Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЭНТЕРИТ




Энтерит - аш ішектің қабынуы. Оның өзі жедел және созыл­малы түрлерге бөлінеді.

Жедел энтерит - аш ішектің жедел қабынуы.


120-сурет. Жедел катаралды энтерит

Этиологиясы. Жедел энтерит бүзылған тамақпен уланғанда, сальмонеллез, ботулизм, стафилакокк токсиндері организмге түскенде, улы саңырауқүлақтар, балық токсиндерінің және өртүрлі


химиялық заттар (қорғасын, сынап, фосфор препараттары) әсерінде тез дамиды. Бүл патология тырысқақ, іш сүзегі, вирустық инфек-циялардың клиникалық көрінісі есебінде де пайда болады.

Патологиялық анатомиясы. Жедел энтеритте қабыну катараль-ды, фибринозды, ірінде және некрозды түрде өтеді. Катаралды қабынуда ішектің щырышты қабаты ісініп қызарып оның бетін сарысулы-шырыипъі, сарысулы-іріңді экссудат жабады (120-сурет). Микроскопией қарағанда ішектің шырышты қабатында лейкоцит-тер мен лимфоциттерден түратын сіңбе көрінеді. Эпителий ара-сында бокал тәрізді жасушалар көбейіп, десквамация қүбылысы күшейеді, осыған байланысты кейде эрозиялар пайда болады.

Фибринозды қабыну ішектегі некрозға байланысты дамып, осы жерде ақшыл-сүр түстегі перде түзіледі, олар көшіп түскенде ор-нында жара қалады.

Іріңді (флегмонозды) қабынуда ішектің барлық қабаттарына ірінді экссудат сіңіп қалады. Қабыну ішастарға өтіп кетсб перито­нит дамиды.

Некрозды қабыну іш сүзегінде, сепсисте, ауыр металдармен уланғанда кездесіп, некроз ошақтарыньщ орнында кейін жаралар пайда болады.

Жедел энтериттің және бір ерекшелігі ішектің өзіндегі және регионалдық лимфа бездеріндегі лимфоид тінінің гиперплазиясы, бүл өзгерістер әсіресе іш сүзегінде жақсы көрініп, иммундық жүйенің қабыну үрдісіне тікелей қатысуының белгісі болып саналады.

Энтериттің асқыну түрлеріне ішектен қан кету, ішек қабырғ-асының тесіліп (перфорация) перитонит дамуы, ішек қызметі бүзы-лып, іш кетуі нәтижесінде организмнің сусыздануы жатады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 374; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты