КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ПТМ-1 шаңнан қорғайтын мата маскаКорпусы матаның 4—5 қабатынан тұрады. үстіңгі қабаты үшін штапель, миткаль, тоқыма, бязь, ішкі қабаттар үшін фланель, бомазей, мақта-мата немесе жүн мата жарамды. Масканың бекіткіші жұқа материалының бір қабатынан жасалынады. Тігісі бойынша маска корпусы мен бекіткшгі жа-салады, ұзындығы 0,8—1,5 см жоғарғы және көлденең резинасын даярлайды масканы тігеді. Көзді қорғау үшін маска ойығына шыны, плексиглаз немесе целлулоид қойылады. Мақта-мата таңғышын 100x50 см көлеміндегі дәкі кесіндісінен жасайды. Ортасы бойынша бір қалыпты көлемі 30x20 см қалыңдығы 2см мақта қабатын жаяды. Дәкі кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды. Байлау үшін екі жағын 30—35 см етіп қияды. Киілген маска иекгі ауыз бен мұрынды көзге дейін жабуға тиіс. Олардың үшын төменгі жағының төбе сүйекте, ал жоғары жағының құлақ үстіндегі желкеде болатыңдай етіп байлайды. Теріні корғау құралдары Бұл құралдар радиоактивтік, улағыш заттардың және бактериалдық құралдардың тікелей түсуінен, ал кейбір жағдайларда жалпы әскерлік қорғаныс жиыны улы затгар буының адамның тері жамылғысына әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Теріні қорғаудың сүзгілік кұралы киімді қорғайтын сүзгілік корғаныс жиыны болып табылады. Бұл жиынньщ негізгі мақсаты — адамның тері жамылғыларын бу тәріздес күйіндегі улағыш заттардың әсерінен қорғау. Жиын сонымен қатар аэрозольдік күйдегі радиоактивтік шаңның бак-териалдық құралдардан қорғауды қамтамасыз етеді. Теріні қорғау құралдары арнайы химиялық заттар сіңірілген мақта-қағаз матасьшан жасалынады, соның арқасынан материалдың ауа сіңірімділігі негізінен сақталады, ал улы және зақымдағыш заттар мата арқылы өткенде үсталады. Бір жағдайда бейтараптану, екінші жағдайда жұту (сорбция) өтеді. Шаруашылық объекгілеріндегі, АҚ құрамалары АҚ әскери белімдері, химиялық әскелер, қарулы күштердің өзге арнайы құрамалары көп уақыттан бері жалпы әскерлік қорғау жиынын (ЖҚЖ), жеңіл қорғаныс костюмін, қорғаныс комбинезонын және костюмды пайдаланып келеді. Сүзгілік қорғаныс киімін де ұмытуға болмайды, оның оқшаулағыш құралдарына қарағанда үлкен артықшылығы бар. Онымен жұмыс істеген жеңіл, адам ұзақ шаршамайды оқимылдары жинақы. Теріні қорғау құралдарын зақымдалмаған жерлерде киеді. Оқшаулағыш құралдарда адам ысынып, тез шаршайды. 15 "С-тан жоғары температура кезінде жұмыс созымдылығын арттыру үшін теріні қорғау құралын сыртынан киетін, мақта-қағаз матасынан жасалынған ылғалдағыш комбинезон қолданылады. Ылғалдағыш комбинезондар сумен жиі шайылады. Теріні қорғау құралдары зақымдалмаған жерлерде немесе қорғаныс қүралдарының сыртқы жағының дене мен киімнің қоргалмаған бөліміне тимейтіндей етіп авариялық жұмыстардан аяшақ жерде жүргізіледі.
|