Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


КПЕ РАГЫ




Әкпе рагы - негізінен бронхтардан өсіп шыгатын қатерлі ісік. Сондықтан оны бронхогендік карцинома деп атауга болады. Өкпе альвеолаларының рагы (бронхоальвеолярлық рак) осы ісіктердің тек 1%-ін қүрайды.

Этиологиясы. Өкпе рагымен ауырғандардың 95% шылым


 
 

ЖАхметов. Патологиялық анатомия

шегушілер екені белгілі. Шылым түтінінің қүрамында әртүрлі зи-янды жөне канцерогендік заттар бар. Шылым түтінінің канцерогендік өсері эксперимент арқылы да дәлелденген. Осы зат­тар бронх эпителиіне тікелей өсер етіп, оларды метаплазиялық, дисплазиялық өзгерістерді тудырады. Әрі қарай рак дамвды. Өкпе рагының дамуына қоршаған ортаның өртүрлі канцерогендік зат-тармен ластануы да ықпал етеді. Оған жүмыс орнының, қоршаған ортаның өндірістік асбест, никель, хром, көмір шандары мен сы-нап буымен ыластануын; уран шахталарында жүмыс істейтін адам-дарға радиациялық шаң-тозандардың өсерін кіргізуге болады.

Кейде өкпе рагы өкпенің әртүрлі созылмалы ауруларынан, жарақаттануынан кейін қалған тыртықтардан өседі, оны "тыртық-тагы рак" деп атайды. Көбінесе ол шеттік рак түріне кіреді. Өкпе рагы 50-69 жас арасындағы еркектерде көбірек кездеседі. Жалпы еркектер өйелдерге қарағанда 4-5 есе жиі сырқаттанады.

Жіктелуі. Рактың даму орнына қарап: 1) орталық; 2) шеттік; 3) аралас ауқымды. Өсу түріне қарап: 1) экзофитті; 2) эндофитті. Микроскопиялық көрінісіне қарап: 1) жалпақ жасушалы (эпидер-моидты); 2) майда жасушалы рак; 3) аденокарцинома; 4) ірі жасу­шалы; 5) безді-жалпақ жасушалы түрлерін ажыратады.

Орталық (түбірлік) рак өкпе рагының 2/3 бөлігін қүрайды, ол ірі бронхтардың шырыппы қабатынан кішкентай түйін түрінде бронхтың ішіне (полип түрінде) немесе оның қабырғасына қарай өседі. Кейде ісік бронхтың бойымен таралады. Рактың өсуіне бай-ланысты бронхтар ісікпен тығындальш немесе басыльш қалып өкпе ателектазы дамиды, осы аймақта пневмония, тіпті абсцестер пан­да болып ісікті өз мерзімінде анықтауға кедергі жасайды. Рак үрдісі одан өрі дамып, аймақтық лимфа бездеріне метастаз береді, плев-раға өтіп серозды-геморрагиялық (рактық) плевритке соқтырады. Экссудат қүрамын цитологиялық өдістермен тексергенде кейде онда рак жасушалары табылады.

Шеттік (перифериялык) рак сегменттік бронхтардан және оның майда тармақтарынан, альвеола эпителиінен дамиды. Өкпе рагы-ның бүл түрі үзақ мерзімге дейін клиникалық белгілер берместен көдценеңі бірнеше сантиметрге жетеді. Рак плевраға немесе ірі брон-хтарға өткенде ғана науқаста плеврит, ателектаз белгілері пайда болады.

Ауқымды рак деп өкпенің бір бөлігін немесе бүтін бір өкпені алып жатқан, басталған жері белгісіз рак түрін айтады.

Рактың микроскопиялық түрлері оның қай эпителиден немесе қандай патологиялық өзгерістерден кейін (мысалы, метаплазия) дамығаньшың белгісі болып есептеледі.


11 белім. Тыныс алу агзаларының ауруларыzyy

Жалпақ жасушалы (эпидермоидты) рак көбінесе метаплазия процесінен кейін дамиды. Негізінен шылым шегуші еркектерге кездеседі. Бүл рактың жоғары жетілген түрлеріне кератиннің көп түзіліп рак інжулерінің пайда болуы төн. Рактың азырақ жетілген түрлерінде түлеу үрдісі көрінбей, кератин кейбір жасушаларда ғана табылады. Жасушалар полиморфты ядролар арасында митоздар көп болады. Рактың жетілмеген түрлерінде полиморфизм үрдісі күшті дамиды, жасушалар үршық төрізді пішінге ие болып, митоздар саны көбейеді. Кератин тек кейбір жеке жасушаларда ғана аньіқталады.

Майда жасушалы рак ісік жасушаларының қабатталған, жай-ылған немесе шоғырланған түрде орналасуымен ерекшеленеді. Олар ядроларының бояуы қанық, ядрошықтары анық көрінбейтін май­да жасушалардан түрады. Ядроларының түріне қарап олардың «лим­фоцит төрізді ракң жөне "арпа төрізді рак" түрлерін ажыратады. Рактың осы түрінде өртүрлі гормондар (калыштонин, антидиурездік гормон, АКТГ) мен биологиялық белсенді заттар (серотонин) пайда болады. Осы заттар өсерінде клиникада паранеоплазиялық синдром дамиды. Ісік жасушаларының цитоплазмасында нейросекреторлық гранулалардың табылуы бүл ісіктерді АПУД-жүйесінің ісіктеріне жатқызуға мүмкіндік береді.

Аденокарцинома бронх эпителиінен өсетін рак. Көбінесе өйел-
дерде жөне шылым шекпейтіндерде кездеседі. Оның жоғары
жетілген, азырақ жетілген, жетілмеген түрлері бар. Өте сирек
жағдайларда ол альвеола немесе бронхиола эпителиінен дамиды.
Бүл ісіктер үшін митоздардың көп болуы, полиморфизммен қатар
шырьшпы зат бөліп шығару төн. Өкпе рагының баска түрлеріне
қарағанда баяу өседі. ^

Ірі жасушалы рак ісік жасушаларының өте ірі болуымен және анаплазиялық өзгерістердің басым болуымен сипатталады. Ірі жасушалардың ішінде алып жасушалар да кездеседі.

Асқыну турлеріне өкпедегі және рак метастаздарына байланысты дамитын өзгерістер кіреді. Өкпедегі өзгерістерге пневмония, абсцесс, некрозға байланысты қан кету жатады. Рактың лимфогенді метастаз-дары аймақтық лимфа түйіндеріңце, ал гематогенді метастаздар бау-ырда, бүйрекүсті бездерінде, мида, сүйектерде табылады.

Науқас өлімі осы айтылған асқынуларға байланысты.


 
 

Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

11.6. ӨКПЕ ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ПАТОЛОГИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЗАҚЫМДАНУЛАР

ӨКПЕ ИНФАРКТЫ

Өкпе артериясьшың біріншілік тромбозы өте сирек кездесетін құбылыс, ол өхпе артериясының атеросклерозыңца, өкпелік ги-пертензияға байланысты дамыған оң қарынша жетіепеушілігінде байқалады. Көбінесе өкпе артериясының тромбоэмболиясын көреміз. Оның себептеріне жүректің созылмалы аурулары, қатерлі ісікгердің болуы, әртүрлі инфекциялық аурулар, ауыр операция-лар, терінің көлімді күюі және т.б. кіреді. Әдетте тромб аяқтың тереңцігі веналарыңда, жамбас веналарында (бала туылғаннан кейін, әсіресе жүктілікке байланысты инфекциялар болғанда) түзіледі. Ауру үзақ уақыт өрекетсіз жатқанда тромбтар вена тамырларының ішінде қалқып түрады немесе оның қабырғасымен өте әлсіз бай-ланыста болады (аксиалды тромбтар). Міне осы тромбтар кез кел-ген уақытта орнынан жылжып кетіп жүректің оң қарыншасынан өкпе артериясының бағанасына түседі. Егер тромбоэмбол өте үлкен болса, ол өкпе артериясының айырығын бітеп тастайды. Бүл жағ-дайда ауру кенеттен өліп қалады. Өлім себебі пульмоно-коронарлық рефлекске немесе жүректің оң қарыншасының жедел кеңейіп кетуіне байланысты болады. Одан кішілеу тромбтар өкпе артериясының тармақтарын тығындап, өкпеде үлкенді-кішілі инфаркт ошақтары пайда болады. Әдетте бүл үшбүрышты қызыл инфаркт. Инфаркт аймағына инфекция түскенде инфаркт ошағы іріндеп, плевраға жақын жерлерде ірінді плеврит дамиды.

Майда инфаркт ошақтары созылмалы жүрек жетіспеушілігіне байланысты пайда болған тромбтар нөтижесімен болуы мүмкін.

ӨКПЕ ГИПЕРТЕНЗИЯСЫ

Кіші қан айналым жүйесінде артериялық қысымның көтерілуін өкпе гипертензиясы деп атайды. Оның біріншілік және екіншілік түрлерін ажыратады. Біріншілік немесе идиопатиялық өкпе гипер­тензиясы жас кісілерде, негізін өйелдерде кездеседі, оның себебі әлі толық анықталмаған. Екіншілік өкпе гипертензиясы өкпенің созылмалы обструктивті ауруларьшда, іштен туылған немесе жүре пайда болған жүрек ақауларында, өкпенің созылмалы интерсти-циалдық ауруларында, өкпенің майда тамырларының қайталану-шы эмболияларында кездеседі.


11 бөлім. Тыныс алу агзаларының аурулары

Себептері өртүрі болуына қарамастан өкпе гипертензиясының морфологиялық көріністері үқсас, оған өкпе артерияларындағы өзгерістер өкпе артериясының ірі бүтақтарындағы атеросклероз, орташа артерияларда интиманың қалындауы жөне қабырғасын-дағы бірыңғай сапалы бүлшықеттердің гипертрофиясы кіреді. Ең ауыр өзгерістер майда артериялар мен артериолаларда дамиды. Олардың ішкі қабаты фиброзданып, орта қабаты қалындайды, са-ңылауы тарылады.

Ауру өлімінің негізгі себебі өкпелік жүрек декомпенсациясы. Біріншілік өкпе гипертензиясында ауру 3-5 жыл ішінде өлуі мүмкін.

ӨКПЕ ІСІНУІ

Өкпе ісінуі өлген ауруларда өте жиі кездесетін патология. Ісінуге байланысты өкпе салмағы ауырлап, рны кесіп қарағаида кедінді бетінен ауа аралас сүйықтық көп мөлшерде бөлініп шығады. Өкпенің ісінген аймақтары оның артқы төменгі бөлігінде болады, бүл гемодинамикалық фактордьщ өкпе ісінуіндегі орньш көрсетеді.

Өкпе ісінуінің екі негізгі себебі бар: 1) гемодинамикалық (жүрек қызметінің бүзылуына байланысты) себептер; 2) өкпедегі микро-циркуляторлық арна қан тамырларының өткізгіштігінің артып кетуі.

Гемодинамикалық ісіну кіші қанайналым жүйесінде, жүрек қызметінің бүзылуына байланысты, қанның іркіліп қалуымен, жергілікті гидростатикалық қысымның артып кетуімен түсіндіріледі.

Өкпедегі микроциркуляторлық арнаның бүзылуы өкпеде да-митын инфекцияларға, химиялық заттар мен дәрі-дәрмектер әсеріне, шок, кома жөне т.б. ауыр патологиялармен байланысты. Өкпе ісінуі ауру өлімінің тікелей себебі болуы мүмкін.

Ересектердегіреспираторлық дистресс-синдром

Дистресс-синдром (ағыл. distress - ауыр жағдай) өкпенің әртүрлі вирустық, бактериялық инфекцияларынан кейін, адам ауыр жара-қат алғанда, күйіп қалғанда, сепсистік шок дамығанда, күрдел1' үзаққа созылған, операциялардан кейін, наркоз мөлшерден тыс көп берілгенде жөне т.б. патологияларда дамиды. Дистресс-синд-ромның патогенезі аэрогематикалық бөгеттің қүрамындағы капил-лярлар эндотелиінің жөне альеола эпителиінің зақымдануымен бай­ланысты. Осы жағдайды алдымен интерстициалдық, кейін альвео­ла ішілік ісіну дамиды. Оның жоғарыда айтылған өкпе ісінуінен



ЖАхметов. Патологиялық анатомия


12 бөлім. Журек-қан тамыр жуйесінің аурулары



 


айырмашылығы альвеола қуысына фибриноген белогы шығып, тез арада фибрин және гиалиндік мембрана пайда болады. Бүл жердегі гаалин массалары газ алмасу үрдістерін бүзып, қаңца көмірқышқыл газы жиналады, гипоксия дамиды.

Аэрогематикалық бөгеттің зақымдануы қабыну аймағында жиналып қалған нейтрофидцер мен макрофагтардың өсеріне бай­ланысты. Олар өздерінен оттегінің улы өнімдерін, протеазаларды, арахидон қышқылының метаболиттерін бөліп шығарады, сөйтіп, эндотелий жасушаларын бүзады, тромбоциттердің агрегациясына себеп олады. Лейкоциттер мен макрофагтар белсенділігінің арту-ында қабыну ошағыңдағы бактериялық эндотоксиндердің де маңы-зы зор. Жоғарыда көрсетілген өкпе ісінуінде гемодинамикалық (жүрек қызметінің бүзылуьша байланысты) себептер басым болса, бүл синдромның дамуында өкпедегі қабыну үрдісі негізгі қызмет атқарады. Сондықтан бүл ісінулерді кардиогендік емес (жүрек қызметіне байланыссыз) ісіну деп атайды.

Сонымен дистресс-синдромның морфологиялық көріністеріне: альвеолаларда фибриннің жиналуы, гиалиндік мембрананың пай­да болуы, ісіну және ошақтық пневмонияның дамуы жатады.

12 бөлім. ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСШЩ АУРУЛАРЫ

Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары елімізде адам өлімінің себептері арасында бірінші орынға шығып отыр. Атеросклероз, артериялық гипертония ауруы, жүректің ишемиялық ауруы адам-заттық "қатерлі үшбірлігі" деген атқа ие болтан. Осы топтан тыс-қары эндокардиттер, миокардит және жүрек жетіспеушіліктері де қаралады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 412; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты