Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


БЕХТЕРЕВ АУРУЫ




Бехтерев ауруы деп буындардың, соның ішінде омыртқа баға-насы буындарының созылмалы жүйелі қабынуын айтады. Осыған байланысты омыртқа бағанасы өз өрекетін жоғалтып белгілі бір қалыпта, қимылсыз бекіп қалады. Бүл науқас жастарда, көбінесе ер адамдарда болады.

Этиологиясы. Осы аурудың шығуында ішек жөне зөр жолда-рының инфекцияларына зор көңіл бөлінеді. Дегенмен бүл ауру-дың дамуында түқым қуалау белгілерінің орны белек, аурулардың 90% -нен көбінде HLA В27 антигендері табылған, аурудың жақын тумаларының 3%-і осы ауруға шалдығатыны анықталған.

Патогенезі. Бехтерев ауруы организмде денекер тіннің мета­плазия жолымен шеміршек жөне сүйек тіндеріне айналуын күшейтетін, химиялық қүрылысы, қай жерде түзілуі белгісіз, зат пайда болады.

Патологиялык, анатомиясы. Патологиялық үрдіс синовиалды қабықтардың пролифреативті қабынуынан басталады (синовит), қабыну сіңбелері лимфоциттерден жене макрофагтардан түрады. Қысқа мерзімнен кейін осы жерде өуелі фиброзды, кейін сүйекті анкилоз дамиды. Буын қабында, синовиадды қабықтарда, басқа да жүмсақ тіндерде алдымен шеміршектену (хондроидты метапла­зия) кейін суйектену (оссификация) үрдісі жүреді. Осы типтегі


өзгерістер омыртқааралық шеміршекте, фиброзды шеңберде, жал-ғамаларда да дамиды.

Бехтерев ауруында буыннан тыс жерлерде де өзгерістер бола­ды. Аурулардық 25%-де жедел ирит, иридоциклит, кератит жөне коньюнктивит, ал 2-8%-де аортит байқалады.

14 бвлім. АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСШЩ АУРУЛАРЫ

Асқазанның шырышты қабығында тамақпен бірге түсетін өртүрлі улардан, микробтардан, антигендерден қорғайтын меха-низмдер бар. Олар екі топқа бөлініп қаралады: 1) иммунология-лык; 2) бейиммунологиялық механизмдер. Жергілікті иммунологи-ялық механизмдерге эпителий арасындағы лимфоциттер мен плаз-малық жасушалар, лимфофолликулалар жене секрет қүрамындағы JgA жатады. Ал жалпы иммунитетке жауашы жүйенің қүрылысы мен қызметі баршаға мөлім.

Бейиммунологиялық механизмдерге механикалық қарсылық пенарнайы емес төзімділік факторлары кіреді. Механикалық қорғау механизмдерінің ішіңде мукоцеллюлярлы бөгетгің (гликокаликстың) маңызы зор. Оның бірінші қабаты шырышты заттардан, ал екінші қабаты қышқыл глюкозалингликандардан түзілген сүзгі тәрізді қүрылымдардан түрады, осы сүзгі ірі молекулалардың шырышты қабыққа өтуіне кедергі жасайды.

Қорғаныстың ерекше түріне асқазан эпителиінің жиі (3-5 күңце) жаңарып түруы да (регенерациясы) жатады.

Арнайы емес төзімділік факторларына лизоцим, интерферон, комплемент, фагоцитоз, асқорыту лейкоцитозы кіреді.

Осылайша асқазан шырышты қабатында өте күрделі, бір-бірімен тығыз байланысты қорғаныс жүйелері бар, демек асқазан ауруларының пайда болуы осы жүйелердің бүзылуымен немесе тұқым қуалаушы өлсіздігімен байланысты.

14.1. ТАМАҚ ПЕН ЖҮТҚЫНШАҚ АУРУЛАРЫ

Тамақ пен жүтқыншақта қабыну үрдісі, басқа сырқаттарға Караганда жиі кездеседі. Бадамша бездің қабынуын баспа (ангина) немесе тонзиллит, ал жүтқыншақтың қабынуын фарингит деп айтады. Баспаны жедел жене созылмалы, арнайы жене арнайы емес деп белуге болады.

Этиологиясы мен патогенезі. Баспаның ерістеуіңде жергілікті


     
   
 
 

._______________________________________ Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

иммундық жүйе қызметінің төмендеуінің маңызы зор, себебі ол көбшесе аутоинфекция түрінде дамиды. Сондықтан ол адамға суық тигеңце, тоңғаңца жиі кездеседі.

Сонымен қатар баспа қызамықта, дифтерияда, қанның жөне
қан жасау жүйесінің сырқаттарында (инфекциялық мононуклеоз-
да, агранулоцитозда, жедел лейкоздарда) олардың жергілікгі белгісі
ретщде дамиды. Әдетге баспа жиі-жиі қайталаньш, созылмалы түоге
өтеді. 1V

Патологиялық анатомиясы. Жедел баспаның: 1) катаралды 2) лакуналы, 3) фолликулалы, 4) іріңці (флегмонозды), 5) фибринді' 6) некрозды, 7) гангреналы түрлерін ажыратады.

