Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Поликистозы






420 Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

138-сурет. Бүйрек поликистозы. Кисталар қабырғасының склерозы

бүйрек шумақтары санының өте азайып кеткеңцігі байқалады (138-сурет). Егер поликистоз үрдісі бүйрек, бауыр, үйқы безі және ана-лық бездерде бірге кездессе, онда поликистозды сырқат деп атай-ды. Поликистозды бүйректері бар аурулар уремиядан немесе бүйректік гипертензияға байланысты асқынулардан (миға қан қүйылу, жүрек инфаркты, қолқа аневризмасы жөне т.б.) өледі.

16.7. БҮЙРЕКТЩ СОЗЫЛМАЛЫ ЖЕТІСПЕУШЫІГІ

Бүйректің көптеген созылмалы аурулары нәтижесінде (созыл-малы нефрит, бүйрек-тас сырқаты, бүйрек амилоидозы ж&не по­ликистозы) несеп бөліп шығару қызметі бірте-бірте төмендеп орга-низмде азот қалдықтары (мочевина, несеп қышқылы, креатинин) жинала бастайды. Осыған байланысты белок және электролит ал-масу, қышқылды-негізді тепе-тендік бүзылып уремия дамиды.

Патологиялық анатомиясы. Уремиядан өлген адамның терісі бозғылт-сүр түсті болып, оның беті үн сеуіп қойғандай ақтандақ-танып көрінеді, сонымен қатар, теріде қызыл бөртпелер немесе қасыну іздері табылады. Ішкі ағзаларды ашып көргенде олардан несеп исі сезіледі, себебі азот қалдықтары организмде тек жина-


 

16 бөлім. Бүйрек аурулары

лып қалмастан басқа ағзалар арқылы бөлініп шыға бастайды және олардың қабынуына әкеліп соғады.

Асқазанчшек жолында: фарингит, гастрит, энтероколит, әсіресе дифтералық колит жиі кездеседі. Тыныс жуйесінде ларингит, тра­хеит, пневмония табылады. Өкпе ісінуі уремияға тән белгілердің бірі болып есептеледі. Жогарыдағы айтылған қабынулар фибри-нозды немесе фибринозды-геморрагиялық қабыну түрінде өтеді. Журекте дистрофиялық өзгерістермен қатар уремиялық миокардит, суйелді эндокардит, фибринозды перикардит дамиды. Мида уремия-лық энцефалит және майда жүмсаған ошақтар (инфарктар) табы­лады. Вауырда дистрофиялық өзгерістер көрінеді. Осы көрсетілген ауыр морфологиялық өзгерістер ауру өлімінің негізгі себептері болады.

16.8. БҮЙРЕК ІСІКТЕРІ

Бүйректерде эпителий ісіктері басқа ісіктерге қараганда жиі кездеседі. Ісіктер бүйрек паренхимасының және түбекше ісіктері болып екі топқа бөлінеді. Буйрек паренхимасынан аденомалар мен рак өсіп шығады. Аденомалар жасушаларының боялу қасиеттеріне қарап: базофилді, "куцгірт жасушалы " жөне ашық реңді жасушалы түрлері бөлінеді. Микроскопта қарағанда ісік жасушалары әртүрлі сорғыш тәрізді, безді қүрылымдар түзеді, ядролары майда, атипия жоқ. Әдетте, аденомалар бүйректің қыртыс қабатында болады, көлденеңі 1-2 см, шекарасы анық, реңі сары-сүр түсті.

Бүйректердің қатерлі ісігі

Рак (синонимдері: гипернефрома, бүйрек жасушалары рагы) ісік жасушаларының микроскопиялық қүрылыстары бойынша: ашық реңді жасушалы (классикалық "гипернефроидты рак"), түйіршікті (гранулярлы) жасушалы, үршық тәрізді жасушалы жөне безді варианттарга бөлінеді.

Бүйрек-жасушальщ карцинома - гипернефроидты рак— бүйрек өзекшелері эпителиінен өсетіндігі дәлелденген (139, 140-суреттер). Ісіктің гипернефроидты рак деп аталуы оның сыртқы көрінісіне (ісіктің реңі сары) жөне оның микроскоптың қүрылысына (ісік жасушалары бүйрек үсті безінің жасушаларына үқсас) қарап қой-ылған. Ісік жасушалары ірі, цитоплазмасы, гликоген, май жина-лып қалуына байланысты, ашық реңді, ядролары майда. Олар бүйректің қатерлі ісіктерінің негізгі түрі болып саналады (70-80%).

Ісік сары түйін түйрінде өсіп көлденеңі 8-10 см жеткенде онда


422


Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

Сурет.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 405; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты