КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қүтіп ұстау және пайдалану тәртібіҚорғаныс ғимаратын пайдалануға даярлықта ұстау мен оны дұрыс пайдалануға бақылауды панахана мен жасырыну орындарын ұйымдастыру қызметі, ал оларды күту мен пайдалануды осы ғимаратқа қызмет көрсететін топ (буын) жүргізеді. Буын командирі (ол қорғаныс ғимаратының командиры) ғимаратқа кызмет көрсететін инженерлік-техникалық қызметшілерден тағайындалады. Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде бөлмелерді белгіленген мерзімде қорғаныс ғимараттары режиміне көшіруді қамтамасыз ететін барлық талаптар орындалуға және соғыс уақытында қорғаныс гимараттарына адам келуге қажетті жағдайлар сақталуға тиіс. Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде жалпы, сондай-ақ оны жекелеген бөліктерінің —кіреберістер мен авариялық шығаберістердің және қорғалған-қымталған есікгердің, баулықтардын және жарылыстардан қорғайтын қондырғьілардьщ, бүкіл қорғаныс ғимаратының, инженерлік-техникалық қондырғылардың қорғаныс қабілетінін. сақталуы, қымталуы мен суды өткізбеуішті және оны кез келген уақьпта соғыс уақытындағы режимде пайдалануға көшіру мүмкіндігі қамсыздандырылуға тиіс. Қорғаныс ғимараттарының қондырғыларын бөлшектеуге, бөлмелерді өзгертуге, коршағыш құрғыларға саңылау мен ойық істеуге және қорғаныс қабілеті мен қымгалудың өзгеде бұзылуына тиым салынады. Қорғаныс ғимаратында мына құжаттар болуға тиіс: АҚ хабарының дабылдары, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәртібі, кіреберіс-шығаберіс, су алатын нүктелер, санитарлық тіректер көрсеткіштері, қорғаныс ғимаратының күтіп ұстау тәртібі мен жабдықтау табелі, панахана паспорты, ажырату қондырғыларын көрсеткімен ішкі және сыртқы инженерлік тораптар жоспары, қорғаныс ғимаратгың жәй-күйін тексеру журналы, желдеткіш-сүзгіш жөне өзге инженерлік жабдыктарды пайдалану жөніндегі нүсқаулықтар, приборларды пайдалану төртібі. Сонымен қатар АҚ жене ТЖ лауазымды тұлғаларының, емдеу мекемелерімен өрт командарымен, теле-фон мен мекен жайының тізімдері жасырынатындардың өзін-өзі ұстау тәртібі көрнекі жерге ілінуге тиіс. Қорғаныс ғимараттарының жәй-күйі бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдаланатын көсіпорын (мекеме) басшысы белгілеген тәртіппен жүргізілетін жыл сайынғы және арнайы (кезектен тыс) қадағалауларда тексеріледі. Қорғаныс ғимаратының кіреберісіне кедергі жасауға болмайды. Қала (аудан) ТЖ және АҚ басқару органдарының келісімісіз кіреберістерге, шығаберістерге және сыртқы ауа келетін қондырғыларға жақын учаскелерге құрылыс салуға тиым салынады. Қорғалған-қымталған есіктер бейбіт уақытта ғимарат пайдаланған кезде ашық болуы және оңай жабылатын ілгешектерде тұруға тиіс. Есік ойықтарын жабу үшін көдімгі есікгер қойылуға тиіс. Қорғаныс ғимаратының бөлмелері құрғақ болуға қажет. Температура қысқы уақытта бейбіт уақытта бөлмелерді пайдалану талатарына сәйкес ұсталуға тиіс. Бөлмелерді есікті ашық және таза желдету режимі бойынша сүзгілік желдету қондырғысын қысқа мерзімді жұмысы үшін қоса отырып ұдайы ауасын тазартып отыру қажет. Қорғаныс ғимаратының инженерлік-техникалық қондырғылары пайдалану үшін ақаусыз күйде күтілуге тиіс. Оны бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етіледі (сүзгіш-жұтқыштар мен регенеративті қондырғыларды қоспағанда). Ауыз суының авариялық қорының ыдыстарында екі тәуліктің бойында су толық айырбасталуға тиіс. Авариялық қысымсыз ыдыста таза күйінде болуға және панахана режиміне көшкен кезде сумен толтырылуға тиіс. Дәрет жинауға арналған авариялық резервуарлар жабық болуға тиіс, оларды бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етілмейді. Бейбіт уақытта пайдалануға қажеттігі жоқ санитарлық тораптар жабық болуға және сүргіштелуге тиіс. Бейбіт уақытта пайдаланылмайтын ДЭС тоқтатылады. Оларды тоқтату қорғаныс ғимаратын панахана режиміне көшіру кезінде жүргізіледі. Панахана (РҚО) режимі бойынша пайдалануға қорғаныс ғимараттарын әзірлікке келтіру ушін мына іс-әрекеттер жүзге асырылады: — қорғаныс ғимараттарының алдын тазалау, жазба-көрсеткіштерді және "Кіру" жарық дабылын қою; — қорғаныс ғимараттарын панахана режимінде пайдалану кезіңде пайдаланылмайтын мүлікпен материалдан босату, ғимараттарды нарлармен және орындықтармен жабдықтау; — инженерлік-техникалық қондырғылардын тоқтатылуын жүргізу; — қорғалған-қымталған есіктерден кәдімгі есіктерді, пандустарды және жеңіл экрандарды алу; — қорғалған-қымталған есіктердің, олардың ілгешектерінің ақаусыздығын тексеру; — технологиялық ойықтарды, барлық қорғау-қымтау қондырғыларын жабу (жүк люктері мен лифт шахталары, монтаждық ойықтар және т.б.); — бейбіт уақытта панахана желдеткіші үшін пайдаланылмайтын желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш және сорғыш саңлауларын жабу және қымтау; — авариялық шығаберістерін жәй күйін тексеру және қажет болса оларды тексеру; — желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация, энергиямен жабдықтау және ажыратқыш қондырғылары жүйесінің ақаусыздығын тексеру; — қорғаныс ғимараттарының қымталуын тексеру; — бейбіт уақытывда пайдаланылмайтын санитарлық тораптарын ашу; — сыртқы су қүбырына қорғаныс ғимаратының су құбырын жүйесін қосу, авариялық су қорын толтыру және ауыз суына арналған ыдысты қою; — ғимараттың жарық жүйесін панахана режиміне қосу; — дауыс шығарғыштар мен телефондарды орнату және қосу қажет жағдайда панахананың жабдықпен, аспаппен, прибормен жеке қорғаныс құралымен жабдықталуын тексеру; — ғимаратты желдету; — азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын жасау. Қорғаныс ғимараттарының панахана режимінде пайдалану қызмет көрсету буынның басшылығьшен жүргізіледі, ол халықты қабылдауға даярлықты, паналаушыларды дүрыс орналастыруды және олардың панаханаға келіп-кету тәртібін сақтауын, сондай-ақ ішкі қондырғылар мен байланыс құралдарының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. "Баршаңыздың назарыңызға!"ескерту дабылы және іс-әрекет тәртібі туралы белгіленген ақпарат бойьшша қызмет көрсету буыньщ жеке құрамы панаханаға келіп жыльпу жүйесін ажыратады, бүкіл бөлмелердегі жарықты қосады сүзгіш-желдеткіш қондырғыларды жұмысқа әзірлейді, авариялық шығаберістердің және сорғыш желдетіп реттегіш оқшаулағышьш жабады, қажет болса транзштік коммуникацияның қондырғысын жабады, келген адамдарды қабылдап орналастырады. Қорғаныс ғимараты толып, панахананың қорғалған-қымталған есіктерінің жапқаннан кейін таза желдеткіш жүйесі бойынша оны ауамен толтырады. УЗ қолданылғандығы туралы берілген ақпарат бойынша ауамен жабдықталған жүйесі бірден сүзгіш-желдеткіш режиміне қосылады. Ядролық жарылыстан кейін сүзгіш-желдеткіш жүйесі бір сағатқа ажыратылады, толық оқшаулау режимі белгіленеді, ахуал анықталады және қалыптасқан ахуалға сәйкес режимге көшу жүргізіледі. Сүзгіш-желдеткіш режиміне таза желдеткіш қосылардың алдында ауада УЗ бар-жоғы тексеріледі. Келген ауада УЗ іздері байқалған жағдайда сүзгіш-желдеткіш режимі сақталады.
|