КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ЕМТИХАН БИЛЕТІ1.Дін және мемлекет: бұрынғы заман және ортағасырдағы қарым‑қатынасы Соңғы жүзжылдықты бүкіләлемдік тарихтағы ең саясаттандырылған кезең ретінде сипаттауға болады. Мемлекет, құқық, саясат және дін мәселелері осы өткен ғасырда болып өткен әлеуметтік сілкіністер мен бұқаралық қозғалыстарға байланысты алдыңғы орынға көтерілді. Екі дүниежүзілік соғыс, діни және ұлттық айырмашылықтарға негізделген аймақтық соғыстар, революциялар мен саяси төңкерістер, тоталитарлық режімдердің, қалыптасуы мен құлауы, отаршылдық жүйенің қирауы мен көптеген жаңа дербес мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың пайда болуы, адамдар мен азаматтардың теңдігін, құқықтары мен еркіндіктерін бүкіләлемдік мой- ындау – міне, осының бәрі адамдардың қоғамдық санасына әсерін тигізіп қана қоймай, бүгінгі мемлекеттің де сипатын өзгертіп отыр. Мемлекеттің рөлі ендігі жерде тек құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін (оның ішінде, адамның табиғи құқықтарымен қатар, ар-ождан бостандығы мен діни құқықтарын да) қорғаумен ғана шектелмейтіндігі белгілі болды; осы еркіндіктер мен құқықтарды жүзеге асы- ру бірқатар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және өзге де мәселелерге бағытталған мемлекеттің позитивті оң әрекетін қажет етеді. Мемлекет туралы мәселе осы орасан зор машинаға айналған инсти- туттың пайда болуымен қатар, құқықтың да даму тарихын, бостандық пен бодандықтың, жауапкершілік пен әділдіктің, заң мен заңдылықтың, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың, билік пен жеке адамдардың өзара қарым- қатынасы мен олардың формалары мен принциптері туралы мәселелерді де қоса қамтиды. Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып-білу үшін адамдар өткеннің идеялары мен қағидаларын ой елегінен өткізіп, оның тағылымын өз заманына лайықты пайдаланатыны тәрізді, мемлекет пен діннің өзара қатынасының үйлесімді үлгілерін тарих пен қазіргі заманның тәжірибелерінен тауып, бүгінгі әлеуметтік-саяси өмірдің кәдесіне жарату – тәуелсіздігіне жи- ырма жыл толып отырған жас мемлекетіміз үшін өзекті де маңызды. Оның үстіне, қазіргі заманда діни сананың жаңғыруы бүкіл әлемді қамтып отырған дерек қана емес, қоғамдық дамудың кескін-келбетін де айқындаушы факторға да айналуда. Сондықтан да мемлекет елдегі қайта түлеген діни үдерістің жағымды тұстарын оңтайлы пайдаланумен қатар, жағымсыз үрдістерін шек- теп, дінмен қарым-қатынасын салауатты құруға ұмтылуы тиіс. Кезінде тоталитаризмнің идеологтары демократия тек олигархтар мен плутократтарға тиімді деп есептеді. Олар демократияны теріске шығарып, азаматтық қоғам қатынастарын мемлекеттендіруге және соғысқұмарлыққа, қуатты бір партиялық мемлекет құруға және біртұтас партиялық мемлекеттік идеологияны ендіруге шақырды. Фашистік мемлекеттің негізін қалаушы Бенито Муссолини тоталитаризмнің мәртебесін былайша белгілейді: «Бар- лығы Мемлекет үшін, Мемлекеттен өзге ештеңе, Мемлекетке қарсы ештеңе болмауы тиіс» [1, 257 б.]. Мұның арғы жағында Людовик XIV тұсында «Мемлекет дегеніміз – Мен» деген абсолюттік монархияның да Еуропа та- рихында болғаны рас. Тоталитаризмнің мұндай саяси идеологиясына өркениеттің демократия- лық құқықтарын, құқықтық мемлекет пен парламентаризмнің дәстүрлі иде- яларын қорғайтын тұжырымдамалармен қатар, мемлекеттің өктем билігін азаматтық қоғам ұйымдарының құқықтарымен шектейтін демократиялық теориялар қарсы тұрады. Бірақ тоталитарлық идеологияның қалдықтары күні бүгінге дейін жаңа ұлтшылдық түрінде, сондай-ақ елді дағдарыстан шығарып, барлығын азықпен және жұмыспен қамтамасыз ете алатын өктемшілдік билік идеясы түрінде де сақталып отыр. Мемлекеттік тәжірибесі жиырма жылға толып отырған Қазақстан (әрине, ортағасырлық хандық дәуірді, Алаш-Орда үкіметінің құруға ұмтылған парламенттік республикасы мен Кеңестер Одағы құрамындағы тәуелді социалистік респбулика кезеңдерін есепке алмағанда) президент басқаратын республикалық формадағы мемлекет ретінде қызмет етіп отыр. Қазақстан унитарлық мемлекет болғанымен, оның аумағын көптеген ұлт пен конфессия өкілдері мекен етеді. Дегенмен, мемлекет құрушы ұлттың дені қазақтар екендігін және олардың басым көпшілігі ислам дінінің сунниттік бағыттағы ханафилік мәзһабын ұстанатынын естен шығармау керек. Сондықтан да біз мемлекет пен дін арақатынасын қарастырғанда, ал- дымен, осы ислам дініндегі құндылықтармен байланысын алға тартамыз. 2.Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әдеп пен шариғат
Қазақ тіліне «әдеп» сөзі – араб тілінен енген. Дәл сол «әдеп» (أدب) сөзінің синонимы «مكارم الأخلاق» (макаримүл-ахләқ), яғни «әдептілік, көркем мінезділік» деп айтылады. Тіл (лингвистика) саласында әдептілікті «табиғи қасиет, табиғи қалып, инабаттылық, дін» деп те айтады. Зерделей білген адам араб тіліндегі «әдептілік» сөзінің тілдік ұғымының өзі адамға жат емес екенін көрсетіп тұрғанын аңғарады. Шариғат саласында да әдептілік дәл осы «مكارم الأخلاق» (макаримүл-ахләқ) сөзімен белгіленеді. «Әдептілік» сөзінің шариғаттағы терминологиялық мағынасы: пенденің ойланбастан өз жаратылысына сай барлық жақсы және ізгі амалдарды жүзеге асыру ұғымын қамтиды. Мысалы: жақсы ойда болу, өтірік айтпау, біреуге көмектесу т.б. Әдептілік – әрбір адамға қажет қасиет әрі ол мәдениеттілік белгісі. Адам қоғамда әдептілігімен танылады. Кімнің кандай адам екені оның мінез-құлқынан білініп тұрады. Кісі сондыктан қоғамда өз орнын таба білуі үшін әуелі жеке өмірінде әдептілік кағидаларын калыптастыруы кажет. Әдептіліктің қайнар көзі мен негізгі қағидаларын Ислам дінінен іздеген дұрыс. Ислам – көркем мінез бен әдепке негізделгендіктен әрдайым тазалық пен пәктікті насихаттайды. Бұл дініміздің негізгі қағидаларынан айқын көрінеді. Исламдағы материалдық және рухани мәдениет тек арғы дүниеде Алла разылығына бөленумен шектелмейді, бәлки осы дүниеде де адам баласына үлгі боларлық өркениеттің негізін құрайды. Исламдағы барлық ғибадат-құлшылықтар осы мақсатта тоғысады. Осындай адам баласына тән ортақ құндылықтардың бәрін бойына сіңіре білген бірден-бір тұлға – әлемге рақым нұры болып келген ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) болатын. Осыған қатысты Хақ Тағала «Әли Имран» сүресінің 164-ші аятында былай: ﴿لَقَدْ مَنَّ اللّهُ عَلَى الْمُؤمِنِينَ إِذْ بَعَثَ فِيهِمْ رَسُولاً مِنْ أَنْفُسِهِمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِهِ وَيُزَكِّيهِمْ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَة﴾ «Ақиқатында, Алла имандыларға/мүміндерге/ Оның аяттарын оқитын, оларды тазартатын және Кітап пен даналықты/сүннетті/ үйрететін өз іштеріңнен бір Елші жіберіп, оларға игілік жасады. Ал, олар бұрын анық адасуда болған еді»,[1]- деген. Тәпсір кітаптарында осы аяттағы «даналық» сөзі «сүннет» деп айтылған. Ал, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті өзге мәселемен қатар әдептілікті де қамтиды. Бұл мәселеде шәк жоқ! Дініміздегі әдептіліктің орны қаншалықты маңызды екенін осыдан-ақ байқауға болады. Әдептіліктің шарттары Әдептілік мәселесінде мұсылман пендеден екі нәрсе талап етіледі: 1. Хақ Тағалаға деген ықыласты болуы; 2. Әдептілік амалы Алла Тағаланың сөзі Құранға және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне негізделу; Былай болуының себебі ақіретті мақсұт еткен мұсылман пенде әрбір ісін тек Алла Тағаланың разылығы үшін істейді. Бұл – оның өмірлік мақсаты. Сондықтан да, ол барлық мәселеде, соның ішінде, әдептілікке қатысты Құран мен сүннетке назар салады. Бұлай болмаған жағдайда әрбір адам жақсы сипаттың орнына жаман сипаттарды бойына сіңіріп алуы әбден мүмкін. Әдептілік нышандары «Әдептілік нышандары» деп шариғат талаптарына сай көркем мінезділіктің белгілерін айтамыз. Әрбір мұсылман пенде бойында төмендегі ислами әдептілік нышандарына қол жеткізуді көздеп, сол арқылы иманын кемелдендіруі тиіс. Олар мыналар: 1. Өзіне қалаған нәрсені өзге мұсылмандарға да қалау; 2. Тағдырға разы болу; 3. Сабырлы болу; 4. Кеңпейіл, кешірімді және кішіпейіл болу; 5. Тек жақсылық істеу; 6. Жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыю; 7. Хақ Тағаланың нығметіне шүкіршілік ету. Шариғат – мұсылмандардың иманын айқындап, адамгершілік мұраттары мен діни ожданын қалыптастырушы, олардың мінез-құлқын реттеуші, таным-түсінігін кеңейтуші, рухани жан-дүниесін байытушы Исламның асыл құндылықтарының бастауы, қайнар көзі. Шариғат шартарына сәйкес Аллаһ Тағаланың ақ жолымен жүріп, өмір сүрген адам барлық мақсатына жетіп, отбасы қашанда қуаныш-қызық, ынтымақ-ырысқа бөленеді. Біз енді адамның көркем мінезіне, сүйкімді іс-қылығына, адамдарды бейнелеуге, жан-жануарларға, әсем бұйымдарға, халал, харам істерге байланысты шариғат шарттарының бір тобына тоқталсақ. Көркем мінез, қылыққа байланысты 1. Өлген адамды жамандау 3.Қазақ жеріндегі ежелгі діндер
Орта ғасырларда Қазақстан жеріндегі діни идеологиялық ахуал өте күрделі еді. Бір жағынан, қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрлі діні — Тәңірге табыну, шаманизм болса, екінші жағынан, бұл өңірде зороастризм дінінің, буддизмнің, христиандықтың ықпалдары болды. Қазақ жеріндегі ең көне діндердің бірі — зороастризм. Бұл діннің негізін Заратуштра деген адам салған. Кейіннен зороастризм діні ирандықтардың, ауғандықтардың ресми дініне айналған. Бұлар да орта ғасырларда зороастризмнен мұсылмандыққа көшкен. Зороастризм дінінің негізгі табынатын, мінәжат ететін стихиясы — от, бір сөзбен айтқанда, отқа құлшылық ету діні. Қазақтың не нәрсені отпеналастауы, отқа май құю рәсімі сол зороастризм қалдығы болса керек. Зороастризмнің екінші бір қағидасы — дүниенің екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы болмыстардан тұратындығы туралы ұғым. Мысалы, рухани—тәндік, пайдалы—зиянкес, адал—арам, ақ—қара, жақсы—жаман, т.б. Қазақстан жерінен зороастризм орындары ашылған. Соның бірі — Тараздағы Тектұрмас жерлеу орны. Онда адамның сүйегін өртеп, ассуарт деп аталатын қыштан жасалған ыдысқа күлін салып қоятын болған. Тәңірлік дін туралы тікелей деректер түркі заманынан белгілі. Көне түріктер "Бір Тәңірі" деп көк аспанға табынған. Тәңір көне түріктердің түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз табиғаттың бәрінің үстінен қарайтын, соларды таратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір ғарыштық (аспандық) күш. Бұл жағынан алғанда, Тәңір кейінгі мұсылмандық "Алла", "Құдай" ұғымдарына жақын келеді. Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің, оның ішінде қазақтардың Алла ұғымындағы Тәңір сөзін жиі қолдануы олар туралы түсініктердің ұқсастығынан деп түсіну керек. Жалпы, Тәңір діні де Азиядағы ең көне бірқұдайлық дін. Көне түріктер Тәңірмен қатар Жер, Суға да мінәжат еткен. Бұл олардың тіршілік көзі болуымен байланысты болса керек. Адамның да, малдың да, өсімдіктің де өнуі, өмір сүруі жерге, суға тікелей байланысты. Қазақтың арғы бабалары Күнге, Айға да табынған. Оның сілемдерін қазақтың салт-дәстүр ғұрыптарынан, дүниетанымынан көптеп кездестіруге болады. Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізгі қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің тотемизм, фетишизм, анимизм,магия түрлері бар. Тотемизм дегеніміз — адамдардың өздерін белгілі бір хайуанаттан таралдық деп түсініп, соларға мінәжат етуі. Көне түркілердің, ежелгі қазақтардың тотемі қасқыр болған. Қырғыздардың бір бөлігі өздерін бұғыдан жаралдық деп есептейді. Фетишизм — белгілі бір заттың адам өміріне оң ықпалына сену. Қазақ балаға, оның бесігіне, жүйрік атқа, жасботаға үкі немесе тұмар тағып қояды. Бұлардың бәрі фетишизм сенімі. Анимизм — бүкіл табиғатты жанмен, рухпен байланыстыру. Магия — жанды, жансыз табиғатқа тылсым күш арқылы әсер етуәрекеті. Қазақ бақсы-балгерлерінің әрекеті осы магияға негізделген. №5 ЕМТИХАН БИЛЕТІ 1. Ислам құқығы және мемлекет ұғымының алғышарттары Мұсылман құқығының теоретиктері исламды қабылдау, адамдарды олардың әлеуметтік жағдайына, тіліне, тері түсіне қарамастан теңдестіреді деп есептейді. Бұл теңдік сондай-ақ барлық адамдардың заң және сот алдындағы теңдігін де көздейді. Кез-келген білімді мұсылман Құран мен Сүннаны талқылауға хұқылы. Осылай модернистер есептеп исламға өзгерістер енгізуге болады деген қорытынды шығарған. Теңдік туралы ислам нормалары белгілі көлемде әйелдерге де тараған. Ислам тұлғаның құқықтық мәртебесіне ерекше назар аударады және оған құранда шамамен 70 аят арналған. Адамның негізгі құқықтары туралы ислам теориясының бастапқы нүктесі болып, құранның әркім өзінің іс-әрекетіне жауап береді деген 70 сүресі және Мұхаммедтің: «Мен адамдардың барлығы бір-біріне ағайын деп жариялаймын»,- деген пікірі қызмет етеді. Бұл мұсылман мемлекетінен өзінің негізгі құқықтарын талап етуге құқылы дегенді білдіреді. Сонымен қатар, ислам теориясы ислам мемлекеттері конституцияларында бекітілген құқықтар мен бостандықтар ислам қағидаларына сәйкес келеді, сондықтан мемлекет мұсылмандар құқықтарын қамтамасыз етуге міндетті деп есептейді. Алайда бұл құқықтар абсолютті ретінде қарастырылмайды. Үкімет қажет болған жағдайда, жеке меншікті шектеп, оны барлық мұсылман қауымы пайдасына аударуы мүмкін. Сондай-ақ, ол қорғаныс қабілеттілігін күшейтіп, жалпыға міндетті әскери борышын енгізуге де құқылы.Исламды зеттеушілер (танушылар) құқыққа сенушілер біркелкі тең деп санайды, олардың құқықтарына намыс бостандығымен қоғам мен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы жатады. 2. Қазақстандағы жастар және дін Мемлекеттің діни саясатының басты мақсаты – елімізде діни өмірдің жайлы дамуы мен қоғамдағы тұрақтылықты бекіту болып табылады. Сондықтан мұны жүзеге асыруда, елімізде жастардың алар орны ерекше.Бүгінгі күні көптеген жастардың дінге деген кызығушылықтарын есепке алсақ, мешіт имамдарының оларды оқытып-үйретуге күштері жеткіліксіз болып отыр. Сондықтан Исламды түсініп үйренгісі келген жастарымыздың кейбірі ғаламтор сайттарына жүгінеді. Осындай жастардың психикалық ой-өрісіне, сана-сезіміне әсер етіп, ұлттық рухани бағытта өсіп-өркендеуіне кедергі келтіретін жағдайлардың алдын алып, ғаламтор беттерін қатаң қадағалап, дәстүрлі дінге қайшы келетін сайттарға шектеу қойып, үздіксіз бақылау қажеттілігі туындауда. Діни сауаттылықты арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап «Дінтану» пәні енгізілді. Бұл оңды құбылыс әрине, алайда, аталмыш пәннің өзі халықтың сауатын ашу үшін жеткіліксіз болмақ. Яғни, қазіргі күні шиеленісіп жатқан барлық мәселелерді мектептерге енгізген бұл пән толығымен шешіп бере алмай жатыр. Халқымыздың негізгі діні Ислам болғандықтан, біз оны толық меңгеруіміз қажет. Ал «Дінтану негіздері» тек Исламды ғана емес, сонымен қоса басқа діндерді де қарастырып өтеді. қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі. 3. Қазіргі замандағы дін туралы түсінік Дін сезімі жаратылыстан келеді. Адам нәсілі сенім сезімімен бірге туады. Міндетті түрде бір нәрсеге сеніп, діни сезімді сөндірмеуге тырысады. Өйткені дін - адам рухының азығы. Діннің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адам рухының қанағаттануына үлкен мән береді. Рухани ләззат, тыныштық, бақыт түсініктері осы дінге, діни санаға негізделеді. Рух пен денесін тең дәрежеде қанағаттандыратын адам негізінде жаратылу мақсатын жүзеге асырады. Дененің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, рухын қанағаттандырмаған адам жарымжан болады. Ал мықты адам жаны мен тәнін бірдей қанағаттандырады. Тарихта мәдениет қалыптастырып, мемлекет құра алмаған халықтар болған, бірақ дінсіз және ғибадатханасыз халық болмаған. Дін барлық тақырыпта адамға қатысты, оның түпкілікті пайдасын көздейді. Адамның жан тыныштығын және бақытты болуын қалайды. Сондықтан дін адамды негізге алған. Діни қағидалар арқылы адам өзінің ақылын нәсіл, жаратылысын және моральдық еркіндігін қорғауға бағытталған негіздерін табады және жеке адам мен қоғамға бақыт әкеледі. Құлықты (мінез-құлықты) жақсартып, қабілеттерін жетілдіреді. Сондықтан дінсіз адамзат тарихын елестету мүмкін емес. Бірі болмаса екіншісі болмайды. Саналы адамдарды өз таңдауларымен пайдалы нәрселерге жеткізетін дін, ілім (доктрина) және әдіс жағынан бөлінген. Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің дін саласының дамуына жүргізген талдау жұмыстары еліміздің қоғамдық саяси өмірінде дін рөлінің ерекше артып отырғандығын көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда елімізде дінге сенушілердің қатары айтарлықтай артуда. Бұл туралы бүгін аталмыш комитет төрағасының орынбасары Аманбек Мұқашев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген мәжілісінде айтты.
№6 ЕМТИХАН БИЛЕТІ 1.Биліктің ислами үлгісі құқықтық феномен ретінде талқыланып жүзеге асуы 2.Қазақстандағы мемлекет пен дін арасындағы қатынастар Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді. Мемлекет – дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен еліміздегі діни ахуалға шолу жасайық: 1. Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар – ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Республика халқының 58 пайызы қазақтар және оларға қоса ойғыр, татар, өзбек, түрік, курд, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балкар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек, әзірбайжан және курд халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық топ ғана шиға (шиит) жолын ұстанады. Бүгінге дейін көп білінбейтін шиғалар, әсіресе, IV Кәрім Ага Ханның (1936- ) елімізге жасаған сапарлары және «Халықаралық тау университетінің» Қазақстан бөлімшесінің ашылуы арқасында соңғы жылдары елімізде үгіт-насихаттарын күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі уә 1534 мешіт жұмыс істейді. Осы арада ислам дінінің Қазақстанның негізгі діні екенін және халқымыздың тарихында үйлестіруші, ұйымдастырушы һәм біріктіруші күш ретінде ең маңызды орын алғанын атап айтуымыз керек...Қазақстандағы екінші орынды дін христиандықтың бүгінгі ахуалы исламмен салыстырғанда тым күрделі. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік) алуан түрлі конфессиялар мен секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын бытыраңқы көрініс береді. Христиандардың басым көпшілігі славяндық православие бағытында. 1956 жылы республика көлемінде 55 православие жамағаты (приход) болса, бүгінгі күні 240 діни бірлестік уә 8 монастыр жұмыс істейді. Қазақстандағы православие шіркеуінің тікелей Мәскеу Патриархтығына және Қасиетті Синодына бағынатын митрополиттік деңгейіндегі бөлім екенін ескерелік... Христиандықтың еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын шағын топ. Олардың өзі екі топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі және Грек католик шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлеміндегі католик жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе Ватикан және АҚШ-та орналасқан католик ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс-әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні елімізде материалдық қамсыздандырылған 150 шетелдік католик миссионердің (ресми тіркелгендері ғана – М.Б.) тоқтаусыз үгіт-насихат жұмыстарымен шұғылданып жатқанын айтсақ жеткілікті. Сонымен қатар католиктердің Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында діни оқу орындары мен басылымдары бар екенін айта кетелік. Христиандардың саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы – протестанттар. Қазақстандағы ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық христиан-баптистер, жетінші күннің Адвентистері және Лютерандар. Еліміздегі баптистердің саны 10-15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300 мөлшерінде. Кейбір баптист топтардың ресми органдарда тіркелуден бас тартып келе жатқанын да ескерген жөн. Лютерандардың орталығы Астана қаласында орналасқан, 70-тей діни жамағаттары бар, негізінен немістер арасында көп таралған. Адвентистердің де орталығы Астана қаласында. Осы аталған протестант мәзһәбтары (конфессиялары) елімізде тек өткен ғасырда ғана пайда болғаны, Кеңес билігі кезінде (1917-1991) қоныс аударған келімсектер арқылы елімізге келгені белгілі. Жаңа елордамыз Астананың діни орталық ретінде таңдалуы осы шіркеулердің орталық және солтүстік аймақтарда етене жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде. 3.Ұлттық тұтастық доктринасы Сондықтан да дәл қазір, азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасын қабылдау аса қажет. Ұлт Бірлігі Доктринасы - халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл - бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл - болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні. Доктринаның қажеттілігі өмірдің өзінен, біздің жалпы тағдырымыздан, тарих логикасынан туындап отыр. Өйткені бірліксіз - Ұлт жоқ. Ұлтсыз - мемлекет жоқ. Ал, мемлекетсіз - болашақ жоқ. Осыларды негізге ала отырып, Қазақстанның Ұлт Бірлігініңбасты қағидатында - этникалық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстанымына және әлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру. Біріміздің алдында бірімізге алдын ала артықшылық берілмейді. Бұл ұстаным біздің бірлік ғимаратымызға берік іргетас болып қаланған. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етілген. Бұл қағидат әрбір Қазақстан азаматы өзінің жеке артықшылығы мен шығу тегіне қарамай, қабілетіне қарай барлық мүмкіндігін жүзеге асырып, жетістіктерге жете алатынын аңғартады. Отан мен қоғамға қызмет етуге бағытталған қабілет пен дарын еркін дамуы тиіс, оған ешқандай кедергі болмайды. Бұл мемлекет пен қоғамның дамуына қолайлы жағдай туғызады: қабілеті мен мүмкіндігі артқан адамдар саны көбейген сайын ел егемендігі нығайып, қоғамның біртұтастығы артады. Мемлекет тарапынан барлық адамға бірдей әділетті және тең мүмкіндік жасалады. Меншік еркіндігін дамыту - ел өркендеуі үшін қажетті шарт. Орташа тапты жедел қалыптастырудың экономикалық және құқықтық негіздерін жасау - Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін өмірлік қажеттілік. Теңдік қағидаты ауыл мен қала тұрғындарының, сондай-ақ қайта оралған отандастарымыздың өмір сүру дәрежесін теңестіреді, қалаға келушілердің бейімделуі мен урбанизация үдерісін басқаруды реттейді. Мүмкіндіктердің теңдігі, шығу тегі мен діни ұстанымына қарамай, әркімнің қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласына қатысу құқығына ие бола алатынын көрсетеді. Біздің басты байлығымыз - әралуандықтың бірлігі. Сондықтан мемлекет өз халқының мәдени, рухани дәстүрлерінің ұлттық игілік ретінде сақталуына қамқорлық жасайды. Осы қамқорлықтың бір тетігі ретінде мәдениетаралық сұхбаттың айрықша институты - Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі осыған бағытталады. Біз мүмкіндіктер теңдігі қағидатын сақтай отырып көп нәрсеге қол жеткіздік, келешекте бұдан да зор нәтижеге қол жеткіземіз. Ол үшін азаматтар, қоғам және мемлекет жауапкершілікті тең бөлісуі және мынадай қажетті шараларды пәрменді қолдануы қажет: этникалық шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз ету; қоғамдағы этносаралық және дінаралық алауыздықтың алдын-алу және жолын кесу; этникалық және діни қағидаттар бойынша құрылған саяси ұйымдарға заңмен тыйым салу; ұлтаралық қатынас мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы қабылданған әдеп нормалары мен қағидаттарын сақтай отырып шынайы түрде жариялау;
№7 ЕМТИХАН БИЛЕТІ 1.Жапонияның құқықтық жүйесі VІ-VІІғасырлардағы Жапония . Жапон архипелагының тұрғылықты халқы болып мына тайпалар табылды : айналар , кумасо жəне эбису , кейіннен бұл жерлерге тунгус – маньчжу тектес тайпалар да көшіп келді. Көпшілікпен танылған дін болып синтоизм (ата - бабалар мен табиғат күшіне табыну) табылды. VІ ғасырдың басында Сога тегінен шыққан ханзада (572-621 ж. ж .) 12 ранг туралы иерархиялық табель жəне 17 баптан құралған заң қабылдад , бұл заң буддизм мен конфуций ілімінің мемлекет пен монархтың билігі туралы догмаларына сүйенді. 645 жылы таққа Сумераги тегінен шыққан Кару отырды, ол Котоку атымен билік жүргізе бастады . Бірқатар реформалар жүргізілді , енді мемлекет басында император отыратын болды , елді губерниялар мен уездерге бөлді, жер мемлекеттік меншік ретінде жарияланды , шаруаларға тиесілі жерлер бөліп берілді жəне олар өздерінің астығының бөлігін мемлекетке беріп оты – ратын болды. Əскери ақсүйектер — самурайлар қалыптасты, олар“бусидо” бушидо) деп аталатын ар кодексіне сəйкес қыз – мет ететін. XIX ғасырларда Жапондық феодалды құқығының дамуына қытай құқы- ғының əсері ерекше болды жəне мұнда да конфуций ілімінің догмалары көрініс тапқан. Қылмыстың, азаматтық деликтінің жəне əкімшілік теріс қылықтың аралары нақты ажыратылмаған болатын. Жапондық “Жүз заңдар” (1742 жылы) феодалдық жинағы азаматтық, қылмыстық, процессуалдық құқықтардың негізгі нормаларынан құралған , алайда, бұл нормалар құқық салалары бойынша нақты ажыратылмаған болатын. Ресми доктринада адамның жазылған құқыққа қатынасы мына формуладан көрі – ніс тапқан: “ білмесең де, орындауың қажет”. Сол себепті, жазылған құқықты білетін адамдардың санының шеңбері аз болған. Негізінен конфуций ілімінің имандылық жəне жақсы( немесе жаман) жүрі –тұрыс ережелері басшылыққа алынатын. 2.ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның ерекшеліктері мен бұлақкөздері 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы өз күшіне енді, онда біз алғаш рет ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың халық мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін атап өттік. 3.Күнделікті және жалпы өмірдегі діндарлық Күнделікті діндарлық дегенде- Діндарлық тек белгілі бір дінге сенумен, құлшылық етумен, сонымен қоса бұлармен ғана шектеліп қалмай, мінез- құлықтың көркемдігімен де, адамгершілігімен де, әдептілігімен де шектеледі. Ал жалпы өмірдегі діндарлық дегенде, яғни - Діндар адам дегеніміз өзінің ұстанған дінінің принциптеріне бағынған, Жаратушы жолында жүрген адам. Діндарлар қатаң дін жолында жүріп өз Жаратушысын насихаттайды. Қазіргі уақытта дін де, діни бірлестік те көп. Оның бірі шынында Жаратушыға құлшылық етуді көздеп, бойын күнәдан арылтса, екіншісі ел арасына іріткі салу мақсатымен өзін "діндар" санайды. Сондықтан да дін жайлы әңгіме айтып сөз қозғаған адамдардың барлығын пәк, жөні түзу, жақсы адам деп санауға болмайды..... КОРОЧЕ, ОҢАЙ ӨЗ ОЙЛАРЫҢДЫ АЙТЫҢДАР.
№8 ЕМТИХАН БИЛЕТІ 1.Ортағасыр кезеңі және құқық. Инквизиция институты. Орта ғасыр философиясы басты ерекшелігі дін проблемасы мен байланыстылығында философияның дамуы батыс христиандық домалы шіркеу конондарын ескере отырып дамыды себебі сол дәуірде мәдениет пен білімнің дамуына дін ықпал етіп отырды. Орта ғасырлар батыс философтар негізінен дін басылары қызметкерлер болып батыс философиясының басты проблемасы ерекшелігі болды. Мысалы: дүниені құдай жаратты ма? әлде өзіндік бағытта өмір сұре ме? Орта ғасырлық философияның негізгі кезеңдері: 1 – кезең “Потер” - әке, шіркеу әкесі деген. Философия тарихында бұл кезең 1 – 15ғасыр қамтиды. Оның негізін салушылар өз дәуірінің ойшылдары ұлы Василий, Августин, Ориген т.б. Потристикалық негізі проблемалары: Сенім және ақыл ойдың қатынасы. Тарихты қозғалыс деп түсініп нақты анықтаушы мақсаты бар. Құдайдың мәні және тринитарлық проблема. Адам бостандығы адам жанының құтқару. Дүниедегі зұлымдылықтын пайда болу проблемасы. 2 – кезең схоластика кезеңі 11- 15ғасыр философиялық ойдың өрлеуін көреміз. Схоластика термині - “Мектеп”. Мектеп философиясы деген ұғымды білдіреді. Сол кезеңдерде Европада университетте философия пән ретінде оқытылды. Схоластикалық философия өкілдері Фома Аквинский, Альберт фон Больштедт, Раймунд Луллий, т.б. Мәселен, Альберттің пікірінше, жалпы ұғым (әмбебаптар) үш түрлі өмір сүрді. Олар: Заттардан бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық заттар, тіпті бұкіл әлем жаратылды; Заттардың өзінде көптің бірі ретінде; Заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді Инквизиция- (лат. тіл. – «іздеу», «тергеу», «зерттеу») – орта ғасыр мен қайта өрлеу дәуірінің басындағы католик шіркеуінің дінсіздік пен дінсіздерді айқындауға арналған сот институты. Ерте ортағасырлық кезеңге ересейлердің – христиан шіркеуінің негізгі постулаттарына қайшы келетін ерекше ілімдердің пайда болуы жатады. Олардың әр түрлі идеялары болды. Олармен күрес жолының бірі инквизиция – католик шіркеуі құрған сот-полицей мекемесі болды, ол ХІІІ ғ. үнемі шіркеуі соты ретінде жұмыс жасады. Инквизицияның ресми құрылған жылы және бірінші инквизициялық процесс жылы 1229 жыл саналады
2.«Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы»: ролі және қызметі Қазіргі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізі 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында қалана бастады. 1906 ж. Верныйда Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1 құрылтайы өтті, оған 100-ге жуық делегат қатысты. 1990 жылғы 12 қаңтарда өткен Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайында дербес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды. Басқарманың тұңғыш төрағасы, Бас мүфтиі Рәтбек Нысанбаев болды. Қазақстан мұсылмандарының жұмысына басшылық жасап, оның жұмысын жүргізетін Бас мүфти басшылық ететін атқарушы орган ҚМДБ аппараты – мүфтият. ҚМДБ-ның 2000 ж. өткен ІІІ құрылтайда төрағасы, Бас мүфтиі болып, профессор Әбсаттар Дербісәлі сайланды. 2013 жылдың 19 ақпанында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс өткен VII құрылтайында Маямеров Ержан Малғажыұлы Бас мүфти болып сайланды. ҚМДБ Ақылдастар алқасы, Қамқорлар кеңесі, ҚМДБ-ның төралқасы және Діни істер, шариат және мешіттер бөлімі, Халықар. байланыс, хаттама және қажылық бөлімі, Діни уағыз, оқу-ағарту секілді бөлімдер мен секторлардан, сондай-ақ, іс басқармасынан тұрады. Басқарманың мақсаты мен міндеті: ислам дінін насихаттау, тарату, Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар уағыздарының дұрыс насихатталуын қамтамасыз ету, ислам дінінің, Қазақстан мұсылмандарының бірлігін сақтау, діни ұйымдардағы шариаттың толық әрі дұрыс орындалуын қамтамасыз ету, облыстардағы өкіл имамдар арқылы республика мұсылман жамағатының діни мәселелерін шешу, республикада ислам дінін оқытып-үйрететін мамандар даярлау, сондай-ақ, шет елдік діни ұйымдармен, бірлестіктермен, оқу орындарымен қарым-қатынас орнату, діни әдебиеттер, оқулықтар, т.б. қажетті басылымдарды әзірлеу. ҚМДБ құрылтайшылығымен ашылған халықар. Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті ун-ті мен имамдар білімін жетілдіруге арналған респ. Ислам ин-ты жұмыс істейді. Мақсаттары: Өзін-өзі қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне жалақы беру; Қазақстанның діни оқу орындарындағы студенттерге шәкіртақы тағайындау; Діни оқу орындарына ғимараттар салып, оларды техникалық базамен қамтамасыз ету; Қазақстанның діни медреселеріне заманауи студенттер үйін салу; Қажетті діни басылымдарды баспаға әзірлеп шығару, халыққа тарату; Ислам дінінің лайықты түрде насихатталуына қаржылай қолдау көрсету; Жағдайы төмен топтарға қаржылай көмек беру; ҚМДБ-ның басқа да діни қыметтеріне қаржылай қолдау көрсету. 3.Діннің саяси және азаматтық өмірге ықпалы Дін және саясат - қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бет-бұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан әлемде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясатол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды. Саясат - қоғамның саяси саласы. Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады. Мәселен, "саясат және дін", онда діннің саясатпен байланысын кәреміз. Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттың өзі де діни тұрғыда болған. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Адамзат тарихында мемлекет пен діннің ара қатынасы үш түрлі шешіліп келеді:Мемлекеттік билікті діннің орталығына айналдыру; Мемлекеттік діни мекемелерге бағындыру; Мемлекет пен діннің одағы. Қазір ол екі түрлі шешіледі: мемлекет пен діннің имандылық негізінде; мемлекет пен діннің бәлінуі, бір-бірінің ісіне араласпауы. Алайда өз қызметін толық атқару үшін мемлекетке дін қажет. Өйткені дін қоғамда этикалық қызметтерді атқарып, имандылық ережелерін қалыптастырады. Дін әділетті, қайырымды болуға, кісі ақысын жемеуге, өтірік айтпауға, туыстарын, үлкендерді сыйлауға, ұрлық-қарлық жасамауға және т.с.с. үйретеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес әркімнің ар-ождан бостандығына сай әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ол әркімнің дінге көзқарасын дербес белгілеуге, діннің кез келгенін уағыздауға, ұстануға немесе ұстанбауға құқығы бар екендігін білдіреді......Азаматтық өмірге ықпалын өздеріңнің ойларыңа не келсе соны жазыңдар.
|