КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
лақтың физиологиясы⇐ ПредыдущаяСтр 198 из 198 1. Есту анализаторының физиологиясы (есту ағзасы) Есту анализаторының (талдауышының) бірден-бір (адекватты; сәйкес) тітіркендіргіштері дыбыс (серпінді толқын) болып саналады. Дыбыстарды қабылдау ішкі құлақтың ұлу рецепторлы бөлігі - шиыршықты (кортиев) ағзада басталады, содан кейін импульстар нерв өткізгіштері арқылы самай қыртысының ми бөлігіне жеткізіледі (орталық есту аймағы). Сөйтіп, есту талдауышы бір тұтас жүйе, басталуын сыртқы құлақтан алады және бас мидың қыртысында бітеді. Есту ағзасының негізгі қасиеттеріне оның дыбыстың биіктігін, қаттылығын және тембірін (бояуын) айыра білу қабілеттілігі жатады. Есту талдауышы анатомиялық тұрғыдан қарағанда үш бөліктен тұрады. 1. Шеткері бөлік немесе рецепторлар 2. Нерв өткізгіштік бөлігі 3. Орталық бөлік - бас ми қатпарлары Есту талдауышының шеткері бөлігі екі негізгі қызмет атқарады: 1. Дыбыс өткізгіш, яғни дыбыс энергиясын рецепторлық аппаратқа жеткізу, бұл көбінесе механикалық (физикалық) қызмет. 2. Дыбыс қабылдағыш – шеткері рецепторда - шиыршықты (кортиева) ағзада дыбыс тербелістерінің физикалық энергиясын нерв қозуына (электрлік потенциалға) айналдыру (трансформациялық), содан кейін ми қыртысына жіберу қызметі. Бұл қызметтеріне сәйкес дыбыс өткізгіш және дыбыс қабылдағыш аппараттарына бөледі. Дыбыс өткізгіш (дыбысты өткізу). Дыбыстарды өткізу механизмі. Дыбыс толқыны ортаның қос тербелісі болады, бұнда қысымның жоғарлау фазасына және қысымның бесеңдеу фазасына бөлінеді. Дыбыс тербелісі сыртқы есту жолына кіріп, дабыл жарғағына жетеді, және оның тербелісін шақырады. Қысымның жоғарлауы (қоюлану) фазасында дабыл жарғағы балғашаның сабымен бірге ішке қарай қозғалады. Бұл кезде балғашаның басымен байланысқан төсшенің денесі көтеріп тұратын байламдардың арқасында сыртқа, ал төсшенің ұзын өскіні ішке жылжиды, сөйтіп үзеңгішені ішке жылжытады. Үзеңгіше кіреберіс терезесіне қысыла енгізіліп, кіреберістің перилимфасын соққы түрдегі жылжуына әкеледі. Толқындардың одан ары таралуы кіреберіс баспалдағы бойымен тербеліс қозғалысын Рейсснера пердесіне жеткізеді, ал ол өз кезегінде эндолимфаны және негізгі перде арқылы - дабыл баспалдағының перилимфасын қозғалысқа әкеледі. Перилимфаның осындай қозғалысы нәтижесінде негізгі және рейсснерлік мембрананың қозғалысы пайда болады. Үзіңгішенің кіреберіс жаққа әрбір қозғалысы ақыр аяғында перилимфа ұлу терезесі пердесінің дабыл қуысы жағына жылжуына алып келеді. Қысымның бәсеңдеу фазасында (ауаны сұйылту) жеткізуші жүйенің бастапқы қалпына қайта кайтуы болады. Ішкі құлаққа дыбыстарды ауа жолымен жеткізу - негізгі жол болып табылады. Шиыршықты ағзаға дыбыстарды жеткізудің басқа жолы сүйектік (тіндік) өткізу. Егер құлақтарын тығындап жабқанда да, қатты дыбыстарды қабылдауы сақталынады. Бұл жағдайда механизм әрекетке кіріседі, бұл кезде дыбыстың ауадағы тербелісі бассүйектің сүйегіне барады, онда таралып ұлуға дейін жетеді. Сүйек тіндері арқылы өткізу компресиялық және