Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


МАЛЬАБСОРБЦИЯ СИНДРОМДАРЫ




Энтеропатиялар - ішек ферментерінің жетіспеуіне байланыс­ты ішектегі сорылу үрдісінің бүзылуымен (malabsorption syndrom) сипатталатын сырқаттар. Оларға дисахаридгік, глютендік, липо-дистрофиялық және т.б. энтеропатиялар кіреді. Мысал ретінде, глютендік энтеропатия (СПРУ) мен ішек липодистрофиясын -Уиппл сырқатын келтіруге болады.

СПРУ

СПРУ (глютендік энтеропатия, целиакия) — аш ішекте сорылу (абсорбция) үрдісінің бүзылуымен, ерекше морфологиялық


өзгерістердің дамуымен сипатталатын энтеропатия. Бүл ауру Ев-ропада ақ нәсілділер арасында кездеседі.

Этиологиясы мен патогенезі. Глютендік энтеропатияның да-муы кейбір дәнді дақылдарда: бидай, арпа, сүлі қүрамында бола-тын глютен белогының, ферменттер тапшылығына байланысты, организмге сіңірілмеуімен түсіндіріледі. Глютен белогына организмнің сезімталдығының артып кетуі, гендік жөне иммун-дық негізде дамиды. Организмде глютенге, оның компоненті гли-адинге қарсы антиденелер түзіледі. Антиген-антидене реакциясы нәтижесінде аш ішек эпителиі зақымданады. Микроскопта қара-ғанда диффузды энтерит морфологиясы көрінеді: ішек бүрлерінің эпителий көшіп түседі (десквамация), стромасында лимфоциттер-ден, плазмалық жасушалардан, макрофагтардан, эозинофилдік лейкоциттерден түратын сіңбелер табылады. Бірте-бірте ішек бүрлері қысқарып, оның крипталары (шүңқырлары) сфзыла бас­тайды. Бүл өзгерістер аш ішектің жоғарғы бөліктерінде айқын да­миды.

Тамақ қүрамынан глютенді алып тастағанда ішектегі өзгерістер жойылады.

УИППЛ СЫРҚАТЫ

Уиппл сырқаты өте сирек кездесетін аурулар қатарына жатқ-анмен кейінгі жылдары оның саны көбеюде. Ол негізінен ер адам-дарда үшырап, клиникада "сулы" немесе "майлы" іш отуімен, ауру-дың әлсіреп тез азып кетуімен, буындар ауыруымен, терінің ги-перпигментациясымен сицатталады.

Этиологиясы. Осы сырқатты табиғаты белгісіз, ішек макро-фагтарында табыдган бактериялар шақырады деген болжам бар. Антибиотиктермен емдеудің нәтижелі болуы да осы болжамның дүрыс екендігіне көз жеткізуде.

Патологиялық анатомиясы. Уиппл сырқатында аш ішек түгел-дей зақымданып оның қабырғасы және шажырқайы қалындап қатайып, ал лимфа түйіндері үлкейеді, лимфа қан тамырлары кеңейіп кетеді. Ішектің сірі қабатының, кейде оның шырышты қабатының беті майда, ақшыл сары дән сеуіп тастағандай көрінеді.

Микроскоппен қарағанда шырышты қабаттың бүрлерінде, цитоплазмасы Шифф реактивімен жақсы боялатын макрофагтар-дың топталып қалғанын көреміз, олар лимфа түйіндерінде, сірі қабықтарда, шажырқайда да табылады. Сонымен қатар липидтердің, әсіресе май қышқылдарының, жиналаған жерінде липогранулемалар түзіледі. Науқастар негізінен кахексиядан өледі.


Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 343; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты