КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ХИМИЯЛЫҚ БАРЛАУ ПРИБОРЛАРЫАуадағы, жердегі, техникадағы және басқа обьектілердегі улы заттарды анықтау химиялық барлау приборлары көмегімен немесе сынақ алу және оны артынша химиялық лабараторияда талдау жолымен жүргізіледі. Барлық приборлардың жұмыс принциптері индикацияның химиялық әдісіне негізделген. Ол бойынша улы заттар реактивпен ықпалдасқан кезде реактивтің түсі өзгередеі, ал егер реакция сұйық ортада жүргізілсе ылғал түседі. Әскери химиялық барлау приборы (ӘХБП). Ауадағы, жердегі және техниканың үстіндегі улы заттарды табуға арналған, ол корпусқа қақпақпен және тасуға арналған белбеумен бекітілген. Корпуста қол насосы, насостың саптамасы, индика-торлы түткішесі бар үш қағаз таспасы, түтіннен қорғайтын сүзгі, қорғаныс қалпақшалары, шам, жылытқыш және оның патрондары орналасады. Корпустың сыртынан сынақты ірікге-уге арналған күрек бекітіледі. Ауада улы заттарды анықтау. Улы заттарды анықтауды зариннан, зоманнан және ҮХ бастайды. Бүл үшін прибордың қақпағын ашады, ілмешекті итереді және насосты алады. Қызыл шеңберлі және қызыл нүктелі екі индикаторлық түтікшені алып, олардың үшын кесіп ашады. 5°С температура кезінде түтікшенің төменгі жағын ашардың алдында 40°С-тан аспайтын температурада жылытқыны қыздырады (реактивті ерітеді). Индикатор түтікшенің таңбасына дөл келетін таңбалы насостың ампула ашқышының көмегімен екі түтікшенің үстіңгі ампуласын сындырып, оларды үшы-нан таңбамен бірге үстай отыра 2—3 рет қатты сілкілейді, түткішілердің бірінің (тәжірибелік) үшын таңбаланған на-сосқа қояды, секундтына бір рет тербету жылдамдығымен 5 — 6 тербетіп, ауа айдайды. Екінші түтікше арқьшы (бақы-лау) ауаны айдамайды, керісінше прибор корпусында орналасқан штативте қалдырады. Ауаны айдағанан кейін тәжірибелік түтікшенің төменгіжағын сыңдырып толтырғыштың жоғары бөлігін толығымен шаятындай етіп бір-екі рет үлкен құлашпен сілкілейді. Толтырғыштар бояуының өзгерісін қадағалайды. Төменгі ампулаларды ашып, оларды сілкілегеннен кейін толтырғыш қызарады, кейіннен сарғайады. Екі түтікшеде де қызыл түстің жасыл түске бір уақытта көшуі қауіпті мөлшердегі улы заттың жоқтығын айғақтайды. Бақылау түтікшесіңде сары түс пайда болған сәтте тәжірибелік түтікше толтырғышының жоғары қабатында қызыл түстің сақталуы ауада қауіпті мөлшердегі улы заттардың бар екендігін көрсетеді. Газқағарларын алу туралы шешім қабылдау үшін зариннің, заманның және ҮХ қауіпсіз мөлшері де осылайша анықталады. Анықтауды жоғарыда жазылған тәртіппен жүргізеді, тек ауаны тәжірибелік индикаторлық түтікше арқылы айдаған кезде насосты 50 — 60 рет басады және түтікшелердің төменгі ампуласын бірден емес, басқаннан кейін 2 — 3 минуттан соң сындырады. Жүйкені құрыстырғыш улы затты зерттеу нәтижесіне қарамастан ауада фосгеннің (дифосгеннің) және көгілдір қышқылдың немесе хлорцианның бар-жоғын анықтайды. Бұл үшін үш жасыл жүзікшесі бар индикаторлық түтікшені ашып, ондағы ампуланы сындырып, түтікшені насосқа қой-ып, насоспен 10—15 рет тербетеді. Түтікшені насостан кейін алғаннан кейін толтырғыштың бояуын индикаторлық түтікше сақталатын таспаға жағылған эталонмен салыстырады. Бұдан кейін ауадағы иприт буын анықтайды, бұл үшін бір сары жүзікшелі түтікшені ашып, оны насосқа қояды және насосты 60 рет басады. Бүдан кейін түтікшені насостан алып, 1 минуттан соң толтырғыштың бояуын таспадағы эталон-мен салыстырады. СZ және ВZ-да индикаторлық түтікшесі бар таспалар болған кезде ауада осы улы заттардың бар екендігін анықтауға болады. Төменгі температураларда ауаны зерттеуді жүргізген кезде түтікшілерді қыздыру керек. Бүл үшін жылытқының орталық саңылауын патронға қояды және патрон қалпақшасындағы саңылау арқылы оның ішіндегі ампуланы сындырады. Ампуланың сыңғанына көз жеткен соң ұшты патроннан алады. Жылытқыны қойғанан кейін оны бүйірдегі ұяларға түсіріп, индикаторлық түтікшілерді қыздыру немесе еріту үшін пайдаланады. Индикаторлық түтікшенің толтырғышы түсінің ауада тек улы заттармен қатар негізгі сипаттағы қышқыл қоспаларының улы немесе бүркемелі түтіннің әсерінен өзгеретіндігін де есте ұстау қажет. Сондыктан да ауаны зерттеудің күдікті жағдайларында оны түтіннен қорғайтын сүзгіні пайдалана отырып қайталайды. Топырақ пен сусымалды материалдағы улы заттарды анықтау. Бұл үшін қажетті индикаторлық түтікшені алып даярлағаннан кейін оны насостын басына қояды. Бұдан кейін насосқа саптаманы бұрып, басылатын жүзікшені ашық қалдырады. Саптаманың аузына қорғаныс қалпақшасын кигізеді. Зақымдалғаны туралы күдік тудырған жердегі топырақтың (сусымалы материалдың) үстіңгі бетін күрекпен ашып, қорғаныс қалпақшасьш шетіне дейін кемеді. Қақпақ-ты түтіннен қорғайтын сүзгімен жауып, оны сығатын жүзікшемен бекітеді және насоспен қажетінше тербетеді. Бұдан кейін түтіннен қорғайтын сүзгіні, сынама мен қалпақшаны лақтырып тастайды, индикаторлық түтікшені алып, жоғарыда көрсетілгендегідей, улы заттарды анықтайды. Жердегі, техникадағы, киімдегі және әртүрлі заттардағы улы заттарды анықтау.Анықтауды фосфорлы органикалық заттардан бастайды. Әзірленген нүктені насосқа қойып сап-таманы бүрайды, қорғаныс қалпақшасын кигізіп, саптама-ны топыраққа немесе зертелетін объектінің үстіне қалпақшаны зақымдану белгілері анығырақ көрінген учаскені жабатындай етіп қояды, бұдан кейін қажетінше тербетеді. Бұдан әрі саптаманы алып, қалпақшаны лақтырып тастайды, насостың басынан индикаторлық түтікшені алып, таспаға жапсырылған нұсқаулықтарды басшылыққа алып улы заттарды анықтайды.
|