инерциялық механизм түрлеріне бөлінеді. Демек, дыбысты сүйек арқылы өткізуде негізгі және Рейсснер перделерінің тербелісі болады және шиыршықты ағзаны әдеттегі жолмен қоздырады. Бассүйектің сүйектер тербелісін оған дыбыс шығаратын камертонды немесе телефонды тигізіп шақыруға болады. Сондықтан, дыбыстың ауа арқылы өткізілуінің бұзылуы кезінде сүйек арқылы өткізу жолы үлкен маңызға ие болады. Есту ағзасының жекелеген элементтерінің қызметі әр түрлі. Құлақ қалқаны.Олардың ототопикада және дыбыс толқындарының коллекторы ретінде бірсыпыра маңызы бар. Сыртқы есту жолы. Формасы түтік болып келеді, соның арқасында дыбыстарды тереңге жақсы өткізгіш болады. Есту жолының ені және формасы дыбыс өткізуде аса маңызды роль атқармайды. Сонымен бірге есту жолы саңылауының тыртықтана бітуі немесе оның механикалық тығындалуы дыбыс толқындарының дабыл жарғағына таралуына кедергі болады және есту қабілетінің елеулі төмендеуіне алып келеді. Сол сияқты есту жолы формасының өзі, оның терісінің жоғарғы сезімталдығы есту ағзасының әр түрлі жарақаттарын болдырмауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар дабыл жарғағына жақын сыртқы есту жолының температурасы мен ылғалдылығы сыртқы ауа температурасымен және ылғалдылығының тұрақсыздығына байланыссыз түрде тұрақты деңгейінде ұсталып тұрылады, сондайлық дабыл жарғағының серпінді қасиетін қамтамасыз етеді. Ортаңғы құлақ қуысы. Дыбыс өткізгіш жүйенің дұрыс жұмысы үшін қажетті жағдай дабыл жарғағының екі жағында да біркелкі қысымның бар болуы. Қалай ортаңғы құлақ қуысындағы, солай сыртқы есту жолындағы қысымның жоғарлауы немесе бәсеңдеуі кезінде дабыл жарғағының керілуі өзгереді, сөйтіп дабыл жарғағының акустикалық (дыбыстық) қарсыласуы жоғарлайды және есту қабілеті төмендейді. Дабыл жарғағының екі жағындағы қысымның теңелуін есту түтігінің ауа алмастыру (вентиляциялық) қызметі қамтамасыз етеді. Жұтыну актісі кезінде және есінегенде есту түтігі ашылады және сыртқы ауа ортаңғы құлақ қуысына енеді. Есту түтігінің ауа алмастыру (өткізгіштік) қызметінің бұзылуы жағдайында, ортаңғы құлақ сілемейлі қабығының біртіндеп қалған ауаны сорып тауысатыны ескерілуі керек, бұның өзі сыртқы қысымның ортаңғы құлақ қуысы қысымынан жоғарылап артуына әкеледі және дабыл жарғағының ішке тартылуын шақырады. Осыған байланысты дыбыс өткізу бұзылады және ортаңғы құлақта патологиялық өзгеріс пайда болады. Дабыл жарғағы және есту сүйекшелері. Бұл құрылымдар дыбыс тербелістерінің күшін арттырады, олардың амплитудасын (тербеліс шегін) азайту есебінен. Кіреберіс терезесіне бекітілген үзеңгіше негізінің көлемі (3 кв.мм.) дабыл жарғағының (55 кв.мм. жуық) көлемінен әжептеуір кіші, сол сияқты есту сүйекшелерінің рычаг тәсілімен тұтасып тұруы нәтижесінде қысым кіреберіс терезесі бетінде дабыл жарғағына қарағанда шамамен 20 рет көп болады. Осы қысымның көбею механизмі ең маңызды бейімдеушілік болады, акустикалық (дыбыстық) энергияның ауа кеңістігінен сұйық ортаға тиімді берілуін қамтамасыз етуге бағытталған, бұл сұйық ортаның ауамен салыстырғанда акустикалық қарсыласуы (импеданс) әжептеур көп. Дабыл жарғағы мен есту сүйекшелерінің арқасында ауа тербелісінің үлкен амплитудағы және біршама аз күші жаңадан өзгертіліп перилимфаны біршама аз амплитудамен, бірақ үлкен қысыммен тербелтеді. Есту бұлшықеттері.Есту бұлшықеттеріне қорғаныш және аккомодациялық (дыбыс өткізгіш аппаратының жекелеген элементтерінің оптимальды тартылуын қамтамасыз етеді) қызметтер тән. Есту бұлшықеттері үлкен қарқынды (интенсивті) дыбыста кенет рефлексті қысқарады, бұл дабыл жарғағы мен есту сүйекшелерінің тербеліс амплитудасының азаюына және осыған лайықты дыбыс қысымының төмендеуіне әкеледі. Бұнымен ұлудың рецепторлы аппараты кенет соққыдан (қатты дыбыстардан) қорғалады. Дыбыс қабылдау (дыбысты қабылдағыш). Дыбысты қабылдау дыбыс тербелістерінің энергиясын нерв импульсына ауыстыратын күрделі нейрофизиологиялық процесс, оны орталық бас ми қыртысына дейін жеткізу, дыбыстарды талдау және ұғыну. Дыбыстарды қабылдау механизімі. Жоғарыда көрсетілгендей, үзеңгішенің негізгі тербелгенде перилимфаның кіреберіс терезесінен ұлу терезесіне қарай ауыстырылуы қабаттас жүреді. Ұлудағы сұйықтықтың қозғалысы негізгі перденің және онда орналасқан шиыршықты ағзаның тербелісін шақырады. Бұл тербелістер кезінде есту жасушаларының талшықтары қысылуыға немесе жамылғы пердемен созылуға (керілуге) ұшырайды, бұл дыбысты қабылдаудың басталуы (бастамасы) болады. Бұл кезеңде тербелістің физикалық энергиясы нерв процесіне айналады (трансформацияланды). Дыбыстар рецепциялары механизмдерін, сол сияқты нерв өткізгіштіктерін және есту ағза орталықтары қызметтерін зерттеуде осы уақытқа шейін үлкен қиыншылықтар кездеседі. Ішкі құлақта болатын процестерді түсіндіру үшін әртүрлі гипотезалар ұсынылған. Есту теориялары. Сол гипотезалардың біреуі Гельмгольцтың (1863ж.) есту (-дің) резонанстық теориясы. Бұл келісілген теория бойынша, ұлуда әртүрлі жиіліктегі дыбыстар тербелістеріне қатысты механикалық резонанс құбылысы байқалады. Шекті музыкалық аспаптармен ұқсастығына қарай жоғарғы (басым) жиіліктегі дыбыстар ұлудың негізіндегі негізгі перденің қысқа талшықты участкесін тербеліс қозғалысына, ал төменгі (бәсең) жиіліктегі дыбыстар - ұлудың ұшындағы негізгі перденің ұзын талшықты учаскесін тербеліс қозғалысына әкеледі. Гельмгольцтың зерттеу теориясы бойынша үш қорытынды шығаруға болады: 1. Ұлуда дыбыстарға біріншілік талдау жүргізіледі. 2. Әрбір жәй дыбыстың негізгі пердеде өзіне тиісті белгілі участкесі бар. 3. Төменгі (бәсең) дыбыстар ұлудың ұшында орналасқан негізгі перде участкелерін тербеліс қозғалысына, ал жоғарғы (басым) дыбыстар - оның негізінде орналасқан негізгі перде участкелерін тербеліс қозғалысына алып келеді. Сөйтіп, кортиев ағза сыртқы дыбыс энергиясының тек белгілі бір түріне ғана жауап беретін детектор және дыбыс энергиясын нервтік қозу процесіне өзгертетін трансформатор ретінде жұмыс істейді. Есту анализаторының шеткі бөлігі -сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау және бұл тітіркендіргіштерді арнаулы нерв қозуына өткізу қызметін атқарады. Өткізгіш бөлік - бұл пайда болған нерв қоздырғыштарын (дыбыс импульстарын) одан әрі нерв өткізгіштері арқылы өзінен жоғары орналасқан мидың орталық бөлігіне жеткізу қызметін орындайды. Орталық бөлім - келген нерв тітіркендіргіштеріне талдау және оны сұрыптау (ұғыну) қызметін атқарады. Есту талдауышының өткізгіш жолдары Есту талдауышы - сыртқы қашықтық (дистантық) талдауыштар топтарына қарайды. Есту талдауышы 4-нейроннан тұрады. І-нейрон екі бөліктен тұрады. Біріншісі - рецепторлық бөлік кортиев ағзасы немесе шиыршықты ағза (1). Екінші бөлік - есту нервісі немесе Кохлеарлық нерв (2), бұл есту нервісі шиыршықты түйін немесе ұлу түйіні арқылы өтіп - сопақша мидың 2 ядросына барады: (4)-дорсальды және (5)-вентральды. Сөйтіп сопақша мидың 2 ядросында есту нервісінің І-нейроны аяқталады және ІІ-нейрон басталады. ІІ-нейрон сопақша ми ядроларын ортаңғы мидың өз жағындағы және қарама-қарсы жақтағы ядроларымен байланыстырады: 1. трапециялық дененің (7,8) 2. жоғарғы оливаның (9) 3. бүйір петляның (10) ядросымен ІІІ-нейрон жоғарғы оливаның, бүйір петляның және трапециялық дененің ядроларын - төрт төмпешіктің (холмиктің) артқы төменгі төмпешігі және медиальды тізелі (коленчаты) дененің ядроларымен (11) жалғастырады. ІV-нейрон төрт төмпешіктің (холмиктің) артқы төменгі төмпешігі мен медиальды тізелі (коленчаты) дененің ядроларынан басталып самай бөлігіндегі Гешле қыртысына (12) (орталық бас ми талдауышына) барып бітеді. ІІ. Вестибулалық анализатордың физиологиясы. Вестибулалық аппарат - тепе-теңдік ағзасы, бұлшықеттердің тонусын (күш-қуатын) реттейді, денені қалыпты жағдайда ұстап тұрады, дененің кеңістіктегі жағдайын және қозғалыс информациясын ми қыртысына жеткізеді. Вестибулалық аппараттың рецепторларын тітіркендіру кезінде дененің теп-теңдігін сақтауға мүмкіндік туғызатын рефлексті реакциялар пайда болады. Вестибулалық анализатор үнемі басқа да анализаторлармен комплексте дененің кеңістіктегі жағдайын және қозғалысын тіркейді және координация жасайды (үйлестіреді). Вестибулалық аппараттың негізгі қызметі бұрышты немесе тіке бағыттағы жылдамдату әсерінен пайда болған дененің кеңістіктегі өзгеріс жағдайлары туралы сигнал беру болады. Бірінші рет 1824 жылы Флуранс жартылай имек каналдар қызметтері туралы пікір айтқан. Жартылай имек каналдардың бірден-бір (адекваты) тітіркеніштері - бұрышты жылдамдық, кіреберістің отолиттік аппараты үшін - тіке сызықтағы қозғалыстың басы және соңы (жылдамдауы немесе баяулауы), сол сияқты жердің тартылыс күші. Бұрышты жылдамдық эндолимфаның жылжуын шақырады, өзімен бірге ампулалы тарақшадағы сезімтал эпителидің жылжымалы талшықтарын қозғалысқа тартады. Бұл қозғалыс фазалары (жылдамдауы және баяулауы) күнделікті өмірде адам басын барлық бұрулар кезінде тұрақты пайда болады. Ампулалы тарақшадағы сезімтал торшалардың жылжымалы талшықтарының ауытқуы (киноцилий), механикалық энергияның электрлік энергия импульсына айналу кезеңі болады. Вестибулалық аппаратты тітіркендіргенде аса әртүрлі рефлекстер пайда болады. Бұл рекакциялар үлкен үш топқа жинақталуы мүмкін: 1. вестибулосоматикалық (анимальдық) рефлекстер 2. вестибуловегетативтік 3. вестибулосенорлық Жартылай имек каналдарды тітіркендіргенде пайда болатын рефлекстер көз, мойын, дене және аяқ-қолдың көлденең жолақты бұлшықеттеріне таралады. Көз бұлшықетінің рефлексі нистагмның пайда болуымен көрінеді - көз алмаларының ырғақты жыпылықтауы, бұл екі компоненттерден (фазадан) тұрады: баяу және тез (жылдам). Нистагмның баяу компоненті - ампулалық рецепторлар, ал жылдам компонент - ми қыртысы жағынан әсер етуде шақырылады. Жылдам компонентті наркоз алады, бұл кезде нистагм пайда болмайды. Горизонтальды каналдарды тітіркендіру - горизонтальды жазықтықтағы нистагмды, алдыңғы каналдарды - фронтальды және артқы - сагитальды жазықтықтағы нистагмды шақырады. Нистагмның соңынан бақылағанда тек жылдам компоненті ғана жақсы көрінеді және соның бағыты арқылы нистагмның бағытын анықтайды. Патология жағдайларында нистагм ешбір қосымша тітіркендірусіз-ақ пайда болуы және ұзаққа созылуы мүмкін - бұндай нистагм спонтанды (ішкі себептермен пайда болады) аталады. Экспериментальдық немесе патологиялық тітіркеніштердің күшіне сәйкес нистагмның үш дәрежесін айырады. Егер нистагм тез компенент жаққа қарағанда пайда болса - ол бірінші дәрежедегі нистагм. Егер нистагм тік қарағанда да болса, онда ол екінші дәрежедегі нистагм, егер нистагм баяу компонент жаққа қарағанда да қоймаса - ол үшінші дәрежедегі нистагм. Нистагмның тез комопненті лабиринттің «зорығуын» көрсетеді. Сөйтіп нистагмның сипатталу ерекшелігі: 1. Жазықтығына байланысты (көлденең, тік, фронтальды). 2. Бағыты бойынша (оңға, солға, жоғары, төмен). 3. Күшіне қарай үш дәрежелі (І, ІІ, ІІІ). 4. Амплитудасына қарай (үлкен, орта және ұсақ серпіністі нистагм). 5. Жылдамдығы бойынша - тез және баяу (жылдам, бәсең). 6. Ұзақтылығына байланысты - секундпен белгіленеді. Ескерту қажет, лабиринттің функционалдық жағдайы туралы ең көп информацияны жартылай имек каналдардың рецепторларын эксперименталды тітіркендіруден кейін нистагмды тексеру береді. Ампулалық рецепторларды тітіркендіру кезінде анимальдық рефлекстер қол, аяқ, дене және бастың - нистагмның баяу бағыты жағына (эндолимфаның қозғалысы жағына) ауытқуы түрінде көрінеді, бұл горизонтальды жартылай каналдар үшін, ал басқа каналдарға қарсы жаққа. Мысалы адамды креслоға отырғызып бірнеше рет оңға айналдырып тоқтатқанда, эндолимфаның қозғалысы инерция бойынша оңға біраз уақыт жалғасады. Эндолимфаның бұндай бағыттағы ағысы, дененің оң жақ қозғалысына жауапты бұлшықеттерінің гипертонусын шақырады. Барлық оң жақ жарты дене бұлшықеттерінің бұндай жоғары тонусы - ауырлық центрінің оңға жылжуына себепші болады (барлық денесімен оң жаққа қарай ауытқып кетеді). Эвальд тәжірибесінде (1853ж.) көгершіннің жартылай имек каналының тегіс аяғын тасқылып пломбалап бекіткен, ал ампулаға жақынырақ бұл каналға тесік арқылы кішкентай поршень қондырған. Содан соң поршеньмен канал қабырғасына басқанда (ішке қозғалтқанда) бұның өзі эндолимфаның ампулаға қарай