Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ПОЛИПТЕР




Полип дегеніміз асқазан шырышты қабатынан, оның қуысына қарай өсетін, көлденеңі бірнеше сантиметр түйін. Кейде ол аяқша-сьша ілініп салбырап түрады. Полиптік пайда болуы қабыну үрдісіне немесе гиперплазияға байланысты. Қабыну полиптерінің строма-сында созылмалы қабынуға тән жасушалық сіңбелер: лимфоцит-тер, плазмалық жасушалар болады. Әдетте олар созылмалы гастриттерді табылады, малигнизацияға бейім емес.

Аденоматоздық полип ісік негізінен безді эпителиден түзілген, эпителий жасушаларын ядролары гиперхромды, ірі. Осы гиперп-лазияның үрдістің көрінісі есебіндегі аденоматоздық полиптердің


       
 
 
   

Ж.Ахметов. Патологаялық анатомия

арасывда нағыз, ісік, асқазан аденомасы кездеседі, олар полип төрізді қүрылымдардың 5-10%-ын қүрайды. Асқазан аденомасы факультативтік ракалды үрдісіне жатып, микроскопта қарағанда аденомада дисплазия жөне малигнизация ошақтары табылады. Асқазан аденомасының малигнизациясы 40%-ке жетеді, кейде ол асқазан рагымен бірге табылады.

АСҚАЗАН РАГЫ

Асқазан рагы Қазақстанда қатерлі ісікгер арасында бірінші орында түрып, рактардың 40%-ін қүрайды.

Этиологиясы. Асқазан рагының дамуында ракалды сырқаттар-дың маңызы зор. Оларға: асқазан жарасы, безді полиптер жөне созылмалы гастрит жатады. Сонымен қатар рак осы сырқаттар болмаған жағдайда да кездеседі. Бүл жерде рак тудырушы өртүрлі заттардың өсерін де есепке алу қажет.

Жіктелуі. Асқазан рагын жіктегенде оның орнын, өсу формала-рын, сыртқы көрінісін жөне микроскопиялық түзілісін есепке ала-ды. Рактың ең көп табылатын жері асқазанның шығаберіс аймағы мен кіші иілімі. Олардан кейінгі орында кіреберіс (кардия) бөлігінің рагы. Асқазанның басқа бөліктерінде рак өте сирек кездеседі. Ісік өте асқьшьш кеткенде оньщ алғашқы басталу орнын анықтау мүмкін емес. Рактың бүл түрін тоталды рак деп атайды.

Ісіктің өсу сипатына қарап асқазан рагының төмендегі түрлерін ажыратады (В.В.Серов).

/. Экзофитті-экспансивті өсуі басым рактар: 1) жазық рак;2) полипозды рак; 3) саңырауқүлақ төрізді (фунгозды) рак; 4) жа-ралы рак (қатерлі жаралар); а) асқазан рагының алғашқы - жаралы түрі; б) табақша тәрізді рак (рак-жара); в) созылмалы жарадан ту-ындайтын рак (жара-рак).

II. Эвдофитті-инфильтративті өсуі басым рактар: 1) сіңбелі-жаралы рак; 2) диффузды рак.

III.Экзо-эвдофитті, аралас түрде өсетін рактар: бір-біріне өтетін түрлер.

Патологиялық анатомиясы. Жазықталган рак асқазан рагьшыңалғашқы, басталу кезеңінің бірі больш, шырыпггы қабықтың 2-3 см көлемінде сөл қалындауымен сипатталады. Әдетте бүл жерде аденокарцинома, сирек жағдайда жетілмеген рак табылады.

Полипозды рак көдденеңі 2-3 см домалақ түйін түрінде көрінеді, кейде оның сыртында майда бүрлер көрінеді. Бүл жазықталған рактың өрі қарай дамуы нәтижесінде немесе аденоматоздық по-


14 бөлім. Асқорыту жүйесінің аурулары

липтерден өсетін ісік. Морфологиясы бойынша бүл аденокарци-номаға сөйкес келеді.

Саңырауқулақ тәрізді рак полипозды рактың асқазан ішіне қарай (экзофитті) өсуіне байланысты дамиды (118-сурет).

Жаралы рак - асқазан рагының алгашқы жаралы түрі шырыш-ты қабықта жара түрінде басталады. Кейде рак тінінің некрозына байланысты ісіктің бетінде жара пайда болады (рак-жара). Соны­мен қатар асқазанның созылмалы жарасынан да рак даму мүмкін, оны жара-рак деп атайды. Микроскоптық көрінісі аденокарци-номаға немесе жетілмеген ракқа жатады.

Диффузды рак асқазанның шығаберіс бөлегінде өсіп кейде оған бүтіндей жайылады. Бүл кезде ісік жасушалары асқазанның бар-лык, қабаттарына тарап, асқазанның қабырғасы қалындап, оньщ шырышты қабаты өз бедерін жоғалтады. Бара-бара асқазан бүрісіп, оның сыртқы формасы ерекше езгереді, қуысы тарылады. Кесіп қарағанда асқазан қабырғасы қатты, түсі ақшыл боладьг. Микро­скопией тексергенде скирр немесе шырышты рак көрінеді.

Гистологиялық қүрылымына қарап асқазан рагыньщ томендегі түрлерін ажыратады: аденокарцинома, жетілмеген рак, безді-жал-пақ жасушалы рак, жалпақ жасушалы рак жөне жіктелмейтін рак.


118-сурет. Асқазанның кардия бөліміндегі саңырауқұлақ тәрізді рак

Асқазай рагъі лимфа және қан арқылы (гематогенді) мета-стаздар береді. Лймфа жолдары арқылы ісік жасушалары тек ай-мақтық лимфа түйіндеріне ғана емес, басқа жерлердегі лимфа



Ж.Ахметов. Патологаялық анатомия


14 болім. Асқорыту жүйесінің аурулары



 


түйіндеріне де жетеді. Кейде рак жасушалары лимфа ағымьша қарсы бағытта (ретроградты) таралады. Осындай әдіспен бүғана үстіндегі бездерде («вирхов метастаздарың), тік ішек айналасындағы шелде («шницлер метастаздарың), аналық бездерде ("крукенберг рагы") метастаздар пайда болады.

Іш пердесінде де көптеген метастаздар көрінеді - оны іш пердесінің карциноматозы деп атайды.

Гематогенді метастаздар бауырда, өкпеде, бүйрекүсті безде-рінде, сүйектерде табылады.

Асқыну турлеріне асқазандағы рак тінінің некрозына байланы-сты дамитын: асқазан қабырғасының тесіліп кетуі, қан кету және қабыну жатады.

Ісік айналасындағы ағзаларға өсіп тарап, тоқ ішектің бітеліп қалуына, өт жолдарының басылып қалуына, қақпа венасының гипертензиясына, плевра эмпиемасына соқтырады.

Интоксикация (улану) нәтижесінде және асқорыту жүйесінің істен шығуына байланысты науқастарда рактық кахексия дамиды. Осы айтылған асқынулар ауру өліміне себеп болады. Сонымен қатар ракты операция немесе химиотерапия жолымен емдеуге байланы­сты көптеген, өлімге әкелуші, асқьшулар пайда болатынын да айта кету керек.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 511; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты