Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕМТИХАН БИЛЕТІ. 1.Діни және құқықтық жүйелердің ара-қатынасы




1.Діни және құқықтық жүйелердің ара-қатынасы

Құқық жүйесі — нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты (құқықтық институт) және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты — бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Мысалға, азаматтық құқықта — сыйға тарту, сатып алу-сату институты, конституциялық құқықта — азаматтық институты. Құқық саласы — бір-бірінен құқықтық реттеудің заты және әдісімен ерекшеленетін бірыңғай құқықтық қатынастарды реттеуші құқық нормаларының жиынтығы.

Исламдық құқықтық жүйе – ислам діні және шариат ережелерін бұзған адамға қолданатын жаза-шаралардан тұратын 7 – 10 ғасырларда Араб халифатында қалыптасқан құқықтық жүйе. Негізгі қайнар көзі – Құран Кәрім. Сондықтан мұсылмандар әрбір әрекетке Алланың қатысы бар деп санап, ислами қағида-ережені бұзбауға тырысады. Мұны мұсылманелдеріндегі түрмелердің бос тұрғанынан көруге болады. ИҚЖнің ендігі бір қайнар көзі Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) айтқан уағыздары мен шешімдерінен тұратын хадис және оның өмір салты үлгілері қамтылған сунна. Сондай-ақ алғашқы төрт халифа шығарған шешімдер мен ережелер жиынтығы, Иджма және Қияс аталатын ережелер мен шешімдер жиынтығы да ИҚЖнің қайнар көзі болып табылады. Қияс деп жоғарыда аталған қайнар көздерден таралатын мәселеге лайықты үлгі табылмаған жағдайда тәжірибе мен ақылға салып шығарған шешімдер мен үкімдерді айтады. Бұл қайнар көзге байырғы қазақ билері де көп жүгінген. ИҚЖ шариат, кәләм деген екі тармақтан тұрады. Шариғат тұрмыс-тіршілікке қатысты заңдардан құралған. Ал кәләм адамгершіліктің мәнін түсіндіреді және оны бұзған адамға шара қолдану туралы ережелерді қамтиды. ИҚЖде адам әрекеті бес санатқа жіктеледі. Олар: парыз (орындалуы міндетті әрекеттер), мандуб(міндеттелмеген, бірақ орындалуы дұрыс саналады), мубаһ (әркімнің өз еркіндегі әрекеттер, жасалмағаны дұрыс), мәкруһ (қолдамайтын әрекеттер), һарам (тыйым салынған әрекеттер).ИҚЖ– әлемдегі үш құқықтық жүйенің біреуі. Ағылшын-саксондық және роман-германдық құқықтық жүйелерге қарағанда ИҚЖ. өзінің тұрақтылығымен, жинақылығымен, көпшілікке қолайлылығымен, әсерлілігімен, әділеттілігімен ерекшеленеді.

2.Діннің функциялары

Діннің функциялары:

әлеуметтік функциясы – дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды.

адамгершіліктік функциясы – дін жалпы адамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады.

компенсаторлық – адам қиындық-дағдарысқа ұшыраған кезендерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа үмітпен алмастырады, адамға сенім-жігер, рухани күш береді.

Ақыл мен сенімнің арақатынасы мәселесіне философия тарихында үш көзқарас бар:

Сенімді, діни сенімді ақыл-ойдан жоғары қою оны «Құдайдың жаратылыстан жоғары сәулесі, нағыз ақиқат» деп түсіну.

сциентистік көзқарас сенімге негізделген дінді ақылға негізделген ғылымнан төмен қояды және діни сенім түбінде жоғалады деп есептейді.

«екі ақиқат» – сенім мен ақыл-ой қатар әмір сүре алады деп мойындау.

 

3.Ресей Федерациясындағы Дін туралы Заңның ерекшеліктері

2011 жылдың 11 қазанында қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының преамбуласында тәуелсіздік алған жылдардан бері тұңғыш рет Қазақстан үшін дәстүрлі болып саналатын діндердің басымдылығы көрсетілді. Аталған құжатқа сәйкес, мемлекет халықтың рухани өмірі мен мәдениетінің дамуында исламның ханафилік бағыты мен православие дінінің тарихи рөлін мойындайды, сондай-ақ Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін барша өзге діндерді құрметтейді.

Осы ретте Арменияның тәжірибесін айрықша атауға болады. Бұл мемлекет Конституциясының 8.1-бабында былай делінген: «Армения Республикасы армян халқының ұлттық мәдениетін дамыту мен ұлттық ерекшелігін сақтау ісінде, армян халқының рухани өміріндегі ұлттық шіркеу ретінде Армян Апостольдік Қасиетті Шіркеуінің айрықша миссиясын мойындайды». Осыған ұқсас бағыт Ресей Федерациясының «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Федералдық Заңында кездеседі, құжаттың бірінші бөлігінде православие дінінің Ресей Федерациясындағы ерекше тарихи рөлі көрсетіледі.

Халықтың басым бөлігі ұстанатын конфессияға айрықша мәртебе беру тәжірибесі көптеген Еуропа елдерінде кездеседі. Мұндай мемлекеттерде дәстүрлі болып табылатын діни ұйымдарға конституциялық-құқықтық тұрғыдан айрықша мәртебе беру тәжірибесі қазіргі таңда қолданысқа ие.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 186; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты