Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Атты әсер ететін улы заттардың (ҚӘУЗ) организмді зақымдауы




ҚӘУЗ адам организміне тыныс алу жолдары, қорғалмаған тері, көз ұлпасы, сондай-ақ зақымдалған сумен немесе тамақпен ауыз арқылы өтеді.

ҚӘУЗ қауіптілік деңгейі — хайуанаттар үшін улылық әсері бойынша 4 сыныпқа бөлінеді:

• төтенше қауіпті;

· аса қауіпті;

· орташа қауіпті;

· қауіпі аз.

ҚӘУЗ-бен зақымданушыларға медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі шараларға мыналар жатады:

· зақымдану ошағында химиядан қорғау шараларын жүргізу;

· зақымданушыларға алғашқы медициналық көмекті өте қысқа мерзімде көрсету;

· зақымданушыларды зақымдану аймағынан көшіруді ұйымдастыру.

ҚӘУЗ-бен зақымданудың химиялық ошақтарының сипаттамасы

Аммиакпен зақымдану ошагы — тұрақсыз, жылдам әсер етеді. Ошақтағы аммиактың агрегаттық күйі — газ, аэро-золь. Зақымдаушы мөлшері — 15 мг/мин/л, ең қауіпті мөлшері 100 мг/мин/л.

Аммиак — түссіз газ, ауа ылғалдылығымен қосылған кезде мүсәтір спиртін құрайды, оттегімен қосылған кезде жарылады.

Тыныс алу оргавдарын қорғау үшін өндірістік газқағарлар пайдаланылады. Газқағар жоқ болса, 5% лимон қышқылы ерітіңдісімен шайылған мақта-мата дәкісі пайдаланылады. Ошақтағы агрегаттың күйі — газ тәріздес. Негізінен тыныс жолдары арқылы зақымдайды.

Аяеашқы медициналық көмек — зақымдану ошағында өз-өзіне және өзара көмек тәртібімен жүргізіледі:

· көзді алюминий-калийдің 0,5% ертіндісімен немесе бор қышқылының 2% ертіндісімен жақсылап шаю;

· газкағар немесе 5% лимон қышқылы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;

· тамшы теріге тиген кезде оны сумен жақсылап шаю, ТЖ және АҚ органдары нұсқауы бойынша желге қарсы ба-ғытта зақымдану ошағьшан шығу;

· аммиак бумен зақымданушыны тыныштық күйде күту керек, көңіл-күйінің қандай екендігше қарамастан жатқызып қойып алып кеткен жөн.

Азот қышқылымен және тотыгымен зақымдану ошагы — жартылай берік, баяу әсер етеді, агрегаттық күйі — сұйық тамшы, аэрозоль, бу тәріздес. Зақымдаушы мөлшері — 1,5 мг/мин/л, ең қауіпті мөлшері 7 — 8 мг/мин/л.

Тыныс алу органдарын қорғау үшін сүзгілік, өндірістік газқағарлар пайдаланылады. Газқағар жоқ болса мақта-мата таңғышы, орамал пайдаланылады (ас содасының 2%-тік ерітіндісімен шайылған).

Алгашқы медициналык, көмек:

· көз бен бетті сумен жақсылап шаю;

· газқағар немесе 2% тамақ содасы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;

· терінің ашық жерлерінен азорт қышқылынын тамшыларын сумен 10—15 минут бойы жақсылап шаю;

· зақымданушыны тыныштық күйде күту керек, көңіл-күйінің қандай екендігіне қарамастан жатқызып қойып алып кеткен жөн.

Бензинмен зақымдану ошагы — тұрақсыз, жылдам әсер етеді. Зақымдаудың улылық дозасы — 198 мг/мин/л.

Бензин — бұл майлы (90—95%) және ароматты (5—10%) әртүрлі көміртегілердің қоспасы, ұшатын, жылдам тұтанатын сұйық.

Тыныс алу органдарын қорғау үшін сүзгілік, өндірістік, газқағарлар пайдаланылады. Газқағар жоқ болса мақта – мата таңғыш орамал пайдаланылады. (ас содасының 2 % - тік ерітіндісімен шайылған)

Алғашқы медициналық көмек:

· зақымданушыны таза ауаға шығарып жаға мен белбеуді босату;

· газқағар немесе 2 % тамақ содасы ерітіндісімен шайылған мақта – мата танғышын кигізу;

· теріде у тамшысы болса, оны сабын ерітіндісмен шаю;

· есінен таңған жағдайда мүсәтір спиртін иіскету, тыныс алу тоқтаған кезде жасанда демалдыру;

· зақымданушыны зақымдану ауданынан алып кету.

Хлормен зақымдану ошагы — тұрақсыз, жылдам әсер етеді.

Ошақтағы күйі газ тәріздес. Негезінен тыныс жоддары арқылы зақымдайды. Зақымдаушы мөлшері — 0,6 мг/мин/л, ең қауіпті мөлшері 6,0 мг/мин/л.

Хлор — өткір иісті газ, ауадан 2,5 есе ауыр.

Тыныс органдарын қорғау үшін сүзгіштік және өндірістік газқағарлар пайдаланылады. Газқағар жоқ болса мақта-мата таңғыш, орамал пайдаланылады (2% ерітіндісімен шайылған).

Алгашқы медициналык, көмек:

· көзді сумен шаю;

· газқағар немесе 2% тамақ содасы ерітіндісімен шайы-лған мақта-мата таңғышын кигізу;

· терінің зақымданған жерлерін у тамшысы болса, сабын ертіндісімен шаю;

· хлор буымен зақымданушыны зембілмен алып кетеді.

Көміртегі тотыеымен зақымдану ошагы — тұрақсыз жылдам әсер етеді, Агрегаттық күйі — газ. Зақымдаудың улылық дозасы — 33 мг/мин/л, қазаға ұшырататын дозасы 136,5 мг/мин/л.

Зақымдану тек ингаляция жолымен өтеді, тұйықталған, нашар желденетін жерде газ жиналған уақытта зақымдану өте қауіпті. Зақымдану белгілері: бас ауырады, құлақ щулайды, жүрек айниды, құстырады, бұлшық ет әлсірейді, ес ауады, дене құрысады, кіші дәрет тоқтамайды, тыныс алу орталығының құрысуынан адам қаза болу мүмкін. Көміртегі тотығы гипоксияны тудыратын улар қатарьша жатады, терінің тыныс алуын тоқтатады. Ошақтағы зақымданушылардың кепшілігі ауыр және орта дәрежедегі улануға ұшырайды.

Тыныс алу органдарын қорғау үшін гопкалипті патроны бар газқағар, өнеркәсіптік сүзгілік немесе оқшаулағыш газ-қағар пайдаланылады.

Алгашқы медициналық көмек:

· газқағар кигізу;

· тыныс алу көп нашарлаған кезде оттегіні денеге еңгізу;

· зақымданушыны зақымдану ауданынан тезірек алып кету.

Жеке химиялық улануға қарсы пакетінің мақсаты мен құрылысы (ИПП -8)

Адамның денесі мен киіміне, жеке қорғау қүралына, приборға, аспапқа түскен улы сұйық зат тамшыларын залалсыздандыруға арналған.

Ол жалпақ шыны ыдысынан (газсыздандырылатын ерітіндімен толтырылған, сыйымдылығы – 125 130 мл ) және төрт мақталы дәкі тампонынан тұрады. Әуелі пакетті ашып, ыдысты алады. Бұдан кейін оның тығынын алып, тампонның бірін жақсылап шаяды. Содан соң терінің күдікті ашық жерлерін мұқият сүртеді де қайтадан шаяды. Және жаға мен жеңнің ұшын сүртеді. Оны жаққан уақытта теріні тыз еткізіп күйдіруі мүмкін. Пакеттегі сұйық улы және кез үшін қауіпті. Сондықтан көздің айналасындағы теріні құрғақ шүберекпен сүртіп, таза сумен немесе ас содасының 2%-тік ерітіндісімен шаяды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 353; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты