Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сүзгілік газкағарлардын жұмыс істеу принциптері




Ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш-жұтқыш қорапқа түседі, сонда тазаланған соң үстіңгі бөліктің астына және тыныс алу органына түседі ауаны қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде сыртқы шығады.

Бумен газды жұту адсорбция, хемосорбция жөне катализ арқылы, ал түтін мен туманды (аэрозольді) жүту сүзу арқылы жүргізеді.

Адсорбция — адсорбент деп аталатын қатты дененің үстіндегі газ бен буды жүту. Сүзгілік газ қағарларда активтелген (ағаш) көмір адсорбент болып табылады.

Хемосорбция — УЗ, ҚӘУЗ-дің олардың өндеу процесінде

активтелген көмірге жағылатын химиялық белсенді заттармен ықпалдасуы есебінен жұтылуы.

Катализ — катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгерісі. Катализатор ретінде мыс, күміс және хром тотығы пайдаланылады.

Түтін мен туманды (аэрозольді) сүзгілеу қалыптырды құрайтын талшықты материадцан әзірленген түтіннен қорғайтын сүзгімен жүргізіледі.

Халықты қорғау үшін ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ) газқагары қолданылады.

ГП-5 газқағары адамның тыныс алу органдарын, көзін және бетін радиоактивтік, улағыш қатты өсер ететін заттардан қорғауға арналған.

Ол сүзгілік-жүтқыш қорапшамен алдынғы беттен (шлем-маска) тұрады. ГП-5М газқағарының жиынына сөйлесу қондырғысына арналған мембраналы қорапшасы бар шлем-маска кіреді.

Шлемнің қажетті өлшемін тандау үшін 63 см дейінгі нөлдік өлшем алынады, 63,5-тен 63,5 см дейін — бірінші, 66-дан 68-ге дейін — екінші, 68,5-тен 70,5 см дейін — үшінші, 71 см бастап одан жоғары — төртінші. Өлшем масканың төменгі бөлігінде көрсетіледі. Маска резина ілгішінен жасалынады.

Шлем маскада жәй шыныдан жалпақ көз әйнек істелінген. Шынымен бірге кез әйнек манжетіне серіппелі жүзікпен резиналық төсем жапсырылған.

Жұтқыш-сүзгіш (газдан қорғайтын) қорапша қаңылтырдан жасалынады дөңгелек болып келеді қорапша қақпағының газқағарының үстіңгі бөлігімен қосылу үшін арналған таңылған ауызы бар.

Қорапшаның астында дөңгелек саңырау орналасқан ол арқылы жұтылған ауа түседі, сақтау кезінде резиналық тығын жабылады.

Металлды қораптың тоздыруынан сақтау үшін сырлайды, ал ішіне қара лак жағады. Түтіннен қорғайтын сүзгімен және көмірмен (ауа ағыны бойынша) және катализатормен (шахтамен) жабдықталады.

Клапандық қорапша жұтылған және шыққан ауа ағыны бөлу үшін қызмет етеді. Онда бір жұту және екі үрлеу клапаны бар.

ГП-7 газқагары ең соңғы, ең жаңа үлгілердің бірі. Газқагардың алдыңғы бетін үш өлшеммен әзірлейді.

ГП-7-ні ГП-5-пен салыстырғанда пайдалану жөне физиологиялық көрсеткіштері бойынша бір қатар артықшылығы бар. Сүзгілік жүтқыш қорапша қарсылығының азаюы тыныс алуды жеңілдетеді. Тәуелсіз обтюратор берік қымталуды қамтамасыз етеді және сонымен қатар алдыңғы бетте газқағардың басқа қысымын азайтады. Тыныс алу қарсылығының және басқа қысымның төмендеуі газқағарды кию уақытын ұзартуға мүмкіндік береді. Оны 60-тан асқан қарт адамдар, сондай-ақ өкпесі мен жүрек тамыр сырқаты-на шалдыққан адамдар кие алады.

Газқағарда сөйлесу қовдырғысының (мембрананың) болуы айтылған сөздің анық жетуін қамтамасыз етеді, байланыс құралдарын (радио, телефон) пайдалануды айтарлықтай жеңіддетеді.

ГП-7 алдыңғы бөлігінің қажетті үлгілік өлшемін тандау басты тікелей және көлбей қамти отыра өлшеу нәтижесінің негізівде өткізіледі. Көлбей тапсыру қас тоғасының алдынан, мұрын кеңсіргінің шетінен 2—3 см жоғары бүйірден және бастың ең шығыңқы нүктесінің артынан өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Тікелей қапсыру үрт, иек, және төбе арқылы өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Өлшеу 5 мм дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді. Екі өлшемнің жиыны бойынша қажетті үлгілік өлшем маска өлшемі мен жастықша аспа бауы тіректерінің (ғ) жағдайы белгіленеді. Бірінші цифрмен маңдай ілме бауының, екінші цифрмен самай ілме бауының, үшінші цифрмен үрт ілме бауының нөмірі көрсетіледі.

Жастықша ілме бауының жағдайы газқағарды қиюластырған кезде белгіленеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 275; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты