КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Көшіру шараларын жүргізуКөшіру органдары халықты қоныстандыру мен көшіруді ҚР үкіметі арнайы өкімін алғаннан кейін ұйымдастырып жүргізеді. Тікелей көшіру шараларын жүргізумен ұйымдардың АҚ бастықтары мен штабтары, КМК басқарушылары, қалаларда (аудандарда) құрылатын көшіру комиссияларының басшылығы айналысады. Көшіру оку хабарлағаннан кейін қысқа мерзімде өткізіледі. Бұл шараларды өткізуге өндірістік және шаруашылық шүғыл тасымалдардан бос қоғамдық көліктің барлык түрлері (теміржол, автокөлік, су және де авиациялық), сондай-ақ жеке меншік көлік пайдаланылады. Кешіруге жататын түрғындардың бір белігі жаяу шығарылуы мүмкін. Көшіруді өткізу туралы екімді алған сәтте, АҚ бастықтары және қалалық (аудандық) ТЖ басқарма органдары АҚ қызметтерімен және көшіру комиссияларымен бірлесіп, өзірленген жоспарларға сәйкес кәсіпорындардың және мекемелердің, оқу орындардың, КМК және т.б. басшыларына, ал олар өз кезегінде жұмысшылар мен қызметшілерге, олардың отбасыларына және қалған тұрғындарға жиналу-көшіру пунктіне жету уақыты туралы хабарлайды. Халықты хабарландыру үшін әртүрлі хабарлағыштар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары — радио, телевидение, баспасөз жөне т.б. қолданылады. ПИК басшылары жұмыс істемейтін халықты хабарлау мен жинауды ұйымдастырады, Жалғыз бастылар мен басқаның көмегіне мұқтажды көшіру органдарына жеткізеді. Әскери басшылық ықпалдастық жоспарына сәйкес көшіру шараларын қамсыздандыру үшін көлік беледі, көпірлер мен өткелдерді пайдалануды нақтылайды, ахуалдың өзгерісі туралы хабарлайды және қажет жағдайда ТЖ бойынша басқару органдары мен көшіру органдарына жоспарға өзгеріс туралы үсыныс береді. Ол қоғамдық тәртіпті, коменданттық қызметті, қозғалысты реттеу мен бағытты барлауды үйымдастыру мен іске асыруға көмек көрсетеді. Кеткен әскерлердің бос орны мен әскери калашықтар мен әскерилер қалдырған мүлік халықты қоныстандыруға және оны тіршілік көзімен қамсыздандыруға бөледі. Министрлікгер, ведомстволар АҚ бастықтары өз орталық аппараттары қызметшілерін отбасы мүшелермен көшіруді ұйымдастырады, сонымен қатар министрлікке бағынысты ведомстволар мен объектілер жұмысшьшары мен қызметшілерін және отбасы мүшелерін көшіру барысына бақылау жасайды. Көшіру-жинау пункггерінің бастықтары пунктгерді дайындыққа келтіреді, жеке құрамның міндетгерін нақтылайды, отырғызу пункгтерінің бастықтарымен және бекітілген ұйымдармен байланыс жасайды және жаяу саптардың шығу, көлікті беру мен жөнелту уақыты өзгерген жағдайда, халықты жөнелту кестесін нақтылайды; келуші халықты қабыддау мен тіркеуді, оларды жаяу маршруттардың бастапқы пункттеріне мен көлікке отырғызу пункггеріне жөнелтуді ұйымдастырылады. Орналастырылатын және көшірілетін халық көшіру жинау пунктіне белгіленген уақыты өз бетінше келіп жетеді. Жаяу тәсілмен көшіру маршрутгарының бастықтары басқару топтарымен бірге және Азаматгық қорғаныстың қоғамдық тәртіпті қорғау қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, маршрутгар бойынша жаяу саптардың үйымцасқан қозғалысын қамтамасыз етеді; маршруттарға барлауды және солардың ізімен келе жатқан халыққа хабарлауды ұйымдастырады. Көшіру кезінде өзіңізбен бірге ала жүретін ең қажетті құжаттар: куәлік (паспорт), әскери билет, еңбек кітапшасы немесе зейнеткер куәлігі, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом (атте-стат), неке және балалардың туы туралы куәлік пен ақша. Заттар мен азық-түлік мелшері оны алып жүретін адамға шақ болуға тиіс. Көлік құралдармен көшіру кезінде бірге алып жүретін мүлік пен азық-түліктің жалпы салмағы әрбір адам үшін 50 кг-дан аспауга тиіс. Жаяу көшірілетіндердің колонштары, әдеттегідей, жиналу-көшіру нүктелерінің қасында қүрылады. Жүруді жақсы ұйымдастыру максатында колонналарды цехтарға және басқа өндірістік бөлімшелерге бөлу ұсынылады. Колонналар басына тәжірибелі және беделді басшылар қойылады. Халықты жаяу шығару жолдар, сондай-ақ бағыттар және колонна жолдары бойынша жүргізіледі. Жаяу колонналардың бағыты ықтимал қирау аумағынан шығу мақсатымен әдетте бір тәуліктікте өтетін ара қашықтыққа жоспарланады. Жаяу колонналары 500 — 1000 адамға дейін жасақталады. Колонналардың қозғалыс жылдамдығы 4 — 5 км/сағат, колонналардың ара қашықтығы 500 м дейін болып жоспар-ланады. Тәуліктік жүру мөлшері 30—40 км. Дамылдау созымдылығы былайша белгіленеді: шағын үзіліс 30—45 мин, үлкен үзіліс 2—4 сағат. Шағын үзілістер қозғалыстың әрбір 2—2,5 сағатынан кейін, ал үлкен үзілістер тәуліктік жолдың екінші жартысының басында белгіленеді. Дамылдау кезінде колонна (топ) құрамы тексеріледі дәрігерлік көмек көрсетіледі, үлкен үзілісте ыстық тамақ беріледі. Марш кезінде белгіленген тәртіпті сақтау қажет. Колоннаны оның бастығының рұқсатынсыз тастауға болмайды. Көңіл-күйін нашар сезінсе, дәрігерге көрінгені жөн. Медициналық қызмет тексерілген көзден су ішуге болмайды. Колоннаға бегде адамдар қосылса, бұл туралы колонна бастығына хабарлау қажет. Түнде жүріп келе жатқанда, әсіресе соқпақтармен артта келе колонна жолымен өткенде жатқандарға жоддағы кедергілер туралы айтып, қасындағылардың қалып қоймауын және дамылдау кезінде қалғып кетпеуін қадағалау қажет. Ыстық уақыттағы марш кезінде күн тимеу үшін бас киімді шешпей бірінің артынан бірі тасалай жүріп, су үшін режимін қатаң сақтау қажет, дамылдау орындарында мүмкіндігінше көлеңкелі жерге отыруға тырысу керек. Қыстағы аязды жөне желді ауа райында бірі-бірінің үсіп қалмауын қатаң қадағалау жөн. Дамылдау орындарында қарға жатуға болмайды. Көлікте отырғанда белгілен тәртіп пен ережені қатаң сактап, АҚ мен ТЖ жөніндегі органдар өкілінің вагон, кеме немесе автомашина жетекшілерінің нұсқауын орындау қажет жөне олардың рүқсатынсыз одан түсуге болмайды. ЖКП-ке келген халық тіркеуден өтеді, елді мекендерге бөлінеді. Балалар, мүгедектер, қарттар, сондай-ақ дүние-мүлік жергілікті көлікпен жеткізіледі. Көпіршендер мен қоныстанғандарды орналастыру үшін қауіпсіз аймақгағы демалыс үйлері, санаторийлер, туристік және спортгық базалар, қоғамдық ғимараттар, сондай-ақ, саяжай мен бау-бақша жайлары, өзге де тұрақтар пайдаланылады. Халықты орналастыруға қолайлы жағдай жасау үшін тұрғын үй қорын дамыту, сауда мен қоғамдық тамақгандыру нүктелерін салу, су көздерін даярлау жөніндегі шаралар жүргізіледі.
|