Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕМТИХАН БИЛЕТІ. 1. Ұлттық әдет‑ғұрыптың ислам шариғатындағы орны туралы




1. Ұлттық әдет‑ғұрыптың ислам шариғатындағы орны туралы

Ислам шариғатындағы усүл әл-фиқта құжат болып табылатын он бір қағидалар топтамы бар. Олар: Құран, хадис, ижма, қияс, истихсан, масләхатүл мүрсәлә, әдет-ұрып, бізден бұрынғылардың шариғаты, сахабалардың мәзһабы, саддұз заройғ, истисхаб топтамасы. Осының ішіндегі әдет-ғұрып өз алдына үлкен тақырып. Әрі бұл мәселеге байлынысты көптеген еңбектер жазылған. Әдет-ғұрыпты Алла тағала Құранда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сүннетте бекіткен әрі оны имамдар (ғалымдар) мақұлдаған.

Әдет-ғұрыпқа айрықша орын бергенде, орындалатын кейбір шарттар:

1. Салт-дәстүр, Құран мен Сүннеттің мәтіндеріне, ғалымдардың бір ауыздан келіскеніне (ижма`) немесе шариғатта бекітіліп қойған үкімге қарама-қайшы келмеіге тиіс.

Имам әс-Сархаси: «Құран мен Сүннетке қарсы келген кез-келген салт есепке алынбайды», - деп айтқан (“әл-Мәбсут” 1/146.).

2. Әдет-ғұрып, сирек кездесетін емес, бірақ кең тараған болу керек.

Имам әс-Суюти айтқан: «Салт-дәстүрмен тек, егер ол кеңтараған (бәрімен мойындалған) болса ғана санасады, ал егер ол анықсыз болса, есепке алынбайды» (Қараңыз: “әл-Әшбахһ уә-ннәзаир” 87).

3. Ол, баяғыда істеліп жүрген емес, бірақ қазіргі таңда іске асырылып жүрген дәстүр болу керек. Өйткені, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар уақыттан уақытқа, мекеннен мекенге, халықтан халыққа ауыса береді.

Алла тағала: وَعَلَى الْمَوْلُودِ لَهُ رِزْقُهُنَّ وَكِسْوَتُهُنَّ بِالْمَعْرُوفِ

«Ал кімнің баласы туылса, шешесін тамақ және киіммен, дәстүрге сай асырауға тиіс» деген «Бақара» сүресі, 233-аятпен нұсқау берсе, хадис шәріпте: Айша анамыз (р.а.):

«Бірде Әбу Суфянның әйелі Хинд, Пайғамбарға (с.ғ.с) былай депті: «Негізінде, Әбу Суфян – сараң адам, егер мен оның рұқсатынсыз алмасам, өзі маған және балама жететіндей нәрсені бермейді». Сонда (с.ғ.с.): «Өзіңе әрі балаңа әдет-ғұрыпқа сай келетін нәрсені ал!», – деп жауап қайтарды» (Бұхари).

Осы хадистің пайдаларын атап өтіп, имам ән-Нәуәуи: «Шариғаттың нақтылауы келмеген мәселелерде, салт-дәстүрге сүйену керек», – деп айқындайды (Шарх Сахих Муслим. 2/8). Салт-дәтүрге келесі дәлел ретінде, Ибн Масғудтың төмендегі сөзін де келтіруге болады: «Бүкіл мұсылмандар жақсы деп есептейтін нәрсе, Алланың алдында да жақсы. Ал бүкіл мұсылмандар жаман деп есептейтін нәрсе, Алланың алдында да жаман болып табылады».

Сахабаның бұл сөздері, дәлел болмақ. Себебі, бүкіл мұсылмандар жаманды жақсы деп немесе жақсыны жаман жеп есептеуі мүмкін емес, өйткені хадистерде айтылғандай олардың барлығы адасу үшін жиналмайы. Сондай-ақ, Ибн Масғудтың бұл сөздерін, әс-Суюти мен әс-Сархаси сияқты көптеген ғалым-имамдар салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың заңдылығына дәлел етіп қолданған (Қараңыз: «әл-Мәбсут» 12/45).

Имам әл-Кәсәни «Бадәиғүс-сәнаиғ» 5/223 кітабында: «Шариғатта тікелей нұсқауы жоқ нәрсе, салт-дәстүр арқылы шешімін табады, өйткені дәстүр дәлел болып табылады!», – деген.

Сондай-ақ имам әс-Сархасидің: «Әдет-ғұрыппен бекітілген нәрсе шариғатпен бекітілгенмен тең!», – деп айтқанына не дейсіз? (Расәил Ибн ‘Абидин. 2/114). Сөйтіп, сөз төркіні әдет-ғұрып, салт-дәстүр Құран мен Сүннетке, ғалымдардың бір ауыздан келіскеніне (ижма`) немесе шариғатта бекітіліп қойған үкімге қарама-қайшы келмеуге тиіс. Имам әс-Сархаси: «Құран мен Сүннетке қарсы келген кез-келген салт есепке алынбайды», – деп ескерткені мәлім (Әл-Мәбсут. 1/146).

Олай болса, шариғат аясындағы көптеген салт-дәстүрлерімізді дін исламнан бөле қарауға болмайды.

2. Дін және антикалық кезең

Антикалық философия” деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. "Антика” сөзінің латын тілінен аударғанда “көне” деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антикалық дәуір тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал хронологиялық шеңберіне келер болсақ, антикалық философия өзінің бастауын б.з.д. VII-VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антикалық философияның қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. VII-V ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. IV ғ); эллиндік-римдік философия (б.з.д. II ғ - б.з. V ғ). Ал Дж.Реале мен Д.Антисери антикалық философия дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:

1. Б.з.д. VI және V ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.

2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері—софистер және Сократ.

3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.

4. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептердің—кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм жэне эклектицизм бағыттарының дәуірі.

5. Антикалық дүниетанымдық ойының діни дәуірі - неоплатонизм және оның модификацияларының қайта жандану кезеңі.

6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа діннің догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.

3. Мемлекет және дiн

Лемдік тәжірибеде мемлекет пен дін арақатынасының, негізінен, үш үлгісі қалыптасқан. Біріншісі – дін мемлекеттен бөлек. Әлем елдерінің көпшілігі зайырлы ел болып табылады. Екінші үлгі бойынша, дін мен мемлекет біріккен, мәселен, араб елдері, Сауд Арабиясы. Ал үшінші үлгі бойынша, дін мемлекеттен автономды түрде бөлек, бірақ мемлекет тарихи қалыптасқан дәстүрлі дінге басымдық береді. Оның мысалы – орыс православиесі.

Мемлекет-дін қатынастарының ең тиім­дісі – мемлекеттен дін бөлек, яғни за­йырлы мемлекет үлгісі. Бұл үлгінің ар­тық жері – демократиялық қағидаттары ба­рынша сақталады, ар-ождан бостан­дығына кедергі аз. Дінаралық тыныштық пен тұрақтылыққа жағдай жасалады.

Алайда бұл үлгінің кемшін тұсы – сырт­тан ағылған теріс пиғылды миссио­нерлердің әрекетіне кең өріс ашылады. Сан алуан конфессияларға жіктелу үрдісі тоқтаусыз дами береді. Мемлекет пен дін біріккен екінші үлгінің қатқыл және жұмсақ типін ажыратуға болады. Қатқыл типі – теократиялық мемлекет. Бұл, әсі­ресе, араб елдеріне тән. Ал жұмсақ типі Еуропа, Латын Америкасындағы хрис­тиан­дық-католиктік елдер. Мешіт немесе шіркеулер кейбір елдерде мемлекеттің ресми ұйымы болып есептеледі. Олай болса, мемлекеттік діннің белгілері қан­дай? Онда, біріншіден, діни мекеменің бар­лық шығынын мемлекет көтереді, екіншіден, мемлекеттік шенеуніктер діни мекемені басқару ісімен айналысады, үшіншіден, тек мемлекеттік діннің өкіл­дері ғана ресми мемлекеттік шараларға шақыртылады, төртіншіден, діни мекеме­нің ішкі қызметін реттеу үшін актілер бе­кітеді, яғни діни мекемеге мемлекеттің кейбір функцияларды, яғни неке, бала туу, өлуді тіркеу құқығын береді, бесін­ші­ден, мемлекеттік діннің басшысы мем­лекет ісіне белсенді түрде араласады. Осын­дай сипаттағы мемлекеттік дін Бри­танияда (англикандық), Швеция, Норве­гия, Дания, Исландияда (лютерандық), Испания, Парагвайда (католицизм), Гре­цияда (православие), Иордания, Иран, Мароккода (ислам) қалыптасқан. Атал­ған елдерде мемлекеттік діндер ғасырлар бойы халықтың дүниетанымы және өмір салтымен біте қайнасқан дәстүрлі діні болып есептеледі. Ислам Пәкстанда, Иранда, Сауд Арабиясында, Мысыр, Иор­данияда мемлекет дін ретінде ата заңымен бекітілген. Бұл үлгілердің Қазақ­стан жағдайына үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сол секілді мұсылман елдерінде дін ел өмірінде және саясатта маңызы қандай болу керектігі өзекті мәселеге айналды. Бұл арада екі сцена­рий бар: біріншісі – зайырлы мемлекет. Екіншісі – діни мемлекет. Мұсылмандық әрі зайырлы мемлекеттің типтік үлгісі ретінде Түркияны алуға болады. Бірақ бұл елде болмашы мәселелер саяси си­пат алып жатады. Мысалы, хиджаб мә­селесі. Араб елдеріндегі қоғамдық қаты­нас­тарда шариғаттың рөлі үлкен. Алайда бұл діни мемлекеттер тұрақсыздық жай­лап, лаңкестік топтардың ошағы болып қа­лып отыр. Орталық Азия елдерінде оқтын-оқтын жарылыс жасап, лаңкестік әрекеттер ұйымдастырып отыратын ис­лам атын жамылған саяси топтардың бас­ты ұраны аймақта ислам халифатын құ­ру екені баршамызға мәлім. Сондықтан бұл үлгі Қазақстан жағдайына мүлде тиім­сіз.

Әлемде кең тараған мемлекет дәс­түрлі дінге басымдық беретін үлгінің ой­ланатын тұстары баршылық. Дін мемле­кет­тен бөлек десек те, мемлекеттік сая­сат бөлінбеуі тиіс. Діни ағымдар мен секта­лардың шабуы­лынан сақтану үшін мемлекетімізге үшінші үлгіні саралау ке­рек сияқты.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 151; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты