КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
КРОН АУРУЫКрон ауруы 1932 жылдан бері регионарлы энтерит (терминал-ды илеит) деген атпен белгілі болатын, ол тек ащы ішектің соңғы бөлігінде кездеседі деп есеіітелген. Қазіргі кезде бүл аурудың ас-қазан-ішек жүйесінің кез-келген бөлігінде кездесуі мүмкін екендігі анықталды. Крон ауруы созылмалы сырқаттар қатарына жатып асқазан-ішек жүйесінде арнайы емес гранулематоздық қабынудың дамуымен сипатталады. Бүл ауру кейде өңеште де кездеседі. Этиологиясы мен патогенезі. Крон ауруының шығу себептері белгісіз, бірақ көпшілік зерттеушілер (әсіресе шетелдікгер) оның этиологиясын арнайы емес жаралы колитпен қосып қарайды. Бүл аурудың 35% отбасына байланысты дамиды. Тоқ ішекке қарсы бағытталған аутоантиденелер Крон ауруында, жаралы колиттегідей жиілікте табылады. Иммундық кешендердің ішек тініне шөгіп қалуы сол жерде гранулемалар түзілуінің бірден-бір себебі болып есептеледі. Васкулиттердің дамуы жөне ішектен басқа ағзалардың зақымдануы, иммундық кешендердің қан тамырларьша шөгіп қалу-ымен түсіндіріледі. Мүнда антиденелер ішектің шырышасты және ет қабаттарында да табылған демек, ішектің барлық қабаттары-ның қабынуы антиген-антидене реакцияларымен тікелей байланысты. Бүл ауру үшін иммунологиялық реакциялардың ішінде жоғары сезімталдықтың баяу түрінің дамуы тән. Патологияяық анатомиясы. Крон ауруында қабыну ошағында ішектің қабырғасы ісіну, қабыну сіңбелері, фиброз нәтижесінде пішінсізденген, саңылауы тарылып, қатайған. Шырышты қабатында тар, үзын, саңылау төрізді, ішекті бойлай жайғасқан жаралар бо-лады. Ішектің серозды қабатында ошақты фибринді қабыну, ша-жырқайда гиперемия, аймақтың лимфа түйіндерінде қабыну бай-қалады. Ішектердің арасында жабыспалар, кейде жыланкөздер табылады. Крон ауруының көптеген клиникалық және морфология-лық белгілері бойьшша жаралы колиттен айырмашылығы бар. 1) Бүл ауру негізінен мықын ішекте (терминалды иелит), аппендик-сте және тік ішекте, ал кейде ол асқазан-ішек жүйесінің кез кел-ген жерінде дамыса, жаралы колит тек тоқ ішек үшін тән болып, көбінесе тік ішектен басталады. 2) Крон ауруына тән жара сына-дай тар, бірақ терең болып, әртүрлі бағытта жайғасып, "тас төсе-ген көше" көрінісін түзсе, жаралы колитте жаралар әртүрлі пішінді, домалақ немесе сопақша болады. 3) Жаралы колитте тоқ ішек диф-фузды өзгерсе, Крон ауруында қабыну ошақты болып, екі ошақ арасында өзгермеген ішек тіні жатады. 4) Крон ауруы үшін грану-лематоздық қабыну төн, олар эпителиоидты және Пирогов-Ланг- ханс типіндегі алып жасушалардан түзілген, 5) Крон ауруында лим-фоидты элементтердің гиперплазиясы көрінсе, жаралы колит үшін лимфа түйіндерінің, ішек лимфоид тінінің семуі төн. Ал, жаралы колитте қабыну сіңбелерінің қүрамында мононуклеарлық жасу-шалар, олардың арасында нейтрофилдер, эозинофилдер, эритро-циттер болады. Асқыну турлері. Крон ауруы үшін ішектер арасында және оның сыртында жыланкөз пайда болуы өте төн, олар көбінесе тік ішек айналасында кездеседі. Ішек саңылауының тарылуы (стенозы) созылмалы, кейде жедел ішек түйілуіне алып келеді.
|