жылжуын шақырады, ал бұл қысымды азайтқанда (поршенді көтергенде) эндолимфаның тегіс аяғына жылжуы пайда болған. Соның нәтижесінде көгершіннің көзі тәжірибе жасаған құлаққа қарай ауытқыған. Поршеннің қарсы бағыттағы қозғалысы көгершіннің көзі мен басының қарама-қарсы бағытта ауытқуына әкелген. Эвальдтың бірінші заңы - жартылай имек каналдардағы реакциялар (нистагм, аяқ-қолдың ауытқуы) әрқашан айналдыру жазықтығында болады. Эвальдтың екінші заңы білдіреді, эндолимфаның қозғалыс бағыты әрқашан нистагмның баяу компоненті бағытына сәйкес келеді (дененің, бастың, қол-аяқтың ауытқу бағыты). Демек, нистагмның тез компоненті (немесе нистагм) қарама-қарсы жаққа бағытталады. Эвальдтың үшінші заңында - эндолимфаның ампулаға қарай қозғалысы, эндолимфаның тегіс аяққа қарай қозғалысынан гөрі біраз қатты реакциялар шақырады. Вертикальды өзекшелерге бұл заңдар керісінше. Нистагм реакцияларының заңдылықтарына В.И. Воячек (1915ж.) тұжырымдаған тағы екі «темір» заңдар қарайды: Бірінші заң - нистагмның жазықтығына қатысты және мыналарды білдіреді: нистагм әрқашан айналдыру жазықтығында пайда болады. Бұл заңнан практикалық қорытынды: тек горизонтальды жартылай имек каналдардан нистагм алу үшін, горизонтальды каналды айналдыру жазықтығына қою қажет, яғни басын төмен 30º-қа шейін еңкейтеді. Тек фронтальды каналдан нистагм алу үшін басын алға 90º-қа еңкейтуге тиіс, бұл кезде нистагм ротаторлы болады. Ал тек сагитальды каналды тексеру үшін, басын бір жақ иығына қарай 90º-қа ию қажет, сонда айналдыру жазықтығы сагитальды каналға дәл түседі және нистагм вертикальды болады. Екінші заң - нистагмның бағытына қатысты. Нистагмның бағыты оның тез компонентімен шарты белгіленеді. Өйткені нистагмның баяу компоненті әрқашан жартылай имек каналдардағы эндолимфаның қозғалысы жағына бағытталады. Олай болса, вестибуляр нистагмның екінші «темір» заңы былай тұжырымдалады: нистагм әрқашан эндолимфаның қозғалыс бағытына қарама-қарсы. ВЕСТИБУЛАЛЫҚ ТАЛДАУЫШТЫҢ ӨЗТКІЗГІШ ЖОЛДАРЫ Вестибулалық талдауыш дененің кеңістіктегі жағдайын және қозғалысын талдаушы болып саналады. І-нейрон шеткі рецептор болып саналады және жартылай имек каналдардың кеңейген ампулалы тарақшалары (1) мен кіреберіс қапшықтарының эллиптік және сфералық дақтарынан (2) басталып, одан әрі бұл шеткі талшықтар кіреберіс түйіні (3) арқылы өтіп, кіреберіс түйіннің орталық талшықтарын (4) құрайды. Бұл жасушалардың орталық талшықтары сопақша миға қарай бағытталып, оның төрт ядросына барып бітеді: 1. жоғарғы Бехтерев ядросы (5). 2. сыртқы Дейтерса ядросы (6). 3.ішке Швальбе (7) ядросы. 4. төменгі Роллера (8) ядросы. Бұл сопақша мидың төрт ядросы - тепе-теңдік аймағы болып саналады. Одан әрі талшықтар әртүрлі бағытта кетеді. Вестибулалық нейрондар сопақша ми ядроларынан шығып өткізгіш бөліктер арқылы жұлынмен, мишықпен, көз қимылдатқыш нервтерімен т.б. байланыста болады. Бұл байланыстардың екі жолы бар: 1. Жоғары көтерілетін жол: а) вестибулалық - мишық рефлексті доғасы: Бехтерев және Дейтерса ядроларынан шығып мишыққа (8) баратын жол (мишық - бұл ағза, қозғалысты координация жасаушы және бұлшықеттердің тонусын ұстаушы және тепе-теңдік ядроларымен тікелей анатомия-физиологиялық байланыста болады). б) вестибулалық - вегетативті рефлексті доғасы (10). Вегетативті өзгерістер (реакциялар) лабиринтті тітіркендіру кезінде пайда болып, тепе-теңдік және кезеген жүйеге ядроларымен анатомиялық көршілік әсерінен туады. в) вестибулалық - көз қимылдатқыш рефлексті доғасы (11), Бехтерев ядросынан басталады (үзіліссіз жол және жоғары көтерілетін үшбұрышты үзілісті жол). Бұл доғалар арқылы көз қимылдатқыш нервісімен байланыс жүргізіледі. 2. Төмен түсетін жол – вестибулалық - жұлын рефлексті доғасы (12, 13), Дейтерса және Швальбе ядроларынан басталып, жұлын миының алдыңғы мүйізі мен жасушаларында аяқталады. Олардың вестибулалық талдауышпен қалай байланысатыны әлі анықталған жоқ. Жоғарыда көрсетілген осы байланыс қимылдардың барлығы орталық вестибулалық талдауышысыз-ақ атқарылып жатады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 1. Ахметов М.А. Медицина терминдерінің сөздігі. Астана, 2005 ж. 2. Байгенжин А.К., Яхин Е.Ж., Карибеков Т.С., Махамбетова Э.А. Құлақ, мұрын және тамақ аурулары саласында жиі қолданылатын медициналық атаулардың орысша-қазақша сөздігі. Астана, 2002 ж. 3. Мырзабеков М. Орысша-қазақша медициалық сөздік. Алматы, 1995 ж. 4. Рақышев А. Анатомия термидерінің қазақша-орысша-латынша сөздігі. Алматы, 1995 ж. 5. Сауранбаев Н. Орысша-қазақша сөздік. Москва, 1954 ж. 6. Мәдікенов О., Әлиякпаров М. Жалпы медициналық термидердің орысша-қазақша анықтама сөздігі. Қарағанды, 1992 ж. 7. Бәшіров А., Әбзалиев Ә. Хирургиялық терминдер сөздігі. Қарағанды, 1992 8. Құлманбетов И. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы, 1991 ж. 9. Исамбаев М., Сарсенова Ш. Медицина терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1982 ж. 10. Жалмұхамедов Қ. Көз аурулар терминдерінің орысша-қазақша қысқаша түсіндірме сөздігі. Алматы,1982 ж. 11. Шайықов З., Асылбеков Н., Омаржанова Н. Құлақ, тамақ, мұрын және көмей ауруларының қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Қарағанды, 1993 ж. 12. Керимбеков Е.Б. Русско-казахский толковый словарь физиологических терминов. Алматы, 1991 13. Мусабаев Г.Г. Русско-казахский словарь. Алматы, 1978 14. Нурқасымов М, Кайыпова Н. Русско-казахский акушерско-гинекологический словарь. Алматы, 1995 15. Сарсенбаев А.С. Русско-казахский терминологический словарь. Алматы, 2002 16. Шаихов З.Ш, Асылбеков.Н.С., Омаржанова.Н.Т. , Газизов.О.М., Музафарова С.А.. Құлақ , тамақ , мұрын және көмей ауруларының қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Қарағанды,1993 ж. 17. Шаихов З.Ш., Төлебаев Р.К., Асылбеков Н.С. Құлақ, мұрын, тамақ аурулары Ақмола. – 1997 ж. 18. Пальчун В.Т., Преображенский Н.А. Болезни уха, горла, носа. Москва, 1983г 19. Тайбағаров С.Е. Құлақ, тамақ және мұрын аурулары. Алматы, 1994ж 20. Гапанович В.Я., Александров В.М. Атлас оториноларингологии. Минск, 1989ж 21. Ундриц В.Ф., Хилов И.Л. Болезни уха, горла и носа. Москва,1969г
|