Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


АППЕВДИЦИТ




Аппендицит деп соқыр ішектің қүрт тәрізді өсіндісінің қабы-нуын айтады. Аппендицит жиі кездесетін хирургиялық аурулар қатарьша жатады.

Этиологиясы мен патогенезі. Қазіріі уақытта аппендицит ауто­инфекция есебінде дамиды деп саналады, бірақ та ол инфекция-ның қалайша шырьшпы қабатқа өтіп қабыну шақыруы шешілмеген мәселе болып қалуда. аппендикс ішіне қалыпты жағдайда бакте-риялар көп, ал қабыну үрдісі барлық адамдарда бірдей бола бермейтіні белгілі.

Ашофтың механикалық теориясы бойынша аппендицитгің пай­да болуына осы жерде нәжіс массаларының (копролиттердің) жи-налып қалуы шешуші роль атқарады. Осы массалар аппендикстің шырышты өабатын бүзып инфекцияньщ әрі қарай өскін қабырға-сына өтуіне жол ашады. Қабыну үрдісі алғашқы ошақ (аффект) түзуден басталады, осы жерден инфекция аппендикстің барлық бөліктеріне тарайды. Дегенмен де жедел аппендицит тексергенде осы жерде нәжіс массалары 40-50% жағдайларда ғана табылады.

Ал ангионевроздық теория (Риккер, 1926) микробтар енуін қантамырларының рефлекторлық спазмы нәтижесінде пайда болатъш аппендикс қабырғасындағы дистрофиялық және некробиоздық өзгерістермен түсіндіреді. Аппендициттің алғашқы даму кезендерінде шынында да морфологиялық өзгерістер қабынудан гөрі қан айналымьшың бүзылуьша жақындау больш, ол жерде ісіну, престаз, стаз, диапедезге тән өзгерістер көрініп, содан кейін ба-рып нағыз қабыну үрдісі басталады.

Патологиялық анатомиясы. Клиникалық белгілеріне және мор-фологиялық өзгерістеріне қарап аппендициттің жедел жөне со­зылмалы түрлерін ажыратады.



Ж.Лхметов. Патологиялық анатомия


14 болім.Асқорыту жуйесінің аурулары


Ъ11


 


122-сурет. Флегмонозды аппендицит. Лейкоцитарлық сіңбелер

Жедел аппендыциттің өзі бірнеше түрге бөлінеді: 1) жай; 2) бет-кей; 3) флегмонозды; 4) гангренозды аппендицит.

Жай аппендыцытте сыртқы өзгерістер көзге көрнекі болмай-ды, тек микроскоппен тексергенде ғана осы жерде қан-лимфа ай-налымдарының бүзылғанын, стаз, қан қүйылу, ісіну үрдістері көрінеді.Лейкоциттер қан тамырларының кенересіне жақын жай-ғасқан болады. Аппендикстің нерв аппаратында дистрофиялық өзгерістер байқалады.

Беткей аппендицит экссудация үрдісінің күшеюі нәтижесінде шырышты қабықта іріңді қабыну ошағы түзіліп сол жердің эпителиінің көшіп түсуіне байланысты алғашқы аффектің пайда болуымен сипатталады.

Флегмонозды аппендицит кезінде аппендикс ісініп, жуандап, оның сірлі қабығы қызарып қанмен толады (122-сурет). Аппен­дикс сыртында фибринді қабық пайда болады, шырышты қабығы ісініп қан қүйылады. Егер осы жерде жара пайда болса оны флег­монозды жаралы аппендицит деп атайды. Лейкоцитті сіңбелердің бір жерге шоғырланып, іріңці ошақтар түзуін апостематозды an-пендицит дейді.


Аппендикстегі ең ауыр өзгерістер нәтижесінде гангренозды ап­пендицит дамиды. Гангренозды қабынуда аппендикс жуандаған, оның сірі қабыгы қоңыр-жасыл түсті, фибринді-іріңці қабықтар-мен қапталған болады. Микроскоппен тексергенде осы жерде не­кроз ошақтары, микробтар шогыры көрінеді.

Аппендикс артериясыньщ тромбоз немесе эмболия нәтижесінде дамитын өзгерістерді біріншілік гангрена деп атайды, бүл қабыну емес, оны гангренозды аппендицит деуге болмайды.

Жедел аппендициттің асқынган түрлері деструктивті үрдістерге байланысты келіп шыгады. Оган: 1) аппендикстің тесіліп кетуі (пер­форация); 2) осыган байланысты ішастардың қабынуы (перитонит); 3) қабынудың бүйенге жөне оның айналасындагы тіндерге өтуі (пери- және паратифлит); 4) ішектің тесіліп кетуіне байланысты дамыған жыланкөз (ол кезде нәжіс не сыртқа немесе іш қуысына бөлініп түрады); 5) іріңнің аппендикс ішінде жиналып қалуы (эм­пиема); 6) көкет астындагы абсцес, пилефлебиттік бауыр абсцесі; 8) сепсис кіреді.

Аппенэктомиядан кейін, өсіресе оның асқынған түрлерінде, қүрсақ қуысындағы агзалар арасында фиброзды тіндер пайда бо-лып жаңа патология, жабыспалы ауру (спаечная болезнь), кейде жабыспалы ішек түйілуі дамиды.

Созылмалы аппендицит әрқашанда жедел аппендициттің нәтижесі болады. Осыган байланысты аппендикс айналасында жабыспалар түзіледі. Аппендикс ішінде дәнекер тін өсіп, оның қуысы түгел бітіп кетеді (облитерация). Дегенмен де аппендикс қабыргасында созылмалы қабыну белгісі ретінде лимфоциттерден, гистиоциттерден және эозинофилді лейкоциттерден түратын сіңбелер де табылады.

Егер қабыну нәтижесінде аппендикстің тек бір бөлігі бітіп қалса оның төменгі жақтары қалтадай кеңіп, сол жерге сүйық заттар (гид-роцелё) немесе шырышты массалар (мукоцелё) жинальш қалады.

Жалган аппендицит деп клиникалық белгілеріне қарап алып тасталган аппендиксте қабыну қүбылысының болмауын айтады. Кейде осы жагдайларда аппендикс ішінде нәжіс тастары, бөгде заттар, паразиттердің болуы немесе басқа ішкі агзалардың аурула­ры анықталады. Демек, жалган аппендицит қабыну емес, рефлекс жолымен пайда болатын патология.

ІІПЕК ІСІКТЕРІ

Ішекте жиі кездесетін патологиялық үрдістердің бірі полип деп аталады. Полип деп ішектің ішіне қарай (экзофитті) өсетін, кейде аяқшага ілініп, салбырап түратын қүрылымдарды атайды.



Ж.Лхметов. Патологиялық анатомия


14 бөлім. Асқорыту жуйесінің аурулары



 


123-сурет. Ішек полипозы

Полиптердің көшпігілі қабынуға байланысты пайда болады, олар гиперплазиялық патология деп қарастырылады. Полиптердің ара-сында безді эпителиден өсетін аденоматозды полиптер ғана нағыз ісіктер қатарына жатады. Олар көлденеңі бірнеше сантиметр, шы-рышты қабықпен аяқша арқылы байланысқан, домалақ түйіндер түрінде көрінеді (122-сурет). Полиптердің сырты тегіс немесе бүрлі болады, кейінгілерін бурлі (виллезді) ісік деп атайды. Микроскоп-пен қарағанда ол безді-бүрлі қүрылымдардан түрады. Бүрлердің үсті биік призмалы, цитоплазмалы ашық ренді боялған эпители-мен жабылған. Бүл сырқаттың ерекше түріне көптеген аденома­тозды полиптер немесе полипоз жатады, олар түқым қуалау жолы-мен туындап, отбасылық полипоз деп аталады. Аденоматозды по­липтер, әсіресе виллезді полиптер, ісікалды патологиясына жата­ды. Ісіктің қауіптілігі оның көлеміне де байланысты. Көлденеңі 4 см ісіктердің тең жартысы малигнизацияланады.

Ішектің қатерлі ісіктері

Ішектің қатерлі ісігі - рак - негізінен тік ішекте, содан соң тоқ ішектің сигма тәрізді бөлігінде және бүйен ішекге, өте сирек жагдайда, аш ішекте кездеседі.

ТОҚ ІІПЕК РАГЫ

Ішектің жогарьща айтылған орындарында рактың 2/3 бөлігі өседі. Рактың экзофитті (ішектің қуысына қарай өсетін полип тәрізді) және эндофитті (ішектің қабырғасына қарай диффузды өсетін) түрлерін ажыратады. Ісіктің өсуіне байланысты ішек саңы-


124-сурет. Шырышқты рак. Жүзік тәрізді жасушалар

лауы тарылады немесе сол жердегі ісікте жаралар пайда болады. Тоқ ішек карциномасының аденомазды полиптердің малигниза-циясы нәтижесінде дамитындыгы бүйен ішек карциномасында айқын көрінеді. Ол жердегі рак полип немесе саңырауқүлақ (экзофитті) тәрізді өседі, көпке дейін клиникалық белгі бермейді. Сигматөрізді ішектегі және тік ішектегі ісіктер әуел бастан цирку-лярлы (эндофитті) өсіп ішек қуысын тарылтып тастайды. Оның проксималды бөліктері кеңейіп кетіп, клиникада ішектің жүрмей қалуды байқалады. Микроскопта бүл ісіктер негізінен цитоплаз-масы қанық боялған аденокарциномалар түрінде көрінеді. Ісіктің 1/4 бөлігін жетілмеген: шырышты (жүзік тәрізді) және майда жа-сушалы солидты рактар қүрайды (124-сурет). Майда жасушалы рак-тар нейроэндокриндік жүйе ісігіне жатады. Бүл рактар лимфа жо-лымен аймақтық лимфа бездеріне, қан арқылы бауырға метастаз-дар береді. Аш ішектің қатерлі ісіктері асқазан-ішек жолындағы карциномалардьщ тек 1%-ын қүрайды. Микроскопиялық көрінісі бойынша олар негізінен аденокарцинома және қатерлі карцино-ид. Он екі елі ішектен, әсіресе фатер емізігінен өсетін ісік клини­када механикалық саргаю белгілерін береді.


       
 
 
   

Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 305; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты