КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ВАСКУЛИТТЕРВаскулиттер - тамырлардың қабынуы - практикада жиі кездесетін патология. Оларды даму механизмдеріне қарай: біріншілік жөне екіншілік деп; этиологиясына қарай: инфекция-лык;, инфекциясыз жөне этиологиясы белгісіз деп; жене даму ор-нына қарай (аортит, артериит, флебит) жөне т.б. деп бөлінеді. Екіншілік васкулиттер белгілі бір патологиямен байланысты болғандықтан, мысалы, ревматизмдік, мерездік, бөртпелі сүзеттік васкулиттер жөне т.б., олар сол негізді аурулармен бірге қаралады. 12 белім. Жүрек-қан тсшыр жуйесінің аурулары___________________________ iZ ' Біріншілік немесе жуйелі васкулиттер медицина практикасында негізгі ауру есебінде қаралуы мүмкін, мысалы, түйінді периарте-риит, алыпжасушалы (самай) артерииті, Вегенер гранулематозы және т.б. Жүйелі васкулиттерге тән морфологиялық өзгерістердің бірі тамыр қабьфғасыңда дамитын некроз қүбылысы, екіншісі грану-лематоз үрдісі. Осы екі морфологияльгқ үрдістердің дамуына им-мунологиялық реакциялар, олардың ішінде ЖЖТ жөне ЖБТ ре-акциялары, негізгі рөл атқарады. Түйіңці периартериит Туйінді периартериит орташа жөне майда артериялар қабырг-асыньщ қабынуымен сипатталады. Қабыну бүйрек, асқазан-ішек, жүрек, бауыр артерияларында басқаларға қарағанда жиі кездеседі. Алғашқы кезде артерияның ішкі жөне ортаңгы қабатында некроз-дық өзгерістер дамиды. Кейін қабыну үрдісі тамырдың сыртқы қабатына және айналасына өтеді. Сол жерде аддымен нейтрофиль-дер, эозинфильдер, соңынан мононуклеарлық сіңбелер көрінеді. Тамыр ішінде тромб пайда болтан жағдайда (тромбоваскулит) жеке ағзаларда инфаркт, ішекте жара ошақтары, кейде гангрена дамиды. Аурудың созылмалы түріңде некроз болтан жерде түйінді фиб-роздық ошақтар немесе аневризма пайда болады. Осы патология шеттік артерияларда дамыганда тері астында эр түрлі түйіндерді табуга болады. Аурудың этиологиясына белгісіз, бірақ морфологиялық көріністердің негізінде иммундықкешендік зақымданулар жатады. Алыпжасушалы (самай) артерииті (Хортон ауруы) Самай артериитінде қабыну үрдісі тек осы артерияда емес, кейде миішілік артерияларга, қолқага, оньщ ірі тармақтарына да жайылуы мүмкін, тек бүйрек артерияларында қабыну болмайды. Артерия қабырғасындағы өдетте үш түрлі морфологиялық өзгерістерді көреміз: 1) гранулематоздық васкулитте эпителоидты жасушалардан, лимфоциттерден, макрофагтардан жөне көп ядро-лы алып жасушалардан түратын гранулема түзіледі; 2) арнайы емес васкулитте гранулемалар қүрамында алып жасушалар болмайды; 3) артериитің үшінші түрі артерияның интима қабатының фиброзы жөне стенозьгмен сипатталады. Қабыну нетижесіңде тамыр ішінде тромб пайда болады, тром-бозга байланысты көптеген асқынулар дамиды. Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия 13 бөлім. Ревматизмдік аурулар
Такаясу синдромы (артерииті) Такаясу синдромы (арнайы емес aopmaapmepuum) негізінен қол-қаның доғасының және оның ірі тармақтарының қабынуымен си-патталады. Ауру негізінен жас әйелдерде кездеседі. Аурудың алғашқы кезеңінде қан тамырларының адвентиция қабаттарында, өсіресе vasa vasorum айналасыңда макрофаггардан және лимфоцитерден қүралған сіңбелер көрінеді. Кейін қабыну үрдісі артерияның орта қабатында өтеді, сол жерде кейде көп яд-ролы алып жасушалар, некроз ошақтары пайда болады. Аурудың соңғы кезеңдерінде қабынуға байланысты артерия-ның барлық қабаттарында склероздық өзгерістер дамып, олардың саңлауы тарылады, кейде сол жерлер тромб түзілуі нөтижесінде бүтіндей бітіп қалады. Такаясу синдромы үшін дененің жоғарғы бөлігінің, мидың ишемиясы, дененің төменгі бөлігінде қан қысымының жоғары болуы төн.
|