КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
СТЕНОКАРДИЯСтенокардия төс сүйегінің артында немесе жүрек аймағында ауыру үстамасы пайда болуымен сипатталатын, миокардтың жедел ишемиясына байланысты клиникалық синдром. Стенокарди-яның үш түрін: күш түсуге байланысты дамитын түрақты (стабильді) түрін, тыныштық стенокардиясын жөне түрақсыз (стабильді емес) түрін ажыратады. Стенокардияның түрақсыз түрі үдемелі түрде өтіп, инфаркт алды стенокардиясы немесе жедел ко-ронарлық жеткіліксіздік деп аталады. Бүл стенокардияның себептеріне атеросклероздық табақшалардың бүзылуы, осы аймақ-ты қабырғалық тромбтың пайда болуы немесе жүрек артерияла-рының спазмы жатады. Ауру өліп қалған жагдайда жүректе майда некроз ошақтары — микроинфарктар — табылады. КҮТПЕГЕН ЖҮРЕКГІК ӨЛІМ Ауру кенеттен бірнеше минуттан соң немесе бірнеше сағаттан кейін өліп қалады. Осы аурулардың 75% ауруханаға жетпей-ақ өліп кетеді. Күтпеген өлімнің ЖИА-ға тікелей қатысы бар екендігіне осы ауруларды ашып көргенде көз жеткізуге болады. Жүректегі ишемиялық аймақтарды көзбен анықтау үшін, тетразолий түзда-рын, калий теллуритін қолданады. Ишемия аймақтары боялмас-тан, сау қоңыр түсті миоқардқа қарағанда, ақшыл болып түрады. Микроскопта қараганда жүрек бүлшықеттері өздерінің көлденең жолақтарын жоғалтып, эозинмен, фуксинмен қызыл түске бояла-ды, яғни некробиоздық өзгерістерге үшырайды. Миокард тал- 21 -437 Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия шықтары өздерінің қалпын өзгертіп, жота-жотаң болып, иректеліп қалады. Ишемия аймағывдағы капиллярларда эритроциттер стазы, лейкостаз, лейкодиапедез (6-8 сағаттан соң), қан қүйылу ошақ-тары көрінеді. Осы өзгерістерді миокардтың жедел ишемиялық ди-строфиясы деп атайды. Сонымен қатар, аурулардың жүрек қан тамырларында атеросклероз үрдісінің едөуір дамығандығын, кейбіреулерінде тромб барлыгын, ал өлген кісілердің 35-40%-да миокард инфаркгын анықтауға болады. ЖИА-дан өлген адамдардың жүрек қан тамырларында төмендегі өзгерістер көрінеді: 1) атеросклероз жоқ немесе өте әлсіз (10%); 2) атеросклероз барлық тамырларда біркелкі едөуір дамыған (18%); 3) атеросклероз эр мүше тамырларында өртүрлі, бірақ өте күппі дамыған (72%) (А.В.Смольянников, Надцачина). Атеросклероз үрдісі сол жүрек артериясының төмендеу бүта-ғында әрдайым табылған және күшті дамығаны үшін оны "күтпе-ген өлім артериясы" деп атайды. Осы қан тамырларда атеросклероз табақшаларымен қатар облитерация (тамыр саңылауының бүтіндей бітіп қалуы) үрдісі де байқалады. Оның негізгі себебі тамыр ішінде пайда болатьш тромбтың қалыптасуы. Тромбтар өртүрлі деректерге қарағанда 31%-тен 90%-ке дейінгі аралықта кездеседі. Бірақ та жүрек қан тамырларында бейімделу мүмкіншіліктері жеткілікті болган жағдайда олардың біреуінің саңылауы толығы-мен бітіп қалуы өрдайым инфарктықа соқтыра бермейді. Миокард инфаркты жүрек тамырларында патология болмаған жагдай-да да кездесуі мүмкін, бүл жерде инфарктың туындауы тамыр спаз-масымен тікелей байланысты деп толық айтуға болады. Оның бүл түрі барлық инфарктың шамамен 10%-тін қүрайды.
|