КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ЕМТИХАН БИЛЕТІ. 1. Қазақстандағы дін және конфессияаралық қатынастардың мәселелері1. Қазақстандағы дін және конфессияаралық қатынастардың мәселелері Агенттік құрылғанға дейін конфессияаралық қатынастар мәселелері Әділет министрлігі жанындағы Дін істері комитеті құзыретінде болған. Қоғамдағы діннің рөлі күрт артуы жағдайында Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар мен діни ұйымдар қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру қажеттілігіне қатысты мәселелер күн тәртібіне өткір қойылды. Сондықтан аталған Комитеттің мүмкіндіктері заман талабына сай болмағандықтан, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев дербес мемлекеттік орган мәртебесіне ие Дін істері агенттігін құру туралы шешім қабылдады. 2. Дінаралық диалог қоғамның рухани тұтастығының факторы 1. Диалог адалдыққа, төзімділікке, кішіпейілдікке жөне өзара құрметтеушілікке негізделетін болады. Бұл түйсініп қабылдау мен танымды білдіреді, ізгілікті іс жасау оның нөтижесі болуға тиіс. 2. Диалог барлық әріптестердің тең кұқықтылығын көздеуге және әрбір мәдениеттің, тілдің жөне дөстүрдің тұтастығын ескере отырып пікірді, көзқарас пен сенімді еркін білдіру аясын жасауға тиіс.
3. Диалог басқа нанымға үндеу тастауга не баска діни нанымдағы әріптесті қорлауға, сондай-ақ бір діннің басқа діннен басымдығын өйгілеуге бағытталмауға тиіс. Диалог айырмашылықтарды жоюға емес, кайта оларды тануға жөне күрметтеуге бағытталғаны жөн. Диалог қатысушылардың өз нанымын адал өрі айқын баяндауына мүмкіндік беруге тиіс.
4. Диалог баска діндердің озық танымы мен түсінігін көтермелей отырып, жалған сенімнен жөне оларды қате түсіндіруден бойды аулақ салуға көмектеседі. Ол жанжалдарды және шиеленісті бәсеңдету құралы ретінде зорлық-зомбылықтың пайдалануын болдырмауға жөне даулы жағдайларды шешуге көмектеседі.
5. Диалог халықтардың бейбіт қатар өмір сүруі мен жемісті ынтымақтастығы жолын ұсынады. Диалог озық білімді көтермелейді, ол соңдай-ақ диалогтың маңыздылығын бұқаралық ақпарат құралдарының жақсырақ түсінуіне және діни экстремизм катерін бәсеңдетуге де жәрдемдеседі.
6. Дінаралық диалог диалогтың басқа түрлері, өсіресе, өлеуметтік жөне саяси диалог үшін үлгі ретінде қызмет ете алады.
7. Төзімділік рухында өткізілген диалог барлық адамдардың бір ғана ғаламды мекендейтінін атап көрсетеді. Бүл өмірдің кастерлілігі, адамның қадір-қасиеті жөне жаратылыстың тұтастығы сияқты белгілі бір ортақ кұндылыктарды көздейді.
8. Диалог діннің қоғамда өмірлік және сындарлы рөл атқаратындығын атап көрсетеді. Ол ортақ игілікке жәрдемдеседі, адамдар арасындағы өзара жақсы қарым-қатынастардың маңызды рөлін таниды, соңцай-ақ мемлекеттің қоғамдағы ерекше рөлін қүрметтейді.
9. Діні мен мәдениеті әртүрлі адамдар арасындағы озық қарым-қатынастардан өнеге алуға мүмкіндік туғызатын диалог болашақ үрпақ үшін іргелі кажеттілік болып табылады. 3. Ұлттық қауіпсіздікке діннің және діндарлықтың ықпалы мен әсері Ұлттық қауіпсіздікті діни қауіпсіздікпен ұштастырғаны дұрысырақ болар. Өйткені, дәстүрлі діндердің негізгі мақсаты – адамдар арасына бейбітшілік орнатып, ұлтаралық, еларалық ауызбіршілікке шақыру. Ғасырлар бойы өте арам пиғылды адамдар дәстүрлі діндерден тыс ойдан жалған сенімдер құрастырған. Олардың арасынан кейбірі әлемдік дәрежеде таралып кетуіне қарамастан, дінтанушылар қоғамға кері әсерлерін анықтап, тоталитарлы әрі деструктивті діндер деп жеке топтастырған. Алайда, осы мәселеде ең бірінші туындайтын қиындық – дәстүрлі дінді ұстанатын адамды ағымға еруден ажырату. Егер де заң қорғаушылар Құдай үйіне барғанның бәрін жаппай қамауға алар болса, елімізде ашық дін ұстанар адам табылмас. Сондықтан басты мәселе – дәстүрлі діндер мен деструктивті ағымдарға ергендерді ажыратып алу. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі уақытылы құрылғанын айта кеткен жөн. Мысал келтірер болсақ, 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға сүйеніп, Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі бірқатар деструктивті ұйымдарды жабуға мәжбүр болды. Өйткені, олардың арасында ашық түрде халықтың мемлекетке деген наразылығын тудыратын насихаттар жүргізілді. Ол – бірінші қауіп. Екіншісі, айрандай ұйып отырған бірқатар отбасыларда әкесін баласынан, жұбайын қызынан ажыратып, арасына іріткі салған. Осымен шектелмей, азаматтарымыздың өмірде жиған-терген мал-мүлкі мен баспанасын бірлестіктің атына жаздыртып, көше қаңғыртып жіберген. Демек, дін мәселесінде толықтай хабардар болмайынша, қарапайым халқымыз әртүрлі деструктивті діни ұйымдардан зардап шегуді доғармасы анық.
|