Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Радиациялық барлау ориборлары




Осы заманғы барлық дозиметрлік приборлар иондық әдіс негізінде жүмыс істейді.

Оқшауланған көлемдегі иондаушы сәулеленудің ықпалымен газдың электрлі бейтарап атомдары жағымды және жағым-сыз иондарға бөлінеді. Егер осы келемге әрқ-айсысына тұрақты кернеу қойылған екі электрод орналастырса, онда иондалған газ-дағы электродтардың арасында зарядталған бөлшектердің бағытты қозғалысы пайда болады, яғни газ арқылы иондық тоқ деп аталатын электр тоғы өтеді. Оның көлемін өлше отыра, радиоактивті сөулеленудің жиілігі туралы бағалауға болады.

Иондық әдіс негізінде жүмыс істейтін приборлар шамамен бірдей және құрылысы мынадай: 1—қабылдаушы, 2— күшейткіш, 3—өлшегіш, 4—қуаттандыру блогы және 5— қуаттандыру көздері.

ДП —5В доза қуатынын өлшегшгі (рентгенометр)

Прибор гамма-сәулелену бойынша әртүрлі заттардың радиоактивті зақымдалу және гаммарадиация деңгейін өлшеуге арналған. Гамма-сәулеленудің экспозициялық қуаты сағаттағы миллирентгенттермен (мР/сағ) немесе сағаттағы рентгентермен анықталады. (Р/с) Прибор жиынына мыналар кіреді: 1 — сақтауға арналған чемодан, 2 — қақпағы бар өлшеу пульті, 3 — газбен зарядталған ею есептегіші бар қымталған цилиндрлі түтік, 4 — түтікті бекітуте арналған ұзарту штангасы, 5 — өлшеу пультінің дабылдарын дыбыстық бақ-ылауға арналған телефондар (қүлақілдіргі), 6—зонд пен телефон кабельдері, сондай-ақ қуаттандыру блогы, нұсқаулық пен артық мүлік.

Радиация деңгейін өлшеу 1м. биіктікте, яғни адамның тіршілік орталықтарының деңгейінде жүргізіледі.

Гамма-сәулеленудің дозасының қуатын (радиация дең-гейін) анықтау үшін мыналарды істеу қажет: түтік экранын "Г" жағдайына, қосалқы диапазондар ажыратқышын 200 жағ-дайына қойып, 15 секундтан кейін төменгі шкаладан кейін прибор тілі бойынша есептеуді жүргізу керек. Алынған нәти-же сағаттағы рентгентте гамма-сәулелену көлемін көрсетеді. Егер прибор тілі болмашы ауытқыса (0—5 Р/с шегінде), онда өлшеуді сезімталдау қосалқы диалазондарында жүргізген жөн.

Өлшеу кезінде тілдің шеткі жағдайларында есептеуді жүргізбеген дүрыс (шкаланың басывда немесе аяғыңда). Ұзақ жұмыс кезінде әрбір 30—40 минуттан кейін прибор жұмысының режимін тексеру қажет.

Өлшеу барынша дәл болу үшін зондты кеңістікте оның кіндігінің жермен қатар орналасатындай етіп бағыттау керек.

Дененің, киімнің, хайуанаттардың жүн жамылғысының үстін және басқа объектілердің радиоактивті заттармен зақымдалуын анықтау, егер сыртқы гамма-фон сол объектінің шекті жол берілетін зақымдалуынан үш еседен артық болмаған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін. Гамма-фон зертелетін объектіден 15—20м. қашықтықта өлшенеді (зонд жер-ден 1м. қашықтықта).

Объектінің үстіңгі бетінің зақымдалуы барлық қосалқы диапазонда өлшенеді (200-ден басқасында).

"Г" жағдайында экраны бар зондтың зақымдану деңгейін өлшеу үшін тексерілетін объектінің үстіңгі бетіне қойып оның үстінде баяу қозғай отыра құлақілдіргідегі дыбыстардың ең үлкен жиілігі немесе микроамперметрдің ең жоғарғы көрсетуі бойынша қатты зақымдалған жерді анықтап, прибордың көрсетулерін жазып алу керек. Осы көрсетулерден гамма-фон көлемін оқып, объектінің зақьшдануының шынайы деңгейін алады. Егер прибордың көрсетулері екі өлшеу кезінде де бірдей болса, онда объекті зақымданбаған болып шығады.

Зақымданған обьектіде бета-сәулеленуін анықтау үшін зонд экранын "В" яағдайына қою қажет. Гамма-сәулелену бойынша көрсеткіштермен салыстырғанда (зонд экраны "Г" жағдайында) прибор көрсетулерінің бір қосалқы диапазондарында артуы беп-сәулеленуінің бар екендігін, тиісінше тексерілетін объектінің бета, гамма-радиоактивті заттармен зақымдалғанын, ягни зақымдалған объектінің қауіптілік деңгейін артыратындығын айғақтайды. Бета-сәулеленуді анықтау сондай-ақ радиоактивті ластану іздерінің тыстың, автомашинаның, ыдыстың, ғимарат қабырғасының қай жағында екендігін табу үшін қажет.

Сұйық және сусымалы заттардың зақымдалғанын өлшеу кезінде датчикті радиоактивті заттармен ластанудан қорғау үшін түтікке полизхилен пленкасынан жасалған жамылғы кигізеді.

ДОЗИМЕРІЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ

ДП—22В жеке дозиметр жиынына 50 тік көрсететін ДКП— 50-Адозиметрлері мен ЗД — 5 зарядтау кондырғысы кіреді.

0,5—200Р/С дозглар қуатын өлшеу кезінде 2 — 50 диапазондағы гамма-сәулеленудің жеке дозасын өлшеуге арналған. Дозиметрлерінің жұмысы температуралардың —40 +50 °С аралығында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 98% кезінде қамтамасыз етіледі.

Әрбір дозиметр алюминий құймасынан автоқалам түрінде жасалынған.

ДКП-50-А дозимстрін жұмысқа даярлау кезінде дозиметрдің шаңнан қорғайтын қалпақшасын және зарядтау қондырғысындағы "заряд" ұясындағы қалпақшаны бұрайды. "Заряд" тұтқасын сағат жүрісіне қарсы қойып, дозиметрді ұяға салады, осы кезде ұяның төменгі жағындағы дозиметр шкаласына жарық түсіретін шам жанады. Оператор окулярға қарай және сағат тілі бойынша «заряд» тұтқасын бұрай отыра тілді дозиметр шкаласындағы нольдік белгіге қойып, дозиметрді ұядан алады және қорғаныс қалпақшасын бұрайды. Дозиметрлерді зарядтағаннан кейін радиоактивті зақымдану аймағында жұмыс істейтін бөлімшілердің жеке құрамына береді.

Ошақтан қайтқаннан кейін дозиметрдің көрсеткендері жеке құрамның сәулеленуін есептеу журналына енгізіледі.

ИД – 1 доза өлшеу жиыны температураларының – 40 + 50 °С аралығында және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 98 % кезінде гамма – нейтрондық сәулеленудің жұтылған дозасын өлшеуге арналған. Дозиметр 20 – 500 рад диапазонындағы гамма – нейтрондық сәулеленудің жұтылған дозасын өлшеуді қамтамасыз етеді.

Өлшенетін дозаларды есептеу дозиметр ішінде орналасқан және окуляр арқылы жарықта көрінетін шкала бойынша жүргізіледі. Дозиметрлерді зарядтау ЗД – 6 зарядтау қондырғысымен жүргізіледі. Жиынға зарядтау қондырғысымен қатар 10 дозиметр және футлярға салынған нұсқаулық кіреді.

Зарядтау қондырғысының жұмыс принципі мынаған негізделген: сағат тілі бойынша тұтқаны айналдырған кезде рычагтік механизм пьезоэлементтерге қысым жасайды, олар бұзылғаннан кейін кіре берісте дозиметрдің иондық камерасының орталық электроды зарядтау ұясының орталық діңгегі бойынша плюс, ал корпус бойынша иондық камераның сыртқы электродына минус берілетіндей ретпен орналасқан әр түрлі қуаттылықты құрайды.

Дозиметрді жұмыс жағдайына келтіру үшін оны зарядтау қажет. Бұл үшін зарядтау қондырғысының тұтқасын аяғына дейін сағат тіліне қарсы бұрап, дозиметрді зарядтау қондырғысының зарядтық-байланыс ұясына қояды; зарядтық қондырғыны айнамен жарықтың сыртқы көзіне бағыт-тап айнаны бұра отыра шкалаға жарықты барынша көбірек түсіреді, дозиметрді басып, окулярды бақылай отыра зарядтық қондырғының тілін сағаттың тілі бойынша дозиметр шкаласындағы тідцің көрсетуі нольге жеткенге дейін бұрайды, бұдан кейін дозиметрді ұядан алып, жіптің жағдайын жарықта тексереді (тілдің тік жағдайы кезде оның көрсетуі 0 болуға тиіс).

Дозиметрді иондаушы сәулелер әсері өрісіндегі жұмыс уақытында киімнің қалтасына салып жүреді. Дозиметр окулярына ара-тұра қарай отырып дозиметр шкаласындағы тілдің көрсетуі бойынша жүмыс уақытында алынған гамма-нейтрондық сәулелену дозасын анықтайды.

ИД—11 жеке доза өлшеу жиыныгамма-нейтрондық сәулеленудің жеке дозасын тіркеуге арналған және ИУ—1 лшеу қондырғысының бес буып-түю жәшігінде орналасқан 500 жеке ИД— 11 өлшеу дозасынан, екі қуаттандыру кабелінен, техн и к а л ы қ құжаттама мен артықбөлшектердентұрады. Гамма және аралас гамма – нейтрондық сәулелену дозасын тіркеу күміс жаратылған алюминий фосфатты шынының көмегімен жүргізіледі. Тіркелген дозаны өлшеу 10 – 1500 рад диапазонындағы ИЮ – 1 өлшеу қондырғысының көмегімен жүргізіледі. Сәулелену дозасы мерзімдік сәулелену кезінде қосылады және дозиметрде 12 ай сақталады. ИД – 11 массасы – 25 г.

«Белла» тұрмыстық дозиметрі. Портативті, қалталы прибор түрінде жасалынған.

Дозиметр екі жұмыс режимімен жұмыс істейді. ПОЙСК және МЭД. ПОИСК режимі дыбыс дабылдарын қадағалау желісі бойынша радиациялық ахуалды тұрпайы бағалау үшін қызмет етеді.

МЭД өлшемі 40 с шамасындағы уақыт аралығымен автоматты түрде, сондай – ақ МЭД – КОНТР. ПИТАНИЯ кнопкасына қысқа уақыт басу арқылы жүргізіледі.

Дозиметрдің өлшеу уақыты 40 с шамасында, бұл кезде цифрлы таблода әрбір разрядтаған (цифрлар) кейін нүкте пайда болады.

1,2,4 разрядтардан кейін нүктелердің жоғалуы өлшек прцесінің аяқталғандығын білдіреді.

Дозиметр 1 м З в/с аспайтын эквивалентті доза қуаты тағайындалғанға дейін МЭД 99,99 мкЗв/с маңызының артқандығы туралы (дыбыс таблосының толып кетуі) үздіксіз дыбыстық және жарық дабылын қамтамасыз етеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 290; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты