КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ЕМТИХАН БИЛЕТІ. ТМД елдеріндегі Дін туралы Заңдар
Бұрынғы Кеңестік, казіргі жаңа тәуелсіз мемлекеттердің діни бостандық туралы заңдарында дәстүрлі діндерді қорғауға бет ала бастады. Арменияда Армян Апостолдық Қасиетті Шіркеуі ұлттық шіркеу деп танылды. 2007 жылдың көкек айында Армения Республикасы мен Армян шіркеуі қарым-қатынасы жөнінде заң қабылдады. Оған сәйкес Армян шіркеуінің ауруханалар, балалар үйлері, интернаттар, әскери бөлімшелері мен абақтыларда өз өкілін тағайындауға құқы бар. Басқа діни топтар ондай мүмкіншілікке тек мемлекеттің рұқсатымен ғана ие болды. Әзірбайжан заңына байланысты шетелдіктер мен азаматтығы жоқтар діни насихатпен айналыса алмайды. Түрікменстан заңының 20-бабына байланысты шетелден ағылып келіп жатқан діни әдебиетті тек ғылыми сараптамадан өткеннен кейін ғана елге таратуға рұқсат беріледі. Ал заңның 8-бабына сәйкес діни ұйымның жетекшісі болып жоғары діни білімі бар Түрікменстан азаматы бола алады. Беларусь Республикасының заңының 22-бабына сәйкес әдебиет және басқа да материалды тек дінтану сараптамасынан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Діни ұйымының жетекшісі болып тек Беларусь Республикасы азаматы бола алады. 2003 жылы «Беларусь Республикасы мен Беларусь Православие Шіркеуі келісімі туралы» заң қабылданды. Заң белорус халқының рухани, мәдени және мемлекеттік дәстүрінің тарихи қалыптасуы мен дамуы барысындағы Беларусь Православие Шіркеуінің маңызын ескере отырып қабылдағанына назар аударады. Сондай-ақ мемлекет Беларусь Православие Шіркеуінің тарихи тәжірибесі, рухани әлеуеті мен көпғасырлық мәдени мұрасының бұрын да, бүгін де белорус халқының рухани, мәдени, ұлттық дәстүрлеріне ықпал ететіндігін мойындады. Ал Беларусь Православие Шіркеуі Беларусь мемлекетін рухани және мәдени дәстүрлердің сақталуының кепілі ретінде танып, қоғамдық тәртіп, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қағидаларды қамтамасыз етуде мемлекетпен келісімге мүдделі екенін мойындады.
Сонымен қатар, Республикада ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, тұрақтылықты сақтауға ықпал ету мақсатында 1995 жылғы 1 наурызда ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңес органы ретінде Қазақстан Республикасының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ассамблеясы құрылды.
Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттердін азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға хұқылы, дінге деген, құдайға құлшылық жасауға, діни жоралар мен рәсімдерге, дінді оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезінде қандай да бір күштеп мәжбүр етуге жол берілмейді. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкімнің де өз діни сенімдерін себеп етіп азаматтық міндеттерін атқарудан бас тартуға қақысы жоқ Діни сенім бостандығы – бұл демократияшыл қоғамның іс-әрекет етуінің қажетті өмірлік шарты, адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Діни сенім бостандығы мәселесі көпконфессиялық мемлекет саналатын Қазақстан үшін әрдайым маңызды болып қала бермек. Міне, соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстан дін саласында демократиялық негіздерді бекіту жолындағы өзінің жеткен жетістіктерімен мақтанады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында «Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар» деп анық көрсетілген. Ар-ождан бостандығы – бұл жеке адамның ажырамас абсолюттік құқығы болып табылады және ешбір жағдайларда шектеулерге жатпайды. Діни сенім бостандығы феноменінің маңыздылығы халықаралық тәжірибеде де танылған. 1948 жылы БҰҰ қабылдаған Жалпыға бірдей адам құқығы жөніндегі декларацияның 18-бабында «Әркімнің ойлау, ар-ождан және дін бостандығына құқығы бар» деп көрсетілген. Жалпыға бірдей адам құқығы жөніндегі декларацияның 29-бабында заңда тек қана басқалардың құқықтары мен бостандықтарын тиісінше тануды және құрметтеуді қамтамасыз ету және демократияшыл қоғамдағы адамгершілік, қоғамдық тәртіп пен жалпы әл-ауқат талаптарын қанағаттандыру мақсатында белгіленген адам құқықтары мен бостандықтарын шектеулерге ғана жол беріледі. Қазіргі кезде Қазақстанда дін саласындағы сараланған мемлекеттік саясат және діни конфессиялардың бір-бірімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы жүргізілуде. Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық мемлекет және мұнда әрбір адамға ар-ождан бостандығына кепілдік беріледі, сондай-ақ барлық конфессиялардың ұстанушылары заң алдында тең.
|