроматинге бай жасушалардан түрады. Олар эпителиге үқсап бірлескен кешендер, трабекулалар, кейде фолликулаға үқсаған домалақ, ортасында саңылауы бар қүрылымдар (Колл-Экснер денешіктері) түзеді. Жасушалар цитоплазмасында майдың барлыгы анықталған. Ісік стромасы өте өлсіз дамыған (58-сурет). ісік жасу-шалары эстерогендерді көп мөлшерде бөліп шығарғандықтан эндометридің безді гиперплазиясы, кейде карциномасы дамиды.

Текома

Текома да гормон бөліп шығарушы, негізінен қатерсіз, көлденеңі 20—30 сантиметр, біржақты өсетін, консистенциясы қатты, сары түсті ісік. Текоманың прогестерон гормонын бөліп шы-гаратын түрі ірі, цитоплазмасы ашық түсті, көбіктенген, жайыл-


 

Сурет.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 577; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты