Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕМТИХАН БИЛЕТІ. Қазіргі замандағы ТМД елдеріндегі діни ахуалдың әлеуметтік қатынастарға әсері




 

  1. Қазіргі замандағы ТМД елдеріндегі діни ахуалдың әлеуметтік қатынастарға әсері

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ТМД мемлекеттері өзінің ел тұтастығын, экономикалық жағдайын және рухани төл мәдениеті жайлы тереңірек ойлануға кірісе бастады. Әсіресе оның ішінде елдегі дін және діни тұрақтылық жағдайлары күн тәртібіндегі кезек күттірмес мәселердің бірі еді.

Бүгінгі таңда дін мәселесі ТМД елдеріндегі саяси құбылыстардың ажырамас бөлігіне айналған. Осы себепті де посткеңестік елдердің діни ахуалдарына жаппай жасалған зерттеу жұмыстары «саяси ислам» деген жаңа терминді тудырды. Өз алдына дербес мемлекет атанған шақта ТМД елдерінің ресми дінбасылары Ислам дінінің қайта жаңғыруына ден қоя бастады. Осылайша жаһандану заманына өз идеясын көтеріп келген ислам доктринасы ТМД елдері аймағына да бас сұқты.

Саяси исламның алғашқы көріністері шетелден діни оқуын бітіріп келген жастарымыздың бойынан байқала басталды. Олар білім алып қана келген жоқ, сонымен бірге исламдық саяси идеологияны да арқалай келді.

Сауд Арабиясынан тараған осы идеологияның шынайы гуманистік діннен басты ерекшеліктерінің бірі – «Ислам мен зайырлы қоғам қатар өмір сүре алмайды» деген түсінікте жатыр. ТМД мемлекеттерінің қатарынан ислам алғаш рет саяси күш ретінде танылған мекен Тәжікстан болды.

 

Қазіргі таңда басқа да ТМД мемлекеттері өз ішіндегі діни ахуалды реттеуді күштеп қолға ала бастады. Бұл елдерде енді халықаралық лаңкестік және экстремизмнің алдын алу және оған қарсы тұру негізі ретінде қоғамның діни-адамгершілік құндылықтарын дамытуда діннің рөлін қайта қарау мәселелерін көтере бастады. Бірқатар мемлекеттер бұл жағдайды арнайы жаңа заңдар қабылдау арқылы шешуді жөн көрді. Мысалға, 1997 жылы Ресей Федерациясында ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктерге қатысты жаңа заң қабылданса, осыдан кейін Өзбекстан (1998 жыл), Белоруссия (2002 жыл), Түрікменстан мен Украина (2003 жыл), Әзірбайжан (2005 жыл), Молдава (2006 жыл), Қырғызстан (2008 жыл) және т.б. елдерде жаңа заңдар қабылданды немесе қолданыстағы заңға өзгерістер енгізілді.

 

  1. Жаһандану кезеңіндегі ислам және батыс диалогы

Соңғы жылдары батыс елдерінде Ислам жөнінде кері пікірлер қалыптасып жатыр. Әлемнің әр түкпірінде болып жатқан лаңкесттік шабуылдарға байланысты адамдардың көбі мұсылмандарды терроршыларға теңейді.

қазіргі кезде Ислам және Батыс мәдениетінің дамуына төніп тұрған кауіп-қатерлердің бірі әсіресе экстремизм мен фанатизм мәселелері. Экстремисттер Исламды өз мақсаттарында пайдалануда, дейді сарапшылар

бүгінгі исламның аса көрнекті ерекшеліктерінің бірі оның диалогқа ашықтығы. Сөз өркениеттердің диалогы, Шығыс пен Батыстың арасындағы диалог, мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік қарым- қатынас жайлы болып отыр. Өркениеттер диалогына шақырушы мұсылмандар дамыған өркениеттің және бай мәдениеттің иесі болып табылады. Олар адамдар арасындағы қатынастарды күшке немесе зорлық-зомбылыққа емес, саналы түсіністік пен диалогқа негізделетінін түсінеді. Өркениеттер диалоги - мемлекеттер мен халықтардың теңдігін білдіреді. Дін әлемі мен өнер әлемі- бұл адамға қаратылатын әлемдер.

Өркениеттер диалогы әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың бірден-бір мүмкін және қажетті тетігі: ол саясатта, дінде және мәдениетте монологқа, біржақты тәсілдерге жол бермейді, этносаралық және халықаралық қақтығыстар мен кикілжіңдерді күш қолдану арқылы шешуді қоғамдық айыптайды, халықаралық қатынастарды сауықтырудың әмбебап үлгісін жасауға ынталы

 

3.Деноминация терминіне анықтама

Діндік деноминация - шіркеу мен сектаның дәстүрлі түсініктеріне жатпайтын діни бірлестіктердің бір түрі;

Деноминация (латынның denomen – “атын өзгерту” сөзінен) не басқа діни бірлестіктерден бөлініп шығады, не әуелгі бастан дербес қалыптасады. Оған тән нәрселер мыналар: иланушылардың құдайдың қалаулы пенделері екендігіне сенім, кез-келген иланушының рухани қайта тууына деген сенім, оқшаулану міндетті саналмайды; қоғам өміріндегі және діни тұрмыстағы белсенділік; қауымның мүлтіксіз ұйымдық тәртібі; мүшелерінің хұқықтық теңдігі және басшыларының сайланбалылығы; дін қызметшілері мен қатардағы құлшылық иелеріне бөлінбеу, сонымен қатар кәсіби ғұрып атқарушыларының болуы.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 104; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты