Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Оныстандыру мен кешіруді қамсыздандыру




Көшіру шараларын жоспарлау, даярлау және іске асыру кезінде қамсыздандырудың барлық түрі жан-жақты пысық-талып қарастырылады.

Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау үшін мыналар қарастырылады: ЖКП-ке, КҚП-ға түсіру станцияларының нүктелерінің жаны мен жаяу жүру бағыттарының бойындағы қорғаныс ғимараттарына паналау; халықты жөне қорғаныс құралдарымен қамсыздандыру радиациялық және химиялық барлау жүргізу халыққа басқару және хабарлау құралдарын өз уақытында жеткізу дозиметрлік, химиялық және бактериологаялық бақылауды санитарлық тазалау мен залалсыздандыруды ұйымдастыру. Қорғаныс ғимараттары жетпеген кезде халықты орналастыру үшін станциялар мен өзге нүктелерде болуы мүмкін қарапайым бассауғалар салу, сондай-ақ табиғи панажайды пайдалану жоспарланады.

Көлікпен қамсыздандыру халықты, мекемелерді және материалдық құңдылықтарды қауіпсіз аймаққа апаруды, жұмыс ауысымдарын қауіпсіз аймақтан қалаға апарып-қайтуды ұйымдастыруды қамтиды.

Материалдық қамсыздандыру отынды, жағар және өзге де материалдарды, көшірілетін және қоныстандырьшатын халықты тасымалдау үшін пайдаланылатын көлікпен және азық-түлікпен қамсыздандыруды қарастырады қауіпсіз аймақта халықты қамсыздандыру жергілікті органдар сауда және қоғамдық тамақтандыру нүктелері арқылы жүргізеді.

Жергілікті билік органдары дүкен, асхана, коммуналдық-тұрмыстық мекемелер желісін кеңейтеді, үздіксіз кесте бойынша көшірілген қызметкерлерді пайдалану арқылы олардың жұмысын ұйымдастырады.

Көшіру шараларын медициналық қамсыздандыру ЖКП-тен бастап көшіру мен қамсыздандырудың барлық кезеңінде ұйымдастырылады. Құрылған медициналық нүктелер сырқаттарға шұғыл дәрігерлік көмек көрсетуге, жұқпалы ауруға шалдыққандарды анықтауға және оларды емдеу мекемесіне жөнелтуге міндетті.

Түсіру және отырғызу станцияларыңда осындай міндеттер штатты медициналық қызметкерлерге жүктеледі. Мұндай нүктелер жоқ станцияларда, оны денсаулық сақтау органдарының күшімен ұйымдастыруға болады. Жолда эшелон (колонна) қүрамына 1—2 орта буынды медициналық қызметкер, бірнеше санитарлық жасақшы, ал алыс қашықтықтағы сапар кезінде дәрігер қосылады. Халықпен бірге бара жатқан медициналық қызметшілер азық-түлікпен және сумен қамсыздандырылуға медициналық бақылау жасауға, оларға дәрігерлік көмек көрсетуге міндетті.

Жаяу көшкен кезде сырқаттарға дәрігерлік көмек бағыт бойында орналасқан емдеу мекемесінде, ал ол жоқ болса, бағыт бастығының қарамағына санитарлык автомобильдегі медициналық бригада бөлінеді.

Қауіпсіз аймақтағы көшірілген жене қоныстанған халық орналасқан жерде медициналық қамсыздандыру қаладан келген медициналық күштермен күшейтілген жергілікті денсаулық сақтау органдары есебінен жүргізіледі.

Инженерлік қамсыздаңцыру жолдарды көпірлерді және жол ғимараттарын күтіп-ұстау мен жөндеуді, отырғызу жөне түсіру нүктелерін, жаяу сапар бағытындағы колонна жолдарын жабдықтауды қамтиды.

Радиациямен және химиядан қорғауды қамсыздандыру бағыттағы жиналу, отырғызу, түсіру орындары мен қауіпсіз аймақтағы қоныстанатын жерлерде радиациялық және хи-миялық бақылауды ұйымдастыруды, қорғаныс ғимараттарына АҚ хабары дабылы бойынша халықты жасыруды, халықты қорғаныс құралдарымен қамсыздандыруды қарастырады.

Объектілерде, ЖКП-те, КҚП-да, отырғызу және түсіру станцияларында (пристаньдарда, нүктелерде), қауіпсіз аймаққа қоныстандыру орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау нүктелері қойылады, кезекшілік ұйымдастырылады. Маңызды объектілерге қоршау қойылуы мүмкін. Осы шараларды орындауға қоғамдық тәртіпті сақтау құрамалары (команда, топ) тартылады.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларға көшіру шараларын жүргізу — аса маңызды жөне жауапты жұмыс, ол осы шараларды жүргізу принциптері мен әдістерін барлық лауазым иелері білген, егжейлі-тегжейлі жоспарланған көшірудің барлық кезеңінде басшылардың жоғары жауапкершілігі мен мығым ұйымшылдық ахуалында ғана табысты орындалады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 234; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты