Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сыртқы мұрын




Сыртқы мұрынның (nasus externus) пішіні үш қырлы пирамиданың түріне ұқсайды және оның негізгі қаңқасы (арқауы) терімен жабылған сүйек-шеміршектер болып табылады. Сыртқы мұрынның ұшы, түбі (кеңсірік үсті), қыры (қабырғасы), бүйір беттері (ылди қабырғасы) және қанаттары деп ажыратады. Сүйекті қанқа бөлігі жұп жалпақ мұрын сүйектерінен және жоғарғы жақсүйектің маңдай өсінділерінен тұрады. Жұп мұрын сүйектері бір-біріне өзара дәл тең ортада қосылып мұрын қырын құрайды. Мұрын сүйектерінің сыртқы жақтарында жоғарғы жақсүйектің маңдай өсінділері орналасқан, бұлар сыртқы мұрынның бүйір бетінің қабырғаларын құрайды. Мұрынның түбі маңдай сүйектің мұрын (жоғарғы жақ) өсіндісінен құралған. Жоғарғы жақсүйектің маңдай өсінділері және мұрын сүйектері алдыңғы мұрын қылқанымен (остью) бірлесіп бет қанқасының алмұрт тәрізді тесігін құрайды. Бұл тесіктің шеттеріне шеміршектер бекітіледі.

Мұрынның шеміршекті қаңқа (арқау) бөлігі жұп қосүшкіл және қанатты, сол сияқты қырлы қосымша шеміршектерден құралған, бұлар сыртқы мұрынның бүйір беттерін толықтырады. Мұрынның сыртын май бездері бар тері жауып тұрады. Мұрынның түбіне қарай тері жабындысы өте жұқа, ал төменгі мұрынның ұшымен және қанаттары жағында терісі қалыңдау және май бездері көп болады. Мұрынның түбіне қарай терісі жақсы қимылдайды және қолға ұсталады. Мұрынның қанаттары аймағында тері шеміршекке өте тығыз жабыса біткен, жөндеп қимылдамайды, бұны жасанды пластикалық операциялар жасағанда ескеру қажет. Тері асты ұлпалары жөнді жетілмеген, бұлар арқылы қан тамырлары, нервтер өтеді. Тері танау шеттері арқылы ішке қайырылып 4-5мм тереңдікте мұрынның кіреберісі бөлігінің ішкі қабатын жабады (мұрын қанатының ішкі бөлігін, мұрын далдасын және оның төменгі жағын). Мұрынның кіреберісі бөлігінің терісі көп мөлшерде жүн түктерімен жабдықталған және май бездері бар. Сондықтан бұл жерлерге көбінесе мұрын шиқаны және сикоздың (жүн түктері түбінің қабынуы) пайда болуына мүмкіншілік жасалған. Мұрынның қанаттары аймағының тері астында бұлшықеттер орналасқан, бұлар мұрын тесігінің (танаудың) кеңеюіне және тарылуына көп әсер етеді. Сыртқы мұрын барлық беттің жұмсақ ұлпалары сияқты қанмен мол қоректенеді, бұған әр жағынан келетін өзіне сәйкес сыртқы және ішкі ұйқы артерия жүйелерінің өзара жалғасқан (анастомоз) бет және көз артерияларының ақырғы тармақтары арқылы орындалады (a.angularis, a.dorsalis nasi). Сыртқы мұрыннан веналар қанды алдыңғы бет венасы арқылы ішкі мойындырық (жармалық) венасына алып барады (қалыпты жағдайда) және айтарлықтай дәрежеде сыртқы мұрын веналары мұрын қуысы веналары арқылы көз шұңқыры веналарымен жалғасады, ал көз веналары одан ары қанды таңдайқанат (крылонебная) ойығының венозды өрімдеріне (plexus ptergoideus) және кавернозды синусқа, ортаңғы ми венасына және сонсоң ішкі мойындырық (жармалық) венасына апарады. Сыртқы мұрынның іріңді қабынуы (мұрын шиқаны) кезінде бет жұмсақ ұлпаларының қатты ісінуі бет венасын қысады. Бұл жағдайда қан вена арқылы теріс ағып, көз шұңқыры венасы арқылы инфекция (ірің) ми веналарына және қуыстарына тарайды, кавернозды синустың тромбозы пайда болады. Сыртқы мұрыннан лимфа негізінен төмен қарай жақсүйек асты лимфалық түйіндеріне қайтады. Сыртқы мұрынның бұлшықеттері бет нервісі тармақтарымен (n.facialis) иннервацияланады (қимылдатқыш нервтенуі), терісі – үшкіл нервтің I және II тармақтары (сезімтал) арқылы нервтенеді. Клиникалық көз-қарас бойынша келесі ерекшеліктерін ескеру керек. Сыртқы мұрынның қанмен мол қамтамасыз етілуі жарақаттарда оның зақымдалған жара жиектерін кесіп тастамауға мүмкіндік береді, бұның өзі косметикалық кемшіліктің азаюына мүмкіндік туғызады. Бұндай жағдайларда, қағида бойынша жараны тазалағаннан соң кесілген жерін біріншілік тігудің немесе жедел кезеңде орындалған пластикалық операцияның соңы жайлы бітеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 704; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты