Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


СИЛЛАБУС 2 страница




Ағымдағы (аралық) бақылауды бағалау талаптары.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Тестілеу (ағымдағы, аралық бақылау) нәтижесін бағалау

Тест түріндегі тапсырмалар саны (30 төмен емес) 1 дұрыс жауапқа балл (100 :тапсырмалар саны) Дұрыс жауаптардың саны Берілген балдың жиынтығы (1 дұрыс жауапқа балл Х дұрыс жауаптардың саны)
       

Ең жоғарғы балл – 100.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Ауызша (жазбаша) сауалнама нәтижесін бағалау

Бағалау талаптары Деңгейі
Өте жақсы Жарамды Түзету қажет Жарамсыз
1. Тақырыпты түсіну деңгейі 11.25 7,5
2. Логикалық ойлау қабілеті 11,25 7,5
3. Жауаптың мазмұнының қойылған сұрақтарға сәйкестігі
4. Берілген жауапта барлық қажетті теориялық деректердің болуы 7,5 5,0
5. Жауапта дұрыс таңдалған мысалдардың болуы 7,5 5,0
6. Сөйлеу мәдениеті 7,5 5,0
7. Маманданған терминологияны білуі 7,5 5,0
8. Қорытынды жасай білу 7,5 5,0

Ең жоғарғы балл – 100.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Зертханалық жұмыстың орындалуын бағалау

№ п/п Бағалау талаптары Деңгейі
Өте жақсы Жарамды Түзету қажет Жарамсыз
1. Жұмыстың орындалу әдістемесімен танасып, қажетті ыдысты, реактивтерді, құрылғыны т.б. дайындады.
2. Зертханалық тәжірибеге қажетті құралды дұрыс құрастырды.
3. Кауіпсіздік техникасы мен жұмысты орындау әдістемесін игеруін көрсете білді
4. Жұмыстың алынған (мүмкін болатын) нәтижелерін талдады.
5. Орындалған жұмыс бойынша сұрақтарға дұрыс жауап берді.
6. Орындалған жұмыс бойынша хаттаманы дұрыс толтырды, реакцияның теңдеуін, қажетті есептеулерді келтірді.

Ең жоғарғы балл – 100.

СӨЖ бағалау талаптары

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Рефератты бағалау талаптары

№ п/п Бағалау талаптары Деңгейі
Өте жақсы Жарамды Түзету қажет Жарамсыз
1. Реферат мазмұнының тақырыбына, жоспарына және қойылған міндеттерге сәйкестігі. 9,75 6,5
2. Тақырыпты қамтыудың толықтығы мен сабақтастығы. 9,75 6,5
3. Материалды жинақтап, қорытынды жасай білуі. 9,75 6,5
4. Қажетті әдебиетпен жұмыс жасай білуі. 9,75 6,5
5. Реферат бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.
6. Рефератты безендірудің кафедраның талаптарына сәйкестігі.
7. Химиялық формулалардың сапасы мен толықтығы.
8. Әдебиетті таңдау.  

Ең жоғарғы балл – 100.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Мультимедиялық форматтағы презентацияны бағалау талаптары

Бағалау талаптары Деңгейі
Өте жақсы Жарамды Түзету қажет Жарамсыз
1. Тақырыбы, жоспары жазылған титульдік слайдтың болуы, слайдтардың қажетті мөлшерінің болуы, пайдаланған әдебиеттің және Internet әдебиетінің тізімі. 7,5
2. Презентация мазмұнының тақырыбына және қойылған міндеттерге сәйкестігі. 7,5
3. Слайдтардың логикалық түрде кезектесіп орналасуы. 7,5
4. Материалды баяндау стилі (жинақылығы, нақты анықтамалар, құрылымы). 7,5
5. Заманауи информациялық әдебиетті толық көлемде пайдалану. 7,5
6. Материалды жинақтап, қорытынды жасай білуі. 7,5
7. Презентация материалымен танысу деңгейі. 7,5
8. Анық, қатесіз, кезект түрде баяндай білу. 7,5
9. Жеке көзқарасын қорғай білу және айтылған сыннан дұрыс қорытынды жасай білу. 7,5
10. Слайдтарды безендіру сапасы (түрлі-түстілігі, көрнекілігі және т.б.).   7,5

Ең жоғарғы балл – 100.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Тақырыптық кроссвордты бағалау талаптары

№ п/п Бағалау талаптары Деңгейі
Өте жақсы Жарамды Түзету қажет Жарамсыз
1. Кроссвордтың мазмұнының тақырыбына сәйкестігі.
2. Қойылған сұрақтардың сауаттылығы, нақтылығы.
3. Кроссвордтың сұрақтарының саны.
4. Қолданылған әдебиеттің тізімінің болуы.
5. Эстетикалық талаптарға сай безендірілуі.

Ең жоғарғы балл – 100.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Студенттің коммуникативтік дағдыларын бағалау талаптары

 

Бағалау талаптары Деңгейі
Өте жақсы Жарамды Түзету қажет Жарамсыз
1. Өзін-өзі ұстау дағдылары 11,25 7,5
2. Белсенді тыңдай білу дағдылары 11,25 7,5
3. Ақпаратты нақты және толық жеткізе білу дағдылары 11,25 7,5
4. Өз көзқарасын, ұстанымын жеткізе білу дағдылары 11,25 7,5
5. Дәйекті түрде сөйлей білу дағдылары 11,25 7,5
6. Тыңдаушыға түсіністікпен қарап, қызығушулық таныта білу дағдылары 7,5
7. Тыңдаушының көңіл-күйін түсіне білу дағдылары. 7,5 5,62 3,75
8. Тыңдаушының көзін жеткізе білу даағдылары 7,5 5,62 3,75
     

Ең жоғарғы балл – 100.

Студенттердің біліміне бақылау жүргізу технологиясы

I = R х 0,6 + E1 х 0,25 +Е2х 0,15

I –қорытынды баға

R –жіберілу рейтингінің бағасы

E –қорытынды бақылау бойынша баға (пән бойынша экзамен)

Рейтинг құралады 60%Ідан,

экзамен 40% данІдан

Студенттің ағымдағы рейтинг бағасы мен қорытынды бақылаудың бағасы қосылады:

Бірінші рейтинг мына формула бойынша есептелінеді:

t 1ағымдағы бақылау=тәжірибелік сабақтың орташа бағасы(тәжірибе, семинар) +ОБСӨЖ орташа бағасы + СӨЖ орташа бағасы

r1 аралық бақылау

Күнделікті тәжірибелік сабақ, СБСӨЖ, СӨЖ, қорытынды бақылаудағы 100 баллының 100% ға қатынасын есептеу

Екінші рейтинг мына формула бойынша есептелінеді:

t 2ағымдағы бақылау=тәжірибелік сабақтың орташа бағасы(тәжірибе, семинар) +ОБСӨЖ орташа бағасы + СӨЖ орташа бағасы

r2 аралық бақылау

Жіберілу рейтингі: студенттің қорытынды бағасы 60 % -дан кем болмау керек, сондықтан оқыту пәні бойынша жылдық бағаны мына формула бойынша есептейді:

Жылдық бағасы 30% -дан көп немесе тең болса ғана экзаменге жіберіледі.

Аралық бақылау бағасы болмаған жағдайда, жіберілу рейтингісіне тек ағымдағы баға саналады.

Экзаменді жүргізу технологиясы және экзаменнің бағасы.

Максималды пайыздық құрамы қорытынды бақылаудың 100 % құрайды. Емтихан қабылдаушы қорытынды бақылаудың бағасын емтиханның (ведомость) мәліметтер парағына қояды. Қорытынды оқу білімін тексеру құралдарын қолданады.

Ауызша сұрақ қою арқылы қорытынды оқу білімін тексеру (емтихан билет бойынша жүргізіледі, билетте 2 сұрақтан болады)

Жұмыстың сапалы орындалуы Баға диапазоны
Орындалмаған Себепсіз экзаменде болмауы 0 %
Әрбір сұраққа білім деңгейінің бағасы 0-30%
Қосымша сұрақтардың бағасы 0-10%
  Қорытынды: 0-100%

 

Қорытынды оқу білімін тексеру тест түрінде жүргізіледі. Экзаменде студентке 50 сұрақ беріледі,әрбір сұрақ 2 балды немесе пайызды құрайды.

 

Жұмыстың сапалы орындалуы Баға диапазоны
Орындалмаған Себепсіз экзаменде болмауы 0%
Әрбір дұрыс жауапқа баға 2%
  Қорытынды: 0-100%

Пән бойынша қорытынды баға 40 % болуы тиіс, сондықтан экзаменнің бағасы (Э) пән бойынша 0,4 коэффициентке көбейтіледі.

Э х 0,4

Қорытынды бағаны есептеледі:

I = R х 0,6 + E1 х 0,25 +Е2х 0,15

Қорытынды бақылау: емтихан

Баға рейтинг – баллдары

Бағаның әріптік жүйесі Баллдардың сандық эквиваленті %-дық құрамы Дәстүрлі баға жүйесі
А 4.0 95-100 өте жақсы
А- 3.67 90-94
В+ 3.33 85-89 жақсы
В 3.0 80-84
В- 2.67 75-79
С+ 2.33 70-74 қанағаттанарлық
С 2.0 65-69
С- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
F 0-49 қанағаттанарлықсыз

2.10 Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие СD под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Токсикологическая химия. Ситуационные задачи и упражнения: учебное пособие под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2007. – 352 с. Переплет.

4. Швайкова М.Д. Токсикологическая химия/ М.Д. Швайкова. -М., «Медицина», 1975.-376 с.

 

қосымша:

1. Бабаян Э.А. Наркология/ Э.А. Бабаян, М.Х Гонопольский. М.,"Медицина", 1987.-112с.

2. Белова А.В. Руководство к практическим занятиям по токсикологической химии/ А.В. Белова.- М., "Медицина", 1976.-231с.

3. Крамаренко В.Ф. Анализ ядохимикатов/ В.Ф. Крамаренко.- М.,"Химия",1975.-301с.

4. Лужников Е.А. Клиническая токсикология/ Е.А. Лужников.-М.,"Медицина",1994.-189с.

5. Лукнер М. Вторичный метаболизм у микроорганизмов, растений и жи-вотных/ М. Лукнер.- Пер. с англ. М., "Мир", 1979.-347с.

Қазақ тілінде

1. Арыстанова Т.А., Шүкірбекова А.Б. Биологиялық материалдан экстракция әдісі арқылы оқшауланатын улы және күшті әсерлі заттар тобы. Оқу құралы – Шымкент, 2005 ж.- 186 б.

2. Арыстанова Т.А., Шүкірбекова А.Б. Биологиялық материалдан минералдау әдісімен оқшауланатын улы және күшті әсерлі заттар тобы. Оқу құралы – Шымкент, 2005 ж.- 100 б.

 

2.11. Қосымша:

- үлгі № 1 «Жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен (пре- постреквизиттері және аралас пәндер келісілген хаттамасы) – қажет болған жағдайда.

- үлгі № 2 «Жұмыс бағдарламасына толықтырулармен өзгертулер қажет болған жағдайда.

 

 

СИЛЛАБУС

Мамандығы - «5В110300» Фармация

Курс 4 (күндізгі бөлім)

Семестр – VII, VIII

Оқу сағатының көлемі:

(кредиттер) - 360 сағат / 8 кредит

Дәріс – 30 сағат

Тәжірибелік жұмыс – 90 сағат

Окытушының басшылығымен

студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ) – 56 сағат

Аудиториядан тыс студенттің өзіндік жұмысы(СӨЖ) -184 сағат

Сынақтың формасы –экзамен

Бақылау үлгісі: емтихан (тест, ауызша)

 

Алматы, 2014 ж.

Силлабус профессор Т.Б. Байзолданов, доценттің м.а. А.С. Қожамжарова және оқытушы Х.М.Илахуновпен «Токсикологиялық химия» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес жасалынды, «Фармацевт-токсиколог» модулінің отырысында талқыланды және 28 тамыз 2014 ж., №1 хаттамамен бекітілді.

«Фармацевт-токсиколог» модулінің жетекшісі м.а, х.ғ.к., А.С.Қожамжарова

 

1. Пән бойынша модуль оқытушыларының мәліметі:

Оқытушының аты жөні Қызмет лауазымы Оқу дәрежесі Ғылыми қызығушылықтары мен жетістіктері
Байзолданов Төлеген Байзолданович профессор фарм. ғылым докторы Профессор Токсикологиялық талдау және токсикологиялық химия маманы. 150 аса еңбегі бар
Илахунов Хасан Махмутович оқытушы -- -- Судебно-медицинский эксперт-химик высшей категории. 5 аса еңбегі бар.
Қожамжарова Асель Сейдахметовна модуль жетекшісі химия ғылым. канд. доценттің м.а. Химия маманы.

1.2 Байланыс ақпараттары: Алматы, Төле би көшесі, №94. INTRO VII, Телефон: 338-70-96 (ішкі байланыс 7096).

1.3 Пәннің саясаты:

Студент міндетті:

· Оқу процессінде өзін жеке және творчествалық жағынан көрсете білуі және белсене қатысуы тиіс;

· Аудиториялық сабақтардың барлық түріне қатысуы тиіс (дәрістер,тәжірибелік жұмыстар);

· Әрбір сабаққа дайындалуы тиіс (берілген материалды оқып,оларды орындау керек);

· Қатаң түрде күнтізбелік график бойынша жұмыстарды өз уақытында орындап өткізуі тиіс;

· Белгілі себептермен аудиториялық сабақтарды өткізбей жіберіп алғандығын растайтын құжат болуы тиіс;

· Барлық өткізіп алған сабақтарын, оқытушының айтқан уақытында келіп тапсыруы тиіс;

· Сабаққа кешікпеуі тиіс;

· Сабақ уақытысында алаңдамауы керек;

· Сабақ уақытысында ұялы телефондарын уақытша өшіруі тиіс;

· Оқытушыға және кафедраның көмекші персоналына сыйластық таныта білуі тиіс;

· Мінез – құлық мәдениетін сақтай білуі тиіс.

· Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарауы тиіс.

Тазалықты және тәртіпті сақтай білуі тиіс

Жұмыс бөлімдерін орындамаған үшін шара қолдану:студент өз міндетін орындамаған үшін тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі.

2 БАҒДАРЛАМА

2.1 Кіріспе.

Токсикологиялық химия улы заттар мен метаболиттерінің молекулярлы және физиологиялық әсерлерінің механизмін, оларды әртүрлі нысандардан оқшаулау, идентификациялау, сандық мөлшерін анықтау мақсатында қолданылатын химиялық әдістерді және методологиясын оқытатын арнайы фармацевтикалық пәндердің бірі.

Фармацевтикалық ғылымдар кешенінде токсикологиялық химияның белгілі жалпы білімдік және тәрбиелік орны бар, себебі бұл пән болашақ мамандықта ғылыми зрттеулерді жургізуге, белгілі жағдайларда сынаманы дәлді, толыққанды қоюға, алынған нәтижелерді логикалық тұрғыда дұрыс қорытындылауға, сонымен қатар оларды құжаттық рәсімдеуге қажетті дағдыларды қалыптастырады.

Бағдарлама қазіргі кезеңдегі токсикологиялық химияның әртүрлі бағыттарын қамтиды: сот-химиялық, клиникалық, наркологиялық, экологиялық, сонымен қатар осы бағыттардың сұрақтарын токсикологиялық химияның негізгі екі бөлімдері: биохимиялық және аналитикалық токсикология тұрғысынан қарастырады.

Пәнді оқыту, студенттерге әділет құзырлы мекемелері мен денсаулық сақтау жүйесінің қоятын мәселелерін шешуге қажетті теориялық білім және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруды қарастырады. Осы мақсатта, пәннің бағдарламасына химия-токсикологиялық зерттеуде кездесетін токсикологиялық маңызы бар заттар кіргізіліп, оларды зерттеу нысандарынан оқшаулау, аналитикалық анықтау әдістері толық келтірілген.

2.2 Пәнді оқытудың мақсаты:cтуденттерге әртүрлі нысандардан (биологиялық және басқа) улы заттарды химия-токсикологиялық талдау немесе сараптама жүргізуді, алынған нәтижелерді дұрыс қорытындылауды үйрету мақсатында олардың білімін, тәжірибелік дағдыларын және түсініктерін білікті қалыптастыру.

2.3 Пәнді оқытудың міндеттері:

· білім алушыларға қолданыстағы заңламалар талабына сай химия-токсикологиялық талдау немесе сараптама және өткір уланулар аналитикалық диагностикасының негізгі принциптерін, оларды ұйымдастыру, жүргізу тәртібін қалыптастыру;

· білім алушыларға ксенобиотиктер және олардың метаболиттерінің қасиеттерін (физикалық, химиялық), токсикодинамикасы мен токсикокинетикасы туралы білімді қалыптастыру;

· білім алушыларға GLP принциптері мен талаптарына сай улы заттарға химия-токсикологиялық талдау немесе сараптама жүргізу үшін қажетті біліктілік пен практикалық дағдыларды қалыптастыру;

· білім алушыларға кәсіптік біліктілігін үнемі жоғарылатып отыру қажеттілігін қалыптастыру.

2.4 Білім берудің қорытынды нәтижелері

Когнитивті компонент (білім) қалыптастыру:

· улы, күшті әсерлі, наркотикалық және мастандырғыш заттар әсерінен болған өткір уланулардың сот-химиялық сараптамасы мен аналитикалық диагностикасын жүргізудегі ұйымдастыру-құқықтық, заңдылық, методологиялық негіздерін;

· улы, күшті әсерлі, наркотикалық және мастандырғыш заттардың қазіргі кезеңдегі номенклатурасын, физикалық-химиялық сипаттамаларын;

· биохимиялық токсикология сұрақтарын (токсикокинетика, токсикодинамика және бөгде қосылыстардың организмдегі биотрансформациясы);

· GLP принциптері негізіндегі жүйелі химия-токсикологиялық талдау немесе сараптама методологиясын;

· химиялық-токсикологиялық талдауда немесе сараптамада қолданылатын заманауй биоаналитикалық, физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістерді;

· өткір және созылмалы уланулар сот-химиялық сараптамасы мен аналитикалық диагностикасын жүргізудегі талдау ерекшеліктерін, қорытындылау интерпретациясын;

· наркотикалық және мастандырғыш заттарды химия-токсикологиялық талдау немесе сараатама ерекшеліктерін және осы заттарды қабылдау фактiлерін дәлелдеуді;

· әртүрлі топтағы токсиканттармен уланудағы организмді детоксикациялаудың жалпы принциптері мен әдістерін (алгоритмдерін).

 

Операциональды (практикалық) дағдыны қалыптастыру:

· арнайы әдебиетпен жұмыс жасауды, кәсіби-мамандық мәселелерiн шешу үшiн iзденiс жүргiзуді (сот-химиялық сараптама және өткір уланулар мен наркоманияның аналитикалық диагностикасының мәселелерiн шешу үшiн нақтылы қолдану табатын мағлұматтардың негiзгiсiн таба бiлу, олардан шығатын ұғымдар мен қосымша түсiнiктердi ажырата бiлу);

· айғақты заттардың әртүрлі улы заттарға сот-химиялық зерттеулерін биохимиялық және аналитикалық токсикология сұрақтарын жетік біле отырып, биоаналитикалық, физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістер комплексін қолдану арқылы жүргізуді;

· өткір уланған науқасқа жедел медициналық көмек көрсеткен жағдайда, химия-токсикологиялық талдау ерекшелігін ескере отырып аналитикалық диагностиканы жүргiзудi;


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 255; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты