КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Орғаныс әдістері мен кұралдарын аныктаудағы кешенді көзқарас.Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды. Әрбір нақты жағдайда қалыптасқан ахуалға олардың қайсысының барынша сәйкес келетіндігіне басымдық бере отыра халықты қорғау әдістерін қисынды үйлестіріп, дәл қолдана білу қажет. Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау қүралдарынан қорғаудың ең жоғары деңгейіне жету үшін бейбіт уақытта сипаты мен көлемі бойынша әртүрлі инженерлік, көшіру, радиациядан қорғау, медициналық, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенін өз уақытында жоспарлап іске асыру қажет. Осы шаралардың мәнің қысқаша қарастырайық. а) Инженерлік шаралар. Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру жау шабылуы жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады. Сондықтан АҚ-ны дамытудағы маңызды бағыт АҚ тобына жатқызылған қалалар мен маңызды шаруашылық объектілерінде панаханаларды дер кезінде салу мақсатында қорғаныс ғимаратының құрылысын және калған қалалар мен селолық жерлерде радиациядан қорғайтын орындарды (РҚО) салуды өрістету болып табылады. б) Көшіру шаралары. Көшіру шараларын дер кезінде жүргізу ТЖ жағдайында халықты алып кетуге (тасуға), сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда зақымданудан сақтауға мүмкіндік береді. в) Радиация мен химиядан қоргау шаралары. Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ шараларының кешені ретінде қарастырылады ол мыналарды қамтиды: · халық пен АҚ құрамаларын; · қорғаныс, панаханадағы ауаны сүзу және айдау құралдарымен; · радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-5, ИМД-21); · химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ППХР, ҚӘУЗ мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен, аспалы газталдағыштарымен (АГП-1); · дозиметрлік бақьшау приборларымен (ИД-1, ИД-И, ДП-22В, ДП-24) қамсыздандыруды; · осы құралдарды әзірлікте ұстауды; · радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалауды; · халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарлауды; · азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктің зақымдануына жол бермеу және оларды залалсыздандыруды; · радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерін әзірлеуді; · жердегі, ғимаратгағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ судың, азық-түліктің улы затпен ластануын аныктау үшін халықтың "Мастер — 1", "Сосна", "Белла" тұрмыстық дозиметрлерін пайдалануды; · радиоактивтік ластану жөне химиялық зақымдану салдарын жоюды. Медициналык, шаралар. Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау бойынша медициналық шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан ескерту немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі. Ол мыналарды қамтиды: · санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізуді; · халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйретуді; · халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды; · объекгілердің радиоактивтік, химиялық заттар және бактериалдық құралдармен зақьшдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыруды; · санитарлық-ветеринарлық және эгащемияға қарсы шараларды жүргізу. Өрттен қоргау шаралары. Бұл — халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық жөне ұйымдық шаралардың кешені. Өрттен қорғау шаралары мынаны қамтиды: · ықтимал өрт ахуалын болжауды; · қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөніндегі инженерлік-техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргізуді; · өрттен қорғау қызметі мен халықтың тиісті даярлығын; · өрт ахуалын бағалау мен оны бақылауды; · өрт ошақтарын, сондай-ақ қала құрылысы аудандарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалауды; · өрттің алдын алуды, жайылтпау мен сөндіруді. Сөйтіп, қорғау әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас қана халықтың сенімді қорғалуын қамсыздандырады. Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білу бүкіл халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу. АҚ алдында тұрған міндеттерді табысты орындауда ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыстың үлкен маңызы бар. Республика басқару органдарында әзірленетін өзара іс-қимыл жоспарларының мазмұнына ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыс бойынша негізгі мәселелер енгізілген: · даярлық дабылдары бойынша АҚ және ТЖ органдары гарнизондарының хабарлау және осы органдардан олар орындаған шаралар туралы кері ақпарат алу тәртібі; · коменданттық қызметті ұйымдастыру және әскерлердің, жұмылдыру ресурсының қозғалысы мен халықты көшірудің негізгі бағыттарындағы қозғалысты реттеу; · гарнизон әскерлерін, жергілікті қорғаныс объектілерін, көшірілген халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру аудандарын анықтау; · зақымдау ошақтарында және зілзала, ірі авария мен апат кезінде барлауды ұйымдастыру мен құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу мәселелерін келісу. АҚ мүддесі үшін барлау жүргізу үшін әскери басшылық ұшақ тар, тікүшактар, әскери бөлімдердің барлау құрылымдарын және техниканы бөлуі мүмкін; · радиациялық және химиялық қадағалау мен лабораториялық бақылаудын бірыңғай жүйесін белгілеу; · көлік, медицина, инженерлік, материалдық-техникалық құралдармен өз-ара көмек көрсету жөніндегі шаралар; · санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы ақпарат; · халықты көшіруде басқару үшін байланыс және хабарлау құралдарын бірлесіп пайдалану. Әскери басқару органдарының бүкіл басшы құрамының тиісті мемлекетгік және шаруашылық оргаңдарымен, АҚ және ТЖ органдарымен және қызметгерімен келсімді жұмысы арқылы ғана қысқа мерзімде АҚ жүйесінің бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ұйьшшылдыкден көшуі, өзіне жүктелген міндетті орыңдауы үшін тұрақты даярлығына қол жеткізуге болады.
|