КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ЕМТИХАН БИЛЕТІ. 1. Көне заман қоғамындағы дін мен мемлекет1. Көне заман қоғамындағы дін мен мемлекет Мемлекет-дін қатынастарының ең тиімдісі – мемлекеттен дін бөлек, яғни зайырлы мемлекет үлгісі. Бұл үлгінің артық жері – демократиялық қағидаттары барынша сақталады, ар-ождан бостандығына кедергі аз. Дінаралық тыныштық пен тұрақтылыққа жағдай жасалады. Алайда бұл үлгінің кемшін тұсы – сырттан ағылған теріс пиғылды миссионерлердің әрекетіне кең өріс ашылады. Сан алуан конфессияларға жіктелу үрдісі тоқтаусыз дами береді. Мемлекет пен дін біріккен екінші үлгінің қатқыл және жұмсақ типін ажыратуға болады. Қатқыл типі – теократиялық мемлекет. Бұл, әсіресе, араб елдеріне тән. Ал жұмсақ типі Еуропа, Латын Америкасындағы христиандық-католиктік елдер. Мешіт немесе шіркеулер кейбір елдерде мемлекеттің ресми ұйымы болып есептеледі. Олай болса, мемлекеттік діннің белгілері қандай? Онда, біріншіден, діни мекеменің барлық шығынын мемлекет көтереді, екіншіден, мемлекеттік шенеуніктер діни мекемені басқару ісімен айналысады, үшіншіден, тек мемлекеттік діннің өкілдері ғана ресми мемлекеттік шараларға шақыртылады, төртіншіден, діни мекеменің ішкі қызметін реттеу үшін актілер бекітеді, яғни діни мекемеге мемлекеттің кейбір функцияларды, яғни неке, бала туу, өлуді тіркеу құқығын береді, бесіншіден, мемлекеттік діннің басшысы мемлекет ісіне белсенді түрде араласады. Осындай сипаттағы мемлекеттік дін Британияда (англикандық), Швеция, Норвегия, Дания, Исландияда (лютерандық), Испания, Парагвайда (католицизм), Грецияда (православие), Иордания, Иран, Мароккода (ислам) қалыптасқан. Аталған елдерде мемлекеттік діндер ғасырлар бойы халықтың дүниетанымы және өмір салтымен біте қайнасқан дәстүрлі діні болып есептеледі. Ислам Пәкстанда, Иранда, Сауд Арабиясында, Мысыр, Иорданияда мемлекет дін ретінде ата заңымен бекітілген. Бұл үлгілердің Қазақстан жағдайына үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сол секілді мұсылман елдерінде дін ел өмірінде және саясатта маңызы қандай болу керектігі өзекті мәселеге айналды. Бұл арада екі сценарий бар: біріншісі – зайырлы мемлекет. Екіншісі – діни мемлекет. Мұсылмандық әрі зайырлы мемлекеттің типтік үлгісі ретінде Түркияны алуға болады. Бірақ бұл елде болмашы мәселелер саяси сипат алып жатады. Мысалы, хиджаб мәселесі. Араб елдеріндегі қоғамдық қатынастарда шариғаттың рөлі үлкен. Алайда бұл діни мемлекеттер тұрақсыздық жайлап, лаңкестік топтардың ошағы болып қалып отыр. Орталық Азия елдерінде оқтын-оқтын жарылыс жасап, лаңкестік әрекеттер ұйымдастырып отыратын ислам атын жамылған саяси топтардың басты ұраны аймақта ислам халифатын құру екені баршамызға мәлім. Сондықтан бұл үлгі Қазақстан жағдайына мүлде тиімсіз. Әлемде кең тараған мемлекет дәстүрлі дінге басымдық беретін үлгінің ойланатын тұстары баршылық. Дін мемлекеттен бөлек десек те, мемлекеттік саясат бөлінбеуі тиіс. Діни ағымдар мен секталардың шабуылынан сақтану үшін мемлекетімізге үшінші үлгіні саралау керек сияқты. 2. Қазақстандағы дін және мәдениет
Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасыныңата заңы — Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни, ар-ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы» Заңдарына негізделеді. Қазақстан Республикасында заң жүзінде бекітілген шіркеумешіттің мемлекеттен бөлінуі діннің мемлекетке ешбір етер ықпалы жоқ дегенді білдірмесе керек. Қандай да болмасын мемлекет азаматтардан тұрады, ал олардың өзіндік наным-сенімдері, соның ішінде діни наным-сенімдері бар болатын болса, онда мемлекет те өзін толығымен діннің ыкдалынан тысқарымьш деп сезіне алмайды. Діни факторды ескермей маңызды әлеуметтік процестерді қарастыру және олардың мәселелі тұстарын шешу мүмкін емес екендігін бүгінде елдің бәрі мойындайды. Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының мәні мен ерекшелігі туралы сұрақ қояды, адамшылық идеясын алға тартады, адамгершілікті тұлға, ар-ождан, ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол тек адамның сыртқы қылығы мен іс-әрекетін ғана реттеп, бағыттап қоймайды, сонымен қатар ішкі дүниесін жасайды, адамның Мейірімділік, Махаббат және Шындыққа деген сенімі мен үмітін қалыптастырады. Қазіргі таңца әлемде бар діндердің қайсысымен болсын әлсіз байланысқан адам бүгінгі таңда әбіржу үстінде — ол не өзінің заң беруші ақыл-ойына, не ұлы пайғамбарлар мен адамзаттың ұлы ұстаздарына сенуі керек. Біздің замандас жоғарыда аталғандардың қайсысын таңдап алғанына қарамастан діни қажеггіліктің өзектілігі азаймайды, кемімейді. Діни қажеттіліктер әсіресе қоғамдық қарым-қатынастардың күрт өзгеріске ұшыраған, түбегейлі жаңашыл бағыт ұстанған қиын-қыстау өтпелі кезеңдерінде өте маңызды болары сөзсіз, өйткені дәл сондай шақтарда жеке тұлғаның өзінің болашағына деген үміті жоғалып, өзіне деген сенімінің азаятындығы белгілі. Сондықтан болар, КСРО-ның ьщырауы, яғни алғы шептегі қоғамдық мұрат — «коммунистік бақытты болашақтың» жүзеге аспай қалуының нәтижесінде адамдардың көпшілігі эр түрлі діни конфессияларға, бірлестіктерге бет бұрды. Қазірде Батыста болсын, Шығыстың көптеген зайырлы мемлекеттерінде болсын, солардың арасында бізде де дін азаматтық қоғамның біріктіруші-бақылаушы механизмі ретінде қарастырылады. Азаматтық қоғамдағы діннің негізгі қызметі оның мәдени-әлеуметтік жүйенің бірлігін сақтап қалушы күш болып табылатындығында. Көптеген діни бірлестіктер өздерінің діни насихатын шаруашылық қызметімен қоса ала жүреді, нәтижесінде республика территориясында кіші жекеменшік ұжымдар мен фирмалар пайда болып, экономиканың дамуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсерін тигізеді. Шіркеулер мен мешіттер қаражаттан тапшылық көретін кемтарларға, кәрі-құртаңдарға, жалғызіліктілерге және т.е.с. қайырымдылық көрсетуді де ұмытпайды. Діни ұйымдардың бүкіл қаржы-қайрат, іс-әрекеттері бейбітшілік, төзімділік және сүйіспеншілік мұраттарын өмірге енгізу үшін бағышталған. 3.Миссионерлiк қызметке анықтама миссионерлік қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі; Миссионерлер мүлдем басқа өмір салтына, мәдениетке, климатқа және тағамға үйренулері қажет. Сондай-ақ оларға жергілікті тұрғындармен сөйлесу үшін жаңа тілді меңгеру керек болып жатады. Шалғай аймақтарға барғанда, олар көлікті ыңғайлы не ыңғайсыз деп таңдап жатпайды. Осындай құрбандықтарға бару үшін миссионерлер айналасындағы адамдарды шын жүректен жақсы көрулері керек. Миссионерлік қызметті бастағалы жатқан көптеген Куәгерлер бес ай бойы Күзет мұнарасының Ғалақад Киелі кітап мектебінде білім алады. Осы білім олардың Ехобаға, оның Сөзіне және ұйымына деген сенімділіктерін нығайтады (Нақыл сөздер 3:5, 6). Сондай-ақ олар осы мектептің арқасында миссионерлік өмірлерінде қажет болатын әрі Киелі кітаптың жақсы тәлімгерлері болуға көмектесетін қасиеттер мен қабілеттерді дамытуға үйренеді. Осылайша олар “жердің қиыр шетіне дейін” уағыздауға дайын миссионерлер болып шығады (Елшілердің істері 1:8).
|