Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


В) Ципрофлоксацин 500 мг х 2 рет күніне 2 страница




B) Дене температурасының көтерілуі, айқын жөтелдің күшеюі, қақырық мөлшерінің артуы

C)Дене температурасының көтерілуі, интоксикация симптомдарының пайда болуы, іріңді қақырықтың күшеюі

D) Ентігудің күшеюі, интоксикация белгілерінің артуы, іріңді қақырықтың артуы

+E) Ентігудің күшеюі, қақырық мөлшерінің артуы, іріңді қақырықтың артуы.

 

211. Созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА) кезінде ауа алмасудың жылдамдығын төмендеуіндегі қайтымсыз компонентін көрсетіңіз?

A) Бронхтардың шырышты қабатының қабынуы мен ісінуі

B)Қуысында тұтқыр қою секреттің жиналуы

C) Бронхтардың тегіс салалы бұлшықеттердің жиырылуы

D) Өкпе тінінің эластикасының төмендеуі

+E) Бронхтардың фиброздануы мен ремоделденуі.

 

212. 39 жастағы ер кісі, экономист. 30 жасынан бастап дем шығарудың қиындауымен жүретін тұншығу ұстамаларынан зардап шегеді. Тұншығу ұстамалары бензин иісінен, суық ауадан кейін пайда болып, алыстан естілетін ысқырықты сырылдармен өтеді. Ұстамадан соң тұтқыр қақырықтың бөлінуімен аяқталады. Пневмониямен үш рет ауырған. Ұстамадан кейінгі күні учаскелік дәрігерге қаралған кезде жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы қалыпты. Перкуссияда қораптық дыбыс, өкпе шекаралары төмен түскен, аускультацияда тынысы әлсіреген, бүкіл өкпе аумағына жайылған құрғақ, ысқырықты сырылдар.

Сәйкес келетін диагноз?

А) атопиялық бронх демікпесі

+В) инфекция тәуелді бронх демікпесі

С) созылмалы катаральді обструктивті емес бронхит

D) экзогенді аллергиялық альвеолит (фермер өкпесі)

Е) идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

 

213. 39 жастағы ер кісі, экономист. 30 жасынан бастап дем шығарудың қиындауымен жүретін тұншығу ұстамаларынан зардап шегеді. Тұншығу ұстамалары бензин иісінен, суық ауадан кейін пайда болып, алыстан естілетін ысқырықты сырылдармен өтеді. Ұстамадан соң тұтқыр қақырықтың бөлінуімен аяқталады. Пневмониямен үш рет ауырған. Ұстамадан кейінгі күні учаскелік дәрігерге қаралған кезде жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы қалыпты. Перкуссияда қораптық дыбыс, өкпе шекаралары төмен түскен, аускультацияда тынысы әлсіреген, бүкіл өкпе аумағына жайылған құрғақ, ысқырықты сырылдар.

Қай зерттеу әдісі барынша ақпаратты?

+А) сыртқы тыныс қызметін зерттеу

В) өкпенің екі проекциядағы рентгенографиясы

С) жалпы зәр талдауы

D) жалпы қан талдауы

Е) өкпе томографиясы

 

214. Ер кісі, 49 жаста, бухгалтер . Үйінде 2 сағат бұрын басталған тұншығу ұстамасына, шыны тәрізді аз көлемді қақырықпен бөлінетін жөтелге жағымданады. Жағдайы ауыр, мәжбүрлі қалыпта: науқас төсекті қолымен тіреп отыр. Кеуде клеткасы эмфизематозды. Тыныс алу жиілігі минутына 30 рет, тыныс шығаруы қиындаған. Айқын диффузды цианоз , мойын венасының ісінуі байқалады.

Dyspnoе нақты себебі қандай болуы мүмкін?

+A) ұсақ бронхтардың спазмы

B) эмфиземаның әсерінен өкпенің эластикалық қасиетінің төмендеуі

C) жоғарғы тыныс жолдарының механикалық кедергісі

D) ірі брохтағы немесе трахеядағы мехеникалық кедергісі

E) өкпе тыныс беткейінің азюы (бөліктік қабынып тығыздалуы)

 

215. Жас адамдарда ӨСОА жиі себебі болып табылады:

А) қайталамалы вирусты – бактериальды инфекция

В) өндіріс газдары мен аэрозольдердің әсері

С) темекі тарту

D) үлкен физикалық жүктеме

+Е) альфа-1-антитрипсиннің тапшылығы

 

216. Ер адам, 48 жаста. Шағымдары: айқын экспираторлы ентігу, құрғақ жөтел, жүрек соғуы, әлсіздік. Объективті: еріндерінде, саусақ ұштарында цианоз. ЭКГ-да оң қарынша гипертрофиясының белгілері, тахикардия. Рентгенографияда өкпе алаңы эмфизематозды, өкпе суретінің деформациясы. Болжама диагнозыңыз?

A) Пневмония

B) Бронхоэктатикалық ауру

C) Өкпе туберкуломасы

+D) созылмалы обструктивті өкпе ауруы

E) Экссудативті плеврит

 

217. Ер адам, 28 жаста. Шағымдары: тұншығу ұстамалары, құрғақ жөтел, жүрек соғуы. ТЖ= 28 рет/мин. Кеуде торының рентгенографиясында- өкпе алаңы эмфизематозды. Қан талдауында- эозинофилия. Спирографияда- ФТШК1= 43%. Сіздің болжама диагнозыңыз?

+А) Бронхиальды демікпе, ТЖ ІІ дәр.

Б) ӨСОА

В) Бронхоэктатикалық ауру

Г) Пневмония

Д) Экссудативті плеврит

 

218.Бронх демікпесімен ауыратын науқастарға қандай жағдайда ингаляциялық глюкокортикостероидтарды тағайындаймыз?

A) жеңіл эпизодтық даму барысында

+B) жеңіл персистенциялық даму барысында

C) ауыр дәрежедегі БА

D) status asthmaticus I сатысында

E) status asthmaticus III сатысында

 

219. Бронх демікпесі ауруындағы созылған тұншығу ұстамасында қандай маңызды шара қолданамыз?

A) ылғалды оттегі беру

B) вена ішілік эуфиллин енгізу

C) бета 2- агонисттің мөлшерін көбейту

+D) глюкокортикостероидтарды вена ішілік енгізу

E) ингаляционныхглюкокортикостероидтардың мөлшерін көбейту

 

220. Пациент Л., 44 ж, бронх демікпесі бойынша ингаляциялық глюкокортикостероидтар мен бронходилатациялық терапия қабылдайды. Ем жүргізілу тұсындабайқалады: симптомдар күнделікті, өршулер мен түнгі симптомдар жиі, физикалық күштеме айтарлықтай шектелген,ФТШК1 ≤60% қалыпты жағдайдан, ТШПЖ >30%.

Глюкокортикостероидтардың таблеткалық түрлерін қандай схема бойынша қабылдау ұсынылады?

A) бірдей мөлшерлерде күніне 3 рет

B) бірдей мөлшерде таңертеңмен және кешке

+C) 2/3 мөлшерін таңертеңмен +1/3 мөлшерін түскі тамақтан кейін

D) 1/3 мөлшерін таңертеңмен +2/3 мөлшерін түскі тамақтан кейін

E) жоғарыда көрсетілген схемалардан кез келгенi

 

221. Пациент Б., 18 жаста, шағымдары: экспираторлы сипаттағы ентігу, олар кезеңді түрде ұстамалар түрде пайда болады. Диагнозды анықтау үшін бронхтар гиперреактивтілігіне қандай препаратпен бронхопровокациялық сынама жүргізіледі?

A) димедрол

+B) гистамин

C) преднизолон

D) эуфиллин

E) сальбутамол

 

222. Ер адам С., 28 жаста. Телімдік дәрігерде бронх демікпесі, жеңіл персистирлеуші (II дәрежелі) ағымда,жартылай бақыланатын (тұрақсыз ремиссия) диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Бронходилатациялық ингаляциялық терапия және ингаляциялық глюкокортикостероид (ИГКС) - беклазон (беклометазон дипропионат) 250 мкг/доза 2 тыныс күніне 1 рет қабылдайды (тәул дозасы-500 мкг).

ИГКС нәтижесінде дамитын ауыз қуысының кандидозының профилактикасы үшін ұсынылады?

A) кезеңді түрде саңырауқұлаққа қарсы препараттар қабылдау

B) ауыз қуысын саңырауқұлаққа қарсы маймен өңдеу

C) ИГКС емінде профилактикалық үзілістер жасау

+D) ингаляциядан соң ауыз қуысын сумен немесе содалық ерітіндімен шаю

E)ауыз қуысын спирттік ерітіндімен кезеңді түрде өңдеу

 

223. Қандай клиникалық белгінің болуы созылмалы өкпе гипертензиясын жоққа шығарады?

А) рецидивті ТЭЛА

В) қарынша аралық перденің мүкістігі

С) митральды стеноз

+D) өкпе ісінуі

Е) біріншілік өкпелік гипертензия

 

224. 74 жастағы науқас дәрігерге төмендегідей шағымдармен келді: қою, жағымсыз иісті қақырықпен жөтел, екі апта ішінде салмағын жоғалту. Анамнезінде: он жылдан бері эпилептикалық ұстамамен ауырады. Сонғы ұстама екі апта бұрын болды. Рентгенограммада жоғары сегментте, сұйықтықпен толған қуыс. Диагноз қойыңыз?

А) өкпе туберкулезі

В)пневмония

+С) өкпе абсцессі

D) өкпе фиброзы

Е) бронхоэктаздық ауру

 

225. Дәрігерге 35 жастағы науқас жағымсыз, іріңді ауыз толтырып тастайтын қақырықты жөтелге, әлсіздікке, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінде : жастайынан жиі бронхитпен ауырғанын айтады. Қарап тексергенде саусақтары « барабан таяқшалары» сияқты, тырнақтары «сағат әйнегі» сияқты. Қандай диагноз қоясыз?

А) туберкулез

В) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

+С) өкпе абсцесі

D) пневмония

Е) бронхоэктазды ауру

 

226. Дәрігерге 32 жасар науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, терлегіштікке, кеудесінің оң жағындағы демалғанда күшейетін ауру сезіміне, дене қызуының 38-ге көтерілгеніне шағымданып келді. Анамнезінен 2 аптадан бері өзін ауру санайды. Қарап тексергенде:тыныс алу жиілігі -24-26/мин, пульс-100/мин. Кеуденің оң жақ бөлігі тыныс алу актісінен қалып отырады.Оң жақ жауырын асты аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталған, дауыс дірілі әлсіреген. Аускультацияда оң жақ жауырын асты аймақта тынысы әлсіреген.жүрек шекаралары солға ығысқан. Қан талдауында: лейк-13,4х109/л, ЭТЖ-23мм/сағ. Болжама диагнозын анықтаңыз:

А) Өкпенің инфильтративті туберкулезі

В) пневмония

+С) экссудативті плеврит

D) Ателектаз

Е) спонтанды пневмоторакс

 

227. Ер адам 65 жаста .Физикалық жүктеме кезінде күшейетін ентігуге, шырышты-іріңді қиын бөлінетін қақаырықты жөтелге, соңғы 4 айда 5 кг-ға дейін салмақ жоғалтуына шағымданады. 40 жыл бойы тәулігіне бір жарым қорап сигарет шегеді. Қарап тексергенде: мойын, беті ісінген, ерін цианозы. Пульс-106/мин. АҚ 160/90 мм.сын.бағ. Сол жақ бұғанаүстілік лимфа түйіндері тығыз, пальпацияланады. ЭТЖ 65 мм/сағ. Болжама диагнозы :

А) Кушинг ауруы

+В) Өкпе рагы

С) ӨCOА

D) Өкпе туберкулезі

Е) созылмалы катаральды бронхит

 

228. Ер адам 48 жаста, шағымдары: ентігу, қақырықпен жөқтел, кеуде тұсында ауыру сезімі. Объективті: дене температурасы 39,80С, тыныс алу жиілігі 34 рет минутына.Өкпенің оң жағында IV қабырға аралықтан төмен дыбыстың тұйықталуы байқалады, аускультативті ұсақ көпіршікті сырылдар. Рентгенограммада: оң жақта S6, S9 сегменттерде диаметрі 3 см болатын сұйықтығы бар дөңгелек формалы екі қуыс бар. Қанның жалпы анализі: лейкоциттер 18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.

Көрсетілген микроорганизмдердің қайсысы осы аурудың қоздырғышы болуы мүмкін?

+А) Staphylococcus aureus

В) Steptococcus pneumoniae

С) Klebsiella pneumoniae

D) Micoplasmapneumoniae

Е) Haemophilusinfluenzae

 

229. Созылмалы өкпелі жүректің мына сипаттамасына қайсысы сәйкес келеді: «кіші қан айналым шеңберінің қантамырлары зақымданғанда, васкулиттерде, өкпе артериясының тромбоэмболиясында»?

A) компенсирленген созылмалы өкпе текті жүрек

B) декомпенсирленген созылмалы өкпе текті жүрек

C) созылмалы өкпе текті жүректің бронхо өкпелік түрі

+D) созылмалы өкпе текті жүректің васкулярлы түрі

E) созылмалы өкпе текті жүректің торакодиафрагмальды түрі

 

230. Оң қарынша гипертрофиясын жоққа шығаратын клиникалық белгі:

А) Айқын әлсіздік, жүрек қағу, жүрек аймағындағы ауру сезімі

В) Жүректің сол жақ шекарасы бойындағы жүрек түрткісін (пульсациясын)

анықтау.

С) Эпигастрий аймағында пульсация және жүрек тондарының жақсы естілуі.

D) дем алғанда күшейетін семсертәрізді өсінді аймағындағы систолалық шудың

пайда болуы

+Е) екінші қабырға аралықта төстің оң жақ қырындағы систолалық шу және II тон акценті

 

231. Өкпе гипертензиясының клиникалық белгілеріне жатпайды?

А) ІІ қабырға аралықта қантамыр шоғырының енінің ұлғаюы

В) сол жақ ІІ қабырға аралықта ІІ тонның акценті

+С) кіндік айналасындағы кеңіген, жан жаққа тараған көктамырлар

D) өкпе артериясы маңында диастолалық шудың пайда болуы

Е) төс маңындағы веноздық тордың пайда болуы

 

232. 32 жасар әйел «ауыз толтырып» шығатын, қақырық көлемі кейде 130 мл тәулікке дейін болатын жөтелге шағымданады. Сонымен қатар әлсіздік, тез шаршағыштық, субфебрильді дене қызуы байқалады. Науқас 10 жыл бойы шылым шегеді. Көп мөлшердегі қақырық бөлінетін, жиі өршулері болатын бронхитпен бала кезінен ауырған. Соңғы жылда үш рет өкпенің бір сегментінде орналасқан пневмонияны басынан өткізген. Мүмкін болатын диагноз?

А) созылмалы бронхит

+В) бронхоэктаздық ауру

С) туберкулез

D) брохтың аденокарциномасы

Е) бронх обыры

 

233. Жедел дамыған жүрек демікпесінде қандай шаралар қажет?

A) симпатомиметик ингаляциясы

B) капотен тіл астына

C) көк тамырға фуросемид енгізу

D) эуфиллинді ішке қабылдау

E) анаприлинді ішке қабылдау

 

234. Өкпелік іріңдеуге аталған симптомдардың қайсысы тән:

А) жөтел

В) кеудедегі ауру сезімі

+С) қалтырау мен жоғары қызба

D) аз көлемді шырышты қақырық

Е) көбікті ал қызыл қақырық

 

235. Өкпе аурулары кезіндегі цианоздың себебі?

А) терінің ұсақ тамырларының тарылуы нәтижесі

В) қанайналымы баяулаған кезде тіндердің оттегіні көптеп жұтуының нәтижесі

С) көмірқышқыл газының қанда көбеюінен

D) терінің көк тамырлаының кеңеюі нәтижесі

+Е) кіші қанайналым шеңберінде жеткіліксіз артериализациясының нәтижесі

 

236. Созылмалы оң қарынша жетіспеушілігінің обьективті белгілеріне жатпайды?

А) цианоз

В) мойын көктамырларының ісінуі

С) ұма мен еркектердің жыныс мүшесінің ісінуі

D) қуыстарға су жиналу (асцит, гидроторакс, гидроперикардит)

+Е) өкпе ісінуі

 

237. Ер адам И., 56 жаста, бухгалтер. Аздаған жүктеме кезінде ентікпеге, шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. ТЖ- 32 рет/мин, диффузды цианоз. Саусақтары барабан таяқшалары тәріздес, тырнақтары сағат әйнегіне ұқсас. Кеудесі бөшке тәрізді өзгерген. Тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады. Перкуссияда өкпенің жоғарғы бөлігінде қорап тәрізді дыбыс, ал төменгі бөлігінде дыбыс қысқарған. Тыныс везикулярлы, өапенің жоғарғы бөлігінде дыбыс қатаң, осы аймақта құрғақ сырыл, ал төменгі бөлігінде ылғалды сырыл мен әлсіз тыныс.

Болжама диагнозыңыз?

A) созылмалы ірінді бронхит, өршуі. Эмфизема. Пневмосклероз. ТЖII

+B) СОӨА, өршуі. Эмфизема. Пневмосклероз. ТЖII

C) бронхиальді астма, ауыр ағымы, өршуі. Эмфизема. Пневмосклероз. ТЖII

D) ауруханадан тыс пневмония, ауыр ағымы. Жедел субкомпенсациялық ТЖII

E) идиопатикалық фиброздаушы альвеолит, жедел ағымы,ТЖII

 

238. Ер адам И., 56 жаста, бухгалтер. Аздаған жүктеме кезінде ентікпеге, шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. ТЖ- 32 рет/мин, диффузды цианоз. Саусақтары барабан таяқшалары тәріздес, тырнақтары сағат әйнегіне ұқсас. Кеудесі бөшке тәрізді өзгерген. Тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады. Перкуссияда өкпенің жоғарғы бөлігінде қорап тәрізді дыбыс, ал төменгі бөлігінде дыбыс қысқарған. Тыныс везикулярлы, өапенің жоғарғы бөлігінде дыбыс қатаң, осы аймақта құрғақ сырыл, ал төменгі бөлігінде ылғалды сырыл мен әлсіз тыныс.Диагноз анықтау үшін зерттеудің қай әдісі барынша ақпаратты?

А) плевра қуысының пункциясы

В) фибробронхоскопия

+С) өкпе спирографиясы

D) флораға қақырық анализі

Е) қақырықты бактериологиялық зерттеу

 

239. Ер адам Ш., 38 жаста, құрылысшы. Қарап тексергенде кеуде қуысының сол жақ жартысы ұлғайған, тыныстан қалады. Пальпацияда: 4-қабырғадан төменгі аймақта дауыс дірілі анықталмайды, 4-қабырғадан жоғары дауыс дірілі күшейген. Перкуссияда: 4-қабырғадан төменгі аймақта тұйық дыбыс естіледі. Аускультацияда: 4-қабырғадан төмен және солға қарай везикулярлы дыбыс жоқ, жоғары аралас тыныс. Науқаста қай синдромның белгілері анықталған?

А) өкпенің қабынған, тығыздалған синдромы

+В) плевра қуысына сұйықтық жиналу синдромы

С) өкпеде түзілістің пайда болу синдромы

D) плевра қуысында ауа жиналу синдромы

Е) бронхообструктивті синдром

 

240. Ер адам ., 42 жаста, темір ұстасы. Оқтын-оқтын дене температурасы 390С дейін көтеріледі.Таңертеңгі шырышты-іріңді,жағымсыз иісті қақырық. Микроскопиялық зерттеуде Дитрих тығындысы және бүлінген лейкоциттер,гематойдин,май қышқылының кристалдары,көп мөлшердегі банальды флора анықталған.

Мұндай қақырық қандай патологияға тән?

А) өкпе рагы

В) өкпе туберкулезі

С) ауруханадан тыс пневмония

+D) бронхоэктатикалық ауру

Е) инфекция тәуелді бронх демікпесі

 

241. Учаскелік дәрігер М деген науқасты үйінде қарады, 36 жаста, жұмысшы. Шағымдары: жағымсыз шіріген иісті, қақырықты жөтел (тәулігіне 250-300 мл . ). Науқас оң бүйірге қарап жатқанда жөтелі күшейеді. Қарап тексергенде симптомдары: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнектері» тәрізді.

Өкпесіндегі патологиялық процесстің сипаты мен таралуы қандай болуы мүмкін?

A) плевраның зақымдалуы

B) альвеолалардың бөлектеніпзақымдалуы

C) бронхтарда созылмалы қабыну процессі

D) альвеолалардың және бронхтардың қабынып зақымдалуы

+E) өкпедегі немесе бронхтағы іріңді қабыну процессі

 

242. Учаскелік дәрігер М деген науқасты үйінде қарады, 36 жаста, жұмысшы. Шағымдары: жағымсыз шіріген иісті, қақырықты жөтел (тәулігіне 250-300 мл . ). Науқас оң бүйірге қарап жатқанда жөтелі күшейеді. Қарап тексергенде симптомдары: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнектері» тәрізді.

Науқасты жүргізу тактикаңыз?

A) амбулаторлы жағдайда емдеу

B) күндізгі стационарда емдеу

C) Үй стационарда(үйде құрастырған стационарда) емдеу

+D) терапияға госпитальдау

E) реанимацияға госпитальдау

 

243. Учаскелік дәрігер О –деген науқасты үйде қарады, 32 жаста, монтажшы. Дене температурасының 37,90 С-ға дейін жоғарылауына, оң жақ кеуде клеткасының ауыруымен бірге жүретін, айқын ентігуге, дем алғанда күшейетін оң жақ кеуде клеткасының ауыруына шағымданады. Науқас мәжбүрлі қалыпта, оң жақ кеуде клеткасын қолымен қысып, оң жақ бүйірінде жатыр.

Өкпесіндегі патологиялық үрдістің сипаты мен таралуы қандай болуы мүмкін?

+A) плевраның зақымдалуы

B) бронхтарда созылмалы қабыну процессі

C) альвеолалардың бөлектеніп зақымдалуы

D) альвеолалардың және бронхтардыңқабынып зақымдалуы

E) өкпедегі немесе бронхтағы іріңді қабыну үрдісі

 

244. Учаскелік дәрігер қабылдауында науқас Н ., 56 жаста, жұмысшы. Физикалық жүктеме кезінде болатын ентігуге (сатымен көтерілу, жылдам жүру) шағымданады. Басқа шағымы жоқ. Ентігу науқасты 5-6 жыл бойы мазалап келеді. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, белсенді қалыпта. Кеуде клеткасы эмфизематорлы, тынысы симметриялы.

Ентігудің нақты себебі қандай болуы мүмкін?

A) ұсақ бронхтардың спазмы

+B) эмфиземаның әсерінен өкпенің эластикалық қабілетінің төмендеуі

C) жоғарғы тыныс жолдарының механикалық кедергісі

D) ірі брохтағы немесе трахеядағы механикалық кедергісі

E) өкпе тыныс беткейінің азюы (бөліктік қабынып тығыздалуы)

 

245. Науқас М. 43 ж., айқын ентігумен гектикалық қызбасы бар науқаста 3 ай бойы көп көлемді( шамамен 500 мл) іріңді, өткір, жағымсыз иісті қақырық бөлінді. Микроскопияда жасушалық детрит, көп мөлшерде лейкоциттер, айтарлықтай мөлшерде бұзылған эластикалық талшықтар, гематоидин кристалдары, холестерин және май қышқылдары табылды. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексеру қажет?

А) кеуде клеткасының УДЗ

В) Бронхография

+С) кеуде клеткасының рентгенографиясы

D) Спирография

Е) Электрокардиография

 

246. Ер адам М. 43 ж., айқын ентігумен гектикалық қызбасы бар науқаста 3 ай бойы көп көлемді( шамамен 500 мл) іріңді, өткір, жағымсыз иісті қақырық бөлінді. Микроскопияда қақырықта жасушалық детрит, көп мөлшерде лейкоциттер, айтарлықтай мөлшерде бұзылған эластикалық талшықтар, гематоидин кристалдары, холестерин және май қышқылдары табылды. ЖТД тактикасын анықтаңыз (қайда емдеу)?

+А) оперативті ем

В) бронхты лаваждау

С) антибиотикті көк тамырға енгізу

D) антибиотиктерді эндобронхиальды енгізу

E) бронхолитиктер

 

247. Ер адам 48 ж., аспен лоқсыған соң тыныс алуы мен тыныс шығаруы қиындап, тұншығу мен ұстама тәрізді құрғақ жөтел пайда болған. Объективті: науқас мазасыз, қорқыныш сезімі, стридорозды тыныс байқалады. Тыныштық жағдайда аралас(инспираторлы және экспираторлы) ентігу, өкпенің жоғарғы бөліктерінде қатаң тыныс, төменгі бөліктерінде әлсіреген тыныс байқалады, сырылдар жоқ. Болжама диагноз?

A) Бронх ісігі

+B) Бронхта бөгде зат

C) СОӨА (созылмалы обструктивті өкпе ауруы)

D) Бронхтық астма

E) Трахеяның экспираторлы стенозы

 

248. Ер адам 78 ж, шағымдары тұрақты сипаттағы ентігу, жөтел, жүре және сөйлей алмайды. Жөтел «жас кезінен» мазалайды, біртіндап ентігу өршіді. 20 жасынан бастап темекі тартады, күніне 1 пачка тартады.Қарап тексергенде –сұр түсті диффузды цианоз,тыныс шығару фазасының ұзаруымен. ТЖ – 30 минутына. Саусақтары «барабан таяқшалары», тырнақтары «сағат әйнектері» тәрізді. Төменгі бөліктерде везикулярлы тыныс әлсіреген, құрғақ сырылдар. Болжама диагноз?

+А) ӨСОА

В) бронх демікпесі

С) экзогенді аллергиялық альвеолит

D) өкпенің кистозды гипоплазиясы

Е) бронхоэктаздық ауру

 

249. Ер адам ,. 38 жаста, құс фабрикасында жұмыс істегеніне 10 жыл болған. Жедел ауырып, дене қызуы 37,5 С көтерілді, қалтырау, құрғақ жөтел, экспираторлы сипаттағы ентігу пайда болған. Науқастың жағдайы ауыр, акроцианоз айқын, екі жақты өкпенің төменгі бөлігінде сырылдар. ТЖ минутына 26 рет, тахикардия. Рентгенологиялық: Өкпенің төменгі бөлігінде екі жақты майда ошақты қараю. Қан анализінде – эозинофилия. Қандай болжама диагноз:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 114; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.014 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты