Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сурет. Созылмалы




атрофиялық емес

Гастрит

23 - 437



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


14 бөлім. Асқорыту жуйесінің аурулары



 


Сидней жүйесінің толықтырылған (1996) түрі бойынша со-зылмалы гастриттерді атрофиялық емес, атрофиялық жөне ерек-ше түрлерге бөледі.

Созылмалы атрофиялық емес (беткей) гастрит асқазанның ішкі қабатын жауып жатқан цилиндрлі эпителидің дистрофиялық өзгерістерімен, шырышты зат шығару үрдісінің бүзылуымен си-патталады. Эпителидің биіктігі өзгеріп кейбір жерлері текше тәрізді немесе жалпақтанып қалады. Осы өзгерістер шүңқырша эпителиінде де көрінеді. Шырышты қабықтың меншікті пластин-касында (шүңқыршалар деңгейінде) лимфоидты элементтерден, плазмалық жасушалардан, бірлі-жарымды нейтрофилдерден тура-тын сіңбелер көрінеді. Бездер өзгермейді (111-сурет).

Атрофиялық гастрит шырышты қабықтың жүқаруы, шүңқыр-шалардың үзаруы, бездердің қысқаруы осы бездердің және үстіщі эпителидің дистрофиялық өзгерістерімен сипатталады (112-сурет). Бездер арасында дәнекер тін өсіп кетеді. Шырышты қабықта қабы-

112-сурет. Атрофиялық гастрит


ну сіңбелерімен бірге лимфоидты фолликулалар гиперплазиясы көрінеді.

Атрофияяық гастриттің негізгі этиологиялық факторына ауто-иммундық үрдіс жатады. Микроскопта қарағанда асқазанға тән негізгі, қосымша, париеталды жасушалар жойылып, олар шығаберіс бөлігінің бездеріне тән, текшелі, цитоплазмалы көпіршектенген жасушалармен алмасады (пилоризация). Сонымен қатар асқазан бездерінің орнында ішекке тән эпителимен қапталған бездер лай­да болады (ішектік метаплазия) (113-сурет). Шырышты қабықтың жоғарғы қабатында бокал тәрізді және жиекті жасушалар пайда болады.

Созылмалы гастриттердің сирек кездесетін ерекше түрлеріне реактивті рефлюкс-гастрит, полипозды гастрит және гипертрофи-ялық гастрит (гипертрофиялық гастропатия) кіреді.

Реактивті рефлюкс-гастрит

Нагыз реактивті рефлюкс-гастрит асқазанга операция (резек­ция) жасалған ауруларда дамиды. Оның негізгі себебіне он екі елі ішектен түскен затгардың, соның ітттінде өт қышқылдарының, лизо-



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


14 болім. Асқорыту жүйесінің аурулары



 


114-сурет. Гипертрофиялық гастрит

лецитиннің және т.б. асқазан шырышты қабығын зақымдауы жа-тады. Осы заттар әсеріңде асқазан эпителиінде дистрофиялық жөне некроздық өзгерістер дамиды. Бүл жерде эпителидің жетілуінен гөрі пролиферациясы басым болады. Сондықтан, асқазан шырышты қабығының қатпарлары (валиктері) қалыңдап, папилломатоздық және сорғыш тәрізді қүрылымдар пайда болады. Оны фовеоляр-лық гиперплазия дегі атайды. Ал, асқазан шүңқырлары болса со-зылып, иректелген. Асқазанның беткей эпителиі тегістеліп жука-рады, оларды шырышты заттар болмайды. Қабыну сіңбелері аз кездеседі.

Полипозды гастрит үшін атрофиялық өзгерістермен бір қатарда гипертрофиялық үрдістердің дамуы, соның нәтижесінде шырыш­ты қабық қатпарлары қалыңдап аденоматозды полиптер түрінде көрінуі тән.

Гипертрофиялық гастропатия (Менетрие сырқаты) асқазанқатпарлары өте қалындап, ирелеңцеп, ісініп, «тас төсеген көшегең үқсап қалады (114-сурет). Гастропатия деп аталуьшың себебі бүл жерде қабынудан гөрі шырышты қабықтагы эпителиоциттердің гиперплазиясы басым болады. Ол морфологиясы бойынша: ин-


терстициалдық, пролиферативтік және безді деп бөлінеді. Интер-стициалдық түрінде шырышты қабықтың қалыңдауы қабыну сіңбелерімен жөне гиперплазия үрдістерімен байланысты болады. Пролиферативтік және безді түрлері париеталдық және негізгі жасушалардың гиперплазиясына бездердің, олардың шүңқырлары мен мойньшьщ созылуына, шырьпыты қабықтъщ қальщдауьша соқ-тырады.

Созылмалы гастриттердің маңызы олардың асқазанның басқа ауруларына өтіп кету мүмкіншілігінде. Атрофиялық гастриттер ракалды сырқаттарына жатса, қабынуға байланысты дамитын гас­трит асқазанда жара пайда болуының бір себебі ретінде қаралады.

АСҚАЗАН ЖАРАСЫ

Асқазан жарасы Қазақстанда ең көп тараған сырқаттардьщ бірі, бүкіл халықтық 2-3%-да кездеседі. Еркектер өйелдерге қарағанда 2 есе жиі ауырады.

Жара асқазанда немесе үлтабарда орналасады. Жара деп осы ағзалардың шырышты қабатының ойылуын (дефектін) түсінеміз. Жаралардың өзі жедел және созылмалы деп екі түрге бөлінеді.

Жедел жаралардың дамуы әдетте эрозиялармен байланысты. Эрозия деп шырышты қабықты гана қамтитын, өте майда ойылу-ларды түсінеміз. Бірақ осыган қарамастан, эрозиялар жедел қан кету көзі болып геморрагиядан кейінгі анемияга соқтыруы мүмкін. Эрозияның жедел жарага, тіпті қатерлі ісікке (ракқа) айналып кету қауіпі де бар. Микроскоппен қараганда асқазан (немесе үлтабар) шырышты қабатының ошақты каогулияциялы некрозы көрінеді. Егер эрозия ошагына қан қүйылса оның түбі қара-қоңыр болып геморрагиялық эрозия деп аталады. Егер эрозия гастритке байланы­сты дамыса (оның айналасында лейкоцитті қабыну сіңбелері та-былады) оны қабыну эрозиясы деп атайды. Эрозиялар кіреберіске жақын жерде, асқазан денесінде көбірек кездеседі. Әдетте эрозия­лар тез бітіп өзінен кейін ешқандай белгі қалдырмайды.

Осы айтылган жедел эрозиялардан басқа, қазіргі кезде созыл­малы эрозиялардың да барлығы анықталып отыр. Олардың ерекшелігі эрозиялар көпке дейін, кейде бірнеше жылдар бойы жазылмайды. Микроскоппен тексергенде бүл жерде (эрозияның түбінде және айналасында) грануляциялық тіннің өсіп кеткендігін, қан тамыр-ларының көптігін көреміз. Ол жедел эрозиядан соң дамиды неме­се бірден созылмалы түр алады. Олар кобінесе асқазанның шыгаберісінде немесе кіші иілімінде табылады.



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


14 болім. Асқорыту жуйесінің аурулары



 



Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 342; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты