КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
АРНАЙЫ ЕМЕС ЖАРАЛЫ КОЛИТАрнайы емес (идиопатиялық) жаралы колит тоқ ішектің шырышты қабатында және оның астында жара пайда болуымен, кли-никада диареямен сипатталатын жедел немесе созылмалы қабы-нуы. Этиологиясы. Жаралы колит этиологиясы белгісіз аурулар қата-рына жатып, оның келіп шығуында әртүрлі инфекцияларға, әсіресе дисбактериозға, тамақ құрамындағы немесе бактериялық аллер-гендерге зор көңіл бөлінеді.
Патогенезі. Жаралы колитте қанда тоқ ішек тіндеріне қарсы бағытталған, организмдегі иммунологиялық өзгерістердің белгісі болып саналатын, антиденелер табылған. Осы антиденелер ішектегі патологиялық үрдістердің әрі қарай дамуына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар ішектің шырышты қабатында жергілікті бактерия-ларға қарсы бағытталган, кейде тоқ ішек шырышты қабатының қүрамымен әсерлесе алатын, антиденелер түзіледі. Кейінгі кезде осы сырқатта қанда иммундық кешендердің немесе тоқ ішектің компонеттерімен әсерлесетін Т-лимфоциттердің түзілетіні де анықталып отыр. Демек жаралы колит патогенезі бойынша аутои-имунды ауруларға жақындап, клиникада үдемелі түрде дамиды. 14 бөлім. Асқорыту жүйесінің аурулары Патологиялық анатомиясы. Қабыну үрдісі әдетте тік ішектен басталады. Клиникалық-морфологиялық көріністеріне қарап жаралы колиттің жедел және созылмалы түрлерін ажыратады. Аурудың жедел түрінде тоқ ішектің шырышты қабаты қанмен толып, ісініп оның бүрлері жақсы көрінбей қалады. Сонымен қатар осы жерде қан қүйылу ошақтары, майда эрозиялар, тез арада жедел жаралар пайда болады (121-сурет). Жаралардың түбі некрозда-нып бозғылт рендегі фибринмен қапталады. Олар кейде бір-бірімен қосылып ішектің біраз жерін алады. Дегенмен де осы жаралардың арасында қабынып өзгермеген учаскілер де табылады. Жан жағы ойылып жараға айналып қалғандықтан осы участкілер полип тәрізді ішек қуысына шығып түрады (шашақты жалган полиптер). Микроскопией қарағанда қабыну ошақтарында, қан тамырларында, дәнекер тінде фибриноидты некрозға тән озгерістер көрінеді. Бүзы-лу қүбылыстарымен бір қатарда безді эпителидің қалыптан тыс регенерациясы нәтйжесінде жалган полиптер түзіледі. Ішек крипталарында қабынуға байланысты жиналған секрет іріңдеп, кейде абсцеске айналып кетеді оны крипта абсцесі дейді. Осы абсцесс ішек қуысына ашылып немесе шырышты қабаттың астына жайылып әртүрлі асқынуларға әкеледі. Жараның созылмалы турінде қабыну-некроздану үрдістеріне қарағанда, қайта қалпына келу және склероздану басым түрады. Жараның түбінде грануляциялық тін осіп, тыртықтанып біте бас-тазйды. Бірақ та осы тыртықтану үрдісі көп жерді алып жатқаны үшін жаралар бетінің эпителимен қапталуы, регенерациясы, толық болмайды. Дәнекер тіннің осіп кетуіне байланысты, ішектің қабы-рғасы қалындап, қуысы таралады. Созылмалы қабыну үшін ішек тіндерінде лимфоциттер, гистиоциттер және плазмалы жасушалар-дан түзілген сіңбелердің болуы тән. Эпителий регенерациясы нәтижесінде аденоматозды жалган полиптер пайда болады. Полип эпителиінде метаплазиялық, дисплазиялық озгерістер көрінеді. Осы негізді 10-20 жылдан соң рак дамуы мүмкін, яғни созылмалы жаралы колит факультативті ракалды патологияга болып табылады. Асқыну түрлеріне: 1) тоқ ішектегі өзгерістерге байланысты ішектің «токсиндікң дилатациясы, тесіліп кетуі (перфорация), перитонит, қан кету, 2) кору агзалары тарапынан: ирит, конъюкти-вит, блефарит; 3) қимыл-тірек агзаларындагы полиартрит, спондилит; 4) қанда аутоиммундық гемолизденуші анемия; 5) амилои-доз және т.б. кіреді. Көріп отыргандай осы сырқатқа тән жалпы өзгерістер организмде аутоиммундық үрдістердің дамыганынан хабар береді. Арнайы емес жаралы полиптен Крон ауруларының бір-бірінен айырмашылығы жогарыда айтылды. Ж.Ахметов. Патологаялық анатомия 14 бөлім. Асқорыту жүйесінің аурулары
|