Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЗАҚЫМДАНУ ОШАҒЫНДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ БАҒАЛАУ




Химиялыц ахуал ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне, АК, күштері мен халыққа әсер ететін жердің ҚӘУЗ-бен (УЗ) химиялық зақымдану салдарының жиынтығы түсінледі.

Химиялық ахуал ҚӘУЗ төгілу (тасталу) немесе химиялық зақымдан аймағы мен химиялық зақымдау ошақтары пайда болатын химиялық қаруды колдану кезінде жасалады.

Химиялық ахуалды бағалауға шналар кіреді:

— химиялық зақымдау көлемі мен сипатын анықтау;

— олардьщ объекгілер қызметтеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін таддау;

— адамдардың закымдалуын болдырмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нүсқаларын іріктеу.

Химиялық ахуалды бағалау болжау әдісімен және барлау мәліметтері бойынша жүргізіледі.

Шаруашьшық объектілерінде химиялық ахуадды баға-лауды (РХҚ) нүктелері (буындары) жүргізеді.

Химиялық ахуалды бағалайтын бастапқы мәліметтер:

— ҚӘУЗ түрі мен саны, химиялық кдруды қоддану құралы мен УЗ түрі;

— улы заттардың шығарылу (төгілу), химиялық қарудың қолданылу ауданы мен уақыты;

— адамдардың қорғану деңгейі;

— жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы қүрылыстардың сипаты;

— ауа райы (жер бетінің қабатындағы желдің жыддамдығы мен бағыты, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикаддық түрақтылығының деңгейі).

Ауаның вертикалдық түрақтылығының деңгейін шамамен ауа райын бақылау арқылы анықтауға болады.

Ауаның вертикалдық тұрақтылығы үш деңгейге бөлінеді: инверсия, изотермия, конвекция.

Инверсияәдетте шамамен күн батардан 1 сагаттай бүрын кешкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін 1 сағаттың бойында бүзылады. Инверсия кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және ластанған жинақталған ауаның сақталуы үшін аса колайлы жағдай жасайды.

Изотермия ауаның тұрақты теңдігімен сипатталады. Изотермия кезінде жердің 20 — ЗОм биіктік шегінде ауаның температурасы жердікімен шамалас. Ол жауын-шашынды ауа райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертенгі және кешкі сағатгарда да инверсиядан конвекцияға (таңертең) және керісінше (кешкі) көшпелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.

Конвекция әдетте күн шыққаннан кейін 2 сағаттан соң пайда болады және шамаммен күн батардан 2—2,5 сағат бүрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезівде ауаның теменгі қабаттары жоғары қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез тарауына және оның зақымдағыш әсерінің азаюына ықпал етеді.

 

 

 

 

Жел жылдам -дығы, м/с Түн Күн
ашық бұлынғыр бұлтты ашық бұлыңғыр бұлтты
0,5 инверсия   конвекция  
0,6-2
2,1-4 | изотермия _____ изогермия
4-тен астам  

Ауаның жер бетіндегі қабатының вертикалдық тұрақтылық деңгейі кесте көмегімен ауа райы болжамының мәліметтері бойьшша анықталуы мүмкін.

Қарсылас жақ улы затты пайдаланған кезде пайда болған химиялық ахуалды айыру кезінде қолданылған затгы, зақымдану аймағының алаңы мен улы зат түрін анықтайды. Осы мәліметгер негізіңде ластанған ауаның таралу терендігін, жер мен техникадағы улы зат беріктігін, адамдардың теріні қорғау құралдарында болу уақытын, адамдардың, ғимараттың, техника мен мүліктің зақымдануын ықтимал бағалайды.

Қарсылас жақ улы зақым қолданған кезде ауданның шекарасын анықтау барлау күштерімен немесе ТЖ және АҚ жөніндегі жоғары тұрған орган ақпараттарының мәліметтері бойьшша жүргізіледі. Химиялық шабуылға қатысушы құралдар саны (ұшақтар саны, олардың үлгілері, зымырандар саны), улағыш заттарды қолдану әдісі (химиялық бомбалар, зымыранған, төгілетін авиациялық приборлар және басқалар).

Химиялық оқ-дәрі немесе әскери прибордың әсері кезінде улы зат бұлты пайда болады, ол алгашқы булт деп аталады. Осы бұлттың құрамы УЗ түрі мен оны ұрыс жағдайына көшіру әдісіне байланысты. Қарсылас жақ зарин түріндегі УЗ қолданған кезде алғашқы бұлт осы УЗ буынан құралады, ал Ви-Икс түріндегі УЗ қолдану негізінен аэрозольдік бөлшектерден тұратын бұлттың құралуына алып келеді. Қарсылас жақ төгілетін авиациялық приборларды пайдаланған кезде тұрпайы аэрозоль бұлты мен УЗ тамшысы пайда болады, олар сіңе отыра объектілерді, жерді, су көздерін, техника мен адамдарды зақымдайды.

Әртүрлі заттардың үстінде аэрозоль мен тамшы түріндегі УЗ уақыт ете буланады. Аэрозольдік бөлшектер мен УЗ тамшының булану нәтижесіңде зақымдалған жерде осы УЗ буыннан гана туратын УЗ қайталама булты пайда болады.

Жылжып келе жатқан ауа массасының әсерімен УЗ таралып, сирейді, соның нәтижесінде онда жинақталған УЗ уақыт өте азаяды, тиісінше қорғалмаған адамдардың зақымдау дозасын алу қауіпі төмендейді.

Ластанған ауаның таралу тереңдігі химиялық қару қолданылған ауданның желді шекарасынан бастап зақымдағыш мөлшері бар ластанған ауа бұлтының таралу шекарасына дейін қолданылады. Ол ауа райына, жер бедеріне, орман алқаптарының бар жоғы мен елді мекендер құрылысының тығыздығына байланысты.

Төменде изотермия жағдайындағы авиациямен УЗ қолданған кезде ашык. жердегі ластанған ауа бұлтының қауіпті таралу терендігінің (км) есептемелік маңызы келтірілген.

Ашық ауа райында (конвекция жағдайында) ластанған ауаның қауіпті таралуының терендігі шамамен екі есеге азаяды, ал инверсия жағдайында шамамен 1,5 — 2 есеге көбейеді.

 

УЗ түрі Тұрақты жедцің м/с жыддамдығы кезінде ластанған ауаның қауіпті таралуының терендігі (км)
1 - 2 м/с 2 - 4 м/с
Зарин
Ви-Икс 5-8 8-12
Иприт

 

Төңірегінің бәрі құрылыс елді мекендер мен орман алқаптарында ластанған ауаның қауіпті таралуының терендігі айтарлықтай азаяды (3 —3,5 есе).

ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағында болуы мүмкін адамдарды қорғауды ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі.

Химиялық ахуалды болжау өдісімен бағалау кезінде ауа райының ластанған ауаның таралуы үшін қолайлы кезінде объектідегі бүкіл ҚӘУЗ қорының бір уақытта төгілу (шығу) шарты қабылданады (инверсия, желдің жылдамдығы 1 м/с). ҚӘУЗ салынған ыдыстардағы авариялар (қирау) кезінде бағалау нақты қалыптасқан жағдай бойынша жүргізіледі, яғни төгілген (шығарылған) улы заттардың нақты саны мен ауа райының жағдайы алынады. Бұл жағдайда қайнау темпера-турасы 20 °С-тан төмен улы заттардың (фосген, фторлы сутегі және т.б.) олардың төгілу шегі бойынша бірден буланатындығын және ауаның жер бетіндегі қабатына түскен улы булар көлемінің аққан сұйық көлеміне тең болатындығын ескеру керек. Ойнау температурасы 20 °С-тан жоғары улы сұйықтардың (күкіртті көмір тегі, көгілдір қышқылы және т.б.), сондай-ақ баяу қызатын сұйықтардың (сүйытылған аммиак пен хлор, олеум және т.б.) объект аумағында төгіледі және булана отырып ауаның жер бетіндегі қабатын ластайды.

ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағы мен химиялық зақымдану аймағының көлемдерін, ластанған ауаның белгілі межеге (объект) жету уақытын, зақымдаушы іс-әрекет уақыты мен химиялық зақымдану ошағындағы адамдардың ықтимал қаза болуын анықтауды қарастырады.

Химиялық ахуалды бағалау негізінде адамдарды қорғау шаралары қабылданады, зақымдану мен зақымдау салдарын жою жағдайындағы құтқару, объектінің өндірістік қызметін қалпына келтіру және халықтың тіршілігін қамсыздандыру жұмыстарын жүргізу жөнінде іспааралар әзірленеді.

Объектідегі қорғаныс режимін таңдау кезінде мыналар қарастырылады: өндірістік қддзметгі жалғастыру кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, закдмдалған ғимараттарда (цехтарда) жұмысты тоқтату, адамдар жұмыс орнына шыққаннан кейін зақымдануды болдырмайтын жұмыстарды жүргізгенге дейін панаханаларда болу төртібі. Объект аумағы қатты зақымданған жағдайда жекелеген цехтардың немесе бүкіл объектінің жұмысын тоқтатып, аумақты, ғимарат пен объекті қондырғыларын залалсыздандыру жөніндегі шараларды жүргізгенге дейін зақымданбаған аудандарға адамдарды көшіру қарастырылуы мүмкін.

Объект жұмысының үлгілік режимдерінің, құтқару жұмыстарын жүргізудің үлгілік нұсқаларын бейбіт уақытта желдің негізгі бағытын, объект жұмысының нақты жағдайы мен АҚ бөлімшелерінің жеке қүрамын, жұмысшылар мен қызметшілерді жеке қорғаныс пен ұжымдық қорғау құрал-дарымен қамсыздандыруды ескере отырып даярлаған дұрыс.

Химиялық ахуалды бағалаудан туындаған қорытындылар зақымдау ошақтарында жұмыс жүргізу үшін АҚ бастықтарының шешімдерінде пайдаланьшады және АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын химиялық зақымдану жағдайындағы іс-әрекет кезінде қорғауды ұйымдастырудың негізі болып табылады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 405; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты