Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕМТИХАН БИлети




 

1. ҚР дін мәселелері жөніндегі нормативтік‑құқықтық актілердің бұлақкөздері

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі

3.Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары; ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

4.ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

5.ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;

6.ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық Сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

7.Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

1) Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;

2) Орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

3) Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары, Үкіметі, Жоғарғы Соты, Бас прокуратурасы және ЕҚЫҰ/ДАҚБ-ның дін мен діни сенім бостандығы жөніндегі сарапшыларының консультативтік комитеті ұсынған құжаттарды, сондай-ақ конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарын зерделеп,Конститутциялық кеңес шешім шығарады.

Жаңа сессияның басында Үкімет Мәжіліске бүгінде Парламент мақұлдап, Президент қол қойып, күшіне енген «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» және «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбiр заңна­ма­лық актiлерiне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселе­ле­рі бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңдардың жобаларын ұсынған еді. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жоба­сының мақсаты – Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер туралы заңнамасын діни бірлестіктер қызметінің негізгі бағыттарын құқықтық реттеу, сондай-ақ әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, кем­шіліктер мен тартысты жәйт­терді жою жолымен жетілдіру.

 

2. Дінаралық диалог: қазақстандық үлгі

Қазақстандағы дін саласындағы мемлекеттік саясат келесі қағидаттарға сүйенеді:

3. - мемлекет пен оның институттарының зайырлы, конфессиялық бейтарап сипаты;

4. - адам мен азаматтың дінге көзқарасына, діни немесе зайырлы бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан олардың құқықтары мен бостандықтары тең;

5. - діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі;

6. - халықтың түрлі топтарының этномәдени дәстүрлеріне, менталитет ерекшеліктеріне деген құрмет;

7. - ар-ождан мен дін бостандығы саласында тек конституциялық құрылым негіздерін, адам мен азаматтардың денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қажет ететін жағдайлардан өзге шектеулер қойылмайды;

8. - мемлекеттік билік пен басқарудың барлық деңгейлерінде ар-ождан мен дін бостандығы саласындағы саясатты ашық жүргізу.

 

9. Діни құлдыраудың қоғам өміріне тигізер әсері

Әрбір қоғам немесе кез келген халық өз мүшелерінің бәріне дерлік басқа қоғамдар бере алмайтын кейбір ерекше тәжірибені ерекше мәдени үлгілерді үйретіп бойларына сіңіреді. Осыдан келіп ұлттық діл ұлттық мәдениет деген ұғымдар пайда болады. Осылар ғана бұл қоғамның басым көпшілігіне тән ерекшіліктер мен тұлғаның сипатты сыртқы пішінін қалыптастырады.

Егер дін болмаса мұндай сенім де болмас еді, мұндай сенім болмаса өзіңді өзің тәрбиелеудің де еш қажеті болмас еді, ал егер өзіңді өзің тәрбиелемесең адамға да қоғамға да пайдаңды тигізетін ізгі ниетті, адал адам болу мүмкін емес. Міне, осындай көзқарасты ұстанып, ой-сезімдерімен де, іс-әрекеттерімен де жақсылыққа құлшынатын саналы да сапалы адамдарды тәрбиелеп шығаруы діннің аса маңызды қырларының бірі болып табылады

 

Атақты философ Һенри Бергсон (Henry Bergson, 1859-1941): “Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәнді яки фәлсәфәні білмейтұғын инсан қоғамдарын кездестіруге болады. Бірақ, дінсіз ешбір қоғам болмайды” деген. Тағы бір батыстық философ Уильямс Жеймс (Williams James, 1842-1910) болса: “Біздің ойымызша адам баласы ең соңғы күнге дейін құлшылығын жалғастырмақ” деген. Егер дін құлдырауға айналса онда қоғамдық қатынастар да ыдырай бастайды деген сөз. Адам мен әлем арасындағы адам мен Алла арасындағы байланыс бұзылыды. Қоғамдағы рухани бірліктің шырқы бұзылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 157; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты