Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жеке корғаныстын медициналық құралдары




Жеке қорғаныстың медициналық құралдары — медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезіндегі күрделіліктерді төмендету жөне зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады.

Жеке қорғаныстың медициналық қүралдарына радиациядан қорғайтын, залалсыздандыратын жене бактериядан қорғайтын препараттар, УЗ (ҚӘУЗ) рецетурасынан бастап таңғыш құралдары жатады.

Табельдік медициналық жеке корғаныс құралдарына мыналар жатады:

АИ-2 жеке дәрі-дермек қобдишасы; радиациялық қауіпті аумақта тұратын халыққа арналған әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы — ИПП-8, ИПП-10; жеке химиялық әсер-ден қорғайтын пакеттер; ППМ медициналық — таңу пакеті.

Әмбебап турмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы мына құралдармен жабдықталған: радиациядан қорғау қүралдары, жалпы терапевтік препараттар (аспирин, седальгин, аммиак, бесалол, валдидол, нитроглицерин, папазол, диазолин, феназе-пам), антисептикалық және таңғыш құралдар (бриллианттық жасыл, калий перманганат, деринат, левоменоль немесе мафенидин ацетат, мақта, бактерицидті жабысқыш, бинт).

 

ХАЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ

ШАРАЛАРЫ

Халықты инженерлік қорғау шаралары бүкіл республика аумағында, экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларының кешенінде салыстырмалы (панахана катерогияланған қалалар мен аса маңызды объектілерде, радиациядан қорғайтын орындар қауіпсіз аймақта салынады) жүргізілуге тиіс. Халық қорғаныс ғимаратын дұрыс пайдалануға дағдылануы қажет, халыққа хабарлау жүйесі АҚ дабылы мен ТЖ қауіпі және пайда болу кезіндегі іс-әрекетті беру жөніндегі ақпаратты беруге тұрақты даярлықта болуға тиіс.

АҚ инженерлік-техникалық шаралар өз уақытында әзірленіп бейбіт уақытга өтуге тиіс. Өз сипаты бойынша өз уақытыңда жүргізілмейтін шаралар ерекше кезеңде (қарсылас шабуылы қауіпі жагдайынца) өте қысқа мерзімде өткізілуге тиіс.

Қорғаныс ғимараттары — бұл арнайы мақсаттағы инженерлік ғимараттар. Олар халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялар кезіндегі шыққан радиациялық заттардан, зақымдағыш факторлардың ықтимал қайталануынан, жарылыстардан, сондай-ақ зілзаладан, авариялар мен апаттардан қорғайды.

Шаруашылық салалары мен объектілерде АК, инженерлік- техника шараларын жоғалау құрылыс нормалары мен тәртіптеріне және АҚ мен ТЖ саласында орталық атқарушы органмен (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі) келісім бойынша министірліктер мен өзге орталық атқарушы органдар әзірлеп бекіткен нормативті құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

Бұдан әрі берілген материалды түсіну үшін төмендегі терминдер мен түсініктерді білу қажет:

АҚ бойынша топтарга жататын қалалар — бұл үлкен экономикалық, стратегиялық және қорғаныстық маңызы бар қалалар.

Категорияланган объектілер — үлкен экономикалық және қорғаныстық маңызы бар өнеркәсіп орындары мен өзге де ұйымдар. үш категорияға бөлінеді: аса маңызды, бірінші және екінші категориялар.

Топтар бойынша қалалар, категориялар бойынша категорияланған объектілер тізбесі Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен анықталады.

Соққы толқыны майданында артық қысым (Рф) Юк Па (ОДкгс/кг.см) және одан артық пайда болуы мүмкін АҚ бойынша топтарға жататын қалалар мен аса маңызды шаруашылық объектілері орналасқан, аумақ ықтимал қираулар аймағын құрайды.

Соққы толқынының майданында артық қысым (Рф) ЗОк Па (0,3кгс/кг.см) тең және одан артық шегіндегі ықтимал қираулар аумағының бір бөлігі ықтимал кушті қираулар аймағын құрайды.

Ықтимал қатты қираулар аймағы мен ықтимал қирау-лар аймағы шекаралары арасында тұрған аумақ ықтимал әлсіз қираулар аймагын құрайды.

Ықтимал күшті қираулар аймақ шекарасы мен ықтимал әлсіз қирау аймага шекарасын жобалық қүрылыс салу шекарасынан аулақтату категорияланған қалалар мен шаруашылық объектілерінің категориясына байланысты.

Ықтимал қатты қираулар аймағы, әдеттегідей, категорияланған қалалардың жобалық құрылыс шекарасымен орайлас келеді.

Ықтимал әлсіз қираулар аймағы категорияланған қалалар мен аса маңызды объектілер шекарасынан 7—10 км қашықтықта орналасқан.

АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалар мен аса маңызды объектідерден ықтимал қираулар аймағымен жапсар-лас, ені 20км аумақ ықтимал қауіптірадиоактивті зақымдану (ластану) аймагы деп аталады.

Ықтимал қауіпті радиоакгивті зақымдану (ластану) аймағьның шекарасына жапсарлас, ені ІООкм аумақ ықтимал қатты радиоактивті зақымдану (ластану) аймағы деп аталады.

ҚӘУЗ пығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) деп аталады, олардың зақымдалуы немесе бүлінуі адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жатпай улануына алып келуі мүмкін, химия, қағаз, тоқыма, қорғаныс, мұнай өндеу, кәсіпорындарында, мұнай-химия өнеркәсібіңде, түсті және қара металлургаяда, минералды тыңайтқьштар өнеркәсібіңде ҚӘУЗ-дің үлкен қоры бар. ҚӘУЗ-дің үлкен бөлігі аироөнеркәсіп және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында жинақталған.

ҚӘУЗ зақымдауына ұшыраған аймақ химиялық, зақымдану аймағы деп аталады. Оған ҚӘУЗ төгілген (шығарылған) орынмен улаушы концентрациядағы ҚӘУЗ-і бар бұлт тараған аумақ кіреді. ҚӘУЗ-дің химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бүлттың таралуының терендігі мен және енімен сипатталады. Аймақтың жылжымалылығы ауа ағынының тік және көлбеу қозғалысына байланысты.

Ықтимал қираулар аймағынан, ықтимал қауіпті химиялық зақымдану, ықтимал апатты су басу, сондай-ак, ықтимал қауіпті радиоактивті ластану аймағынан тыс орналасқан және жергілікті, көшірілген халықтын тіршілігі үшін жарамды облыс әкімшілікті шекарасы шегіндегі аумақ қауіпсіз (қала сырты) аймағын құрайды.

Халықты инженерлік қорғау жүйесі мына бағытта қамтиды:

· қорғаныс ғимараттары қорын жинақтау :

· қорғаныс ғимараттарын паналаушыларды қабылдау тұрақты әзірлікте ұстау;

· жау шабуылы қауіпі кезінде жылдам тұрғызылатын панаханаларды салу;

· хабарлау жүйесін АҚ дабылы мен ол бойынша іс-әрекет туралы ақпаратты бүкіл халыққа жеткізу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстау.

Бейбіт уақытта жүргізілетін инженерлік қорғаныс шараларына мыналар жатады:

· панаханалар мен радиациядан қорғайтын орындар (РҚО) бойынша нормативтік және жобалық техникалық құжаттаманы әзірлеу

· ҚН ЖЕ және жобаларды әзірлеу

· қорғаныс ғимарттарын салуды жоспарлау. Бұл құрылыс болашақ және жылдық жоспарларға кіреді.

· қорғаныс ғимарттарын салу. Жұмыс істейтін шағын ауысымды жасырыну үшін барлық қорғаныс ғимараттары бейбіт уақытта салуға тиіс.

• халықты жасырынуға жарамды ғимараттарды анықтау жөне зерттеу

қалалардың жер асты кеңістігін, тау үңғымаларын, жартастар мен табиғи жыраларды қорғаныс ғимараттары етіп ыңғайлау

· қорғаныс ғимарттары қоры күтіп-ұстау және қызметшілерді даярлау

· екі нүсқа бойынша халықты жасыру жоспарын әзірлеу: АҚ шараларын жоспарлы жүргізген және жау кенеттен шабуылдаған кезде.

· қарапайым панахана мен жылдам тұрғызылатын панахананы салу бойынша дайындық шараларын жүргізу.

Соғыс уақытында өтікзілетін инженерлік қорғаныстарына мыналар жатады:

· қолда бар қорғаныс ғимараттары паналаушыларды қабылдау үшін түрақты әзірлікке келтіру;

· қолда бар жертөлелік бөлмелер мен цоккольдік ғимараттар бірінші қабаттарын радиациядан қорғайтын орын (РҚО) етіп ыңғайлау;

· жеңіл қондырғылар мен қорғаныс ғимараттарын салу. Жеңіл қондырғылары бар қорғаныс ғимарттары немесе жылдам түрғызылатын панахана бейбіт уақытта қорғаныс ғимаратымен қамсыздандырылмаған категорияланған қалаларда немесе аса маңызды объектілерде соғыс уақытында жұмыс істейтін шағын ауысымдар үшін салынады;

· Қарапайым панаханаларды салу. Қарапайым панаханалар шабуыл қауіпіне байланысты категорияланған қалалардағы еңбекке жарамды халықтың күшімен салынады.

Панаханалархалықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсідцерінің бірі, яғни оларды ұжымдык корғау құралдары болып табылатын корғаныс ғимараттарына жасыру.

Панахана толқын соққысынан, жарык сәулемен, етіп радиациядан және радиоактивті зақымданудан — ядролық жарылыстың закымдағын факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдык кұралдар мен катты эсер ететін улы заттардан (К.ЭУЗ) ыкдалынан сенімді корғауды камтамасыз етеді.

Барлық панаханалар жасырынатындарды ядролық жарылыс соққы толкынның майданында артык қысымның ыкпалынан — ЮОкПа (1 кгс/кв.см) корғауға және мьщга тең иондаушы сәулеленудің радиациялық дозасын әлсірету дәрежесінде болуга тиіс.

Панаханадағы тіршілік жүйесі екі тәуліктің бойында жасыратындардың есептік санының қамсыздандыруға тиіс.

Панаханалар денгейі бойынша 4 сыныпка белгіленеді:

— бірінші сынып — А-1 Рф= 5 кгс/кв.см жэне К, =5000— ерекше тапсырыс бойынша салынады (уюмегп баскару нуктелер!);

— екінші сынып — А-П Рф= 3 кгс/кв.см жэне К, =3000 — аса мацызды жэне АО бойынша 1 топтагы калаларда салынады;

— үшінші сынып — А-1И Рф= 2 кгс/кв.см жэне К3 =2000

— АК, бойынша II мен III топтагы калаларда салынады;

— тэртшш! сынып — А-Г/ Рф= 1 кгс/кв.см жэне К, = 1000 — категорияланган калалардын шепнде орналаскдн аса мацызды объектшерде салынады, мұнда А — панахана-ны (I, II, III, IV) — панахана сыныбын белгіленеді Рф — сокхы толкынының майданындағы артык, кысымды тежейд!

— куш килограммы кв.с, К, — иондаушы сэулелену ради­ация дозасын әлсірету коэффициент! (дозаны канша рет элс1ретед1) — 1000.

Жылдам тұрғызылатын панаханалар(ЖТП) — бұл жеңіл қондырғылар арқылы 15 күн мен бір ай аралығында жау шабуыл қауіпіне байланысты тұрғызылған ғимарат.

Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) — 50—200 адам.

Радиациядан коргайтын орындар (РК,О)адамдарды радиоактивті закымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс органдарын, термен киімді радиоактивті заттардың ту сушен қорғайды. Ластанған киімді сактауға арналған белме кірістерінің бірнеше ыңғайластырылады және белмеден жанбайтын коршаулармен ажыратылады.

РК.О ыктимал элс13 қираулар аймағында орналасқан кезінде оның коршау кедергілері соккы толкын майданын­дағы артық қысымга есептелуге, 20кПа (0,2 кгс/кв.см.) тең болуға тиіс.

РК,О-да орналасқан жеріне орай иондаушы сәулеленудің радиациясы дозасын төмендету дәрежесі мен қорғаныс ко­эффициенті болуға тиіс:

— ықтимал қатты қираулар аймағынан тыс орналасқан, АК, бойынша бірінші және екінші категориялардағы объектілерде жұмыс істейтін кәсіпорындар ауысымы үшін —200;

— ыктимал катты кираулар аймагы шекарасынан сыртындасындагы ыктимал қауіпті радиоактивті закымдану (ла-стану) аймағында: жұмыс істейтін кесшорындар ауысымы АК, курамалары мен емдеу мекемелері уш!н —200, халык пен кешірілгендер үшін — 100;

— ыктимал қауіпі радиоактивті закымдау аймағында: жұмыс істеу ауысымдар үшін — 100, халык пен кешірілгендер үшін — 50;

— ыктимал катты радиоактивт! закымданган аймагынан тыскары жерде: жумыс істеу үшінауысымдар — 20 халык пен кешірілгендер үшін — 10.

Улағыш затар мен бактериаддык заттардан қорғау үшін газ-қағарлар пайдаланылады. РК,О ықтимал кауіпті қираулар аймағынан тыс орналасқан шаруашылық объектіер жұмысшылары мен кызметшілердің, сондай-ак категорияланған калалардан, поселкалардан тұратын және аталған калаға поселкалармен елді мекендерден әкелген халықты корғауға арналған.

Терендетілген ғимаратта жетпеген жағдайда арнайы РК,О салынады. Олардың құрылысы үшін қолда бар материалдардан салынады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 643; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты