КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Көмейдің, кеңірдектің және бронхылардың клиникалық физиологиясыКөмей, кеңірдек және бронхылардың өздеріне тән үш қызметі бар: тыныс алу, қорғаныш және дауыс түзу (дауыс шығару). Тыныс алу қызметі. Көмей тыныс жолының бөлігі саналады, ол ішке тыныс алған ауаны төменде жатқан бөліктерге - кеңірдекке, бронхыларға және өкпеге өткізеді, тыныс шығарғанда ауа керісінше бағытта өтеді. Тыныс алу актісі тыныс жолы мускулатурасымен қамтамасыз етіледі, ал көмейде артқы сақина-ожау бұлшықеттерінің қысқаруы дауыс саңылауын кеңейтеді. Дауыс саңылауы тыныс алу кезінде әрқашан ашылған; бұл кезде оның көлемі және формасы (түрі) ішке тыныс алудың тереңдігіне байланысты. Сонымен, жәй ішке тыныс алғанда дауыс саңылауы үшбұрышты форманы қабылдайды, ал терең ішке тыныс алғанда дауыс саңылауының формасы ромбыға ұқсас. Көлемінің және формасының сол сияқты өзгерістері сілемейлі қабықта болатын нервтің аяқтарын ішке тыныс алғанда ауамен тітіркендірудің арқасында рефлексті реттеледі. Пайда болған импульс нерв бойымен ІV қарынша түбі аймағында болатын тыныс орталығына жетеді, содан соң жауап реакциясы дауыс саңылауын кеңейтуге және тарылтуға қатысатын бұлшықеттерге беріледі. Ұқсас реакциялар кеңірдектің сілемейлі қабығында жатқан нерв аяқтарын тітіркендіру мезгілінде байқалады, бұл реакция сол сияқты тыныстың тереңдігіне және ритіміне (ырғағына) әсер етеді. Қорғаныш қызметі.Көмей және кеңірдек тыныс жолының бөлігі болса, бір жағынан барьер (тосқауыл) ролін, бөгде денелердің төменде жатқан тыныс жолдарына түсуіне кедергі жасайды, басқа жағынан ішке жұтқан ауаны жылыту, ылғалдау және тазалау мүмкіндігін туғызатын ағза ролін орындайды. Қорғаныш қызметінің механизімі көмейдің сілемейлі қабығында үш рефлексті зонаның бар болуына байланысты. Оның біріншісі көмей кіреберісінің төңірегінде орналасқан (көмей қақпашығының көмейлік бетінде, ожау-көмей қақпашығы қатпарының сілемейлі қабығында орналасқан). Екінші зона ожау шеміршектерінің алдыңғы бетіне ие болады (оның ұшынан негізіне дейін) және ожау шеміршектерінің дауыс өскіндері аралығына жалғасады. Үшінші зона қатпарасты кеңістікте сақина шеміршектің ішкі бетінде орналасқан. Бұл зоналардың сілемейлі қабығын тамақпен немесе химиялық заттектермен тітіркендіру нәтижесінде дауыс саңылауының спазмы (тарылуы, түйілуі) басталады. Рефлекс тыныс шығаруға мүмкіндік жасайтын бұлшықеттерге беріледі. Бұндай жағдайда рефлексті жөтел, қақырықты қақырып тастау және тыныс алу жиіленеді. Қалыпты жағдайда көмейге бөгде дененің түсіп кетуі мүмкін емес, себебі жұтыну кезінде көмей күрделі қимыл-қозғалыс істейді. Ол жоғары және артынан алға қарай көтеріледі, оған кіреберіс (өтіс) көмей қақпашығымен жабылады (тасаланады), ол тілдің түбірімен төмен түсіріледі, сонымен бірге көмей қақпашығының ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына жанасады. Тамақ қоспасы көмей қақпашығының екі жағынан айнала ағады және өңештің кеңейген кіреберісіне түседі. Тыныс жолдарын бөгде денелерден қорғауда жұтыну қозғалысында вестибулалық қатпарлардың тығыз тұтастырылуының және ожау шеміршектерінің алға иілуінің бегілі маңызы бар. Бірақ, егерде бөгде дене көмейден жып беріп және төменде жатқан бөліктеріне өтсе, кейде дауыс саңылауының пайда болатын спазмы бөгде денелерді алуда кедергі болады. Дауыс саңылауының спазмы психикалық бұзылыстар кезінде және дененің басқа бөліктерін қатты тітіркендіру кезінде болады, бұған көмей нерв аппаратының организмнің басқа нервтерімен байланысы себепші болады. Салдану, парестезия (жалған сезім) түрінде және басқа жағдайлардағы көмей иннервациясының бұзылуы, оның қорғаныш қызметінің төмендеуіне әкеледі. Дауыс шығару қызметі.Адамның іс-әрекетінде көмейдің дауыс қызметінің үлкен маңызы бар. Көрсету керек, дегенмен мал-хайуандарға тек қана дауыс шығару қызметі, ал адамдарға сөйлеу тән. Дыбыстарды жасауда тыныс алу аппаратының үш негізгі бөлігі қатысады: 1. Өкпе, бронх және кеңірдек (төменгі резонатор); 2. Көмейдің дауыс аппараты, соның ішінде дауыс қатпарлары; 3. Ауыз қуысы, мұрын мен қосалқы қойнаулар - жаңғыртушылар, төмендегі жақ, ерін, таңдай және ұрт (жоғарғы резонатор) қозғалыстары әсерінен өзінің формасын өзгертуі. Дыбысты айту кезеңінде дауыс саңылауы бастапқыда жабық, яғни дауыс қатпарлары қатайған және қабыстырыла жабылған жағдайда болады. Содан соң өкпедегі, кеңірдектегі және бронхылардағы тұрған ауаның қысымы әсерінен ол өте қысқа уақытқа ашылады және бұл кезде ауа бөлшектері дауыс саңылауы арқылы бұзып-жарып өтеді, бұдан кейін дауыс қатпарлары қайтадан қабысады. Дауыс қатпарларының (шымылдығының, желбезектерінің) қабысуы, ашылуы сыртқа шығатын ауа ағымының тербелісін туғызады. Біздің айналамызға жеткен осы толқындарды біз дауыс дыбыстары ретінде қабылдаймыз. Дыбыс көмей дыбыс қатпарларының тербелісінен туады. Оның тербелісі ауаның өтуіне және дауыс қатпарларының керілу күшіне байланысты. Дыбыс шығаруға көптеген бұлшық еттер, көмей, ауыз қуысы және тыныс жолдары қатынасады. Сондықтан әрбір адамның өзіне тән дыбысы болады. Сыбырлап сөйлеу дауыс саңылауының артқы бөліктерін тарылтатын ожау-көлденең бұлшықеттерінің қызметтерінсіз пайда болады. Дауыс қатпарлары өз салмағымен тербелмейді, бірақ ауа бөлшектерінің атап көрсетілген үшбұрышты тесік шеттерімен үйкелісі - бізге сыбыр болып естілетін дыбыс береді. Ер адамдардың әдеттен тыс жоғары дауысы - фальцет. Бұл жағдайда дауыс қатпарлары тек өзінің бос шеттерімен тербеледі. Сонымен қатар фальцетте дауыс қатпарлары жабылмай, олардың арасында сопақ пішінді саңылау қалады. Дыбыстың жоғарылығы: 1) дауыс қатпарларының ұзындығы мен көлденеңіне; 2) дауыс қатпарларына түскен күшке (зорлануына); 3) олардың тербеліс жиілігіне байланысты. Адамның ілгері өсу кезеңінде дауыс қатпарларының көлемі өзгереді, бұның өзі дауыстың өзгеруіне әкеледі. Дауыстың өзгеруі немесе «дауыстың сынуы» (мутация) жыныс ағзаларының жетілуі уақытысында болады (12-16 жаста). Егер балаларда дауыс дисканттан немесе альтадан тенорға, баритонға немесе басқа өтеді, ал қыз балаларда – сопрано немесе контральтоға өтеді (яғни төменгі үннен жоғары үнге өту байқалады, дауыс қатпарлары қалыңдап, әрі қызарып тұрады). Егер жыныс ағзалары дұрыс дамымаса - мутация болмайды. Көмейден шыққан ауа ауыз және мұрын қуысына барып кіреді, олар енді дыбыс жоғарылығын өзгерте алмайды. Олар жоғарғы резонатор есебінде тек көмей дыбыстарының кейбір обертондарын күшейтеді, сондықтан ол белгілі тембрге ие болады.
|