КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ЖЕДЕЛ ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТЖедел гломерулонефрит - бүйректің екіжақты қабынуымен си-патталатын, клиникада бүйректің өзінің және басқа ағзалар қызметінің бүзылуымен көрінетін сырқат. Жедел гломерулонефриттің негізгі клиникалық белгілеріне қабақтың немесе бүкіл дененің ісінуі, қанда диспротеинемия, гиперазотемия, несепте протеинурия, гематурия, цилиндрурия дамуы жатады. Этиологиясы. Гломерулонефриттер инфекциялық-аллергиялық аурулар қатарына жатады. Олар кейбір инфекциямен ауырған кісілерде 1-3 аптадан соң дамиды. Гломерулонефриттің негізгі қоздырушылары қатарына в-гемолиздеуші стрептококтар (оның 12-ші түрі) жатады. Сондық-тан жедел гломерулонефрит стрептококтық баспадан соң, фарин-гитте, қызамықта көп кездеседі. Одан басқа жедел гломерулонефрит жасыл түске боялушы стрептококтар, пневмококтар, фрид-лендер таяқшалары, сальмонеллалар, менингококтар, грипп, герпес, жел шешек, коксаки және В гепатиті вирустарЫ; малерия, шистосома жөне токсоплазма паразиттары, ақшыл спирохета, кейбір дәрі-дәрмектер де (Д-пенициламин; алтын жөне сынап пре-параттары) туындатады. Гломерулонефриттің 1/5 бөлігінің дамуы ревматизмдік сырқ-аттар тобымен (жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит т.б.) байланысты екенін ерекше атап өту керек. Кейбір қатерлі ісіктер де гломерулонефриттің дамуьша алып келеді. Патогенезі. Қазіргі кезде гломерулонефриттің барлық түрлерінің иммундық негізде туындайтыны анықталған. Көптеген эксперименттерде гломерулонефриттің дамуы аллергиялық реак-циялармен байланысты екені көрсетілген. Жапон ғылымы Мазуги егеуқүйрықтар бүйрегінен антиген дайындап оны үй қояндары-ның қанына жіберіп, осы антигенге қарсы түзілген антиденелердің (сарысуды) егеуқүйрықтар қанына дарытқан. Эксперимент нәтижесінде гломерулонефриттің морфологиясы бойьцшіа адам гломерулонефритіне ең жақын классикалық үлгісі алынған. Ал, Кавелти бүйрек антигендерін стрептококк себіндісімен араластыра отырып экспериментте гломерулонефрит шақырған. Бүл кезде сарысуда әрі бүйрекке, әрі стрептококтарга қарсы ба-ғытталған антиденелер түзілетіні анықталған. Кавелтидің ойьшша негізгі мембрананың зақымдануы осы антиденелерге байланысты. Бүйрекке қарсы бағытталған антиденелер гломерулонефрит-пен ауырған адамдардың 70-80%-да табылған, ең қызығы, бүйректің басқа ауруларьщца бүлар кездеспейді. Стрептококтық инфекцияның гломерулонефрит дамуындағы ерекше рөлі гломерулонефрит туындатушы стрептококпен бүйректің негізгі мембранасының арасындагы антигендік уқсас-тықта. Осыған байланысты, организмде стрептококтық инфек-цияға қарсы бағытталған антиденелер стрептококтармен бір қатарда бүйректің негізгі мембранасын да бүзады. В.В.Серовтың пікірінше, осы аймақта антиген-антидене реакциясы жүріп иммундық ке-шендер шөгіп қалады. Осылайша зақымданған негізгі мембрана кейін организм үшін аутоантиген ролін атқарып, оған қарсы ауто-антидене түзіледі. Антиденелер негізгі мембранаға шөгіп қалып осы жердегі комплементті белсендіреді, осыған байланысты және сол жерде топталып қалған моноцит, нейтрофилдік лейкоциттер ферменттері өсерімен негізгі мембрана бүзылып, енді осы мемб-ранаға қарсы антидене түзіледі. Осылайша "шықпас шеңбер" түзіліп, гломерулонефрит әрі қарай, өз-өзінен дами береді. Демек, гломерулонефриттер: 1) антиденелер өсерінде, (антиденелік гломерулонефрит) немесе 2) иммундық кешендерге байланысты (иммундық-кешендік гломерулонефрит) дамиды. Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия 16 бөлім. Буйрек аурулары
133-сурет. Пролиферативтік гломерулонефрит. "Жарты ай" керінісі Патологиялық анатомиясы. Бүйрек шумақшаларындағы мор-фологиялық өзгерістердің жайғасқан орнына қарап гломерулонефриттің: капилляр ішінде (интракапиллярлық) және капилляр сыртында дамитын (экстракапиллярлық) түрлерін ажы-ратады. Ал қабыну түрлері бойынша экссудативті және пролиферативті болып тағы да екіге бөлінеді. Капилляр ішінде дамитын гломерулонефрит деп патологиялық өзгерістердің бүйрек капиллярлары ішінде немесе арасында болуын атайды. Осы жерде лейкоциттер топталып қалса эксудативтік, егер де эндотелий немесе мезангий жасушалар саны көбейіп кетсе пролиферативтік капилляр іші гломерулонефриті дейді. Капилляр сыртында дамитын нефрит те екіге бөлінеді. Оның экксудативті түрінде Шумлянский-Боумен қуысына сарысулы, фибринозды немесе геморрагиялық экссудат шығады. Пролиферативтік турінде нефротелий жасушалзры көбейіп «жарты ай» көрінісін түзеді (133-сурет). Гломерулонефриттің патологиялық анатомиясы оның клини-калық түрлеріне байланысты. Қазіргі уақытта гломерулонефриттің: 1) жедел, 2) тез дамушы немесе қатерлі және 3) созылмалы түрлерін ажыратады. Жедел гломерулонефрит 12 айға дейін созылып, аурул^рдың 5-10%-де кездеседі. Мәйітті ашып қарағанда бүйректер азырақ үлкейіп, қанмен толған болады. Бүйрек капсуласы астында және бүйрек кесінділерінде майда қызыл немесе сүр көмескілеу "нүктелерді" (дақтарды) көреміз. Бүйректің қыртысты қабаты қоңыр-сүр, ал пирамидалары қызыл түсті болады, бүл көрініске "шүбар" бүйрек деген ат берілген. Микроскоппен қарағанда бірінші күндері экссудативті үрдістердің басымдылығы байқалып, капиллярларда лейкоциттер саны көбейеді, кейбір капиллярларда тромбоз, некроз көрінеді. Кейінірек экссудативті өзгерістер пролиферативті өзгерістермен алмасады. Капилляр эндотелиі және мезангий жасушалары көбейе бастайды. Бүл өзгерістерге кейінірек капилляр сыртындағы экссудативтік өзгерістер қосылады. Нәтижесі: аурулардың 80-90%-ы бүтіндей сауығып кетіп, бүйректерінде ешқандай морфологиялық белгі қалмайды. Бірақ-та кейбір жағдайларда осы өзгерістер әрі қарай дамып жеделдеу созылмалы нефритке өтеді. Жедел нефритте ауру бүйрек қызметінің жедел жетіспеушілігі нәтижесінде өледі.
|