Катаралды баспа тамақтың шырышты қабығының жөне бадам-ша бездердің қызарып ісініп түруымен сипатгалады. Кейінірек осы шырышты қабық көмескіленіп сарысулы ірінді экссудатаен жабы-лады. Кейде эпителий қабаты экссудатаен көтеріліп, көпіршектеніп түрады. Баспаньщ басқа түрлері де осылайша басталады.

Лакуналы баспа без шүқырларында сарысулы-іріңді экссудат-тың, лейкоциттердің, көпііп түскен эпителидің жиналуымен жөне олардың сағасыңда ақшыл-сары өзектің пайда болуымен сипатта-лады.

Фолликулалы баспада бадамша бездері қызарып, ісініп, олар-дың арасьшан сары нүкте түріңде іріңдеген фолликулалар көрініп түрады. Микроскоппен қарағаңда кейбір фолликулалардьщ гипер-плазиясын, басқаларының қабынып іріндегенін көреміз.

Фибринді баспа үшін бадамша бездердің үлкеюі жөне олардың үстшде ақшыл-сүр түстегі, фибринді перденің пайда болуы төн. Егер осы перде оңай алынатын болса қабынудың бүл түрін крупоз-ды қабьгну деп, егер перде астыңдағы тіндерге жабысып қалған болса, дифтералық қабыну деп атайды. Қабынудың соңғы түрі дифтерия сырқаты үшін тән.

Іріңді баспада бадамша бездері қып-қызыл болып, ісіп едәуір үлкеиеді. Тшде лейкоциттерден, түзілген сіңбелер анықталады. Қабыну үрдюі өте асқыньш кеткеңце осы жерде абсцесс пайда бо­лады. Ірінді үрдіс одан әрі дамып айналасьшдағы тіңдердің іріңді қабынуына немесе тіпті тонзилогенді сепсиске соқтыруы мүмкін.

Некрозды баспада жергілікті тінде некроз үрдісі басым болады. Микроскоппен қарағанда шырышты қабаттың некрозы лейкоциттердің сіңбесі, сонымен қатар микроб топтары көрінеді'. Баспаньщ бүл түрі негізінен лейкоздарда кездеседі.

Баспаньщ гангреналы турі некрозға үшыраған тіннің арнайы микроорганизмдер әсерінде одан өрі бүзылып шіруімен, осы ай-мақтьщ қоңыр, жасыл қара түске енуімен сипатталады.


14 болім. Асқорыту жүйесінің аурулары

Баспаньщ жеке бір түріне Симановский-Венсан ауруы кіреді. Бүл баспаның ерекшелігі біріншіден эпидемия түрінде тарайды, екіншіден оны үршық төрізді бактериялар мен ауыз қуысындағы спирохеталар қоздырады. Морфологиясы бойынша бүл миндали-наларда үсті фибринді пердемен жабылған жаралардьщ пайда бо­луымен сипатталады.

Созылмалы баспа (тонзиллит) жедел баспаньщ жиі-жиі қайта-лануы нөтижесінде дамиды. Бүл кезде бадамша бездер біраз үлкейеді, оларды кесіп қарағанда сыртқы қабьшьщ қальщдап, тіннің қатайғандығы байқалады. Микроскоппен тексергеңде лимфоид тінінің гиперплазиясымен қатар, склероз үрдісінің күшті дамы-ғандығы көрінеді. Кейде лимфа тінінің орньш дөнекер тін басады. Без шүңқырларында ірінді тығьщдар табылады.

Асқыну түрлері. Жергілікті асқыну түрлеріне бадамша бездердің және оның айналасындағы абсцестер жүтқыншақ артындағы абс­цесс, жүмсақ тандайдың ірінді қабынуы, тромбофлебит немесе тромбартериит кіреді. Кейде қан тамырларының кенересі желініп (еріп) қан кетеді. Асқынудың жалпы түрлеріне: сепсис, гломеру-лонефрит жатады.

14.2. ӨҢЕПІ АУРУЛАРЫ

Өңеште туа біткен кемістіктер, қабьшу және ісіктер жиі үшы-райды. Туа біткен кемістіктерге өңештің бітік болуы (атрезия) жөне кеңірдек пен өңештің арасындағы саңылаудың сақталып қалуы кіреді (Эмбриопатияны қараңыз).

Өңештің белгілі бір бөлігінің бүлтиып түруын дивертикул деп атайды. Егер ол өңештің барлық қабаттарынан түратын болса на-гыз дивертикул деп есептеледі. Дивертикулдер көбінесе өңештің бүлшықет қабатының жеткілікті дамымауына және өңеш ішіндегі қысымның күшеюіне байланысты пайда болады. Сонымен қатар дивертикулдің дамуында өңеш айналасьщда қабыну нәтижесінде пайда болған дөнекер тінді созылмалардьщ маңызы зор. Дөнекер тін жетілгенде өңештің бір бөлігі тартыльш сол жерде үшбүрышты қуыс пайда болады. Дивертикуддердің қауіптілігі оның қабыну мүмкіншілігіңде (дивертикулит).

Өңеіптің қабынуын эзофагит деп атайды. Эзофагит ертүрлі химиялық (қышкьщдар, сілтілер, этанол), физикалық (ыстьгқ тамақ, шөй), механикалық (балық сүйектері тырнап кеткенде) жөне бак-териялық себептерден туындайды. Қабыну үрдісі жоғарьщан төмен қарай (дифтерияда, қызамықта) немесе төменнен жоғары (гаст-


 
 

Ж.Лхметов. Патологнялық анатомия

ритгерде) өтуі мүмкін. Эзофагиптердің жедел жөне созылмалы түрлері бар. Морфологиясы бойынша жедел эзофагиттің: катаральды, ге-моррагиялық, фибринді, ірінді, жаралы түрлерін ажыратады.

Созылмалы эзофагит өңешке үзақ уақыт өсер етуші зиянды фак-торлар нөтижесінде (тамақтың жеткілікгі шайналмай жүтылуы, тістердегі қабыну және де басқа патологиялық үрдістер, бауыр цир­розы, өңештің өз сырқаттары - рак, жара, стеноз, дивертикулит) жөне басқа ағзалардың патологиясыңда (мүрын-жүгқыншақ айма-ғының, гаймор қуысының қабынуы, өкпедегі жөне бронхтардағы созылмалы қабынулары жөне т.б.) жиі кездеседі. Микроскоппен қарағанда қабыну сіңбесінің арасында плазмалы жасушалардың, лимфоцит жөне макрофагтардың саны басым болады. Кейде қабы-нумен бірге эііителидің дисплазиясы, лейкоплакиясы да көрінеді.

Созылмалы эзофагиттің ерекше түріне рефлюкс-эзофагитте дамитын Баррет өңеші кіреді. Бүл патологияға өңештің көпқабат-ты жалпақ эгштелиінің бір қабатты цилиңдрлік эпителимен алма-суы төн. Эпителий қүрылысы асқазан, кейде ішек эпителиіне үқсас болады. Жаңадан пайда болған эпителий өңештің бағандық жасу-шаларының асқазан немесе ішек эпителий бағытында жіктеліп дамуымен байланысты. Оның негізгі себебі өңешке асқазанның қышқылды заттарының түсуі. Баррет өңешінің қауіптілігі сол жер­дей аденокарцинома ісігі өсіп шығады.

Рефлюкс-эзофагит - өңеште эрозиялар, жедел жаралар болуы-мен сипатталады.

Өңеш рагы (қылтамақ).Қазақстаңца ең жиі үшырайтын қатерлі ісіктердің бірі, өсересе ол жергілікті халық арасында көбірек тараған.

Этиологиясы. Қылтамақтың даму себептеріне арақты салына ішу, тамақты, шайды ыссы күйінде ішу, насыбай ату, ысталған балықты жеу жөне басқа факторларды кіргізуге болады. Қылта-мақтың дамуына тікелей себепші факторлардың ішіңде созылма­лы эзофагитгі, өңеш лейкоплакиясын, полиптерді, тыртықтарды атап өтуге болады. Бүл ауру негізінен өңештің орта жөне төменгі бөліктері арасында кездеседі. Сыртқы көрінісіне қарап скирроз-ды, ми төрізді жөне бүртікгі түрлерін ажыратады. Скиррозды рак өңеш қабырғасына бір тегіс таралып оның белгілі бір бөлігін шең-бер төрізді қысып, тарылтып, қояды, консистенциясы қатты бо­лады. Ойықты рак өңештің ішіне қарай өсіп, өзінің жүмсақтығы-на байланысты тез некрозданады, оның арасында ойықтар (жара­лар) пайда болады. Буртіктірак өңеш қабырғасынан оның қуысына қарай өседі. Микроскоппен тексергенде өңеш рагы негізінен жал-пақ жасушалы түлейтін немесе түлемейтін рактар қатарына жата-ды. Аденокарцинома өте сирек кездеседі.


14 бөлім. Асқорыту жуйесінің аурулары э**у

Ісік көптеген ағзаларға лимфа жолдарымен таралады. Ал қыл-тамақ үшін айналасындағы ағзаларға өсіп таралудың орны ерек­ше. Ол кеңірдекке, бронхтарға, плевраға, өкпеге, қалқанша безге, көкірек аральпъша, көкетке, қолқаға өсіп кіріп, көптеген асқыну-ларға өкеліп соқтырады. Өңеш пен кеңірдек арасындағы жыланкөз, тамақтьщ тыныс жолдарына түсуіне, аспирациялық пневмонияның, өкпе абсцесі мен гангренасының, плевра эмпиемасының дамуы­на, медиастинитке альш келеді. Ал басқа жағдайларда ісікке бай­ланысты өңештен ас өтпей қалып науқас кахексиядан өледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 362; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты