Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЗАҚЫМДАНУ ОШАҒЫНДАҒЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ БАҒАЛАУ




Қарсылас жақ осы заманга зақымдау құралдарын қолданған жағдайда, сондай-ақ атом өнеркәсібі кәсіпорындарындағы авария кезіндегі ауа, жер және онда орналасқан ғимарат, техника мүлік радиациялық зақымдануға ұшырайды.

Жердің радиоактивтілік зақымдануы нәтижесінде пайда болған ахуал деп аталады. Ол радиациялық зақымданудың көлемімен және сипатымен анықталады және шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметіне, бөлімшелердің іс-әрекетіне, халықтың тіршілігіне айтарлықтай ықпал етеді. Адамдардың, малдардың зақымдану қауіпі радиациялық ахуалды тез анықтау мен бағалауды және құтқару жұмыстарын жүргізуге оның ықпалын ескеруді талап етеді.

Осы мақсатта радиациялық барлау мөлімвттері бойынша болжау әдісімен радиациялық ахуалды анықтау мен бағалау жүргізіледі.

Болжау зақымдау уақытын, сипатын және бөлімшелердің іс-әрекет режимдері мен зақымдалған жердегі халықтың өзін-өзі ұстау тәртібін анықтау мақсатында мәліметтер береді. Бұл зақымдаудың тек нақты деректерден едәуір айырмашылығы болуы мүмкін шамалас сипаттамалары ғана.

Болжаудың бастапқы мәліметтері: жарылыстың қуаты, түрі мен орталығының (кіндігінің) деректері, жарылыс уақыты, орташа желдің жылдамдығы мен бағыты.

Шаруашылық объектілерінде радиациялық ахуалды болжамайды, тек ТЖ мен АҚ жөніндегі жоғары тұрған органдардың мәліметтерін ғана пайдаланады. Объектілердің АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтері оны тек барлау мәліметтері негізінде ғана бағалайды.

Аумағының көлемі жердің радиациялық зақымдану аймағымен салыстырғанда шағындау шаруашылық объектісі үшін болжаудың тек екі нұсқасы ғана ықтимал: объекті қызметкерлері сәулеленуге ұшырайды немесе ұшырамайды. Сондықтан объект аумағынан радиоактивті зақымдану жағдайы үшін радиоактивті бұлт ізінің белдігі кәсіпорын аумағының ортасы арқылы өтетін кездегі ең жағымсыз нұсқа алынады.

Болжанатын радиациялық ахуал міндетті түрде радиациялық барлаумен нақтыланады. Радиациялық ахуалды бағалау болжау мәліметтерін алғаннан кейін жүргізіледі.

Радиациялық ахуалды бағалау үшін нені білу қажет? Оны бағалау үшін бастапқы мәліметтер мыналар: радиоактивті зақымдануды туғызған ядролық жарылыстың уақыты; радиация деңгейі мен оны өлшеу уақыты; радиацияны әлсірету коэффициенттерінің маңызы; сәулеленудің жол берілген дозасы; сондай-ақ қойылған міндет пен оны орындау мерзімдері.

Радиациялық ахуадды бағалау кезінде радиация деңгейін бір уақытқа келтірген жөн (өдеттегідей, ядролық жарылыстан кейінгі бір сағатқа). Бұл радиациялық ахуалды картаға (схемаға) түсіруді және бұдан әрі радиация деңгейінің төмендеуін қадағалауды жеңілдетеді.

Осындай міндетті шешу кезінде екі нұсқа кездесуі мүмкін. Біріншісі: жарылыс уақыты белгілі. Екіншісі: белгісіз. Бірінші жағдайда жарылыстан кейін (Р^) радиациядан деңгейін 1 сағатқа келтіру үшін радиацияның өлшен-ген деңгейінің көлемін қандайда бір уақытқа I (Р;) анықтамалықтар кездесетін таблицалық қайта есептеуді Какоэффициентіне көбейту қажет. Екінші жағдайда әуелі ядролық жарылыстан кейін өткен уақытта анықтау керек, оны уақытқа байланысты радиация деңгейінің төмендеу жылдамдығы бойынша табады. Бұл үшін тек бір нүктедегі радиацияның деңгейін өлшейді, алайда (Р^ және Р,) аралығымен ғана. Бұдан кейін екінші және бірінші өлшеу (Р2:Р,) арасындағы қатынас бойьшша таблицаның көмегімен жа-рылыс болған сәттен бастап екінші өлшемге дейінгі уақытты анықтайды. Мысалы, бірінші өлшем 12.00-де жүргізілді және радиация деңгейі 120р/с, екінші өлшем 15.00-де жүргізілді және радиация деңгейі 42 р/с болды. Тиісінше, екі өлшемнің арасындағы үзіліс 3 сағат, ал деңгейлер ара-қатынасы (42:120) 0,35 болды. Тиісті таблица бойынша жарылыстың екінші өлшемге дейін 5 сағат бұрын, яғни 10.00-де (15.00—5.00) болғандығын табамыз. Уақыттың алынған маңызды ядролық харьшыстан кейінгі бір сағаттағы ради-ация деңгейін есептеу үшін пайдаланады.

Объектінің АҚ штабы ақпарат алынған барлық арналарды пайдалана отыраі радиоактивті ахуалды қорытын-дылайды (радиациялық және химиялық бақылау тіректерінің, радңациядык. жөне химиялық барлау буындары мен топтарының, ТЖ хөне АҚ жоғары түрған оргаңдарының мәліметтері). Қорыту нәтижелері объектінің жоо парына еңгізіледі.

Бұдан кейін сәулеленудің ыктимал дозасын анықтаған жөн. Олар адамдар зақымдалған аумақта болған кезде олардың қайта сәулелену болдырмау мақсатында есептеледі.

Сәулелену дозасын анықтау үшін бастапқы мәліметтер мыналар: ядролық жарылыстан кейінгі бір сағатқа келтірілген радиация деңгейі мен зақымданған аумақта болу созымдылығы. Осы міндеті шешу кезінде әлсіреу коэффициенттерін ескеру қажет (Кә;Іс) (таблицаны қараңыз).

Радиоактивті зақымдану жағдайында адамдардың аса қажетті іс-әрекеттерін анықтауға болады. Мұнда бір қатар міндеттер шешіледі. Адамдардың зақымдалған жерде болуының жол берілетін уақытының созымдылығын анықтау, құтқару және басқа шүғыл жұмыстарды жүргізу үшін объектіге бөлімшелерді өкелу уақытын белгілеу, құтқару жұмыстарының толық көлемін орындау үшін ауысымдардың қажетті санын есептеуді жүргізу, радиоактивті зақымдану аймағынан (учаскесінен) кетуді қашан бастауға болатын уақытты табу, қатты және қауіпті зақымдану аймағынан адамдарды кешіру (әкету) уақытын нақтылау, жұмысшыларды, қызметшілерді және АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын радиациялык қорғаудың ықтимал режимін анықтау қажет.

Ядролық энергетикалық қондырғылардағы авария жағдайында жердің радиоактивті ластануы жергілікті сипатта болады. Ол негізінен биологаялық белсенді радионуклидтерден туындайды. Жердегі сәулелену дозасының қуаты ядролық жарылыстың радиоактивті бұлтының ізіндегіден жүздеген, ал кейде мыңдаған есе әлсіз. Сон-дықтан да адамдар үшін сыртқы сәулеленуден гөрі ішкі сә-улелену әлдеқайда қауіпті.

 

Панаханалар мен көлік кұралдарындағы сәулеленуді әлсірету коэффициенттерінің орташа маңызыэіс)

 

Панаханалар мен көлік құралының атауы (Қэлс) і
Жсрде ашық орналасу
Фор иификациялық ғимараттар  
Апіық траншея, окоп, сащдлау
Дезакшвгелген (немесезақымдалған жерде ашык)
траншвя, окоп, саңылау
Бітелген саңылаулар 1,5
Көлік құралдары
Авюмобильдер мен авгобусгар 7
Темір жол платформасы
Жабық вагоңдар  
Жолаушылар ваговдары  
Өндірістік және әкімшіліктік ғимаратгар  
Өндірісгік біркэшпы Ғимарат (цехгар)  
Өндірісіік және әкімшілікгік үшкабатты ғимаратгар  
Тастан салынған тұрғын үй  
Бірқабатгы
Жертөле
Екікдбатіы  
Жертеле
Үшкдбахгы
Жертале  
Бесқабапы 27
Жертеле
Ағашган салынған үйлер  
Біркдбаггы
Жертөле
Еюкэбапы
Жертале  
Халық үшін орташа  
Калалық
Селолық

Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 391; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты