Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кеңірдектің және бронхылардың клиникалық анатомиясы




Кеңірдек (trachea) көмейдің жалғасы болады, онымен сақина-кеңірдек байламы арқасында байланысқан. Кеңірдек - ұзын цилиндрлі түтік (оның ұзындығы 11-13см) VІІ мойын омыртқасы денесінің деңгейінде басталады, ал IV-V кеуде омыртқаларының деңгейінде екі басты бронхқа бөлінеді. Бөлінген орын бифуркация деп аталады. Кеңірдек қабырғасы 16-20 шақты таға тәрізді формадағы гиалинді шеміршектерден тұрады, олардың бос шеттері (жақтары) артқа бағытталған. Бұл шеміршектердің аралығында кеңірдек қабырғасының көп коллагенді және эластикалық талшықтардан тұратын жарғақты бөлігі тартылған. Шеміршектер өзара сақина тәрізді байламдармен байланысқан, бұның арқасында кеңірдек саңылауы ауаны ішке тартқанда кеңейеді және тыныс шығаруда тарылады. Кеңірдек саңылауының ені тұрақты көлем болмайды; ол ер адамдарда 15-22мм дейінгі аралықта тербеледі, әйел адамдарда 13-18мм, емшек жасындағы балаларда 6-7 мм, ал он жастағы балада 8-11 мм болады. Кеңірдек ішкі жағынан сілемейлі қабықпен төселген және цилиндрлі жыбырлағыш эпителимен жабылған, талшықтар қозғалысы жоғары бағытталған. Сілемейлі қабық артқы қабырғасы аймағында ұсақ қатпарлар құрайды. Кеңірдектің төңірегіндегі борпылдақ дәнекер-тіндерде көп лимфалық түйіндер бар, әсіресе олар бифуркация аймағында көп. Кеңірдек қабырғасының артқы жарғақты бөлігі өңештің алдыңғы қабырғасына тиіп жатады. Бұндай ара қатысты трахеостомия жасауда есте сақтау керек, кейде өңеш қабырғасы зақымдалуы мүмкін және келешекте кеңірдек-өңеш жыланкөз тесігі (свищі) пайда болады. Кеңірдектің алдыңғы және бүйір қабырғаларына ірі қантамырлар тиіп жатыр, сол сияқты кеңірдектің мойын бөлігінің алдыңғы бетінде қалқанша бездің қылтасы (алқымы), балаларда 14-16 жасқа дейін кеуде бөлігінде - төсасты безі (айыршық безі) жатыр. Кеңірдектің ішінде бифуркация орнында шығыңқы жер құрылады - шпор (топшы; carina), ол біршама солға ауытқыған. Басты екі бронхылардың солынан гөрі оң жақ бронхы қысқа және кеңдеу. Оң жақ бронхтың ұзындығы-3 см, сол жақ-5 см. Басты бронхылардың диаметрі орташа 10-16 мм тең. Оң бронх кеңірдектің жалғасы дерлік болып келеді, сондықтан бөгде денелер көбінесе дәл соған түседі. Сол жақ бронх доғаланып басталады. Әрбір басты бронхылар өкпеге еніп тармақтанады, тарылады, төмен және артқа өкпе негізіне кетеді. Бронх тармақтары перистальтикалық қозғалысқа ұқсас қозғалыс жасауға қабілетті (ішкі тыныс алғанда ұзарады және кеңейеді, тыныс шығаруда - керісінше).

Кеңірдектің және бронхылардың қанмен қамтамасыз етілуі. A.threoidea inferior және a.bronchiaiis есебінен жүзеге асады, олардың тармақтары кеңірдек және бронхылардың бүйір қабырғалары бойымен өтеді, сол сияқты көлденең бағытта шеміршектер арасында (lid.annularae) өрім құрады. Кеңірдек және бронхылардың иннервациялануы п.recurrens, п.vagi және оның кеңірдек тармақтарымен орындалады. Бронхылардағы салынған бұлшықет талшықтары кезеген және симпатикалық нервтердің нерв талшықтарымен жабдықталған.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 408; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты