Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Көшіру органдары, олардың кұрылымдары мен міндеттері




Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды және өткізуді тікелей жүзеге асыру үшін көшіру органдар құрылады, олар тиісгі АҚ бастықтары шешімдерімен құралады. Өз уақытында көшіру комиссиялары, көшіру-қабылдау комиссиялары, жиналу-көшіру пункттері, көшіру-қабылдау пункттері құрылады. Көшіру органдарымен қатар көшіру мәселесін жылдам шешу үшін көлікке отырғызу, қозғалыс пен адамдарды түсірудің басгапқы нүктелері жабдықталады. Көшіру комиссиялары (КК) республикада, облыстарда, қалаларда, қалалық аудандар мен ұйымдарда, сондай-ақ министрліктерде, ведосмтволарда құрылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындаута және осы шараларды жан-жақты қамтамысыз етуге жауап береді.

Көшіру комиссиялардың қүрамын орталық жөне жергілікгі атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді. Бірінші басшының орынбасарының бірі көшіру комиссияның төрағасы больш тағайындалады. Көшіру комиссия құрамына орталық және жергілікті атқару органдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерінің, білім, әлеуметтік қамтамысыз ету бөлімдерінің, әскери комиссариаттардың, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.

КК-нің негізгі міндеттері: көшіру кезінде келетін халықты қарсы алуды, есепке алу мен орналастыруды ұйымдастыру, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қам-тамасыз етуді үйымдастыруға бақылау жасау.

Көшіру-жиналу пункттері (КЖП) бір объекті негізінде құрылады. КЖП өкімшілігі жергілікті атқарушы органда-рының қаулысымен, үйымдардың бүйрықтарымен тағайындалады. КЖП өз қызметінде көшіру комиссияға баіынады. Құрылатын көшіру-жиналу пунктерінің саны мен олардын, түрған жерлері бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықтың санын, көшіру маршруттарына отырғызу пункттерінің саны мен олардан жөнелтілетін пойыздар мен кемелердің үдемелілігін ескере отырып белгіленеді. Көшіру жиналу пункгтері әдетте халықты көшіру маршрут-тарына, теміржол станцияларына теңіз және өзен аймақтары мен кемежайларына жақын жерлерге, адамдарды көшіру маршруттарының бастапқы пункттері мен отырғызу пункгтеріне жиналу мен уақытында жеткізуге жағдай жасайтын жерлерге орналасады.

Әрбір көшіру-жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі және оған шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады. Көшіру-жиналу пункті қалалық, аудандық, объектілік көшіру ко-миссиялармен, жаяу көшіру маршруттарының бастапқы пункттерімен, отырғызу пункттерімен және көлік органдарымен тікелей байланысы қамтамасыз етіледі.

Көшіру қабылдау пункгтерінің әкімшілік құрамы келуші халықтың санымен оны қамтамасыз етуге байланысты шаралар көлемін ескере отырып белгіленеді.

КЖП-нің негізгі міндеттері: КК-мен, КЖП-ға бағындырылған объектілермен және ПИКтермен, көлік иелерімен байланыс жасау, оларға халықтың КЖГІ-ға келуі мен қауіпсіз аймаққа жіберілуі туралы ақпарат беру, көлікгің өз уақытында берілуін, адамдарды жөнелтуді ұйымдастыру, КЖП-тегі адам-дарга медициналық көмек көрсету қажеттігі туралы белгіленген тәртіппен КК-ға хабарлау, қоғамдық тәртіпті қамсыздандыру.

Аралық көшіру пунктері (АЭП) едді мекендерге, байланыс жолдарына жақын, ықтимал қираулар аймағынан тысқары жерлерге орналасады. Олар инженерлік тұрғыдан дер кезінде даярланады жөне көшірілетін халықтың сәл дамылдауына, оларды тіркеуге қажет жағдайға дозиметрлік және химиялық бақылау жасауға, адамдарды санитарлық тазалау және қауіпсіз аймаққа жөнелтуте арналған. Егер қажет болса АКП-те киім мен аяқ-киім айырбасталады немесе тазартылады.

АКП-тің негізгі міндеттері: елді мекендерге келген халықты қарсы алу және уақытша орналастыру, аудандар КЖП-ларымен қауіпсіз аймақты, көлік қозғалысының кестесін келісу адамдарды соңғы баратын нүктеге жөнелтуді, дәрігерлік көмекті көрсетуге, қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру, жаяу жүру бағытының және аудандар КЖП бастықтарына келген халықтың саны мен оларды қауіпсіз аймаққа жөнелту уақыты туралы баяндайды.

Көшіру-қабылдау комиссиялары (КҚК) селолык аудандар мен кешірілген халықты орналастыру жүргізілетін меншіктің барлық нысанындағы ауылшаруашылық ұйымдарында құрылады. КҚК селолық аудандар АҚ, меншігінің барлық нысанындағы ауылшаруашылық кәсіпорындары бастықтарынын шешімдерімен құрылады. Оларды селолық аудандар, ауыл-шаруашылық кәсіпорындары бірінші басшьшарының орынбасарлары басқарады. Олардың қүрамына жергілікті атқару органдары мен АҚ және ТЖ қызметтерінің, келген халықты, қабылдауға, орналастыру мен қамсыздандыруға қатысатын өзгеде ұйымдардың қызметкерлері кіреді. КҚК-да есеппен ақпарат, қабылдау мен орналастыру, жолмен және көлікпен қамсыздандыру топтары құрылады.

КҚК -нің негізгі міндеттері: көшірілгендерді қабылдау мен орналастыруды, оларды негізгі тіршілік көзімен қамсыздандыруды және қорғауды ұйымдастыру, келгевдердің саның, берілетін көлік тәртібін нақтылау, қала КК-мен ұдайы байланыс жасау өз аумағындағы санитарлық эпидемиялық, радиациялық және химиялық ахуалды бағалау.

Көнгіру-қабылдау пункттері (КҚП)келген халықты қабылдауға, есепке алу мен орналастыруға. Олар қоғамдық және әкімшілік ғимараттарындағы түсіру нүктелеріне жақын орналасады. КҚП саны мен құрлымын КҚП басшысы анықтайды. КҚП құрылымына қалалықтарды қабылдау және орналастыру, жөнелту және шығарып салу, қоғамдық тәртіпті сақтау топтары, сондай-ақ анықтама төлі медициналық нүкте бала мен ана нүктесі, коменданттық қызмет кіреді.

КҚП негізгі міндеттері: қаладан келген автоколонналарды қарсы алу және түсіру нүктесі әкімшілігімен бірге адамдарды түсіруді қамсыздандыру. Қажет болса келгендерді жақын елді мекендерге орналастыру, оларды аудан автокөлік қызметімен бірлесе отырып түрақты орналасу нүктесіне жөнелту, аудан КҚК-ларына келгендердің саны, оларды жөнелту, медициналық көмек қоғамдық тәртіп сақтау, адамдарды паналату туралы баяндайды.

Ұйымшылдық пен тәртіпті қамсыздандыру үшін халық арасынан жаяу колонналар бастықтары, жаяу жүру бағыттарының, автомобиль колонналарын, көшіру поездарының, кемелердің бастықтары тағайындалады.

Жаяу бағыттар бастықтар жағынан басқару топтар құрылады. Бағыт бастықтарына қоғамдық тәртіп сақтау мен барлау жүргізу үшін күш пен қаражат беріледі. Берілген күштер құрамында қозғалыс реттеу нүктелері құрылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 294; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты