Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕМТИХАН БИЛЕТІ. 1. Дін – қоғамның әлеуметтік қатынастарын реттеуші күш




1. Дін – қоғамның әлеуметтік қатынастарын реттеуші күш

Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды» [1]. Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

2. Бостандық және адам болмысының мәні

Бостандық — елдің ішкі және сыртқы саясаты саласында әлеуметтік субъектілердің (жеке адамның, топтардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың, т.б.) өз мақсаттары мен мүдделеріне орай әрекет жасау еркіндігі; құқықтық мүмкіндіктер аясы. Адамдардың қол жеткізген Бостандықтары тарихи дамудыңнәтижесі болып саналады. Қоғамдық дамудың кейбір қайшылықтары мен кереғарлықтарына қарамастан, қайсыбір тарихи кезеңдерде жеке адам иеленетін Бостандықтар аясы кеңи түсетіні дәлелденген. Ал “саяси Бостандық” ұғымы азаматтардың саяси белсенділігін, саяси өмірге ұдайы қатысып, қоғамдық оқиғаларға, әлеумет үшін мәні зор шешімдер қабылдау процесіне тікелей ықпал етуге қабілеттілігін білдіреді. Оның іргелі қағидалары Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясында негізделген. Жалпы, саяси Бостандық негіздері кез келген өркениетті елдің конституциясында, арнаулы заңдары мен құқықтық жосындарында бекітілуге тиіс. Мысал, ҚР Конституциясында азаматтардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауына және оларға сайлануына шек қойылмайды; сондай-ақ, сөз және шығарм. бостандығына кепілдік беріледі; цензураға тыйым салынып, еркін түрде ақпарат алу және тарату еркі берілген, әркімнің ар-ождан, бірлесу бостандықтарын иеленуге құқы бар. Осы орайда адамдар, әлеум. топтар мен жіктер өздерінің құқыларымен қатар жауапкершіліктерін де айқын ұғына отырып, саясат субъектісі ретінде көрінуге тиіс. “Саяси субъектілік”, яки саясат субъектісі болуға қабілеттілік дегеніміздің өзі Бостандық мәселелерімен етене байланысты ұғым. Азаматтардың Бостандықтары аясы кең, құқықтық мүмкіндіктер өрісі неғұрлым биік болған сайын, елдің демократия даму деңгейі соғұрлым жоғары бола түседі.

Адам мәселесі бағзыдан бері баршаның назарын өзіне аударып, жан-жақты зерттеу нысанына айналғаны мәлім. Мұндай зерттеулердің кейбірі тым үстірт, жақ ашпайтын жалпылама әрі тұнығы лайланған тұрпайы болса, енді бірі жан-жақты қолға алынған тыңғылықты әрі терең зерттеулер. Жалпы адам – ақылы мен сезімі, тәні мен руханияты сан қырынан зерттелген аса маңызды жаратылыс екендігінде дау жоқ. Адам болмысына, қадір-қасиетіне ой жүгіртсек, бір-біріне мүлдем кереғар екі қыры барын байқаймыз. Мәселен, кейде бал-қаймақтай тартымды қасиеті менмұндалап көрінсе, енді бірде жүректі лоқсытатын жиренішті кездері де болады. Кейде арғы дүниеге көкірек көзі ашылып, мәңгілікпен біте қайнасқандай қаздай мамырласа, енді бірде ой-өрісі тарылып, артымен сүңгіген үйректің керін келтіреді. Кейде киімін шақтап тігетін кішіпейілділігімен іші-бауырымызды елжіретсе, енді бірде өркөкіректікке салынып, үй ішінен үй тігіп, жалғыз қалады. Кейде бақайшағына дейін барып тұрған арамза әрі опасыз болса, енді бірде ішкі дүниесі айнадай жарқырап, адамға сенім ұялататындай ашық-жарқын боп көрінеді. Кейде өзімшіл, пайдакүнем болса, енді бірде өзгелер деп өзеуреп тұратын жомарт. Кейде жасып ойнатып, жауыздыққа бой алдырса, енді бірде мейірімді әрі әділ. Кейде екіжүзді, айлакер көрінсе, енді бірде шынайылығы, ықыласы және мәрттігі байқалады. Кейде парасатты, саналы болса, енді бірде санасыз, парықсыз көрсоқырға айналады. Адам баласы жаратылысындағы осынау қарама-қайшылықтарға қарамастан бәрібір адам деген ардақты атқа лайықты. Өйткені, аталмыш қарама-қайшылықтар адамның таза табиғатына тырнақтай кір келтірмейді. Базбіреулер адам болмысындағы аталмыш қайшылықтардың мәнін одан әрі шиеленістіріп, бұларды адамның табиғи инстинктілерімен, өз-өзін қорғау үшін қажетті реф-лекстерімен немесе сананы билейтін санасыздық яки психоанализбен түсіндірсе-дағы мұның ешбірінің таза адами болмыспен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сонымен қатар, адамның субьективтік танымын обьективті ақиқат ретінде алға тартып, «адам өз-өзін қалай танығысы келсе, солай болғаны» дегенге саятын экзистенциалистік көзқараспен түсіндіру де мүлдем қате.

3. Ғибадат үйiне анықтама

1) ғибадат үйі (ғимараты) - құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын;


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 128; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты