Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ГЕПАТОЗДАР




Бауырда зат алмасуының бүзылуы негізінде дамитын, гепатоциттердің дистрофиясы және некрозымен сипатталатын па-тологияны гепатоздар деп атайды. Гепатоздардың түқым қуалау жолымен дамитын жөне жүре пайда болған түрлерін ажыратады.

Туқым куалау жолымен туындайтын гепатоздар зат алмасуын-ның туа пайда болған бүзылуына дамитын ферментопатиялар то-бына жатады. Ферменттер тапшылығы нәтижесінде бауырда бело-ктар мен аминқышқылдар, гликоген, майлар, пигменттер, мине-раддар өз мерзімінде ыдырамастан жиналыц қалуы әуелі дистро-фиялық өзгерістерге, кейін циррозға алып келеді.

Жүре пайда болган гепатоздар жедел немесе созылмалы түрде өтеді.

Бауырдың улы дистрофиясы. Әртүрлі сыртқы жене ішкі улар-дың өсерінде дамиды.

Этиологиясы. Сырттан тусетін улы заттарга фосфор, мышь­як,төртхлорлы көміртек, гелиотроп, ботулизм жөне саңырауқү-лақтар улары, кейбір дәрі-дәрмектер (ПАСК, тубазид, аминазин, метатрексат және т.б.) кіреді. Іштен туындайтын улар тиреотокси-козда, вирустық гепатиттің ауыр түрлерінде, гестоздарда, әртүрлі шокта бөлініп шығады. Осы заттардың өсерінде гепатоциттерде өте ауыр дистрофиялық және некроздық өзгерістер дамиды.

Морфологиясы бойынша бауырдың улы дистрофиясы дегенде бауырдың ауқымды (массивті) некрозын түсінеді. Ол бірнеше ке-зендерден түрады.

Аурудың алгашқы кезеңінде бауыр үлкейіп сап-сары, үстап көргенде жүмсақтау болады. Бауырдың сарғаюы гепатоциттердің майлы дистрофиясымен түсіндіріледі. Кейін бауыр тез арада кішірейе бастайды, ол өзінің жарты немесе одан да көбірек масса-


сын жоғалтып сыртқы қабы өжімденіп, қамырдай жүмсақ, саз түстес сары болады. Бүл кезде гепатоциттерде некроз, аутолиз қүбылыстары басым болып орталық вена айналасындағы жасуша-лар бүтіндей жойылады. Бүл өзгерістерді бауырдың сары дистро­фиясы деп атайды.

Кейін некроз ошақтары фагоцитоз және резорбция нөтижесінде жойылып, осы жерде қанмен толған капиллярлар және ретикула-лы қаңқа ғана қалады. Жоғалған жасушалар орнына қан қүйы-лып, бауырдың түсі сары-қызыл болады. Бүл өзгерістер қызыл ди­строфия кезеңіне сәйкес келеді.

Осы сырқатқа байланысты тері сарғайып, теріге, ішкі ағзаларға қан қүйылады (геморрагиялық синдром), миокардта, ми нейронда-рында, әсіресе бүйректерде некроз ошақтары табылады. Ал лимфа түйіндері мен көкбауырда гиперплазия көрінеді. Осы патология нәтижесінде ауру бауыр немесе бүйрек жетіспеушілігінен өледі, егер ауру тірі қалса оларда некроздан кейінгі цирроз дамиды/

Майлы гепатоз. Оны бауырдың майлы дистрофиясы немесестеатоз деп те атайды (126-сурет).


126-сурет. Бауырдың майлы дистрофиясы

Этиологиясы. Бауырдың майлы дистрофиясы әртүрлі токсин-дер өсерінде дамиды. Мысалы маскүнемдерде бүл дистрофия түрақ-ты түрде кездеседі. Бүл жерде этанолдың тікелей әсерінен басқа тамақта липотропты факторлардың, белок тапшылығьшьщ маңы-


       
 
 
   

Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

зы зор. Майлы гепатоз сонымен қатар қантты диабетте, жалпы семіруде, өкпе, жүрек ауруларына байланысты дамитын гипокси-яда да үшырайды.

Патологиялық анатолшясы. Бүл патологияда бауыр біраз үлкейіп сары немесе қоңыр сары түске кіреді, ол болбыр, кесіндісінің беті май жағып қойғандай жылтыр болады. Май басудың үш кезеңін ажыратады: 1) гепатоциттердің некрозынсыз өтетін жай семіру, 2) гепатоциттер некробиозымен және мезенхима реакциясымен си-патталатын және 3) бауырдың бөлікті қүрылымының бүзылып цир-розға өтуімен аяқталатын семіру. Демек стеатоз үзақ созылғанда циррозға соқтырады. Бүл патологияда май бауыр массасының 40-60%-тін қүрайды (қалыпты жағдайда 4%).


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 834; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты