Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЕМТИХАН БИЛЕТІ. Дін мен құқықтың қайсысы алдымен пайда болғаны жайлы сөз қозғағанда әрине




1. Дін және құқық

Дін мен құқықтың қайсысы алдымен пайда болғаны жайлы сөз қозғағанда әрине, діннің алғаш қалыптасқанын дәлелдеушілер басымдыққа ие болары сөзсіз. Сонымен қатар, діннің алғашында адамдарды сендіру мақсатында әртүрлі мифтер мен наным-сенімдер аясында қалыптасқанын да ешкім жоққа шығара алмас. Ал, құқық жайлы сөз қозғалғанда оның алғашқыда қауым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты реттеу құралы ретінде пайда болғанын теориялық тұрғыда қаншама ойшылдардың дәлелдегені белгілі. Дегенмен, бізді қызықтыратыны дін мен құқықтың неліктен осы уақытқа дейін бір-бірін жеңе алмауы, яғни, бірінің орнын бірі баса алмауы болып отыр.
Діннің талаптарын жүзеге асыруды қадағалаушы күш құдай, ал құқықтың жүзеге асырылуын қадағалаушы мемлекет. Осы тұрғыдан алып қарағанда дін мен құқықтың адам үшін құдыретті күшке ие құбылыстарға арқа сүйеуі екеуінің де қоғам үшін маңызын арттыра түсері сөзсіз. Алайда, адамзат қаншама ғасырлар бойы құқық пен дінді қатар ұстанып келеді. Тіпті, кей теократиялық мемлекеттерде әлі күнге дейін дін құқықты қалыптастырушы ролін атқаруда. Ал, зайырлылық сипатына енген мемлекеттердегі қоғамның діннен безінуі орын алуы мүмкін еместігін уақыт дәлелдеп берді.

Осы пайымдауға сүйенсек, дін мен құқық бөлініп, дербес әрекет етуі әртүрлі келеңсіздіктерге алып келері сөзсіз. Себебі, дін де, құқық та қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал, олар бір бірін толықтырып отырады. Дін адамның рухани қажеттіліктерін өтейді, ізгілікке, адамгершілікке бағыттайды, оны теріс қылықтардан сақтандырады, құдайдың бар екенін еске салып, қорқынышта ұстайды. Құқық болса адамды дұрыс жолға бағыттайды, ненің дұрыс ненің қате екендігін көсетеді, теріс қылықтардан сақтандырады, мемлекеттің бар екендігін есіне салады және қорқытады.

 

2.Ар-ождан және діни сенім мәселесі, құқықтық институт

Ар-ождан және діни наным бостандығына құқық адамның іргелі құқықтарының бірі болып табылады, себебі ол өзіне оның басқа да құқықтар: ой бостандығы; сенім еркіндігі, сөз еркіндігі, жиналыс, ассоциациялар бостандықтары жиынтығын қамтиды.

Осы құқықты пайдалану дәрежесі мелекеттің демократиялық деңгейінім көрсеткішінің бір түрі болып табылады.

Қазақстанда әртүрлі діндердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін қажетті құқықтық және ұйымдық жағдай жасалған, конфессияаралық қатынастарды үйлесімді етуге бағытталған мемлекеттік саясат әзірленген.

Осы сала Конституциямен, Азаматтық кодекспен, бірқатар заңдармен, ең бастысы 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңмен (бұдан әрі - Заң) реттеледі.

Уәкілге есепті кезеңде әртүрлі діни ұйымдарының өкілдерінен және жекелеген азаматтардан олардың діни наным бостандығына құқықтарының бұзылуы туралы 12 шағымдары мен хаттары түсті.

3.Дiни қызмет терминіне анықтама

діни қызмет - діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

діни қызметші - діни, уағыздаушылық қызметке тиісті діни бірлестік уәкілеттік берген адам;

Аталмыш заңның 1-бабында осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар бекітілген. Осы баптың 2-тармағындағы «діни қызмет» ұғымына анықтама берілген. Біздіңше, осы анықтамадағы «діндарлардың» деген сөз «діндарлар мен дінге сенуші тұлғалардың» деген сөздермен толықтыруды қажететеді. Өйткені, анықтама мазмұны бойынша діни қызмет тек діндарлардың ғана діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет деген түсінікті білдіреді. Негізінде «діндарлар» деген сөз діни рәсімдер мен жораларды үнемі ұстанушы тұлғалар деген мағынаны білдіреді. Ал енді «дінге сенуші тұлғалар» деген сөз тіркесі діни рәсімдер мен жораларды үнемі ұстанушы тұлғалар дегенді білдірмейді. Осы сөз тіркесі діни рәсімдер мен жораларды тұрмыстық деңгейде ұстанатын тұлғалар деген мағынаны қамтиды. Сонымен бірге аталмыш бапта «миссионер», «дінтану сараптамасы» сияқты ұғымдар анықтамасы қарастырылмаған.

Ал осы заңның 6-бабында уәкілетті орган, яғни Қазақстан Республикасы Дін істер агенттігі дінтану сараптамасын жүргізуді бес негіздер бойынша қамтамасыз етеді делінген. Осы негіздер қатарына мемлекеттік органдардың, олардың ішінде ІІМ, ҰҚК, Кеден қызметі, сот органдары тарапынан уәкілетті органга жіберілетін діни мазмұндағы материалдарға дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз ету де жатқызылуы тиіс деп есептейміз. Сондықтан да 6-тармақ ретінде «тиісті мемлекеттік органдардың қаулылары» деген сөйлем болғаны жөн.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 103; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты