Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


МИОКАРД ИНФАРКТЫ




Миокард инфаркты деп жүрек бүлшықеттерінде дамитын не­кроз процесін түсінеміз. Жүрек инфарктын тек 18-24 сағаттан соң гана көзбен көріп шекарасын анықтауға болады, ал осы аралықта жүрек етінде инфарктың некрозеа дейінгі (ишемиялык) кезеңі дами-ды. Оны анықтау үшін арнайы гистохимиялық, электронды мик-роскопиялық зерттеулер жүргізу қажет. Бүл өзгерістер экспери­мент арқылы шақырылған инфаркта жан-жақтщ тексерілген. Ин­фарктын; алгашқы 15-20 минуттарында-ақ қансызданган аймақ-тардағы бүлшықет талшықтарьшан гликоген жоғала бастайды, ал 2-6 сагаттан тотыгу-тотықсыздану ферменттерінің оның ішінде суцинатдегидрогеназан^ің, белсенділігі өзгере бастайды. Ал


12 бөлім. Журек-қан тамыр жуйесінің аурулары 3 2 3

люминесцентті микроскоппен сары ала түстегі акридинмен боял-ған ет 30-60 минуттан кейін-ақ ишемия аймағында жасыл түске -өзгереді. Электронды микроскоппен де осы өзгерістерді бірінші минуттардан бастап көре дламыз. Дегенмен, бүл айтылған тексеру өдістерін практикада қолдану мүмкіншілігі өте аз, сондықтан осы кезеңцеіі жалпы гистологиялқ өзгерістерде де тоқталып өту шарт. Жай микроскоппен қарағанда инфарктың бірінші сағаттарында микроциркуляция арнасындағы майда қан тамырларының өз то-нустарын жоғалтып кеңейіп кеткендігін, капиллярлардағы қанның іркілу (стаз) және іркілу алдындағы жағдайын (стазалды), қан қүйылу ошақтарын көреміз. Бүлшықет талшықтары арасында эозин жөне фукцин бояуларымен қызыл түске боялган, көлденең жо-лақтарын жоғалтқан, бөлшектеніп кеткен (фрагментация), ядро-лары ісінген немесе бүрісіп қалған (пикноз) бір топ жасушаларды көреміз. Осылай озгерген жасушалар айналасында полиморфты ядролары өртүрлі лейкоциттер шоғырлана бастайды, әдетте олар ишемиядан соң 6 сагат өткенде көрінеді. Бүл кезде жүрек строма-сы да ісінеді. Лейкоциттер саны өскен сайын сол жердегі тіннің ыдырауы да күшейе береді, осылайша бүтіндей еріп кеткен мио­кард ошақтары (миоцитолиз) пайда болады.

Инфарктың некрозга ушырау кезеңі осы жердегі әртүрлі фер-менттер белсенділігінің күшеюіне тікелей байланысты. Бүл кезең-де инфаркт шекарасы анықталып оны көзбен кору мүмкін бола-




12 бөлім. Жүрек-қан тамыр жуйесінің аурулары

101-сурет. Сол қарынша ушының инфарютан кейінгі аневризмасы, сол жерде пайда болған тромб -

Ж.Лхметов. Патологиялық анатомия

ды. Инфаркт ошақтары ақшыл сары, көкшіл қоңыр немесе жа-сылсары түрінде көрініп, олардың жиектерінде қызыл түстегі қан қүылу ошақтары табылады- оны қызьиі жиекті ақ инфаркт дейді. Инфарктқа үшыраған жердегі ет талшықтары, аралық тін, қан та-мырлары лейкоцит ферменттері өсерінде түгел өледі. Инфарктпен сау тін арасында кеңейген қан тамырлардан және лейкоциттерден түратын шекаралаушы сызық (демаркация) пайда болды (100-сурет). Осы жерде 4-ші күннен бастап микрофаг, 4-5-ші күвдері лимфо­цит, фибробласт элементтері топталып, бір жағынан некрозға үшы-раған өлі тіндерді тасып алып кету, екінші жағынан олардың ор-нын басу процестері қатар жүріп жатады. Инфарктан кейінгі 7-8-ші күнде табылатын ішазмалы жасушалар иммунды механизмдердің де іске қосылғанынан хабар береді, ал 6-7 күндері бсы жерге қан тамырлары өсіп кіріп, некроз ошақтары бірте-бірте жас дәнекер тінмен алмаса бастайды.

Инфарктың ушінші қалыптасу кезеңі осы үрдістердің әрі қарайдамуымен сипатталады, 5-6 аптадан соң қатты, фиброзды тыртық қалады. Дегенмен қалыптасу кезеңінің үзақтығы инфарктың көлеміне байланысты, өте ірі инфарктан кейін сол тыртықтанған жерлерде әлі толық ьщырап сорылып кетпеген некроз ошақтарьш табуға болады.

Инфарктың көлеміне қарап: 1) трансмуралды, 2) интраму-ралды, 3) субэндокардиалды және 4) перикардасты түрлерін ажы-ратады.

Трансмуралды инфаркт деп инфарктың жүрек қабырғасының барлық қабаттарына жайылуын түсінеміз. Инфарктың жедел кезеңіндегі асқынулар осы түрде көп кездеседі. Оларға төмендегі өзгерістерді кіргізуге болады. 1. Жүректің жарылып кетуі - ол не-крозға үшыраған жүректің сол қарыншасыньщ алдыщы бөлігі, си­рек жағдайларда қарыншалар арасындағы перде немесе басқа бөліктері жарылып, жүрек қабына 500 мл-ге дейін қан шығады. Осыған байланысты, жиналаған қан жүректің өзін басып тастайды (жүрек тампонадасы) Инфарктың осы асқынуы 10-15% мөлшерінде кездеседі. Кейде қарыншалар арасындағы перде жарылады немесе инфарктқа байланысты қақпақшалардың емізікті бүлшықеттері үзіліп кетеді.

Миокардтың субэндокардиалды инфаркты жүректің ішкі қаба-тында дамып, жүрек қабырғасының 1/3 бөлігін, сирек жағдайда жартысын қамтиды. Қалыпты жағдайда жүректің эндокард астын-дағы аймағы коронарлық қан айналымның шетінде жайғасқан, сондықтан жүрек тамырларындағы қан қысымының төмендеуі осы жерде ишемияның, одан әрі инфарктың дамуына соқтырады.


Жүректің трансмуралдық инфаркты осы субэндотелиалдьгк, инфар-ктың әрі қарай терендеуіне байланысты деген де пікір бар, яғни айтылған инфаркт түрлерінің патогенезі бір-бірімен тығыз байла­нысты.

Жедел инфарктқа байланысты төменгі асқынулар дамиды. Клиникалық ағымына қарай миокард инфарктының: 1) біріншілік, 2) рецидив беруші (бірінші инфарктан кейін 6 апта ішінде дами-тын) және 3) қайтадан болған (алдыңғы инфарктан 6 апта өткен соң) түрлерін ажыратады.

Жүректің белгілі бір бөлігінің тез кеңейіп кетіп, томпайып шығып түруын жүрек аневризмасы дейді. Аневризма жарылып кетуімен немесе оның қуысында тромб түзілуімен қауіпті, олар тромбоэмболияға соқтыруы мүмкін. Тромбоэмболия нәтижесінде көптеген ағзаларда қосымша инфаркт пайда болады. Кейде ин-фарктқа байланысты кардиогенді шокпен асқынады. Инфаркт үрдісі,

Shj «it у*

Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 291; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты