Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Көшіру және қоныстандырудьщ принциптері және көшіру әдістері




 

Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету (көшіру) мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.

Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни үлы Отан соғысы кезінде, зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді. Мысалы, үлы Отан соғысы кезінде халық жауға қарама-қарсы бағыттағы қашық аудандарға көшетін. Қазіргі көшіру шаралары ең ықтимал қирау, зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді (көшіруді) қарастырады.

Көшіру шаралары мынаны қамтиды:

— көшіру— төтенше жағжайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.

— қоныстандыру— бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратьш ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру. Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жүмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере отырып ұйымдастырылады (үш сағаттан аспайды).

Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардың, аса маңызды объекгілерге жақын орналасқан аудаңцардың халқын көшіру жатады.

Қауіпсіз аймақ— бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары орналасқан көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздавдыру үшін даярланған аумақ.

Барлық көшірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамсыдандырылуға тиіс.

Көшіру мен қоныставдырудың негізгі принциптері:

— көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;

— көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;

— көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу;

— көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшылдықты сақтау;

— көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;

— орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;

— көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда, орналастыру және қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;

— өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмысын тұрақтандыру.

Республика аумағында өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын, сақтайтын немесе паңцаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аймаганда түратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әртүрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс.

Төтенше жағдай төртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда көшіруді Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жащайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.

Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) жене оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жүмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады.

Халықты көшіру сабақтас тәсілмен — халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пайдалануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалады.

Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін жөне қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орьшдарының, мамандандырылған арнаулы оку орындарьшың теменгі курс студештері, колледждердің лицейлердің, мектеп — интернаттардын оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүгедекгер мен қарттар үйлерінде орналас-қандар, әкімшілік пен олардын отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан көшіру шаралар басталғанға дейін ішінара кешіруге жатады. Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан кауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Көшіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта көшірілетін халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пунктері) күні бүрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі, және солардың шешімімен (каулысымен) бекітіледі. Осы шешімдер, (қаулылар) негізінде әрбір үйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.

Ішінара көшіру кезінде халықты орналастыру ауданда-рын (пункттерін) Республика үкіметі, жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Кешірілетін халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.

Бытыраңқы орналастыру — соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, үйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру. Категорияланған қалаларда соғыс кезінде жүмысын то-қтатпаған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр ұйымның жұмысшылар ауысымын тасымалдау үшін жұмысшылар ауысымын жұмыс объектілеріне көшіруге және қайта әкетуге кететін уақыттьщ мейілінше аз жұмсалуъш (2—3 сағаттан көп емес) ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді. Бытыраңқы орналастыру мен көшірілуге жататын барлық халыққа көшіру тізімі жасалады.

Тізімдер ұйымдар мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері (ПИК) бойынша күні бұрын жасалады және көшіру шараларды жүргізуге арналған өкімді алған уақытга нақтыланады. Жұмысшалар мен қызметшілердің өндірісте және қызмет көрсету саласында істемейтін отбасы мүшелері отбасы қожасының жұмыс істейтін орны бойьшша тізімге альшады.

Көшіру тізімдері үш данада жасалады біреуі —ұйымда немесе пәтерлерді иеленушілер кооперативінде қалады, екіншісі — көшіру шараларды жүргізуге өкім алысымен жиналатын көшіру пункте (тізімді анықтағаннан кейін) жіберіледі, үшіншісі — бытыраңқы орналастыру мен көшіру басталысымен көшіру-қабылдау комиссиясына жіберіледі.

Көшіру тізімдері мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халыкты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын және жабдықтайтын негізгі қүжаттар болып табылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 302; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты