Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Инвестициялық жіктелінуі және түрлері




Инвестиция ұғымы және оның экономикалық мәні

 

Инвестиция Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Инвестиция термині латынның «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Инвестиция ұғымын әр түрлі экономистер әр түрлі анықтама берді. Орыс экономистері Б.А.Райзберг, Л.Ш.Лозовский және Е.Б.Стародубцеваның жазған экономикалық сөздігінде «Инвестиция пайда табу мақсатында өз елінде немесе шет елде әр түрлі саланың кәсіпорындарына, кәсіпкерлік жобаларға, экономикалық әлеуметтік бағдарламаларға, инновациялық жобаларға, ұзақ мерзімге жұмсалынатын мемлекеттік немесе жеке капиталды білдіреді» деген.

Инвестиция туралы ҚР Заңында инвестиция – инвестициялық қызметті жүзеге асырумен табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлығы.

Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.

Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын және үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.

Инвестициялаудың әр түрлі тәсілдері бар, бірақ олар әрқашанда тек бір нәрсеге пайда табуға бағытталған.

 

Инвестициялық жіктелінуі және түрлері

Инвестиция түрлері:

1) Мемлекеттік инвестиция, мемлекеттік бюджет есебінен және басқа да мемлекеттік қаржы көздерінен экономикалық және әлеуметтік дамуға бағытталған инвестициялар;

2) Жеке инвестициялар, корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті және тартылған қаржаттары, сондай ақ азаматтардың жинақтары есебінен жүзеге асатын инвестициялар;

3) Шет елдік инвестициялар, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінің объектілеріне салынған шет елдік инвесторлардың барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтары;

4) Өндірістік инвестициялар, жұмыс жасап отырған кәсіпорынларды кеңейтуге, қайта құруға және техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаға құрылысқа капитал жұмсаумен байланысты инвестициялар.

5) Интеллектуалдық инвестициялар, интеллектуалдық және рухани өнімдерді жасауға жұмсалатын инвестициялар.

6) Бақыланатын инвестициялар, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан астамын иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.

7) Бақыланбайтын инвестициялар, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан төмен бөлігін иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.

Барлық инвестицияларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады:

1.Инвестицияны жұмсау объектісіне қарай:Нақты (капитал жасаушы) инвестициялар;Портфельдік инвестициялар;Қаржылық емес инвестициялар.2.Инвестициялау мерзіміне қарай;Қысқа мерзімді (1жылға дейін)Орта мерзімді (1ден 3-5жылға дейін)Ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)

3.Инвестицияға қатысу нысанына қарай;

Тәкелей

Жанама

4.Меншік нысанына қарай;

аралас (бірлескен)

шет елдік

мемлекеттік

жеке меншік

5.Аумақтық белгілеріне қарай:

Шет елде инвестициялау

Елдің ішінде инвестициялау

6.пайдалану бағытына қарай:

Өндірістік бағыттағы инвестициялар;

Өндірістік емес бағыттағы инвестициялар;


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 156; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты