Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Осымша патрондар




Газқагарлардың ҚӘУЗ-ден қорғаудағы мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында оларға қосымша патрондар (ДПГ-1, ДПГ-3) еңгізілген. Олар ГП-5, ГП-7 азаматтық газқағарлар жиынында пайдаланылады.

Газқағары ДПГ-3 қосымша патронын пайдалану

ДПГ-3 жиында газқағармен бірге аммиактан, хлор-дан, диметиламиннен, нитробензолдан, күкірт сутегінен, күкірт қышқылынан, синил қышқылынан, тетраэтил қорғасыннан, фенолдан, фосгеннен, фурфуролдан, флорлы сутегінен, хлорлы цианнан және этилмеркаптаннан қорғайды. ДПГ-1 сонымен қатар азоттың, хлорлы метилдің қостотығынан, сутегі мен этилдің тотығынан қорғайды.

ДПГ—1 немесе ДПГ— 3 қосымша патрондар жинағына жалғайтын түтікше мен қоспа кіреді. Па-тронның цилиндрлік қалпы бар және сыртынан ГП —5, ГП—7 сүзгілік-жұтқыш қораптарына ұқсас.

ДПГ—1 патронының ішінде шахтаның екі қабаты, арнайы жұткыш пен гопкалит бар. ДПГ—3-те жұтқыштың тек қана бір қабаты бар.

Ауа ағынына қарсылық ЗОл/мин. жұмсалған кезде Юмм вод.ст. аспайды. ДПГ-1 патронының массасы 500г жуық. ДПГ-3 патроныньщ массасы 350г-ға жуық. ДПГ-1 және ДПГ-3-тің қосымша патрондары бар. ГП-7, ГП-5, ГП-5М азаматтық газқағарларға арналған. ҚӘУЗ бойынша қорғаныстық іс-әрекетінің уақыты ауа ағынының жылдамдығы 30 л/мин., ауаның салыстырмалы ылғал-дылығы 75% және қоршаған ортаның температурасы -30°С-тан +40°С-қа дейін болған кезде 0,5 сағаттан 5 сағатқа дейін.

Гопкалиті патрон кеміртегі тотығынан қорғау үшін қызмет етеді. Ол қосымша патрон ретінде газқағарда пайдаланылуы мүмкін. Құрлымы бойынша ДПГ-1 немесе ДПГ-З-ті еске түсіреді. Ол гопкалитпен және құрғатқышпен жабдықталады.

Гопкалитті патрон. Көміртегі тотығынан (оксидтен) қорғауға арналған газқагарлар үшін қосымша патрон, құрылымы бойынша ДПГ-1 мен ДПГ-З-ті еске түсіреді.

Ол кұрғатқышпен және гопкалитпен жабдықталады. Құрғатқыш хлорлы кальций сіңірілген силикагель сияқты ылғал кезінде өз қасиетін жоғалтатын гопкалитті ылғалдан қорғау мақсатында ауаның сулы буын жұтуға арналған.

Гопкалит — мыс тотығы мен марганец қостотығының қоспасы, көмртегі тотығы қышқылданған кезде усыз көмірқышқыл газына дейін ауадағы оттегі есебінен көміртегі тотығьш қышқылдандыру кезінде катализатор рөлін атқарады.

Құрғатқыш хлорлы кальций сінген силикагель сияқты. Ол гопкалиті ылғалдан қорғау мақсатында ауаның сулы буын жұтуға арналған, ылғалданған кезде өз қасиетін жоғалтады.

Патронда оның бастапқы салмағы көрсетіледі. 20г және одан артық ылғалды жұту есебінен салмақ артқан кезде бастапқы патронды пайдалануға болмайды. Патронның қорғаныстық іс-әрекетінің уақыты ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80% болған кезде екі сағат шамасында. Нөлге жақын температура кезінде оның қорғаныстық іс-әрекеті төмендейді, ал — 15"С және одан төмен температурада артады. Патронның массасы 750—800г.

Оқшаулағыш газқагарлар

Оқшаулағыш газқағарларға ИП -46, ИП-4М, ИП-4МК, ИП-5 жатады.

Тыныс алу органдарын, көзді, бетті ауадағы кез келген қоспадан оның ерекшеліктері мен жинақталуына қарамастан қорғау үшін, сондай-ақ ауада оттегі жетпеген жағдайдағы жұмыс үшін қолданылады.

Бұл газқағарлар АҚ арнайы құрамаларының, барлау, өрттен қорғау, залалсыздандыру құрамаларының жабдықтау қоймаларында тұрады.

Оқшаулағьш газқағардың қорғаныс

іс-әрекетінің принципі атмосфералық ауаның тыныс алу үшін пайдаланылмайтындығына, адамның газқағарды пайдалану процесінде генеративті патрондағы заттан белінетін оттегімен демалатындығына негізделген.

Оқшаулағыш газқағар алдыңғы бөліктен, жіберу икемделгіші бар регенеративті патроннан, артық қысым клапаны бар тыныс алу қабынан, каркастан жөне сөмкеден тұрады. Газқағар жиынына артық қобдишадағы жіберу брикеті, шыны ыдыс салынған қорапша, ылғалданбайтын шиенка салынған қорапша, жылжымалы кілт кіреді.

Жіберу брикеті газқағарды пайдаланудың бас кезінде тыныс алу үшін қажетті оттегіні алу және регенеративті патронды қимылға келтіру үшін қызмет етеді.

Жіберу икемделгішін қысқан кезде оттегі жіберу брикетіне түседі және оның үстіңгі қабатын ьщыратады. Нәтижесінде брикеттің ыдырау процесі бұдан әрі қабаттан қабатқа беріліп ез бетінше жүреді.

Брикет ыдыраған кезде оттегі, су буы мен жылу бөлінеді. Су буы мен жылудың әсерімен регенеративтік патрондағы затпен оттегі бөліне бастайды. Оттегінің бұдан әрі бөлінуі адам шығарған көмір қышқыл газ бен су буын жұту арқылы өтеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 211; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты