Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Гипернефроидты рак.




Макро көрінісі

140-сурет. Гипернефроидты рак. Микро керінісі


17 бөлім. Жыныс агзаларының және сут бездерінің аурулары

ақшыл-сары түсті некроз ошақтары, қызыл рендегі қан қүйылу ошақтары пайда болады, соңцықтан шүбар болып көрінеді. Бүйрек-жасушалық карцинома бүйрек түбекшесіне, несепағарға қарай немесе бүйректің айналасына өсіп кіреді, кейде бүйрек веналары бойлап, төменгі қуыс венаға, жүректің оң бөлімшесіне дейін жетеді. Сондықтан, ісіктің алғашқы метастаздары өкпеде табылады, өрі қарай сүйектерде, бауырда, бүйрекүсті бездерінде, мида метастаз-дар пайда болады.

Бүйректің қатерлі ісігі-нің ерекше түріне нефробластома (синонимдері: Вильмс ісігі, эмбрионалдық рак) кіреді. Бүл ісік тек қана 1-5 жастардағы балаларда кезде-сіп, олардың қатерлі ісікте-рінің 20%-ын қүрайды. Микроскопией қарағанда бүл ісік үрық дәуіріндегі енді дамып, жатқан бүйректі еске түсі-реді. Вильмс ісігі үшін осы эпителийлі компонентен бір қатарда мезанхималық ком-поненттің (бүлшықет, дәнекер тін, сүйек, шеміршек қүрылымда-ры) болуы шарт. Егер мезенхима компонент-терінде қатерлі ісік белгілері табылса, ісіктің бүл түрін аденосаркома деп атайды.

Буйрек тубекшесінен папиллома немесе рак өсіп шы-ғады. Жа-сушалық қүрылысына қарап рактың: өтпелі жасушалы, жалпақ жасушалы жөне аденокарцинома түрлерін ажыратады. Негізінен бүл рактар өтпелі жасушалардан түзілген болып, ісік папиллома тәрізді бүртіктене түбекшенің ішіне қарай өсіп тез некрозға үшы-райды. Жиі жағдайда ісік түбекше ішін толтырып, несепағарды тығындап оның айналасындағы тіндерге өсіп кіре бастайды. Осы-ған байланысты пиелонефрит, гидронефроз, егер инфекция түссе пиенефроз дамиды. Ісік қуыққа имплантация (жабысу) жолымен таралады. Ісіктер негізінде гематогендік жолмен бауырға, өкпеге, сүйектерге метастаз береді, лимфогендік метастаздар аймақтық лимфа түйіндерінде табылады. Бүйрек рагінің дамуында бүйрек тасы ауруының, кейбір химиялық заттардың (анилин) маңызы зор.

17 бөлім. ЖЫНЫС АҒЗАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ СҮТ БЕЗДЕРІНЩ АУРУЛАРЫ

Жыныс агзалары мен сүт бездерінде жыныс гормондары мөлшерінің өзгеруіне байланысты дамитын (дисгормондық) ауру-лар, қабьшу және ісіктер кездеседі.

Жыныс гормондары мөлшерінің өзгеруіне байланысты дами­тын ауруларға: қуық алды безінің қалыптан тыс үлғаюы (гиперт-рофиясы), эндометрийдің безді гиперплазиясы, жатыр мойныньщ немесе денесінің полиптері, сүт безі дисплазиялары кіреді.



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


17 болім.Жыныс агзаларының және сүт бездерінің аурулары



 




141-сурет. Қуықасты безінің аденомасы. Қуық қабырғасының гипертрофиясы

142-сурет. Қуықасты безінің эпителиішілік дисплазиясы

17.1. ЕРКЕК ЖЫНЫС АҒЗАЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

ҚУЫҚАЛДЫ БЕЗІНІҢ (ПРОСТАТА) ПАТОЛОГИЯСЫ

Қабыну (простатит) простата безіне инфекция урогенді, гематогенді, лимфогенді жолдармен түседі. Негізгі қоздырушысы ішек таяқшалары, кейбір грамтеріс бактериялар, гонококктар, три-хомонадалар, өте сирек жағдайда мерез және туберкулез иңфекци-ясы. Инфекция көбінесе несеп жолдарын катетеризация жасаған-да, буждағанда, цитоскопияға байланысты. Несеп жолына түскен инфекция простата ішілік рефлюкс нәтижесінде, простатаның қуықтық бөлігіне өтеді.

Простатит клиникалық ағымы бойынша жедел жөне созылма-лы болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 295; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты