Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕМТИХАН БИЛЕТІ. Даосизм (қыт. 道教, dàojiào) - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай




  1. Шариғат үкімдерінің қазақтың әдет‑ғұрпына тигізген ықпалы
  2. Ежелгі шығыс қоғамындағы дін

Даосизм (қыт. 道教, dàojiào) - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі (тікелей аудармасы«жол мектебі»), Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтын теория.[1]

Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт. Б.з.д. 4-3 ғасырда пайда болған. Даосизмнің негізгі идеялары «Лао-цзы» және «Чжуан-цзы»трактаттарда берілген.

«Чжуан-цзыда» конфуцийшілікке қас идеялар айтылып, табиғат қоғамға карсы қойылады. Адам өзін қоршаған міндеттерден босанып, табиғатқа жақын тұрмысқа қайтса, Дао (әлемнің түпкі негізі, сезімге қонбас сырды, тіршіліктің бүтіндігі) жолына келеді деген ой-пікірді білдіреді. Осынымен бірге Даосизмдегі табиғатты зерттеуге шақырған идеялар Қытайда алғашқы іліми түсініктердің және ойлап табулардың шығуына көмекші болады.

«Лао-цзыда» дао түсінігі әлемнің маңызы және жаратылыс себебі деген мағына береді. Адам күрес пен қалаулардан бас тартып, өзі менен өзі болып, саяси істерге қатыспау, өкімет елдің тұрмысына зиян келтірмеуі керек деген көзқарастар айтылады.

Конфузцийшілдікке сәйкес, адам тағдырын “аспан” айқындайды және адамдардың «мейірімділерге» және «нашарларға» бөлінуінің өзгеріске ұшырауы мүмкін емес. Жасы кіші үлкенге, қызметі төмен адам жоғары қызметтегі адамға сөзсіз бағынуға тиіс. Әлеуметтік теңсіздікті құдайдың құдіретімен байланыстырған Мэн-цзы (б.з.б. 372 – 289) Конфуцийдің көрнекті ізбасары болды. Конфузцийшілдіктің екінші бір жақтаушысы Сюнь-цзы жасаған ілім бойынша “аспан” табиғаттың бір бөлігі болып табылады және онда сана болмайды. Адам заттардың заңдылықтарын түсініп, оларды өз мүддесі үшін пайдалануға тиіс. Алайда, Конфузцийшілдіктің “құдайдың құдіреті” туралы ілімі Дун Чжуншудың (б.з.б. 2 ғ.) конфуцийшіл ортодоксты доктринасын жасауына негіз болды. Негізінен, Сун әулеті билігі кезінде (10 – 13 ғасырлар) қытай философия мектебінің жаңа Конфузцийшілдік бағыты қалыптасты. Жаңа Конфузцийшілдік деп аталған бұл ағымның ерте Конфузцийшілдіктен айырмашылығы –онтология, натурфилософия, космогонияға көбірек көңіл бөлінеді. 11 – 12 ғасырларда Чжу Си және басқалар арқылы жаңа конфуцийшілдер дейтін философиялық бағыт қалыптасты, ол заттарда екі түрлі негіз бар деп үйретті. Олар: Ли – парасатты шығармашылық күш және Ци – енжар материя. Алғашқысы адамның бойындағы жақсы қасиет – ізгілікке құлшыныс, ал екіншісі – жаман қасиет сезім қызғанышына бой ұруды қалыптастырады.

Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Үш себет") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет:

1. Азап бар;

2. Азапта себеп бар;

3. Азапта соң бар;

4. Жол азаптың тоқталуы бар.

Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттва - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бұл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақсаттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм немесе метабуддизмнің бірқатар жаңа бағыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда ұйымдары Азияелдерінде әртүрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, ұлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тувада түрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын құтқарудың қамын ойлауы керек. Бұл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің құрылуына әсер етті. Бұлардың жиынтығы будда ұйымы - 1950 ж. құрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.

  1. Христиандық құқықтың мазмұны

Христианское право делится на две большие ветви: каноническое (католическое) право и церковное право. Современное каноническое право регулирует вопросы, касающиеся:

· церковного правотворчества,

· прав и обязанностей членов церкви,

· иерархии церкви,

· канонов совершения таинств,

· управления церковным имуществом,

· церковной дисциплины и т.д.

Канонический корпус Православной Церкви включает:

· Правила Святых Апостолов,

· каноны 7 Вселенских соборов,

· каноны 10 Поместных Соборов (Анкирского, Неокесарийского, Гангрского, Антиохийского, Сардикийского, Лаодикийского, Карфагенского, Константинопольского,Двукратного и Большого Софийского),

· правила 13 Святых Отцов.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 152; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты